Жас ақын Қалимолда Нұргүлдің шығармашылығы

1
1801

Қалимолда Нұргүл Рахметоллақызы – 1997 жылы 4-мамырда Атырау облысы, Қызылбалық ауылында дүниеге келген. Ф.Оңғарсынова мектебінің түлегі. Қалалық, облыстық, Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап…» атты жыр-жинағының авторы. Қазіргі таңда Атырау қаласындағы Х.Досмұхаммедов атындағы мемлекеттік университетінің, журналистика факултетінің 1-курс студенті.\r\n

Анама

\r\n

Қаяу да салдық көңіліне кейде аңғармай,

\r\n

Жатпаппыз кейде қадіріңді де бағамдай.

\r\n

Ұйқыңды бөліп, қинаған сәтті ойға алам

\r\n

Қиналған кезде өлеңге ұйқас таба алмай.

\r\n

Сен барда менің жарқырар күнім көгімде,

\r\n

(Қиналдың талай, біз үшін күн мен түн қиып).

\r\n

Кайтейін апа, қалтам да тесік бұл күнде

\r\n

Өлеңнен өзге жасайын десем бір сыйлық.

\r\n

Алтын мен гауhар, жаhұтты мейлі сыйлайын,

\r\n

(Өзіңе жазған өлеңге бірақ жете ме?!)

\r\n

Бұйырып Алла.

\r\n

Аяқтан тұрып алайын.

\r\n

Арқама салып апарам әлі меккеге!

\r\n

Есейіп мен де бір күні отау құрармын,

\r\n

Жолыма қарап жүрер ме екенсің елеңдеп.

\r\n

Аллаға мен де алақан жайып тұрармын,

\r\n

Ақ шашты анам аман-сау жүрсе екен деп!

\r\n

***

\r\n

Аға

\r\n

Мен Сені жақсы көремін…

\r\n

Бойыма жылу таратқандығың үшін.

\r\n

Жүрекке үміт дарытқандығың үшін.

\r\n

Қобалжу, мұң, жабығулардан,

\r\n

«Айналайыныңмен» арылтқандығың үшін.

\r\n

Аға

\r\n

Мен Сені жақсы көремін.

\r\n

Сабырлы, адал мінезің үшін.

\r\n

Кіршіксіз, таза мейрімің үшін.

\r\n

«Алтынға» теңеп қарындасыңды

\r\n

Кішіге бас игенің үшін.

\r\n

Аға

\r\n

Мен Сені жақсы көремін.

\r\n

Мұңайсам бірге қиналғандығың үшін.

\r\n

Әр сөзіме де иланғандығың үшін.

\r\n

Алысқа кетсең өз туғаныңдай,

\r\n

Іштей болса да қимағандығың үшін.

\r\n

Бәрінен бұрын бас ием Саған,

\r\n

«Қарындасым» деп сыйлағандығың үшін!

\r\n

***

\r\n

Біз екеуіміз

\r\n

Ақылымнан адасқандай күйге енем,

\r\n

Күн көңілім қалғандай бір шуақсыз.

\r\n

Біз екеуміз сияқтымыз бір өлең,

\r\n

Ең ақыры қалатұғын шумақсыз.

\r\n

Ессіз сүю… Сол ғана бар кінәміз.

\r\n

(Қосыла алмай қос жүректер жай таппас.)

\r\n

Біз екеуміз ерекшелеу бір әнбіз

\r\n

Екеумізден басқа ешкім айта алмас.

\r\n

Жазмышымнан бір үмітті үзбеппіз,

\r\n

Орындалмас армандарға асығып.

\r\n

Біз екеуміз дауасы жоқ бір дертпіз

\r\n

Жүректі өртер… Оның аты-ҒАШЫҚТЫҚ

\r\n

Біз де сірә, күзгі күнгі жаңбырмыз,

\r\n

Қос жүрекке ессіз сезім жиылған.

\r\n

Тек екеуміз екі түрлі тағдырмыз,

\r\n

Өзгелерге сыңар болу бұйырған.

\r\n

***

\r\n

ҚОШ ЕНДІ ҚОШ БОЛ, ФАРИЗА АҚЫН, ӨР АҚЫН!

\r\n

Жырыңнан бұрын, көңілің бар-тын ақ қардай,

\r\n

Ғайыпқа кетіп, бір жұлдыз жерге аққандай.

\r\n

Ең ұлы, ең өр ақыннан бізді айырған,

\r\n

Қаhарлы, қатал, ызғарға толы қаңтар-ай!

\r\n

Қазаңа сенер-сенбесін білмей қаймығып,

\r\n

Қазағың қалды артында жоқтап, қайғырып.

\r\n

Естімеймісіз!

\r\n

Жайықта бүгін жылап тұр…

\r\n

Жайықты жырлар ақыннан ажал айырып.

\r\n

Жүрміз-ау біздер әлі де болса түсінбей,

\r\n

(Болад(ы) да тұрад(ы), өң емес кейде түсімдей).

\r\n

Қайтейін, апа!

\r\n

Алтын ұяң да азалы.

\r\n

Қара шаңырақтың иесіз қалған күйіндей.

\r\n

Бір үміт кейде күтетін еді өзіңді,

\r\n

«Фариза апам жыр оқып берер, қашан?» деп.

\r\n

Жазам ба дегем өзіңе бұрын бір өлең,

\r\n

Кім ойлапты апа…

\r\n

Дәл бұлай жоқтау жазам деп.

\r\n

Бақұл бол, апа!

\r\n

Жәннатқа сапар шеккейсіз.

\r\n

Бәрібір мына, көңілден бір сәт кетпейсіз.

\r\n

Адал ниет пен балаң жүректің тілегін

\r\n

Жаратқан Алла, бір өзің қабыл еткейсіз.

\r\n

Жырларың барда көңілге қымбат hәм жақын,

\r\n

Ұмытпайды, апа!

\r\n

Ақкөңіл халқың, өр халқың.

\r\n

Өшпес жырыңды қалдырып кетіп барасың.

\r\n

Қош енді, қош бол Фариза ақын, ұлы ақын.

\r\n

Қош енді қош бол, Фариза ақын, өр ақын!

\r\n

***

\r\n

Тоғысқан кезде жанарға Сенің жанарың,

\r\n

«Ғашықтық» атты алынбас жебе қададың.

\r\n

Шертілмей қалған жүректе нәзік сырым бар,

\r\n

Шертсем бе деп ем…

\r\n

Қалмады басқа амалым.

\r\n

Өзіңсің менің мәңгілік айтар жыр-әнім,

\r\n

Сен жаққа қарай тартады мынау құмарым.

\r\n

Шырқалмай қалған көмейде әсем әнім бар.

\r\n

Шырқасам деп ем…

\r\n

Жойғанда тағдыр сынағын.

\r\n

Сен үшін ғана, тұрамын қайта сүрінсем,

\r\n

Сезерсің бәрін жүрекке терең үңілсең.

\r\n

Бұйырмай қалған шабытқа толы сыйым бар.

\r\n

Бұйырар деп ем…

\r\n

Өлең боп маған көрінсең.

\r\n

Жырламай Сені өткізген күннің бәрі мұң.

\r\n

(Білмеймін бүгін сен маған жаттай көріндің).

\r\n

Қимасқа кетер сезімге толы сәттерді,

\r\n

Жырласам деймін…

\r\n

Бағыңа Сенің қонған күн!

\r\n

***

\r\n

Жайықтан кеткім келіп тұрады…

\r\n

Санамда сансып, сан түрлі ойлар,

\r\n

Айналып келіп санамды улады.

\r\n

Сағатың Сені алдаған шығар…

\r\n

Алдаған мені кезің болмады.

\r\n

Жаратқан, айтшы, қалайша оны,

\r\n

Сағынбайтындай кезім болады?!

\r\n

Сарылып күтті…

\r\n

Жүрегім сені!

\r\n

Сезімнің алау оты ма?!

\r\n

Сағынтып кеттің,

\r\n

Сарылтып мені…

\r\n

Әділдігің Сенің осы ма?

\r\n

Қаралы күндей,

\r\n

Ысқырған желдей.

\r\n

Санамды бір күш билеп барады.

\r\n

Мен Сені кейде ұмыту үшін,

\r\n

Жайықтан кеткім келіп тұрады!

\r\n

***

\r\n

Жылап қайттың өмірдің базарынан…

\r\n

(Ақиық ақын М.Мақатаев рухына)

\r\n

Жылап қайттың өмірдің базарынан,

\r\n                                                                Күйіндің бе, әлде өмір азабынан.\r\n

Сендей ақын қайтадан туар ма екен

\r\n

Туса тусын қазіргі қазағымнан.

\r\n

Кім едің сен жер басып жүргеніңде,

\r\n

Сол кезде өзіңді өзің білмедің бе?!

\r\n

Жарықтық халқымыздың әдеті ғой

\r\n

Жақсы еді деп мақтайтын өлгеніңде.

\r\n

Көргенің жоқ, қуаныш, қайғыны да,

\r\n

Бар өмірің жырыңның айбынында.

\r\n

Қысылғанда жалғыз қап арқа сүйер

\r\n

Дос таба алмай адамнан қайғырдың ба?!

\r\n

Жүргенде жол таба алмай торығысып,

\r\n

Кетіпті ғой достарыңның бәрі ығысып.

\r\n

Сол күнде саған қолын бермегендер

\r\n

Жата келіп мақтайды қағылысып.

\r\n

Ақын болып халқың үшін жаратылдың,

\r\n

Жарып шықтың қақпасын қара түннің.

\r\n

Ақиық ақын, атты сенің қайта таңын

\r\n

Біз бүгін өзің болып жаратылдық!

\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ