М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы «Қайтқанда» (1 кітап)

0
5414
Бөлім атауы: 3-бөлім. Қазіргі қоғам: көші-қон және зияткерлік миграция

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы «Қайтқанда» (1 кітап)

Мектеп: Шалқар қаласы «№ 4 ЖОББМ» КММ
Күні:21.01.2021 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Бижанов С. Н.
СЫНЫП: 11 Қатысқан оқушылар саны: 16 Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 11.1.3.1-көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

11.2.3.1- шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау;

11.2.5.1-әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау;

11.3.2.1-көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үшін:

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсінеді.

Көпшілік оқушылар үшін:

көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсееді.

Кейбір оқушылар үшін:

шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды.

Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсетеді;

— шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды;

-көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалайды.

Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен термонология: өнер, мәдениет, энциклопедия.
Диалог құруға/шығрма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

-Ақпарат көздеріне сүйенсек…, -Менің ойымша…, –Мәдениеттанушылардың пікірінше…

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Әлемді мойындатқан қандай қазақтың өнер саңлақтарын білесіңдер?

-Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көрініс дегенді қалай түсінесің?

Бағалау критерийі -көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалайды.
Құндылыққа баулу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Пәнаралық байланыс Мәдениеттану, музыка, өзін-өзі тану
Алдыңғы оқу

3 минут

«Микрофон» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрап пысықтау.

1)М.Әуезов өмірбаяны

2)Алаш қозғалысы

3)Ағарту ісі

4)Жазушының драматургия саласындағы еңбектері

5)М.Әуезовтің драмалық шығармалары

6)Шығармалары

7)Шығармалары шет тілінде шыққан басылымдары

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы

7 минут

Психологиялық ахуал.

Бір, екі, үш,

Әке-шеше қорғаным

Бір, екі, үш,

Бауыр-аға орманым

Бір, екі, үш,

Іні-сіңілі ардағым

Бәрі менің бау-бағым…

Ыбырайдың 180 жылдығына орай сабақты бастау.

Бір Аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Слайд
Ортасы

20 минут

«Миға шабуыл» әдісі

Мұхтар шығармаларымен жұмыс.

Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.
Қалайша бас имессің оған, сірә.

1)Мұхтардың «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы бейнетаспа көрсету.

2)Абайдың өмір жолы туралы бейнетаспа көрсету.

3) «Қайтқанда» тарауы бойынша бейнетаспа көрсету.

Т/Ж. №2-тапсырма. Әдісі: «Ойлан. Бірік. Бөліс»

2-тапсырма. Көркем шығармадағы заман көрінісі мен

қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалап, өз мәліметтеріңмен айтылған ойды толықтырыңдар.

Дескриптор:

1.берілгенді оқиды.

2.маңыздылығын ашады.

3.айтылған ойды толықтырады.

Кері байланыс: (ауызша) «Бір тамшы ой» әдісі

Қ/Б-жеке бағалау.

«Қайтқанда» тарауын кестемен түсіндіру.

Сөздікпен жұмыс.

Ж. №1-тапсырма. «Еркін жазу» әдісі

1-тапсырма. «Шығарма талдау» кестесі толтырып, шәкірт Абайдың бейнесіне талдау жасаңдар.

Дескриптор:

1.тақырып негізін ескереді.

2.тарау бойынша оқиғалар, кейіпкерлер туралы айтады.

3.өз ойын дәлелдейді.

Кері байланыс: (жазбаша) комментарий

Қ/Б-өзара бағалау.

Оқулық,

мәтіндер.

Соңы

10 минут

Бекіту. Кері байланыс

1.Рефлексия: «БББ» әдісі

Қосымша ақпарат https://www.youtube.com/watch?v=FC-8TcD35I8
Үйге тапсырма ҮІІ. Үйге тапсырма

1)М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

«Қайтқанда» тарауын оқып, мазмұндау.

2) «Абай жолы» роман-эпопеясының

І кітабындағы әр тарау

кім, не жайында екенін біліп келу.

ҮІІІ. Бағалау

ІХ. Қорытынды сөз

Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс –

Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).

  • Сабаққа негізделген мақсат бойынша жоспарлай отырып, білім алушылардың жеке даралық қабілеттерін ескеріп, тапсырмалар жүйесін саралап құрастырдым. Алайда қабілеті жоғары оқушылардың білім деңгейін ескеріп, алдағы уақытта мейлінше түрлендіруге ұмтыламын.
Сабаққа негізделген мақсат бойынша жоспарлаған тапсырмалар негізінде пайдаланған кері байланыстағы әр түрлі әдістер арқылы оқушы білімін нақты тексеру мақсатында жеке жұмыстарды қадағалап отырдым. Дегенмен келешекте қалыптастырушы бағалаудың әдістерін түрлеріндіре және жетілдіруді көздеймін.
  • Сабаққа негізделген мақсат негізінде тапсырмалар жоспарланып, пәнаралық байланыспен байланыстыра отырып, ZOOM құралдары арқылы бейнекөрсетілім көрсетіліп, өнер мен мәдениеттілікке баулынды.
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар

сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс

енгіздім жəне неге?

Сабаққа негізделген мақсат бойынша жоспарланып, оқу міндеттері түгелдей орындалды.

Сабақ барысында оқушылар әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өнер мен мәдениет жөнінде ұғынды. Оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырманы жазба жұмысында өз деңгейінде жүзеге асырды. Жоспарланған тапсырмалар оқушы деңгейіне қарай сараланып, іс жүзінде жүзеге асты.

Уақытты тиімді пайдаландым.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:сабақ мақсатқа негізделген бойынша жоспарлануы.

2:кері байланыс кезінде білім алушылардың өзіндік бағалаулары.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:әр тапсырма кезінде уақытты тиімді пайдалануы.

2:жазылым барысында жекелеген оқушылардың ойын жинақтауы.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:қабілеті жоғары білім алушыларға жеңілден күрделіге қарай тапсырмалардың болуы.

2:кейбір білім алушылардың кері байланыс кезінде бір-бірін шынайы бағалауы.

 

Бижанов С. Н.
Шалқар қаласы «№ 4 ЖОББМ» КММ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ