«Қош келдің, Наурыз!» (Тәрбие сағатының сценарийі)

0
9487

Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамнын байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.

Кіріспе сөз.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, қонақтар, бүгінгі «Қош келдің, Наурыз!» атты тәрбие сағатын мерекелеріңіз құтты болсын деп бастай отырып, сөз кезегін оқушыларға берейік.

Наурыз мейрамы жайлы қысқаша мағлұмат береді.

1-оқушы: Наурыз тойы

         Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «нау» жаңа, «руз» күн деген сөздерінің қалыптасып жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты, думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған. Құрметті ұстаздар, ата-аналар, сыныптастар, сіздерді Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесімен құттықтаймыз.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Ұлыс береке берсін,

Пәле-жала жерге енсін, — дей келе кешімізді бастаймыз.

1-жүргізуші: Құрметті конақтар, сіздер бүгінгі Наурыз тойына арналған мерекеге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, оқушылар, келіп отырған қадірлі қонақтар, сіздерді келіп жеткен көктем мейрамы 22-наурыз күнімен құттықтаймыз.

Сіздерге шаттық тілей отырып бүгінгі мерекелерімізді ашық деп жариялаймыз.

Тойла бүгін,тауларым мен боздалам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жыл боп жаңа келді тағы Ордама!

 

1-жүргізуші: Ал халайық, тұрмайық,

Әндетейік, жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық.

 

2-оқушы: Ұлыстың ұлы күнінде

Бай шығады балбырап

Қасында жас жеткіншек,

Тұлымшағы салбырап.

Бәйбіше шығар балпиып,

Күндігі баста қалқиып.

Келіншек шығар керіліп,

Шашбаулары төгіліп.

 

3-оқушы: Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдеп.

Көк шөбі шығып желпілдеп,

Дүние біткен күлімдеп.

 

2-жүргізуші: Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

«Сақтай гөр» деп терістен,

«Кел,таза бақ, кел!» десіп,

«Ием, тілек бер!» десіп,

Шалдар бата береді.

 

1-жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Аңыз бен ертегідей бізге жеткен,

Құрметті әншілерді қарсы алайық!

 

2-жүргізуші: Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап мойыма,

Тайма именіп ділмардан.

Ән: «Домбырасыз ән қайда? «.

1-жүргізуші: Қош келдің,

Тышқан жылы, төрлет.

Наурыз елімнің бақ-береке, ырыс мейрамы.

Жаңа жыл есігімізден жақсылық болып енсін!

Қадамыңа нұр жаусын, Тышқан жылы.

 

4-оқушы: Құт-береке кетпесін

Диқаншы мен малшыдан.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі бақи жаппасын.

Пәле-жала қазақты

Іздесе де таппасын.

Күн мен айға әлемнің

Берем ыстық сәлемін.

Қарттарыма сүйініп,

Сәлем берем иіліп.

Құтты болсын тойларын.

5-оқушы: Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

Жайнатамын бар гүлді,

Сайратамын бұлбұлды.

Төгілтіп ән-жырымды,

Мейрам етем бұл күнді.

Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ, өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

Өнерлі, өршіл өренді

Халық жақсы көреді.

Мың бұралған бишіге

Енді көзек берілді.

 

2-жүргізуші: Наурыз тойы — салтымыз,

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Наурыз — шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салайык жас-кәріміз,

Би билейік бәріміз.

 

Би биленіп, ән орындалады.

 

1-жүргізуші: Қыс етіп қар кетті,

Жырлайық жаз кетті.

Мейрамы ежелден,

Құтты болсын бұл Наурыз.

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар.

 

1-жүргізуші: Ашық болсын қас-қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін терде бас қонақ.

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Наурыз тойы — береке,

Наурыз тойы — жыр-аңыз.

Қызық думан — мереке,

Қызық думан құрамыз.

 

Ән қосылсын әніне, 

Сән косылсын сәніңе.

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ  дарысын бәріңе.

Наурыз — шаттық, әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз,

Би билейік бәріміз.

 

Көк Наурыз, көктем Наурыз, есіл Наурыз,

Мейрам боп келдің екен көсіл Наурыз.

Ақ үйді қуанышқа толтырып бір

Ән айткан бозбалаға қосылды-ау қыз.

2-жүргізуші:

  1. Он ата дегеніміз не?
  2. Үш мақсатты қалай түсінесіңдер?
  3. Үш арсыз.
  4. Қонақтың түрі.
  5. Бес байлық.
  6. Қандай жұмбақтар білесіңдер?

 

Би биленеді.

 

2-жүргізуші: Береке, бірлік болсын деп,

Би билейік жаңаша.

Күшейтіп бірлік, білімді,

Ән айтайық тамаша.

Салт-дәстүрмен жарасса,

Қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша.

 

6-оқушы: Сүт Наурыз, айран Наурыз, сайран Наурыз,

Коңыржай қарт көңілді қайран Наурыз.

Сән берген кең өлкеме өзің ғана,

Әр келген қадамыңды мейрамдармыз.

Құт Наурыз, кұда Наурыз, ана Наурыз,

Сен балғын, біз сенен балалаумыз.

Әр үйден көже ішеді, о, қызық-ай,

Дәу ана, дәу балалар және дәу қыз.

 

Он ата

І.Әке                                                                                                                                                                                                                                                                                 6. Немене

  1. Бала 7. Туажат

 

  1. Немере 8. Жегжат
  2. Шөбере 9. Жұрағат
  3. Шөпшек 10. Жамағат

Үш мақсат

Жол мақсаты — жету.

Дау мақсаты — біту.

Сауда мақсаты — ұту.

 

Қазақтың қолкүрес ойыны ойналады.

Үш арсыз

Ұйқы арсыз.

Күлкі арсыз.

Тамақ арсыз.

 

Қонақ түрі

Арнайы қонақ.

Құдайы қонақ,

Қыдырма қонақ.

Қылғыма қонақ.

 

Бес байлық

Әуелгі байлық — денсаулық.

Екінші байлық- еркіндік.

Үшінші байлық — тіл байлық,

Төртінші байлық — қайрат-күш, ақ жаулық,

Бесінші байлық,— балаңыз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ