Өнер — таусылмас азық (сценарий)

0
13928
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тақырыбы: “Өнер — таусылмас азық”
Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілеремен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой — өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ою түрлері, зергерлік бұйымдар, “ Тайқазан ”, “ Алтын адам ” суреттері. Өнер туралы өнегелі сөздер мен мақал – мәтелдер:

Балам өнерлі болсын десең, өнегеңді көрсет.

Қолөнер – мол өнер.

Өнер талаптан туады.

Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен. – деген сөздер жазылып ілінеді. Магнитофон, “ Мақал құрастыр ойыны ”.

Тәрбие сағатының жүру барысы:

  1. Бөлім

Кіріспе

Тақырыбы : “Тағдыры тарих тал бесік”

Мұғалім сөзі:

Бүгінгі тәрбие сағатымыз “ Өнер – таусылмас азық ” деп аталады. “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.

Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.

Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы.  Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті.

Ортаға екі жүргізуші шығады.

Екеуі бірігіп:

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу маржан шашайық!

Қонақтарды таң қалдырып,

Өнерді күмбез жасайық!

1 – жүргізуші: Ассалаумағалейкум, уа халайық!

2 – жүргізуші: Армысыздар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар!

1 — жүргізуші: Ұлттың негізгі тірегі – ана тілі. Ана тілінен айрылған халық ұлт емес. Тіл – киелі дүние. Тілімізден айрылғанымыз ұлттық қасиетімізден айрылғанымыз. Әжелеріміз бесікті тербете отырып өмірлі бол, ақ ботам Бақытты бол, ақ қозым – деп жырлаған.

Магнитофоннан “Бесік жырын” тыңдау.

2 – жүргізуші: Осы ана тіліміздің ең асқар биігі, мөлдір маржаны, қасиетті қаусары — өлең. Өлең – тілдің соғып тұрған жүрегі, жүріп тұрған қаны.

1 – жүргізуші: “Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы” – деп Абай атамыз айтқандай, сөз кезегін әнге берейік.

Хор: Домбыра

Терме: Аралым-айдын шалқарым. Орындайтын: Байтелин Алим

Би: Бипыл. Орындайтындар «Еркем-ай» бишілер тобы

Слайд.

  1. Бөлім “Қолөнер – мол өнер”

1 — жүргізуші: Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою — өрнек. Енді ою – еліне саяхатты тамашалаңыздар.

Ою түрлерін көрсете отырып, ою түрлері туралы оқушылыр орындайтын жұмыстар.

Оқушы:  (Толғанай)      Көрші әжей өнерлі!

Барып тұрам күнде мен

Құрмет тұтып шеберді!

Ою — өрнек үйренем.

Өнерлі ата-анамызға сөз кезегін береміз.

Мектептегі «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшілерін де бүгінгі ашық  тәрбие сағатымызға шақырған едік. Сөз кезегі өздеріңізде.

Көрмелерімен таныстырады.

Слайд. Сұхбат.

Қобыз-ұлттық аспапты бірі. Олай болса арамызға ұлттық аспап қобызбен Бауыржан Арайлымды шақырамыз. 

“Мақал құрастыру” ойыны

Тілі – бізі (Шешеннің тілі – шеберді – бізі.)

Қолы – тоны (Қай біреудің қолөнер қолымен тіккен тоны өнер.)

Жақсы – жаман (Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.)

III.      Бөлім “ Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні”

Бұл бөлімде зергерлік өнер туралы әңгімелейміз.

Мұғалім: Балалар, өскенде кім боласыңдар оны өздерің таңдайсыңдар, ал мен бүгін тағы бір қазақтың қолөнерімен сендерді қызықтырғым келеді. Ол – зергерлік. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән – салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды.

1 — оқушы: Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға беретін болған.

2 – оқушы: Зергерлер қолынан неше түрлі әшекей бұйымдар шыққан. Ең көрнектісі де, сымбаттысы да – Сәукеле.

3 – оқушы: Зергерлер білезіктің бірнеше түрін соғып жасаған. Білезік көбінесе жұмыр, төрт қырлы, ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылылатын және жабылатын түрлері болады.

4 – оқушы: Кімге болса жарасатын көркемдік беретін зат, ол – сырға. Сырға әсем де жеңіл жасалады.

5 – оқушы: Ертеде қыз балалар шашына шашбау таққан. Ызған не болмаса кестеден бау жасаған. Оған ұсақ жеңіл күмістер, моншақтар таққан.

6 – оқушы: Зергерлер әйелдер үшін – оймақ, алқа, түйреуіш, қапсырма ерлер үшін – насыбай шақша жасаған. Оны әдемілеп әшекейлеген.

7 – оқушы: Ұлдар атқа мінген кезде зергерлер әдейі ер – тұрман жасаған. Ертұрманды нағашы жұрты жиендеріне сыйға тартқан. Оны ашамай ер деп те атайды.

Слайд

8 – оқушы:      Білесің бе бұл істі

Зергерлікке кім дайын?

Балқытып – ап күмісті

Сапырады су дайын.

9 – оқушы:      Демеңдер бұл қалай

Күмісті де илеген

Осы өнерді мұрадай

Зергерлерден үйренем.

Қорытынды

Мұғалім: Міне балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда қазақ халқының өнер түрлерімен таныстық.

Халық өнері тек қана эстетикалық мұрағат емес, ол сонымен қатар халықтың белгелі бір тариха кезеңіндегі таным – түсінігінен, өмір – салтынан, сұлулық туралы ой – талғамынан хабар береді. Есік қаласында табылған “Алтын киімді адам” әлемде теңдесі жоқ қолөнер болып саналады.

600 жыл бұрын әйгілі құймашы Абдуал — Әзілдің қолынан шыққан алып Тайқазан Түркістанға Қожа Ахмет Яссауй мовзалейіне қайтып оралуы – мәдениет пен әдебиет саласындағы үлкен оқиға.

Ән: Келші-келші бөпешім. Орындайтын «Әдемі-ай» қыздар тобы

1 – жүргізуші: “Туғанда дүние есіген ашады өлең” – деп ұлы Абай айтқандай ән – жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ.

2 – жүргізуші:  Енді сөз кезегін әнге берейік.

Қазақстаным.  Орындайтын Туркменбаев Альтаир

1 – жүргізуші: “Өнер – таусылмас азық, жұтамас — байлық” – дейді халық даналығы. Өнер түрлері елде мол. Халықпен бірге жасап келеді және жасай береді.

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет !


ПІКІР ҚАЛДЫРУ