ҚазҰУ «мемлекеттік бағдарлама» аясындағы алғашқы түлектеріне диплом берді

0
1249
ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистратурасында білім алу магистранттардың зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысуымен, олардың ғылым мен практиканың маңызды салаларының жетекші мамандарының басшылығымен жүзеге асырылатын университеттің ғылыми жобаларына қатысуымен ерекшеленеді. Магистратураның білім беру бағдарламалары 86 мамандық бойынша жүзеге асады. Соңғы жылдары бізнес білім беру бағдарламалары (MBA), қос дипломдық және бейіндік бағыттағы білім беру бағдарламалары, «Ғылым Ордасы» кешеніндегі ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен білім беру бағдарламалары дамып келе жатыр. 2015 жылдан бастап университет ҚР Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы басым өндіріс салалары үшін мақсатты кадрлар даярлаудың гранттық бағдарламаларын жүзеге асыру үшін механика-математика факультетінде бүгінгі таңда 458 магистрант білім алуда Күні кеше ғана осы жеткіншектердің бірінші буыны магистрлік диссертацияларын сәтті қорғап маман атанды. Дисеертациялық кеңестің төрағасы техника ғылымдарының докторы, профессор- Ахметов Бахытжан Сражатдинович болды. Сонымен қатар кеңес мүшелерінің қатарынан информатка кафедрасының меңгерушісі ф.м.ғ. кандидаты, профессор м.а. Б.А. Урмашев және басқа да жоғары білікті профессорлар мен доценттер көрінді. Қорғалған диссертация тақырыптары заманауи әрі қоғамдағы өнеркәсіп салаларына ең қажетті мәселелерді қарастырды. Олардың ішінде информатика кафедрасының магистрлері: Илялетдинов Фарид Асхатович «Суперкомпьютерлік технология көмегімен қатты денедегі кеуекті сезімталдыққа ауысу процесіндегі ақпараттық жүйені жобалау», Байдалиев Аскар Ганиевич «Гибридтік кластердің есептеу жүйесінің жағдайын бақылайтын бағдарламалық қамтамасыз ететін жүйені әзірлеу»  тақырыбындағы диссертацияларды жоғары деңгейде қорғап шықты. Ғылыми жетекшілері ЕЖШС ««Ғарыштық техника және технологиялар институты» директоры, техника ғылымдарының докторы Ахмедов Даулет Шафигуллович болды. Аталмыш институтта ғылым мен тәжірибені қатар алып жүру мақсатында жоғарыдағы аты аталған түлектер жұмыс істеп жүр. «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС-нің қызметінің негізгі бағыттары: ғарыштық техника және технологиялар жасау бойынша ғылыми — технологиялық қамтамасыз ету саласында іргелі, іздестіру және қолданбалы зерттеулер жүргізеді.

Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «индустриялық-инновациялық даму» бағыты көзделгені белгілі. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бəсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш — оның экономикасы. Экономиканың бəсекеге қабілетті болудың басты бағыты — индустриялы-инновациялық экономика құру жəне шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процестерге бет бұру болып табылады. Осы орайда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылып, үш сатылы «бакалавриат-магистратура-докторантура PhD» мамандар даярлаудың заманауи жүйесіне толығымен көшкен Орталық Азияның жоғары оқу орындарының ішіндегі алғашқылардың бірі ретінде 2015–2019 жылдарға арналған индустриялық- инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша  біздің еліміздің əлемнің 30 дамыған елі қатарына кіруіне өз үлесін қосатын болады.

 

Адилжанова С.А.

Газиз Г.Г.

Тюлепбердинова Г.А.

Ерболова А.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ