Кітап жайлы бірер сөз!

0
1991

1) Көркем жазатын авторлардың еңбегін оқып, көркем сөйлеуге әдеттенесің.

2) Мәдениет ол — оқыған кітаптардың саны емес, жадымызда түсініп тоқылғаны.

3) Кітап оқитын адамдар, үнемі теледидар қарайтын адамдарды басқаратын болады.

4) Кітап әрқашан фильмнен жақсырақ, себебі адамның қиялы мен көзге елестету қабілеті шексіз.

5) Көп оқыған сайын-аз еліктейсің, өзіндік «мен»-іңді дамытасың.

6) Адамдар екі санатқа бөлінеді: кітап оқитындар және кітап оқитындарды тыңдайтындар.

7) Тиындардан теңге құралатыны сияқты, оқылған кітаптардың жиынынан білім құралады.

8)Сана үшін оқу, мүсін сымбаты үшін жасаған жаттығумен тең.

9) Ең жаман бір ақ нәрсе бар: Ол соңғы 90 күнде кітап оқымау, ол 90 күн бойы кітапқа қол тигізбей, ештеңе болмайды деп ойлау. Джим Рон

10) Кітапты өртеуге қарағаннан да ауыр қылмыс бар.Ол оларды оқымау.

11) Ақылды болу үшін 10 кітап оқу жеткілікті, алайда оны табу үшін мыңын оқып шығу қажет.

12) Кітаптар — ойдың кемесі, ол уақыт толқынымен өзінің ауыр қымбат жүгін артып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе бермек. Фрэнсис Бэкон

13) Есте сақтаңыз: Сіздің ойлағаныңыз, оқығандарыңыз арқылы анықталады. Джим Рон

14) Кітаптарға сенім арт, олар саған ең жақын ең пайдалы дүние болып табылады. Олар қажет кезде үндемейді, және қажет кезінде саған жаңа әлемді де ашады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ