Оқу – менің еңбегім.

0
2880
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі «Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі» КММ

Мұғалімі: Накенова Гулбакыт Сатбековна

Сыныбы: 3

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Оқу – менің еңбегім.

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.

Мақсаты: Оқушыларға көп оқу қажеттігін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айту үйрету.
  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқалардан жақсылықты іздей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Т – ережесі:
  3. Тәртіп.
  4. Талап.
  5. Тыныштық.
  6. Тазалық.
  7. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ — қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте — бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан — жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан — жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түкпір — түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішім де… Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №6 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №7, «Кел, балалар оқылық!» өлеңін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Оқу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

2. «Ықыласпен тоқу» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Сенің оқудағы мақсатың қандай?

  1. Сабақтың дәйексөзі.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Халық нақылы

Сұрақтар:

1. Оқуға құштар адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

2. Білімді адамның болашағы қалай болады деп ойлайсыңдар?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Қарқын

Қ.Толыбаев

Бір күні тал түсте демалу үшін үлкен ағаштың көлеңкесіне жиналып отырған бір топ адамдардың үстіне Әбунасыр келіп қалады да:

– Жұмыстарың қарқынды болсын, жігіттер! – деген тілек айтады. Данышпан ғұламадан жақсы сөз, жылы лебіз естіп, құштарланған жігітердің біреуі:

– Мәртебелі ұстаз, – дейді зор ілтипатпен. Бізге анықтап түсіндіріп беріңізші, қарқын деген не?

– Әбунасыр көлеңкеге тоқтап, малдас құрып отырады да, әлгі жігіттердің бетіне күле қарап, жауап қайырады: Қарқын – адамның жасаған әрекетінің нәтижелі болуы үшін өзінің күш-қайратын іркімей жұмсап талпынуы.

– Ал әрекет неден пайда болады?

– Әрекет – білуге құштарлықтың, білімді болудың түп қазығы. Адам өз әрекетінің нәтижесіне тек білім арқылы жете алады.

Отырғандар ғұламаның сөзі көкейлеріне қонғандай, ойға шомып қалысты.

  • Әбунасырдан жігіттер не жайлы сұрады?
  • Қарқын дегенді қалай түсінесіңдер?Оны қайда және қандай іске жұмсау керек?
  • Ойлаған мақсаттарыңа жету үшін не істер едіңдер?
  • Сендер өз қарқындарың мен мақсаттарыңды қандай істерге жұмсайсыңдар?
  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Білім»

2 – топ: «Талап»

3 – топ: «Еңбек»

Тапсырма: Оқушылардың ата-бабалар сөзін тыңдап,жадында сақтап,өмірде қолдану қажеттігін түсіну мақсатында тапсырма беру: дәптерде берілген ақын М.Әлімбаевтың өнегелі батасын аяқтап жазыңдар.

Дер кезінде тамақтан,
Кешікпей кел …
Оқуда зейінді бол,
Еңбекке … бол,
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын …
Оқығаның есте болсын,
Күнделігің … толсын,
Шәкірт кезде
Шоқандардай … бол,
Оқу – білім бейнетіне төзіп көр!

Керек сөздер: сабақтан, бейімді, дәптерің, беске, озық.

6. Топпен ән айту.

«Ұстазым»әні

1.Әліппеден басталған,

Келгенімді мектепке.

Ұстаз маған жол ашқан,

Оқу ,білім,өнерге.

Асығамын мектепке,

Көңілім бар қуанған.

Бақыттымын бүгін мен,

Ұстазыма ұқсаған.

Қайырмасы:

Ұстазым ағайым,ұстазым апайым

Үлгілі шәкіртің болайын.

Анамдай,әкемдей ұстазым,ұстазым

Өзіңе арналған осы

6. Үй тапсырмасы.

1. №7 – сабақ.1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №8, «Бала Шоқан» мәтініноқып келу.

7. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…

Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет)немесе1………………2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ