Ойнайық та ойлайық. (тәрбие сағаты)

0
2944
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ойнайық та ойлайық.

Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйін ширатып, белсенділігін арттыру
Өзара және оқытушымен қарым – қатынасты нығайту .

 «Шаттық шеңбері».

   Қатысушылар шеңберге тұрып, бәрі бірігіп төмендегі мәтінді айтады:

                               Көк аспанда күн күлсін,

                               Бірге күлсін бүлдіршін.

                               Ұл қолында ту жүрсін,

                               Қыз қолында гүл жүрсін!

                               Бірге күлсін бүлдіршін!

№1.Қораптағы қарандаштар таласып қалады.
Көк қарандаш:
-Балалар мені жақсы көреді. Мен ең қажетті түспін.Менімен аспан, теңізді бояйды.
-Жоқ, ең қажетті түс менмін,-деді қызыл қарындаш. Жемістер, мерекелік жалаушалар менің көмегіммен боялады !
-Қарандаштар , бекерге таласпаңдар,мен ғой ең қажеттісі, ағаш, гүл жапырақтары, жазы орман салу үшін мен керекпін!-деп жасыл қарындаш мақтанады.
-Ия, таласа беріңдер мен өзім-ақ білемін кімнің қажетті түс екенін, ол мен! Менімен күнді бояйды. /Ол сары түс еді/
СҰРАҚ?
Қорапта неше қарындаш бар еді?

№2 .Құмырсқаның туған күні болады. 1-ші жыбырлап 2 қоңыз келеді.Асығып 2 көбелек ұшып келіп есік қағады. Секіріп 2 шегіртке келді.
Шай ішіп отырғанда кешігіп жұлдызқұрт келіп, дастарханға жайғасады.

СҰРАҚ?
Құмырсқаның туған күніне неше қонақ келді?8

№3Сауысқан ормандағы жануарларға:
-Асығыңдар, аралар бәріңе бал таратады,-дейді
Бірінші бөшкені көтеріп аю келеді.
Екінші кесе алып ақтиін келеді.
Үшінші келген қоян табақ көтеріп келеді.
Төртінші түлкі құмыра әкеледі.
Бесінші қасқыр кастрол көтеріп келеді.     СҰРАҚ?
1. Қоян несінші келді?3
2. Ең кіші ыдыскімдікі?тиін
3. Ең үлкен ыдыс кімдікі?аю
  • «Еден-төбе-мұрын» әдісі. Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

№4.Салонға суретке түсуге бір отбасы келіпті.
Суретші оларды реттеп отырғыза бастайды.
Папасы мен мамасын орындыққа, апасын креслоға отырғызады. Атасы апасының қасына тұрады, ал інісі қарындасымен скамейкаға алдына отырады. Ең кішкентай бөпені мамасының қолына ұстатып, сурет шығарып береді.

СҰРАҚ?
1. Отбасында неше адам?7
2. Балалар қанша?3

№5.Орманда бір үйшікте тату -тәтті аңдар тұрып жатыпты. Сендер олардың атын сипаттамасына қарай тауып көріңдер.
-өзі қу, жүрген жері шу /түлкі/
-көзі қитар, құлағы ұзын және қорқақ /қоян/
-кішкене ғана бойы бар, домаланған түрі бар. Үнемі арқасында тасып жүрген инесі бар. /кірпі/
-түсі сұр, тістері ақсиған, сондай қорқынышты/қасқыр/
-қорбаңдаған, епсіз, өзі балды сондай жақсы көреді./аю/

СҰРАҚ?
Үйшіктегі достар қаншау?5

№6.Орманға Данияр мен Дана жидек теруге келеді. Олар шырша түбінен бүлдірген тапты. Қайың жанынан қарақат терді. Терек ағашының түбінде итмұрын өсіп тұр екен.

СҰРАҚ?
Балалар жидектің неше түрін кездестірді?3

  • «Мен таптым» әдісі. Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

 №7Қарақаттың туған күніне Дана тотықұс сыйлады.Досжан табиғат суретін, Жансая үлкен қуыршақ сыйлады.

СҰРАҚ?  1. Қарақатқа неше сыйлық әкелінді?3
2. Қанша досы келді?3

№8.Елік теледидар сатып алыпты. Барлық дос аңдарды «Балапан» бағдарламасын көруге шақырады.Бірақ үйлерінде 2-ақ орындық бар екен.
Үлкенге аю мен түлкі отырыпты.
Кішіге ақтиін, кірпі, қоян, тышқан, борсық отырады.

СҰРАҚ?
1. Теледидар көруге неше аң келді?7
2. Қандай скамейкаға көбі отырды? Неліктен?

№9.Біз жаңа үйге көшетін болдық. Бәріміз бір-бір заттан көтеріп машинаға тасыдық.
Папам мен мамам шкафты көтерді.
Екі ағам диванды, інім екеуміз столды, сінілім 4 орындықты тасыды.

СҰРАҚ?
1. Үйде неше жихаз бар еді?7
2. Қанша адам тасыды?7

«Жыланша» әдісі. Қатысушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап,келесі адамның кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір-біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді

1.Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?

2.Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

3.Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені?

Рефлексия. Парақтағы бес саусақтың әр тармағына оқушы осы бүгінгі ойыннан алған әсерін жазып, топқа оқылады немесе,тақтаға жабыстырып қояды.

Искожа Арайлым Сайлаубековна

button color=»» size=»» type=»square» target=»» link=»https://martebe.kz/category/mugalimderge/ashyq-sabaqtar/»]Басқа материалдар[[/button]


ПІКІР ҚАЛДЫРУ