Лиро-эпостық жыр. «Қыз Жібек» жыры.

0
2532
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақ.

Қазақ әдебиеті

Мектеп: №173 мектеп-лицей
Күні : Мұғалімнің аты-жөні: Шатемірқызы Ақмарал

СЫНЫП:

9 «Г»

Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:
Лиро-эпостық жыр. «Қыз Жібек» жыры.

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

«Қыз Жібек» жырын оқиды, түсінеді, фильмнен үзінді көреді.

Жырдағы сюжеттерді анықтайды.

«Қыз Жібек» тарихы туралы жазылған деректерді біледі.

Сабақ түрі Жаңа сабақ. Берілген тапсырмаларды жеке, жұппен орындайды.

Сабақ мақсаты

Білім

Түсінік

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Бағалау

Барлық оқушылар орындай алады:

Жырдың сюжеті бойынша кейіпкерлерді біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жырдағы кейіпкерлерді суреттей алады, мінездерін іс-әрекеттері арқылы аша алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жырдан көріктеу құралдарына назар аударады, ережелерге сүйенеді, жанындағыларға көмек береді.

Бағалау критерийі Жетістік критерийі:
Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: кейіпкерлер бейнесін суреттей алады, мәтіннен дәлелдемелер келтіреді, тілдік бірліктерді қолданады.

Берілген ақпараттарды семантикалық кестеге түсіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: лиро-эпостық жыр, композиция, пролог. эпилог, троп түрлері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Қазақ мәдениетінде «Қыз Жібек» оқиғасының желісімен қандай өнер туындылары (кино, опера, көркемсурет, мультфилтмдер) дүниеге келген? Қай өнер туындысын тамашаладыңыздар?

 

Алдыңғы оқу: Салт-дәстүрлермен танысады, көнерген сөздердің мағынасын біледі.
Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы, география
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың басы

3 минут

  1. Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.
  • Сәлеметсіздер ма, балалар! Көңіл күйіміз қалай?

— Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

— Балалар, күндей күлімдеп (күлімдейміз),

Жаздай жадырап,

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Өтілген тақырып бойынша, шығарма жұмыстарының

Нітижелерімен танысады, сұрақтарына жауап беріледі, талдау жүргізіледі.

* Сергіту сәті

* тақтада «Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсетіліп, сұрақ қойылады.

— Балалар, Сабақтың тақырыбы не туралы болуы мүмкін?

Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын анықтап, бағалау критерийлерімен танысады.

Сабақтың ортасы

25-30 минут

1. «Қыз Жібек» берілген үзінді киносы бойынша әңгімелейді.

2. «Қыз Жібек» жырының тарихи деректерімен танысады, дәптерлеріне семантикалық кестеге түсіреді.

(Балалар! «Қыз Жібек» жыры — қазақ халқын күллі әлемге танытқан әдеби мұра.

Қазақтың ұлт болып, бір ту астында хандық құрған кезінен басталған тарихы, көшпелі өмір салты жырда толық суреттелген.

ХV- ХV1 ғасырларда шыққан жырдың туған жері — Батыс Қазақстан өңірі. Жырда келтірілген ру аттары соны меңзейді.

1880 жылы орыс зерттеушісі Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған.

Бұл дастан ХІХ ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Ф.Тухватуллин «Қыз Жібек» жырын жинап, қағаз бетіне түсіріліп, 1894 жылы алғаш рет Қазан қаласында басылып шықты.

Жүсіпбек Шайхисламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1911 жылдары қазақ тілінде жариялаған.

Еліміздің орталық кітапханасының қорында бірнеше нұсқалары сақтаулы.Оның ішінде Қ.Мырзағалиев, Ә.Дәнікеров, Ж.Қалмағамбетов, Е.Рақметов, Р.Мәзқожаев нұсқалары бар.

1934 жылы алғашқы қазақ операсы «Қыз Жібек» жазылды.

1970 жылы режиссер Сұлтан Қожықовжазушы Ғабит Мүсіреповтің жазған сценарийі бойынша «Қыз Жібек» көркем фильмін түсірді. Сценарийді Ғабит Мүсірепов араб қаріптерімен жазған, сондықтан да оны ешкім түсінбегендіктен, фильмнің түсіру тобын жинап алып, жазушы бәріне өзі оқып берген.

Композиторы — Нұрғиса Тілендиев.

Ән өлеңдерінің авторы — Қадыр мырза Әли.

Фильмнің авторлары: Асқар Сүлейменов пен Олжас Сүлейменов.

Фильмде Төлеген мен Жібектің рөлінде ойнаған актерлер: Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова

Фильм әлемнің 43 елінде көрсетілген.

2003 жылы «Еуразия халықтарының эпостары» атты топтамаға ««Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» эпостарының үздік нұсқалары енгізілді.

2007 жылы қарашада ЮНЕСКО «Қыз Жібек» жырының 1508 жылы жазылғаны жайлы ғалымдардың дәлелін қабыл алып, жырдың 500 жылдығын атап өтуге шншім шығарды, 2008 жылы 500 жылдығы атап өтілді.

Жұптық және топтық жұмыс.

1. Жырдың шығу тарихы мен зерттелуі туралы материалдарды қарастырады, дәптерге семантикалық кестеге деректерді түсіреді.

2. Кейіпкерлерді теріп жазып, мінездеме береді.

3. 1. Қазақ мәдениетінде «Қыз Жібек» оқиғасының желісімен қандай өнер туындылары (кино, опера, көркемсурет, мультфилтмдер) дүниеге келген? Қай өнер туындысын тамашаладыңыздар?

Жетістік критерийлері:

Критерийлер Дескрипторлар
— деректерді дәптерге түсіреді, ұқыпты жазады. — деректерді дәптерге түсіреді, ұқыпты жазады.
Кейіпкерлерге автор суреттеуіне сүйеніп мінездеме береді. Кейіпкерлерді теріп жазып, мінездеме береді.
Білетін немесе көріп тамашалаған «Қыз Жібекке» байланысты өнер туындысы туралы әңгімелейді. Айтылымда көркем сөздерді қолданады, әдеби нормаларға сай әңгімелейді.

Сабақтың соңы

5-7 минут

Кері байланыс (ауызша)

«Білдім», «Білдім», «Нені білгім келеді» стратегиясы бойынша бағалану

Үйге тапсырма
«Қыз Жібек» жырын толық оқып келу.
Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға

тапсырманы қалай

түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу міндеттері

орындалды ма?

Бүгін оқушылар не

үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?

Жоспарланған

саралау жақсы іске

асты ма?

(тапсырмалар сəйкес

болды ма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма қандай

өзгеріс енгіздім жəне

неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.

Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер

еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2:

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ