Көрме туралы қызықты 10 дерек

0
3703

ЭКСПО туралы қызықты 10 дерек

Үш жылдан кейін біздің елімізде ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді. Бүгін біз сізге Дүниежүзілік көрмеге байланысты оқиғалар туралы әңгімелеп береміз. Мысалы, сіз автокөлік, қоютылған сүт, телефон, протездер, компьютерлер, IMAX және басқа көптеген тауарлардың алғашқы рет дәл сол ЭКСПО-да көрсетілгенін білдіңіз бе?

1. №1 дерек. ЭСКПО-ны II Елизаветаның бабасы ойлап тапқан

ЭКСПО-ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның қазіргі ханымының арғы тегі ханзада Альберт есептеледі. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 162 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған және Гайд-саябағында орналасқан. 20 аптаның ішінде оған 6 млн. адам келген (сол кезде Лондонда 3 млн. адам тұрған болатын). Көрме ғимаратының ең үздік сәулет өнері жобасы байқауында әйнектен жасалатын ғимарат — Хрустальді сарай салуды ұсынған Джозеф Пакстон есімді бақшы жеңіске жеткен. Әттеген-ай, викториандық дәуірді дүр сілкіндірген қазіргі күнге дейін сақталмаған. 1936 ол өртеніп кеткен. Аталмыш алғашқы көрмеде сол кезде әлемде өндірілген заттардың барлығын көруге болатын. Бірақ құрал-жабдықтар бөлімі ең үлкен әсер қалдырған: бу қозғалтқыштары, стерео-фотосуреттер, американдық Чарльз Гудиер ойлап тапқан ысытылған резеңке (Goodyear атауы барлық автоәуесқойларына таныс шығар!), қоютылған сүт, консервіленген азық-түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер, стоматологиялық креслолар, «веналық» деп аталатын орындықтар және басқа да заттар. Көрмеден түскен пайда комақты болған — шамамен 186 000 фунт стерлинг. Осы ақша бірнеше мұражайларының құрылысына, солардың ішінде, әйгілі Виктория мен Альберттің мұражайының бой көтеруіне жұмсалған.

Фотосуретте: Лондон, 1851 жыл.

2. №2 дерек. Телефон және қызанақ кетчупы

1874 жылы ЭКСПО көрмелеріне ақыры Америка қосылды (Филадельфия қаласы). Алғашқы рет көрме бір ғимаратта емес, бірнеше павильондарда өтті. Олар бесеу болды: басты павильон, өнер павильоны, құрал-жабдықтар залы, бағбандық сарайы және ауыл шаруашылық залы. Бұған қоса Америка Штаттары, шет мемлекеттер мен жеке меншік компанияларға арналған 200-ге жуық павильондар да болды. Көрме ішінде темір жол көлігін қолдану нағыз ноу-хау болды. Дәл сол Филадельфияда алғашқы рет Александр Грэм Беллдің телефоны, Томас Альва Эдисонның телеграфы, Ремингтонның жазу машинасы және «Хайнц» қызанақ кетчупы көрермендер назарына ұсынылды!

Фотосуретте: Филадельфия, 1874 жыл.

3. №3 дерек. Көрмелердің Халықаралық Бюросының құрылуы (КХБ)

1928 жылы, Ұлы тоқыраудың нағыз қызған кезінде, Парижде Көрмелердің Халықаралық Бюросы құрылды. Осы ұйымның қызметкерлері ЭКСПО-ның лайықты деңгейде өтуін және XIX ғасырдың өзінде қол жеткізілген жоғарғы биіктіктің ешқашан төмендемеуін қадағалайды. Көрмелердің халықаралық бюросы ЭКСПО-ның тек инновациялық технология алаңы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мәдениеттер мен пікірсайыстың орны болуы үшін орасан жұмыстар атқарады. Қазіргі таңда КХБ мүшелігінде 167 мемлекет бар. КХБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан.

4. №4 дерек. Ядролық заман

Әлем Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірте-бірте есін жия бастады. Және алғашқы «бейбіт» көрме тек 1958 жылы Брюссельде өтті. Бірақ есесіне қандай тамаша көрме болды! 1958 жылы Бельгияда масаттану ахуалы үстемдік етті. Адамның қолынан барлығы келеді – тіпті ғаламшардан тыс серік те жібереді! Сол себепті көрменің басты тақырыбы мынандай болды: «Прогресс пен адамзат». Дәл осы жерде, Брюссельде, адамдар алғашқы рет серік, атомдық электростацияның үлгісін, жаңа қозғалтқыштар мен болашақ компьютерлердің ізашарларын көрді. Брюссельге 41 миллионнан аса адам келді.

Фотосуретте: Брюссель, 1958 жыл.

5. №5 дерек. Алғашқы компьютерлер

Келесі көрме американ жерінде – алғашқы адамның ғарышқа ұшқанына бір жыл болған шақта, 1962 жылы Сиэтл қаласында өтті. ЭКСПО-ның басты мақсаты — КСРО ғарыштық бағдарламасының жетістіктерінен есеңгіреуді төмендетуге көмектесу. Сондықтан ұйымдастырушыларға ғылымның қарапайым американдықтардың өмірін қалай жақсарта алатынын көрсету маңызды болды. IBM компаниясы өзінің алғашқы компьютерлерін көрсетті. Ал сарапшылар адамдар XXI ғасырда қалай өмір сүреді деген тақырыпта қиялдап жатты. Келушілерді үлкен қабырға теледидары, электрондық кітапхана, су электрбөгеті және қазір бізге үйреншікті болып қалған көптеген жетістіктер таң қалдырды.

Фотосуретте: Сиэтл, 1962 жыл.

6. №6 дерек. IMAX 60-жылдары пайда болды

Бастапқыда ЭСКПО-67 Мәскеуде өтеді деп жоспарланды, бірақ 1962 жылы кенеттен өз сұранымын қайтарып алды. Қорытындысында ЭКСПО басқа кұрлыққа — Монреальға ауыстырылды. Сол көрмеде алғашқы рет адамның әлеуметтік жауапкершілігі мен экологиялық сана сұрақтары талқыланды. Франция Жак-Ив Кусто экспедицияларының олжаларын қалың жұртшылыққа көрсетсе, Кеңес Одағы Юрий Гагариннің Жерді айналып шыққан ғарыш капсуласын әкелді. Кеңестік павильонға 13 миллион көрермен келді — адамдардың ғарышқа деген қызығушылығы зор еді. Бір қызығы, дәл сол Монреальда алғашқы рет қазіргі кезде біздің кинотеатрларымызда кең таралған IMAX жүйесі көрсетілді. Дәл сол Монреальдағы ЭКСПО ең сәтті өткендерінің бірі болып есептеледі: оған 50 миллионнан астам адам келген. Салыстырып көрейік: сол жылдары Канаданың халқы небәрі 20 млн болатын.

Фотосуретте: Монреаль, 1967 жыл.

7. №7 дерек. Жапония суырылып алға шықты

Келесі ЭКСПО көрмесі Жапонияда, Осака қаласында өтті. Сол жерде ғалымдар 500 000 есе күшейтілетін электрондық микроскобын және 500 км/сағ. дейінгі жылдамдықпен жүре алатын электромагниттік таянышы бар пойыздардың үлгілерін, толық масштабы ядролық реакторлық макетін, АҚШ пен КСРО-ның сансыз ғарыш кемелері мен алып роботтардың макеттерін ұсынды. Дәл сол жерде электроникадағы Жапонияның инновациялық болашағы түсінікті болды.

Фотосуретте: Осака, 1970 жыл.

8. №8 дерек. Даулы ЭКСПО

2000 жылы Ганноверде ең көп дау туғызған көрме өтті. 1990 жылы бұл қала небәрі бір дауыс басымдылығымен Торонтоны жеңген болатын. Алайда Германияның көптеген тұрғындары өз жерінде көрменің өтуіне қарсы болып, дүркін-дүркін наразылық шерулерін ұйымдастырды. Жоспарланған 40 млн. қонақтардың орнына көрмеге небәрі 18 млн. адам келді. Алайда ЭКСПО ел экономикасына пайдасын тигізді. Көрме үшін жаңа темір жол станциясы, қала жолдарының жаңа желісі салынды, трамвай желісі кеңейтілді, әуежайдың үшінші терминалы салынды. Осы ЭКСПО-ның басқаларынан өзгешелігі ғылымның қазіргі жетістіктерінен гөрі, болашақ үшін шешімдерді іздеу мен дамытуға ерекше көңіл бөлінуінде болды. Мысалы, Венесуэла, қайта қолданысқа түскен материалдан тұрғызылған павильонын ұсынды.

Суретте: Ганновер, 2000 жыл.

9. №9 дерек. Көрмелер әртүрлі болады

ЭСКПО онжылдық сайын өсіп отырды, қазір бұл XIX жүзжылдықтың ортасында Альберт ханзада өткізген ғылыми жетістіктерінің көрмесінен әлдеқайда алыс. Айналамыздағы барлығы сияқты ол да үлкен әрі күрделі болды. КХБ экспозициялары екіге бөлінеді: Дүниежүзілік әмбебап көрмелер және мамандандырылған халықаралық көрмелер. Алғашқылары жарты жылға созылып, әрбір 5 жыл сайын өтеді, сонымен бірге олардың ауданы мен тақырыптамасы шектелмейді. Мамандандырылған халықаралық көрмелер екі Дүниежүзілік көрмелерінің арасында өтіп, 3 айға дейін жалғасады. Дәл осындай көрме 2017 жылы Қазақстанда өтеді. Оның тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Әлемнің барлық өнертапқыштары мен ғалымдары өздерінің «жасыл» технологиялардағы жетістіктерін көрсетеді. Егер 162 жыл бұрын адамдарды жаңа машиналар мен пойыздар қызықтырған болса, қазір енді жылытуына аз энергия шығыны кететін үй салу қызығырақ.

Фотосуретте: 2010 жылы Қытайда өткен ЭКСПО кезіндегі Қазақстанның павильоны.

10. №10 дерек. ЭКСПО-2017 дейін 3 жыл 5 ай қалды

Бір жыл бұрын Қазақстан Астанада ЭКСПО-2017 өткізу құқығына ие болды. Біз осы құқық үшін бельгиялық Льежбен күрес жүргіздік. Біздің көрмеміздің тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Қазіргі таңда ғаламшар алдында қорлары жыл сайын азайып жатқан энергиялық ресурстарды үнемді қолдану мәселесі тұр. Көрме 173,4 га аумақта орналасады, соның 25 гектары көрменің өзіне тиесілі болса, 148,4 гектары инфрақұрылымдық нысандарға берілген (үйлер, қонақ-үйлер, мейрамханалар және басқалары). ЭКСПО-2017 93 күнге немесе 3 айға созылады, маусым мен қыркүйек аралығында өтеді. Көрмеге 100 аса мемлекет қатысады деп болжам жасалуда. Жоспарланған келушілер саны – 2-3 миллион адам. Айтпақшы, бұл ТМД елдерінде ғана емес, сонымен бірге Орта Азия аймағында өтетін тап сондай алғашқы көрме болмақ. Көрмені өткізу Қазақстанның «жасыл» технологияларын дамытуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар жалпы ел экономикасы мен инфрақұрылымын жақсартуға, туристік саланың дамуына септігін тигізеді. ЭКСПО-ны өткізгеннен кейін көрме қалашығы жеке инфрақұрылымы бар тұрғын-үй орамына айналады, ал көрме павильондарында кеңселер, конгресс-орталықтар, мұражайлар және басқа да қалалық және республикалық маңызы бар нысандар салынады. Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу орталығы өз есігін жас ғалымдар, зерттеушілер мен студенттерге айқара ашады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ