Қоғамдағы ұстаз мәртебесі

0
9910
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы
№130 Абай атындағы орта мектебі,
математика пәні мұғалімі
Әлиакбарова Перизат Дастанбекқызы

 

«Ұстаздың алар орны ойлана қарасаң биіктей береді,үңіле қарасаң тереңдей береді,қол сазсаң қарсы алдыңда,айналсаң артыңда тұрғандай» — деп Сократ айтқандай тәуелсіз еліміздің алдыңғы қатарлы елу мемлекеттің қатарына қосылуына табандылықпен  жылжу саясаты қоғамымыздың  барлық саласында түбегейлі зор өзгерістер енгізіп,жаң талаптар қойылып отыр.Соның ішінде келешек ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің   жаңа жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол,шығармашылық бағытта еңбектеніп,ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім – ел келешегін айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдарын шешетін азаматтар.Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету- мұғалімнің басты міндеті.

Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып,шаршамай еңбектенеді.Сол уақытта ғана еліміз көкке шарықтап, әлемге елді танытады.Елді өсіретін де,елді төмен түсіретін де – білім.Сондықтан қолда бар амалдарды, тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде.

Жоғарыдағы пікірде терең мағына жатыр.Сол үшін де қазіргі ұстаз  — ертеңгі болашақ кепілі.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік туын бекем ұстап,өздерінің білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр. Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы  —  ақпараттандырылған, жан – жақты ,дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеуі. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңек етуі керек.Оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеру шарт. Өйткені, қазіргі оқушыларымыз өте сауатты, компьютердің құлағында ойнап, баспасөзді қалт жібермейді, көгілдір экраннан, интернеттен әлемдегі жаңалықты көңіліне құйып, бойына сіңіреді. Осындай жан-жақты зерделі оқушының кез келген сауалы мен сұрағына жауап беруге мұғалім дайын болу керек. «Беделі жоқ ұстаздың берері де жоқ», – демекші ұстаз қауымын ойландыратын үлкен мәселе – мұғалім мәртебесі, мұғалім құзіреттілігі.Сондықтан да математика пәні мұғалімі болғандықтан,өзімнің сабақ өту барысымда смартфонның гаджеттің де пайдасын үйретудемін.Яғни көптеген бағдарламаларды пәнімізде қолдануға болатынын көрсетудемін. Атап айтқанда, «KAHOOT»,  «Quizlett»,   «Pliccers», «Nearpod»  қосымшаларымен жұмыс жасап жүрміз.

Педагог  —  бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық тарихи тәжірибені тасушы.  Халықтың  қоғамдық — мәдени  тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың   мираскерлігі көп жағынан Мектеп – мұғалім рөлімен шартталған.Мұғалім мамандығы,оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық  және сапалық құрамы өзгергенмен де, кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады.Педагогикалық іс –әрекеттің даралық субъекті ретінде бола отырып, педагг сонымен бірге ,қоғамдық субъект – қоғамдық білімдер мен құндылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай , педаггтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (блімдік)  жазықтықтар бірігеді. Бұл жерде екіншісі, сонымен қатар  жалпы мәдениеттік және пәндік-кәсіби білімдерді қамтиды.Даралық субъект  бола отырып, педагг әрқашан, даралық-психологиялық, мінез-құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлігі тұсында да тұлға болып табылады.Педагогтың педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретіндегі жалпы сипаттамасын,оның мақсаттарын,пәнін,құралдарын,әрекет тәсілдерін анықтау негізінде келтіру осы мамандықтың жалпы күрделілігі мен көпжақтығын көрсетеді.

Осы орайда  «Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылдануы ұстаздар қауымы үшін тек құрмет қана емес жаңа міндеттер деп қарауымыз керек. Н.Назарбаев өз жодауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігін де атап көрсеткен болатын. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылардың бала кезден қалыптасатынын ескерген ол білім беру ісінде 4К моделіне, яғни, креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударуды көздейді. Мұндай жауапты жүктемені, яғни, бұрыннан бергі ұстаздың негізгі функционалдық міндетін нәтижелі орындау үшін Елбасы айтқандай әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үрдісіне атсалысуы керек. Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.

Ойымды қорытындылай келе, бүгінгі мұғалім жылдам дамып келе жатқан қоғам мүддесіне сай қызмет етіп, кәсіби біліктілігін жетілдіріп, ұстазға тән қасиеттің барлығы бойынан табылып тұрса, ешкім ол мұғалімге негізсіз мін таға алмайтыны да анық дегім келеді. Олай болса, қоғамдағы мұғалімнің мәртебесін арттыру, мұғалімінің өз қолында екені анық. Ал мұғалімнің мәртебесі артса, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолға қойылады. Шығыс ғұламасы «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім қанаттандырады, шабыттандырады» дейді. Ендеше, елімізде білімге негізделген инновациялық жетістіктерді елдің даму стратегиясымен сабақтастыратын, әрі оны жүзеге асыруына үлкен үлес қосатын ұстаздардың келе жатқан  кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, әрбір саралы  еңбектеріне сәттілік тілеймін!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ