Германияның бiлiм жүйесi күрделi. Кем дегенде 4 түрлi мектеп бар. Бастауыш мектептен кейiн балаларды қабiлетiне қарай әр мектепке бөледi. Неміс мектептерінде «1» — өте жақсы баға болса, бізге таңсық — «6» — ең нашар баға. Бастауыш мектептен кейін оқушыларды үлгерімі мен тәртібіне қарай жай мектептер мен гимназияларға бөліп тастайды. Ал университетке тек қана гимназия оқушылары түсе алады. Германияда жоғары білім тегін беріледі.
Университеттерде арнайы бекітілген бағдарламалар жоқ, студенттер өз курстарының бағдарламасын бірлесе жасайды. Академиялық бостандық сабақтарға кірмеуге, курс бағдарламасын өзгертуге, өз бетіңмен дайындалуға, қосымша сабақтарға қатысуға мүмкіндік берген. Университетке түсу үшін ешқандай емтихан қажет емес, неміс тілі мен ағылшын тілін жақсы меңгергендігі туралы қағаз өткізілсе жетіп жатыр.
Кейбiреулерiнiң университетке түсу жолы өте ұзақ болады. Қабiлеттiлерi гимназиядан кейiн бiрден түсiп кете алады. Бiрыңғай тесттен әрқайсысы өтуге мiндеттi.
Осыдан 6-7 жыл бұрын «Бакалавр» мен «Магистратураны» енгiздi. Қазiр модульмен оқытады. Университетте әркiм өз жоспарын өзi әзiрлейдi.
Шетелдік университет қазақстандық ЖОО-лардан ерекшелігі еркiндiгiмен ерекшеленеді. Өзiңе қажет нәрсенi өз еркiңмен оқисың. Сессияда эссе жазатын болсаңыз, я реферат дайындасаңыз, тақырыпты семинарға байланысты таңдауға құқығыңыз бар. Тiптi емтихан түрiн, уақытын да өзiңiз белгiлей аласыз. Сессияны семестрдiң алғашқы апталарында да жауып тастау мүмкiндiгiңiз бар.
Емтихан түрi 15-25 бет эссе жазу, 30-90 минутқа дейiн ауызша реферат презентациясы немесе ауызша емтихан.
Кейбiр профессорлар алдын ала қанша кiтап қолдану керек екенiн айтады. Және де мұндағы университеттерде түрлі жақсы жағдайлар жасалған. Мысалы: кiтапхананың байлығы, кiтапханада интернет арқылы Германия бойынша кiтапқа тапсырыс беру мүмкiндiгi, дүние жүзiндегi үздiк ғылыми дерекқорларға еркiн кiру мүмкiндiктерi, магистратуралық диссертация жазуға арналған кiшкентай, бiр адамдық бөлмелер, өзiңмен алып жүретiн кiлттi кiшкентай жеке шкафтар, cпорттың түр-түрi. Жақсы оқуға университет тарапынан бар жағдай жасалған. Тiптi балалы студенттерге арнайы балабақша да бар.
Дереккөз: bilimnews.kz