“Молекулалық физика. Термодинамика” тақырыптары бойынша бақылау жұмысы

0
2184

Мұғалімнің көрсетілімдік тәжірибесі  әртүрлі есеп, тапсырма,  тәжірибе, дидактикалық материалдармен, ғылыми-көпшілік әдебиетті пайдалана отырып, тарихи және қызықты есептерді шығарумен жалғасын табатыны белгілі. Ұстаздарға көмек ретінде төмендегі есептерді ұсынамыз.

1-нұсқа

1. Озон О3-тің 1022 молекуласының массасы неге тең?
   Жауабы: ò ≈ 0,8 · 10–3 кг = 0,8 г.

2. Газды изотермиялық процесте ұлғайтқан кезде оның қысымы неліктен
азаятынын түсіндіріңдер.
   Жауабы: Изотермиялық процесте қысым концентрацияға тура пропорционал (р=пkТ), ал концентрация көлемге кері пропорционал (п = N/V).
Газ дың көлемін ұлғайтқан кезде концентрация азаяды, демек, қысым да
азаяды.

3. 6-суретте идеал газ күйінің өзгеруінің әртүрлі процестері көрсетілген.
а) Процестерді атаңдар; ә) процестердің қайсысында үлкен жұмыс
өндіріледі? Ол неге тең?
Жауабы: (а) аә — изобаралық ұлғаю (қыздыру); аб – изотермиялық ұлғаю;
àâ – изохоралық салқындау; ә) изобаралық ұлғаю (қыздыру) кезінде
неғұрлым үлкен жұмыс өндіріледі; Àаә = 1,2 · 104 Дж. 45

4. Жылу қозғалтқышының ПӘК-і 30%. Жұмыс дене қыздырғыштан 5 кДж
жылу алды. Қозғалтқыштың өндірген жұмысын есептеп шығарыңдар.
 Жауабы: À = 1,5 кДж.

2-нұсқа

1. 56 г азотта қанша молекула бар?
Жауабы: N ≈ 1,2 · 1024 молекула.

2. Неліктен изотермиялық процесте газ көлемі кішірейгенде оның қысымы
артады?
Жауабы: Изотермиялық процесте қысым концентрацияға
тура пропорционал (р = пkТ), ал концентрация көлемге кері
пропорционал (п = N/V). Газдың көлемін кішірейткен кезде (газды
сыққанда) концентрация артады, демек, қысым да ұлғаяды.)

3. 7-суретте идеал газ күйінің өзгеру процесі көрсетілген.
а) Процестерді атаңдар;
ә) егер газға осы процесте 6 · 103 Дж жылу берілген болса, онда ол қандай
жұмыс өндірген?
Жауабы: (а) График бойынша ðV =const болғандықтан,
изотермиялық ұлғаю; ә) термодинамиканың бірінші заңының
теңдеуі À’ = Q, ∆U = 0, олай болса, À’ = 6 · 103Дж.

4. Идеал жылу қозғалтқышының ПӘК-і 35%. Газ қыздырғыштан 70 кДж
жылу алды. Суытқышқа қандай жылу мөлшері берілген?
Жауабы: Q = 45,5 кДж.

Пайдаланылған әдебиет:
1. Физика, әдістемелік нұсқау 10-сынып. Д.М.Қазақбаева, Ж.Ж.Абжалелова


ПІКІР ҚАЛДЫРУ