Металды қождан тазалау (сабақ жоспары)

0
633
Гомотетия және оның қасиеттері

Мақсаты: Теориялық сабақтан алған білімдерін практика жүзінде іске асыру, атап айтқанда  металды қождан тазалау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау талаптарға сай жұмыс атқара отырып орындалған жұмыс сапасын бақылау.

Білімділік: Теориялық сабақпен өндірістік оқу сабағын ұштастыра отырып білімгерлерге металды қождан тазалау әдістерін үйрету.

Дамытушылық: Білімгерлерге металды қождан тазалау әдістерін дамытып баулу.

Тәрбиелік: Металды қождан тазалау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға, уақытты тиімді пайдалануға, электр қуатын, электродтарды үнемдеуге тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: Арнайы технология, сызу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, видеороликРБ-201 балласты реостат, болат щеткасы  Ø 2-3мм электрод, балгарка, балға, қорғағыш бет перде.

Таратылатын материалдар: Нұсқау картасы, 250х150 өлшемді тілімшелер,  2-3 мм электрод.

Сабақ кезеңдері Уақыт мин. Шебердің іс-әрекеті Білім алушының іс-әрекеті Көрнекі-ліктер
I. 

1

Кіріспе бөлімі 

Ұйымдастыру

1-3 Білімгерлердің сабаққа дайындығын және қатысуын тексеру 

Білімгерлерді шеберхана мен тапсырма мазмұнымен таныстыру. Оларды жұмыс орындарға бөлу. Білімгерлерді құрал саймандар мен жабдықтарды пайдалануға және оларды қабылдап алу мен өткізу жолдарын үйрету.

Сабақтың тақырыбын жариялау: Металды қождан тазалау.

Білімгерлер сәлемдеседі. 

Сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижеге мән береді.

 

 

2 Техника қауіпсіздігі ережелері 10-15 1. Жұмыс тәртібімен оқу шеберханасының ішкі ережелерімен еңбекті ұйымдастыру нысандарымен таныстыру. 

2.Оқу шеберханасындағы қауіпсіздік сақтау ережелері мен өндірістік жабдықтарға және өндірістік процеске қойылатын талаптары.

3.Зақымданудың себептері 4.Зақымданудан сақтандыру шаралары.

5.Өрт және электр қауіпсіздігінің ережелері.

6.Электр қондырғыларды жерлендіру.

7.Электр желісінен ажыратып қосу.

8.Электрлік зақымданудан алғашқы көмек көрсету.

Техника қауіпсіздігімен танысады. 

Жұмыс орнын ұйымдастырады

Қауіпсіздік  техникасы журналы
3 Жаңа тақырыпқа ынталандыру 5-10  1.Металды қождан тазалаудың әдістері. 

2.Металды қождан тазалау кезіндегі техника қауіпсіздігін сақтай отырып,жұмысты орындау.

Болжамды жауап: 

1.Металға жік салынғаннан кейінгі қождан тазалау.

2.Металды қождан тазалаудың әдістері

Интерактивті тақта слайд 

РБ-201 балласты реостат,
болат щеткасы  Ø 2-3мм электрод, болгарка, балға, қорғағыш бет перде

4 Жаңа білімді игерту 

1.Нұсқау карталарын тарату.

2.Орындалатын тапсырманы түсіндіру.

15-20  

250х150өлшемді тілімшелерді дайындау. 2-3мм электродты дайындау.

 

1.Нұсқау картамен танысады 

2.Орындайтын тапсырманың реттілігімен және орындау технологиясымен танысады.

видеоролик 

РБ-201 балласты реостат, болат щеткасы  Ø 2-3мм электрод, болгарка, балға, қорғағыш
бет перде.

II 

1

Негізгі бөлім 

Атқарылатын жұмыстарды орындау

80 1топ 250х150өлшемді тілімшелерді болгаркамен кесу. 

2топ 250х150өлшемді тілімшелерді   темір щеткамен тазалау

3топ 250х150өлшемді тілімшелерге жік салып       қождан тазалау.

3 топ нұсқау карта негізінде 3түрлі тапсырмаларды орындайды РБ-201 балласты реостат, болат щеткасы  Ø 2-3мм электрод, болгарка, балға, қорғағыш бет перде.
2 Ағымды нұсқау 130 1.Жұмыс орнының талапқа сәйкес ұйымдастырылуы 

2.Топтағы барлық білімгерлердің жұмысты бастауы

3.Дәнекерлеу аппараптында токты дұрыс таңдап алуы.

Тапсырмаларды орындайды. 

Қажет уақытта шебердің көмегіне жүгінеді.

РБ-201 балласты реостат,
болат щеткасы  Ø 2-3мм электрод, болгарка, балға, қорғағыш бет перде.
ІІІ Қорытынды бөлім 10-12 1.Білімгерлер жеткен жетістіктерін, тапсырманы орындаудағы ерекшеліктерін атап өту. 

2.Жұмыс барысында білімгерлердің жіберген қателіктеріне сараптама беру.

3.Бағалау

4.Үйге тапсырма беру

5.Жұмыс орнын ретке келтіру

Орындаған жұмыстарын қорғайды

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар:

 

  1. Біліктілік тестілеу. Технология мұғалімдеріне аттестация тестері мен жауаптары
  2. Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері. Тәрбиенің жұмысының басым бағыттары

3.«Жүзден жүйрік…» (Жаңа технология сабағы)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ