Мамандықты қалай таңдау керек?

0
2015
Мамандық таңдау-адамның жас кезіндегі негізгі өмірлік мақсаттарының бірі болып табылады. Өйткені біз мамандықты таңдағанда өзіміздің өмір салтымызды қоса таңдаймыз.Міне, сол үшін де  кез-келген  өсіп келе жатқан адам болашақ мамандығын-өмірлік таңдауы деп қарастыруы керек.

Елімізде жүргізілген зерттеулерге сәйкес, студенттер  орташа есеппен 20-26 мамандықты атап көрсете алады екен. Оған қоса, оқушылардың мамандық таңдау себептерін зерттеу барысында, балалардың мамандық таңдауында  ата-анасы мен туыстары  маңызды рөл атқаратыныны анықталды.

Мысалы: балалардың 25% – ы мамандықты өздері тәуелсіз таңдаса,ал 17% — ата-аналардың кеңесі бойынша, 9% — ы бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалымен таңдайтын көрінеді. Сонымен қатар, жасөспірімдердің тек 40% — ы мамандықтың мазмұнына назар аудара отырып таңдайды екен.Әдетте мектеп оқушысы болашақ мамандықты таңдағанда жеке қасиеттерін ескерместен, өзінің мүдделеріне қарай  таңдайды.

Мамандық таңдауКөптеген адамдар үшін мамандық таңдау өте қиынға соғады. Оның бір себебі, адам өз іс – әрекеттері үшін жауапкершілікті өз мойнына алудан қорқадыкінші жағынан, ол өзінің мүдделері мен мақсаттарына сәйкес болу үшін дұрыс шешім қабылдай алмауы мүмкін.Мамандық-бұл адамның физикалық және рухани күштерін қолданудың шектеулі саласы.Адамның мамандығы өмір сүру барысында дамудың қажетті құралдарын алуға мүмкіндік береді.Әлемде мыңнан астам мамандықтың түрі  бар. Оларды  мақсаттары  мен  еңбек жағдайларының белгілері бойынша бес түрге бөлуге боладыАдам – табиғат», «адам – техника», «адам – адам», «адам – белгі», «адам – көркем образ». Осы топ ішінен  кез-келген жас өмірліктаңдау жасауы керек болады. Таңдау жасау үшінмамандық адамға: біріншіден, қанағат, қуаныш әкелетін, екіншіден, қол жетімді; үшіншіден, адамдар мен қоғам қажетіне жарайтын болуы шарт.

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Және де ересек  адам өмірінің үштен бірін жұмысында өткізеді екен. Сіздің аптасына бес күн, сегіз сағат психологиялық күйзелістен шаршап, азапқа түсу – түспеуіңіз, өз таңдауыңызға байланысты. Келесі кезекте назарларыңызға мамандық таңдаудың  3 басты қадамын ұсынсақ.

Бірінші қадам:байыппен бағдарлай біліңіз.

    Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Ал, енді біреулер туғаннан маңдайына жазылған  ата-анасынының жолын таңдайды. Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған ат үсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

Екінші қадам:Дұрыс шешім өз қолыңызда

     Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.Осыны ұмытпаңыз.

                           Үшінші қадам:бейімділігіңізді ескеріңіз

    Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты екенін естен шығармаңыз.

 Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистика бойынша жыл сайын 25 млн адамөзінің жұмыс орнын ауыстырады.Ал, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Осындай тізімге сізде ілікпейін десеңіз мамандық таңдаудан жаңылмаңыз. Ақыр соңында, мамандық сізде емес,  сіз мамандықты таңдайтыныңызды ұмытпаңыз.

Қошаева Гүлмира


ПІКІР ҚАЛДЫРУ