Кеулімжай Әлия Талғатбекқызы: «Білім беру мекемесінің дамуын басқарудағы менің іс-тәжірибем және оның нәтижелері»

0
3376

Кеулімжай Әлия Талғатбекқызы

\r\n

Қызылорда облысы Қазалы қаласы

\r\n

 Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта

\r\n

 мектеп директорының оқу ісі

\r\n

жөніндегі орынбасары

\r\n \r\n\r\nБілім беру мекемесінің дамуын басқарудағы   менің іс-тәжірибем және оның нәтижелері.\r\n\r\n«Қазақтың тағдыры да, келешекте ел  болуы да  мектебінің қандай негізде  құрылуына  барып тіреледі».\r\n\r\n                                                                                      М.Жұмабаев\r\n\r\nҰрпақ тәрбиесі-ұлт тәрбиесі. Ұлт тәрбиесі-бүкіл адамзаттық құндылық. «Адам» атын жамылып, дүние есігін ашқан соң, оның тал бесіктен жер бесікке дейінгі ғұмыры адами сипаттан алшақ жатса, онда «тәрбие» деген киелі ұғымның кері кеткені.\r\n\r\nҰрпақ тәрбиесіне салғырт қараған елдің көсегесі көгермейді, тіпті болашағы да бұлыңғыр. Мұны жан-тәнімен сезінген бабаларымыз шыр етіп дүниеге келген шаранасын құрсақта пайда болған кезінен бастап-ақ оған жақсы тәрбие негізін сіңіруге ұмтылған. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе!»-деп ұлағатты сөз қалдырған. Құрсақ тәрбиесін бесік тәрбиесімен, бесік тәрбиесін елдік, халықтық тәрбиемен сабақтастырған халқымыз тарих бедеріне өзіндік тамаша тәрбие мектебін қалыптастырып кеткен. Өйткені қай заманда болмасын, ел болашағы ұрпақ тәрбиесімен өлшенген. Ұлы дала төсінде көшіп-қонып ғұмыр кешкен халқымыз өз дәуірінде ұрпақ тәрбиелеудің ғажайып дәстүрін қалыптастырды, тамаша тәжірибесін жинақтап, бүгінгі күнге жеткізді. Қаз дауысты Қазыбек бидің тілімен айтқанда, «Біз ұлдарымызды құл, қыздарымызды күң ете алмайтын елденбіз». Ұлт жанашыры А.Байтұрсыновтың «Балам» дейтін жұрт  болмаса, «Жұртым» дейтін бала қайдан шықсын?-деген ғибратты сөзіне аса мән берген халықпыз. Демек, біздің ұрпақ тәрбиелеудегі халықтық тәжірибеміздің тарихы бүгіннен басталмайды. Қазақ халқының ұлттық тарихына көз жүгіртсек, оның екі мың бес жүз жылдан артық тарихы бар екенін көре аламыз. Яғни халқымыз қандай қиын-қыстау заманды бастан кешірсе де, ұрпақ тәрбиесін басты орынға қойып, оның болашағы үшін күресе білген.\r\n\r\nЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот  адамзаттар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді. Сондықтан бала тәрбиесіне бүгінгі қоғам, мемлекет,бүкіл адамзат баласы үн қосуда.\r\n\r\nҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың                         2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұрғысынан жалпы білім беру жүйесін жаңғыртуды қамтамасыз етуге бағытталған жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсына тыңдаушы  болып қатысқаныма шексіз ризамын.Үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларын кәсіби дамытуды мақсат еткен бұл курстың бергені мол болды.Курс бағдарламасында көзделген мынадай:\r\n\r\n-заманауи басшының рөлі мен миссиясы, жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету туралы түсінігін дамыту;\r\n\r\n-көшбасшылық пен басқару,стратегиялық жоспарлау және болжау салаларында түйінді құзіреттіліктер қалыптастыру;\r\n\r\n-өзінің қызметін, мұғалімдер мен оқушылардың қызметін жақсартуға бағытталған дағдыларды,жұмыс түрлерін, әдістер мен тәсілдерді үйрету;\r\n\r\n-кәсіби және әлеуметтік әріптестік орнату, ата-аналармен және жалпы жұртшылықпен бірлесіп жұмыс істеу,қоғамдастық құру жөніндегі тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру сияқты  міндеттерді терең сезініп, түйсіндім.Көшбасшы ретінде бізге артылар жауапкершіліктің де жеңіл еместігін аңғардым.\r\n\r\nМектеп қоғамдастығы аясында үздіксіз кәсіби дамуға жетекшілік ету, тиімділігін арттыру,ықпалын күшейту туралы мол мәліметтерге қанығып, үйренгендерімді мектептің даму жоспарын құрып,  жүзеге асыру барысында пайдаланудамын. Мұғалімдердің қоғамдастыққа қатысуға ынтасын, сенімін арттыра алдым деп ойлаймын.  Көшбасшылық және оның стильдері, мектептің іс қағаздарын жүйелі жүргізу жөнінде үйрене отырып, өз мектебімізде де дұрыс жүргізіп, қалыптастыруға тырысудамыз. Мектеп мәдениеті, сценарий, оның түрлері, құрылымы мен қажеттілігі жөнінде  біліп, осы білімдерімді мектеп мәдениетін қалыптастыруда назарда ұстауға ұмтыламын.\r\n\r\nКөшбасшы-оқушылардың табысқа жетуіне ықпал ететін, мектеп деңгейінде шешім қабылдауды жақсартатын, өз саласының білгір маманы, әр саладан жан -жақты хабары бар,топпен жұмыс істей алатын өзге әріптестердің пікірімен санасатын, пікірден сөздің түйінін шығара алатын  тұлға екенін білемін. Менің миссиям-көшбасшы ретінде мектепті даму жоспарын мақсатты белгілеп және соған сәйкес басымдықтарын анықтап нәтижеге жету. Ол үшін мен мектеп қоғамдастығын нығайту, коучингтер мен тәлімгерлік ету арқылы  мұғалімдердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету, оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану, сыни тұрғыдан ойлай алуы мен өзін-өзі бағалауын қалыптастыру  сияқты басымдықтар негізінде жасадым.Өйткені мектеп мұғалімдерінен алынған сауалнамадағы «бұл мектепте кәсіби даму үдерісі оқыту тәжірибесін дамытуға бағытталған»деген пікірге мектептегі мұғалімдердің 25%-ы  «әрқашан», «жиі» десе, қалған бөлігі «сирек»және «кейде» жауабын белгілеген.Ал оқушыларға арналған сауалнаманың «Бағалау» бөлімінен шыққан талдау барысында  кері байланыс жасаудың кемшін екендігі анықталды.\r\n\r\nБілімімді іс  жүзінде жүзеге  асыру үшін  мектеп басшылығының құрамынан, деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен және ынталы шығармашылық топ  мұғалімдерінен педагогикалық кеңестің шешімі негізінде  көшбасшылар тобын  құрып, команда жасақтадым.\r\n\r\nМектеп әр жыл сайын пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар қорғау, мектеп оқушыларының ҰБТ қорытындылары бойынша мемлекеттік гранттарға ие болуы сияқты түрлі жетістіктерге жетіп келеді.Бірақ  жиырма жылдан астам  азды-көпті тарихы бар мектептен осы жылдар ішінде «Алтын белгіге» бітірген оқушылардың болмауы, «Үздік аттестат» иегерлерінің аздығы алаңдатарлық жайт. Ойлана келе осы курста оқып жүріп бақылау, тәжірибе , толғану, және ой жүгірту  нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау,талдау  және жинақтауда қолданылатын әдіс болып табылатынын білдім. Кез-келген жоспарға талдау кезінде міндетті түрде бағалау керек деп ойлаймын.\r\n\r\nБағдарламадан білгендей оқыту үшін бағалаудың негізгі шарты- критерийлердің екі жаққа да болуы керек деген идеясы біздің жұмыс тәжірибемізде  қарастырылмағанын түсіндім. Еліміздің білім беру саласындағы өзгерістердің қаншалықты  мектебіміз үшін қажеттілігі осы тұста байқалғандай болды.\r\n\r\nСынып бөлмелерінде  жасақталған каллаборативті ортаға «Барлық бала білім ала алады» деген сөздер жазылды. Нысаналы сыныптардағы оқушылар өздері «Топ ережесін» құрастырды, «Менің арманым», «Бір тілек» тәрізді тақырыптарда ой толғап, шығармашылықпен толтырылған тілек-парақшаларын  шеберлікпен орналастырды.\r\n\r\n«Білім беру саласындағы өзгерістер мен деңгейлік курстардың мақсатымен таныстыру»тақырыбында ұжым мүшелерімен жұмыс жасау үшін таныстырылым  ұйымдастырдым. «Аудит» презентациясындағы слайдтар арқылы деңгейлік курстардың мақсаты, көшбасшы туралы мағлұматтар беріліп, «Көшбасшы және оның командасы» бейнеролигі көрсетілді. Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер, олардың ықпалы жайлы айтылып, мұғалімдерде әрқайсысы да өз ісінде, мақсаты жолында көшбасшы болып табылатындығы туралы сенім қалыптасты. Мектептің даму бағыттарына өзгеріс енгізу үшін, басымдықтарды анықтау мақсатында,  Swoт-анализ жасалды. Постер арқылы әр топтың қорғау жұмыстарынан аңғарғаным, барлығы да мектептің электрондық жүйесін, АКТ мүмкіндіктерін толық сезінеді екен. Қуанарлығы-шешу жолдарына бәрі де білімін жетілдіріп, курстардан өту, белсенділікті арттыру қажет деп жатқандығы менің ойыммен жалғасын тауып тұрды.Дегенмен мұғалімдердің бәрінің деңгейлік курстардан өту мүмкіндігі болмайтындықтан, тәлімгерлік ету үдерісін жүйелі жүргізуіміз қажеттігі шықты.\r\n\r\nКомандадағы әріптестермен әңгімелесу барысында мектептің даму жоспары «Оқу мен тәрбие үдерісінде сындарлы оқыту технологиясын ықпалдастыру» тақырыбында  құрылды, ақылды мақсаттар  SMART-қа салынып, айқындалды.Мектеп мұғалімдері өздерінің  әрбір қадамдарын сыни ойланып, әрбір ісіне баға беріп, оқушыларды нақты, критерийлер арқылы бағалауы, сол арқылы оқушыларды да осы дағдыларға икемдеп,қалыптастыруы, яғни кері байланыс жасауға дағдылануы үшін коучингтер мен тәлімгерлік  ету жұмыстары жоспарланды.Олардың кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін тәлімгерлік жұмысын басты назарда ұстай отырып, тізбек сабақтар, Lesson Study үдерісін жүргізу көзделді.\r\n\r\nЖасақталған команда мүшелері мен бірлестік жетекшілерінің қатысуымен «Мұғалім не үшін өзгеруі керек?» тақырыбында коучинг өткізіліп, лотериалды ойлау және Эдвард де Бонанның «Алты қалпақ» тәсілі туралы мағлұматтар берілді.\r\n\r\nСебебі  заман талабына сай, оқушылардың қажеттілігінің күн сайын артып келе жатырғаны аян.Сондықтан ,алдымен мектеп мұғалімдері де осы көштен қалып қоймауы, яғни оқу мен оқыту процесі жақсы, нәтижелі болуы үшін кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіріп, жаңарып отыруы тиіс.Кері байланыс кезінде командалық топтық мүшелерінен мектептегі жас мамандардың киіну мәдениетіне байланысты коучинг немесе өзге де жұмыс түрлерін ұйымдастыру туралы ұсыныс-пікірлер түсті.\r\n\r\n \r\n\r\nҚаладағы №16 орта мектептің мұғалімі, 2-деңгейлік біліктілік арттыру курсынан өткен Ө.Рахымжанның  қатысуымен  көрші мектептер арасындағы қоғамдастық, ынтымақтастық  аясында ықылас білдіруші  ұжым мүшелерімен «Талантты және  дарынды  баланы  анықтау»тақырыбындағы коучинг-сессия ұйымдастырылды. Себебі мектепте кейбір пәндерден оқушылар  түрлі олимпиадаларға қатысып жүрсе де, көбіне жақсы жетістіктер көрсете алмауда.Сондықтан пән мұғалімдерінің талантты және дарынды балаларды дұрыс анықтап, тұрақты жұмыс жүргізуі үшін осы коучингті өткізудің маңыздылығы сезілді. Әрі  көрші  мектеппен осы жұмыстардың жүргізілуі туралы да тәжірибе алмасу, пікірлесу жүргізілді.\r\n\r\nӨзгерістер енгізетін көшбасшылар тобындағы тәлім алушы, жас мамандар тобының жетекшісі Н.Жанаттың «Мұғалім мәдениеті-мектептің мәдениеті» тақырыбы бойынша коучинг-сессиясы өтті. Коучингке негізінен жас мұғалімдер  қатысты. Мектептің мәдениеті, келбеті жөнінде ұғыну, оған өзінің ықпалы қандай екенін түйсіну мақсат етіп қойылды. Оқу нәтижесінде  жас  мамандардың  мектептегі әрбір қадамының, мұғалімдік этикасының сақталуы оқушыларға әсер ететіндігін ұғыну, жаңа тұрпатты мұғалім мәдениетін бойына қалыптастыру күтілген болатын. Және «мұғалім мәдениеті- мектеп мәдениеті, біз қоғам айнасы іспеттіміз, сондықтан өзгеруге тиіспіз. ХХI ғасыр мұғаліміне сай болу-қажеттілік» деген түйінді идеялар жатты. Жас мамандар қазіргі мектеп оқушыларының  қажеттіліктері өскендігін, олардың талаптарын қанағаттандыру үшін өздерінің көп ізденіп, жаңа тұрпатты мұғалім болуға ұмтылуы керек екендіктерін, әсіресе  АКТ мүмкіндіктерін  жете меңгерулері тиістігін айтты. «Мұғалім болу кейбіреулер үшін оңай шығар. Ал ұстаз болу кез-келгеннің қолынан келе бермейді.Сондықтан менің ең асыл арманым- жақсы ұстаз болу»,-деген  жас маман Ж.Айнұрдың сөзін коучингке қатысқан әрбір мұғалім құптады. Олар қиын, қызығы мен шыжығы көп осы мамандықты жүрек қалауларымен таңдағандықтарын, заман талабына сай әрдайым өзгеру, жаңару үстінде болатындықтарын жеткізді.\r\n\r\n«Баланы қалай оқыту және қалай оқуға үйрету керек?»тақырыбы бойынша 3-сыныптың ата-аналарымен  тренинг өтті. Себебі осы  нысаналы сыныптың ата-аналары арқылы  мектеп пен ата-аналар қоғамдастығын нығайту, олар тарапынан мектепке деген көзқарас, ұсыныс-пікірлерді анықтау қажет болды.Ата-аналар көзімен қарай отырып, баланың білімін қалай көтеру, тәрбиесіне ықпал етуге болатынын пысықтап, олармен пікірлесе, бірлесе отырып,жақсы нәтижеге жету мақсат етілді.Бала тәрбиесін тек мектепке ысырып тастамай, ата-аналардың да  жауапкершілігін  ұғындырып, түсіндіру ойда болды. Бұл тұрғыдан ата-аналар мен  ұстаздардың да пікірі бір жерден шығып отырды. Қай кезде де баланың білім алуы мен тәрбиесіне шет қарамайтындықтарын, үнемі тұрақты байланыста болатындықтарын ата-аналар кері байланыс кезінде  дәлелдей түсті.\r\n\r\nМектеп ұжымның, оқушылардың өзгеріске пікірі, көзқарастары жақсы.     Өзгермелі өмірде алған білімдерін қажеттілігіне жарата алатын құзіреттігі қалыптасқан тұлға қалыптастыру, мұғалімдердің үздіксіз кәсіби  дамуы үшін деңгейлік курс бітірген  мұғалімдердің әріптестеріне тәлімгерлік етуі, тізбек және Lesson Study сабақтарын  ұйымдастыруды жоспарладым.\r\n\r\nБұл жұмыстар  мектебіміздің даму жоспарын жүзеге асыру барысындағы атқарылған істердің  алғашқы кейбір бөліктері ғана. Негізінен  оқу жылының басындағы педагогикалық кеңесте ұжым мүшелерінің шешімімен  мектепте жұмыс жасайтын жеті пәндер бірлестіктері ұйымдастырылатын пәндік апталықтарды ерекшеліктеріне қарай өзара байланысты жеті жеке модуль шеңберінде құруды ұйғарған болатын.\r\n

    \r\n

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
  2. \r\n

  3. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
  4. \r\n

  5. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
  6. \r\n

  7. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.
  8. \r\n

  9. Таланттыжәнедарындыбалалардыоқыту.
  10. \r\n

  11. Оқушылардыңжасерекшеліктерінесәйкесоқытужәнеоқу.
  12. \r\n

  13. Оқытудағыбасқаружәнекөшбасшылық
  14. \r\n

\r\nЯғни осы 7 модульді  терең меңгеріп, оқыту мен оқу үдерісінде тұрақты қолдану көзделді. Әрине кездескен кейбір кедергілер мен қиыншылықтар дер кезінде көшбасшылар тобының отырыстарында талқыланып,  әдістемелік көмектер көрсетілуде.Ынталы мұғалімдердің тәлімгерлік жолмен кәсіби біліктіліктерін арттыруы,  қажеттіліктерге орай коучинг,тренингтер, түрлі семинар ұйымдастырылып,   оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдер  үйретіліп, іс- жүзінде жүзеге асыруға жағдай жасалынды.Тізбек сабақтар мен Lesson Study үдерісін жүргізу жолға қойылды.\r\n\r\nЖүргізіліп жатырған жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Мұғалімдер  санасына сыналай енген жаңалықты жатсынбай  қабылдап, әдіс-тәсілдерді  игеріп те  қалды. Өздерінің  сабақ жоспарларын орта және қысқа мерзімді жоспар үлгісінде әзірлеп келуге дағдыланды. Бағалау түрлерін, критерийлер құру, топпен,жұппен жұмыс түрлерін, АКТ-ны пайдалануды , кері байланыс жүргізуді меңгерді.Оқыту мен оқу үдерісімен қатар тәрбие жұмыстарын да деңгейлік курстар талаптарына сай ұйымдастыру мақсат етілді. Нысаналы  сыныптар қатары өсуде.\r\n\r\nЖаңа  әдістеме  негізінде   жаңа  тәсілдермен  ұйымдастырылған  сабақтар  менде  алғашқы  күндерден  бастап «Мектеп  үдерісінде»  атқаруға  болатын  және  менің  ұжымымды  жоғары  нәтижеге  жеткізетін  жұмыстар, бағыттар  туралы  білім  қалыптастырды.\r\n\r\nМенің  ойымша  мектептегі  «Мектеп  кеңесін»  ауыстыратын  жаңа  құрылым «Мектеп  қоғамдастығы»  деп есептеймін. Мектеп  қоғамдастығының  нәтижелі  жұмысы  менің  мектебімнің  мұғалімдерінің  тұрақты  кәсіби  дамуының  кепілі  болатындығына  көз  жеткіздім.Қоғамдастық  жұмысына ата-аналарды,  оқушыларды  және  мектептен  тыс  ұйым  өкілдерін  белсенді  қатыстыру,  олардың  пікірімен  санаса  отырып  «Мектептің  даму  жоспарын» нәтижеге  бағыттап  жасақтау  маған  жаңа  ой  болды. Әсіресе  «оқушылар  үні». Алдыңғы  уақытта  мен  және  менің   мұғалімдерім  оқушыларды  «оқыту  обьектісі»  есебінде  қарастырып  келген  едік.Мектеп  қоғамдастығы  жұмысын  жетілдіре  отырып  «Желілік  білім  беру  қоғамдастығына» ұластыру  қажеттігін  түсіндім.\r\n\r\nБасқа  мектептермен кәсіби  байланыс  орнату  менің  мұғалімдерімнің  кәсіби  дамуының  тағы да  бір  жолы  деп  білемін.\r\n\r\nМектеп  мәдениетін өзгерту  бағытындағы  жұмыстарымыз «Ата-аналарға», «Оқушыларға»  және  «Мұғалімдерге»  арналған  сауалнаманы  өңдеу, талдау  жасау  барысында толыға  түсті. Ұлыбритания  тәжірибесінен  алынған  «Табысты  мектеп  көрсеткіштері – алты  көзқарас» тұжырымдамасын  басшылыққа  ала  отырып, мектебімді  «табысты  мектеп» қатарына  жеткізу  жолында  жұртшылық  пікірі  бойынша  анықталған  «табысты  мектептің»  негізгі  10  сипаттамасын  мектепте  қалыптастыру  үшін  «Мектептің  даму  жоспарына»  іс-шаралар  енгіздім. Негізгі  атқарылатын  іс  әрекеттер:\r\n

    \r\n

  • Мектебімді қауіпсіз орынға  айналдыру
  • \r\n

  • Мектебімде жақсы, құрметке  негізделген  қарым-қатынас
  • \r\n

  • Сыныптағы қолайлы  орта
  • \r\n

  • Оқушылар тәуелсіз  тұлға. Жүйелі түрде оқуды  қолдау.
  • \r\n

  • Мұғалімдерге оқыту  мен  оқуда  қолдау  көрсету
  • \r\n

  • Мектеп ресурстарының  қолжетімділігі
  • \r\n

  • Жұртшылық пікірін  мектепті  дамыту  үдерісінде  назарда  ұстау
  • \r\n

  • Ұжым мүшелері  арасында  теңдік  пен  әділдікке  басты  көңіл  бөлу
  • \r\n

  • Мектеп жетістігін  үнемі  жариялап  отыру.Марапаттау  үдерісіне  басымдық  беру
  • \r\n

  • Ата-аналармен байланысты  үздіксіз  жүргізу
  • \r\n

\r\nМенің  мұғалімдерім —  менің  мақтанышым. SWOT  талдауын  жасаған  кезімде  менің  мұғалімдерім өзгерісті жүргізу   үдерісінде  шешуші  рөлде  тұратындығына  көз  жеткіздім. Ұжымның   біліктілігі,  жаңашылдыққа  құмарлығы, олардың  ынтымағы, бірлігі, зерттеушілік  дағдылары  өзгеріс  үдерісінде  маған  көп  көмегін  тигізетіне көз жеткіздім. Олар оқытудың  және  оқудың  7  модулінің  элементтерін сабақтарында  пайдалана  бастады, олардың кәсіби  дамуын  Lesson  study циклін  ұйымдастыру  арқылы  жетілдіре түсемін. Мұғалімдерімнің  кәсіби  дамуын  «Іс – әрекеттегі  зерттеу» үдерісін  жүргізу  арқылы  дамытамын. Тізбектелген  сабақтар  топтамасы, оқытуды  эвалюациялау, сабақты  қадағалау, оқушыларды  эвалюациялау  кәсіби  дағдыларын  қалыптастырамын. Мектебіміздің алдағы уақыттарда биік мақсаттарды ,белестерді бағындырып, жаңа жетістіктер көкжиегінен көрінетіндігіне  сенімім мол.\r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған  әдебиеттер:\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. «Мектеп директорының орынбасары: оқу тәрбие жұмысы» 2014ж №1/ «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы»Э.С.Ержанова/
  2. \r\n

  3. «Басшыға арналған нұсқаулық» /Екінші басылым/
  4. \r\n

  5. «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналы . 2013ж №4./ «Білім парадигмасының өзгеруі»К.Н.Шамшидинова/
  6. \r\n

\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ