Қазақтың темірқазығы – АЛАШ

0
2757

 

Тақырыбы: «Өткенге  сеніп – болашақты құрамыз»

Мақсаты: Қазақстан қоғамын жаңғыртуда Алаш қозғалысының  тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын ой-талқыға салып,болашаққа деген көзқарасты айқындау және өзара  пікір алмасу.

Өтілу барысы:

Жүргізуші:

—  Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Биыл елімізде «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуы аталып өтілуде. Алаштықтар армандап өткен тәуелсіздікке қол жеткізген заманда осындай маңызды датаны ескерусіз қалдырғанымыз ұрпаққа сын болар еді.  Елімізде өтіп жатқан  түрлі іс-шаралар негізінде бүгінгі күні туған жерге тағзым ретінде 150 жылдығын атап өткелі отырған мектебімізде «Өткенге  сеніп – болашақты құрамыз» тақырыбында  ұйымдастырылған диалогтық алаңға ауданның жас тарихшылары бас қосып отыр. Сіздерге ең алдымен киелі қара шаңыраққа қош келдіңіздер дейміз.

Біздің бүгінгі  мақсатымыз, Қазақстан қоғамын жаңғыртуда Алаш қозғалы-сының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын ой талқыға салып, болашаққа деген көзқарастарын  айқындау және өзара пікір алмасу.

Тарих- өткенге сабақ, келешекке өнеге демекші, диалогтық алаңның кіріспе бөлімі   тарих пәнінің мұғалімі Е.А. Каженовтің  «Алаш партиясының құрылғанына 100 жыл»  баяндамасымен басталады, соған назар аударуларыңызды сұраймын.

  — Құрметті әріптестер! 2017 жыл — Қазақстан үшін айтулы жыл. Қазақ халқының болашағы жолында саяси күрес додасына түскен, қазақ интеллигенциясының көрінісі болған Алаш қозғалысына – бір ғасыр. Тарих өткен өмірді сөз еткенімен бүгінге және болашаққа қызмет етеді.

Ақын Ә. Тәжібаев: «Диалог – тек алма –кезек сөйлеу емес, ойдың соғысы, ой мен ойдың жалындауы, мінез бен мінездің найзаласуы, идея мен идеяның қылыштасуы» – деген сөзін басты құралға алып, еркін сөзжарысқа түсе алатындарыңызға сенімдімін. Олай болса, диалогтық алаңның негізгі бөлімі «Өткенге  сеніп – болашақты құрамыз» тақырыбын басшылыққа ала отырып, сыр– сұхбатымызды бастайық.

-Алаш партиясына –  100 жыл

Қазақтың темірқазығы – Алаш десек,

Алаш несімен бізге қымбат? —  деген сұраққа  жа­уап іздеп көрейік.

Қазір Алаш тари­хы кеудесінде жаны бар, бойында қаны бар кез келген отанда­сы­мыз­ды ойландыратыны, тол­ған­ды­ратыны рас. Неге?

Біріншіден, олар бүгінгі болмысымызды, қа­дір-қасиетімізді сол кезбен са­лыс­тырады.   Екіншіден, сапалы жаңа­руда ұлттың «алпыс екі та­мы­рына» әсер беретін Алаш жо­лын қалайды.  Біз әлеуметтанушы емес­піз, бірақ қарапайым байып­қа салсақ, байқайтынымыз:  ұлт та­­рихын жақсы білетін 10 адам­ның 9-ы Алаш десе «ішкен асын жер­ге қоятыны» рас. Бұған, әри­не, қуанамыз. Үзілмеген үміт үшін, жалғасқан рухани-тағы­лы­м­дық сабақтастық үшін алаш бізге қымбат екені ақиқат. «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол əрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де.

-«Алаш тағылымы» де­геніміз не?

Ол – иман мен таза­лық, ой мен істе бірлік» дейді. Абай не деуші еді: «Бірлік – ақыл­ға бірлік». Демек, Алаш рух­ты азаматтардың да айтары осы: ой мен істе бірлік керектігі. Біз осы­ны жадымыздан шығармасақ керек-ті. Бұл Елбасының айтып отырған басты қағидасы еліміздегі бірлік, тұтастық, тұрақтылық ұғымымен ұштасып отыр

Алаш қозғалысының 90 жыл­ды­ғы туралы белгілі ғалым Тұр­сын Жұртбай Алаштану идея­сын­да тарихшылардың да, әлеу­меттанушы-лардың да толық тұжы­рым­дама жасай алмағанын айт­қан екен. «Осы уақытқа дейін Алаш­тың тарихы қаншама зерт­телді. М. Қойгелдиевтің 4 кі­­табы шықты. Өзім «Ұраным – Алаш» кітабын бітірдім. Сондағы білгенім, Алаш идеясы бес түрлі нәрсеге тоқталады екен. Біріншісі – жер. «Жерсіз Отан жоқ. Қашан қа­зақтың өзі өркениетке ілігіп, тех­никаның тілін меңгергенше, жер­ді жекеменшікке беруге бол­май­ды». Бұл – Әлихан Бө­кей­ха­нов­тың сөзі. Екінші идеясы – жер­дің асты-үстіндегі бір түйір тас осы Алаш мемлекетінің игі­лі­гі­не жұмсалуы керек. Үшіншісі – бір уыс жүн қазақ халқының үсті­не тоқыма боп тоқылуы керек. Бұл да Әлихан айтқан ой. Тө­р­тін­шісі – тіл, дін үстем-дігі. Бесіншісі – дәстүрге негізделген заң мен тәуел­сіз ғылым арқылы жапондар сияқ­ты ұлттық, демократиялық мем­лекет құру» дейді. Қандай керемет, озық ойлары бүгіні және болашақпен үндесіп жатқанын өзектілігін жойған жоқ мойындамасқа болмас. Бесеуі де ұлттық идея негізі. Бес идея да халыққа қажет. Бұл ой­ды Әлихан Бөкейхановтар осы­дан 100 жыл бұрын айтып кеткен. Әлі де өзектілігін жойған жоқ.

Белгілі жазу­шы Төлен Әбдік: «Өзін-өзі биле­ген ел ғана дамиды. Ал тәуелсіздік – ең бірінші құндылық. Олай бол­­са, осы тәуелсіздіктің артында Алаш тұр» деген екен. Алаш қай­рат­керлері осы азаттықтың жо­лын­да күресіп, құрбан болды.

-Алайда, қа­заққа өзін құрбан етуден артық биіктік бар ма? — дер едім

Ендеше, біз Алаш идеясы, Алаш тағылымы дегенде, неге шет қалып қоямыз?

Алаш қозғалысының  көрнекті қайраткерлері Уәлитхан Танашевтың, Жанша Сейдалиннің, Айдархан Тұрлыбаевтың, Ыбырайым Жайнақовтың, Асылбек Сейітовтің,  Әзімхан Кенесариннің, Сейдәзім Қадырбаевтардың да ұлт пен тарих алдындағы еңбектеріне лайықты баға беру, құрмет көрсету — біздің тарихи жадымыздың беріктігі мен азаматтық адалдығымыздың айғағы болмақ. Есімдері аталмаған қаншама азаматтар XX ғасыр басындағы отаршылдық қамытындағы халқы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олар сол ерен істері не марапат алмақ түгілі, жеке бастарына қауіп төндіріп алды. Кеңес өкіметінің саясаты бастапқыда ыдырату мақсатында Алаш қайраткерлерін бауырына тартқан болып, диктатурасы күшейгенде оларды қуғын-сүргінге ұшыратты. Алаштың атымен ұлы іс бастаған оның қай тұлғасы да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі — олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл, түптеп келгенде, өзіміздің ұлттық санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзенттік парызымызды орындау, ұрпағымызға ұлағат дарыту болмақ.
-100 жылдық межені, яғни Алаш тойын қалай атап өткеніміз аб­зал?   Алаш аманатын бүгінгі жас ұр­паққа кеңінен на­си­хаттайтын күн туды. Ол үшін істі неден бастағанымыз, қалай дәріптегеніміз жөн?

Ме­нің ойымша, мек­тептерге Алаш арыстарының есім­дерін беруден бастасақ, ұтарымыз көп болмақ. Тарихи әділ­дік­ке жүгінсек, біздің аза­т­ты­ғы­мыз бен тәуелсіздігіміздің ар­тын­да – Алаш ардақтылары тұр. Ендеше, неге жас ұрпақты тәуелсіз санамен тәр­биелеу үшін, олар оқып жүр­ген «білім ұясына» Ә. Бө­кей­хан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Дос­мұха­медов және т.б. есімдері берілсе, әрине Алаш арыстарына сол мектептерінде мұражай ашса нұр үстіне нұр болар еді. Сонда өзінің ата тарихын білген елдің баласы саналы, өрелі, отаншыл болып өсетіні сөзсіз. Алаш зиялыларының қай қырын алсақ та бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге, яғни жасампаздық рухын ояту үшін аса қажет. Бұл төменнен бастау алып, өткенге сенім артып, болашақты құрамыз дегенді білдіреді.

-Алаш тақырыбын көтеру қажеттілігі неге керек?

Алаш қозғалысының басында 100-200-дей ғана адам болуы мүмкін. Соған қарамастан, шағын ғана топ бүкіл қоғамды соңынан ерте білді. Сол кездің өзінде-ақ бүгінгі күннің идеологиясын қалыптастырып берді десек қателеспейміз. Бүгінгі таңда, сол идеологияны жалғастырушы тәуелсіз Қазақ елінің ұландары дер едім.
Қорытынды:  Осыдан 100 жыл бұрын құрылған Алашорданың бүгінгі бейнесі – Тәуелсіз Қазақстан. Ал бүгінгі Қазақстанның алып жері Алаш арыстарының аманаты. А. Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін», Мағжанның тілімен айтқанда «Мен жастарға сенемін» деп болашақ ұрпақ үшін тәуелсіздіктің алғышарттарын жасап кеткен. Бұл кезеңнің тарихы тағылым мен сабаққа толы. Мұның бәрі бізге тарихтан сабақ алуға, өткеннен тиісті қорытынды жасай білуге шақырады.

Әдебиеттер тізімі:

1.Алаштың жолы.// Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

2.Бектас Г. Алаш—қазақтың темірқазығы //Айқын, 2017, 20 қаңтар.

3.Қойгелдиев М. «Алаш» қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2008. – 480 бет.

4.Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы, 1995.

 

ШҚО, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылы

«С. Ғаббасов атындағы ЖББОМ» КММ

тарих пәнінің мұғалімдері

Джексенбаева Баян Кинаятовна,

Каженов Ернар Айтказинович


ПІКІР ҚАЛДЫРУ