«Ән көңілдің ажары» ән байқауы

0
14544
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
«Ән көңілдің ажары» ән байқауы
Мақсаты:
Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау. Өнерге біртабан жақындату.

1 — жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым!
2 — жүргізуші: Қадірменді «көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар және оқушылар! Баршаңызға бүгінгі «Ән көңілдің ажары» ән байқауына қош келдіңіздер демекпін.
1 — жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті — әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы.
2 — жүргізуші: «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз.

1 — жүргізуші: Әдетте әнші атанып жүргендердің екі тобы бар. Біріншісі нағыз әнші болып туылғандар. Олар санасы мен бүкіл жан дүниесі шамырқанып, асып — тасып, яғни шабыт арғымағы атойлап ән шырқағанда, көрерменді селт еткізіп, жетегіне алып жүре береді.
2 — жүргізуші: Ал екіншілері, өзінің даусы жоқ бола тұра, әнге, өнерге деген құштарлығымен өзін бас — көзге қарамай қамшылап жүргендер.

1 — жүргізуші: «Болар адам — бала шағынан». Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол — сахна. №114 орта  мектепте МАД тобы мен 3 сыныптар аралығында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Ән көңілдің ажары» ән байқауына оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп отыр.

2 — жүргізуші: Шараның мақсаты — Әнсүйер аға буын мен талантты жас әншілер арасындағы сабақтастықты нығайту, жас әншілерді таныстыру, жалпы ән әлеміне саяхат жасау.
1 — жүргізуші: Сонымен бүгінгі кешімізді ашу үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры ______________________________________ сөз береміз.
2 — жүргізуші: Құрметті жиналған қауым бүгінгі «Ән көңілдің ажары» ән байқауының қатысушыларымен таныстырып өтсем.

МАД тобынан: Русланқызы Балғын, Жамбыл Елхан

2 «А» сыныбынан:
2 «Б» сыныбынан:

3 «Б» сыныбынан: Жақыпбекқызы Анель
1 — жүргізуші:
Қатысушыларымызды сахна сыртына шығарып салайық!

2 — жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін, әділ — қазылар алқасымен таныстырып өтсем:

Мектеп директоры: Жусупова  Мира апай
Тәрбие ісінің меңгерушісі:   Өтегенова Ғалияш апай
Бастауыш бірлестік жетекшісі: Меңбаева Гүлшат апай
Музыка пәнінің мұғалімі:  Жүрмаханова Надежда апай
1 — жүргізуші:
Сонымен бүгінгі «Ән көңілдің ажары» ән байқауының төрелік ететін әділ қазыларымен таныстырып болсақ, байқауды бастайық.

2 — жүргізуші:
Талаптының айтқанын мен қостайын,

Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
«Ән көңілдің ажары» деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе сахнаға  МАД тобының оқушысы Русланқызы Балғынды шақырамыз.

Ән:
1 — жүргізуші:

Музыка — ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн.
Музыка — өзен, дала, аспан үн.
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Кәне, әншілер, бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын.- деп жеткізеді ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын. Сонымен МАД тобы оқушысы Жамбыл Елханды қарсы алыңыздар.

Ән:
1 — жүргізуші: Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар.
2 — жүргізуші:

Өнерпаздар жарысып сан — саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі ән байқауы сайысында,
Әуелеген әсем ән жолданады — сахнада 2 «А» сынып оқушысы                                      шақырамыз. 

Ән:
1 — жүргізуші:

Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елтіп өскен,
Шапалақ өнеріне әнші жастың — дей келе 2 «Б» сынып оқушысы                                           қарсы алайық.

Ән:
2 — жүргізуші:

Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен — деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі талапкеріміз  3 «Б» сынып оқушысы Жақыпбекқызы Анельді ортаға шақырамыз.

Ән:
1 — жүргізуші: Сөз кезегін қазылар алқасына берелік.
2 — жүргізуші: Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар,баршаңызға көп рахмет!!!

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ