ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

0
17663

НҰРСЕИТОВА Г.Б.

Оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:

-жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға
бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;
-білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық
есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл», оқу
пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс. Аталған әдіс бірыңғай жоғары деңгейде оқу
материалын меңгерген, бір-бірімен іс-әрекет стилі өте ұқсас бола тұра өздерінің жеке
қасиеттері: дауыс ырғағы, үндестілік, сөйлеу екпіні, қимыл-қозғалыстары, мимикасы
және т.б. арқылы ерекшеленетін пікірлес әріптестер арасында қолдау тапты. Оқытушы өз ассистентімен (бұл оның әріптесі, оқытушы-тәлімгер, жақсыдаярланған студент те болуы мүмкін) бірлесіп дәріс оқиды.
Студенттер аталған әдістің қолданылуымен өткен сабақты жоғары бағалайтынын
практика жүзінен көруге болады. Біріншіден, оқу материалы дайын күйінде берілмей,
проблемаларды оқытушымен бірлесе шешу арқылы диалог құру нәтижесінде меңгеріледі. Сонымен қатар, көп көлемдегі ақпаратты азайтады, тек нақтылы фактілер
келтіріліп, нақтылы теориялық материал беріледі.
Екіншіден, студенттердің аяқастынан дәрістік сабаққа екінші оқытушы араласқан
сәтте еріксіз түрде өз назарын бір субьектіден екінші субьектіге аударуы сияқты
психологиялық аспектілері өте құнды. Студенттер назары бақылау, салыстыру, оның іс-әрекетін талдауға ауады. Осылайша назарын басқаға аударудың психологиялық
механизмі студенттің өз пайдасына жұмыс істей бастайды.Енді педагогиканы оқытуда жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістерінің кейбіріне тоқталып өтейік.
«Жұптасқан дәріс» әдісі–бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік,проблемалық, интеграциялық, және диaлогтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі. Жұптасқан дәріс әдісін қолдану арқылы өткізілетін оқу сабағына даярлықты
қарастырайық:
-бір проблемаға ғалымдардың әр түрлі пікірлері қалыптасқан, мазмұнында қарама-қай
шылықтары бар тақырыпты таңдап алу;
-дәрісті оқу сценарийін құру (негізгі сұрақтар, көрнекі құралдарды дайындау, оқу
материалын уақытқа бөлу және т.б.);
-оқу тобының сабаққа даярлық деңгейін есепке алу.
Оқытушылардың міндеті оқытылып жатқан тақырып төңірегінде пікірталас
тудыру, сонымен қатар айтылған пікірлер, ұсыныстар шындыққа сай келмеуі де мүмкін,
ал студенттер міндеті шындыққа жетудің тиімді жолдарын табу.  Әдістің өз «артықшылығы» мен «кемшілігі» бар, соларды қарастырайық.
Әдістің «артықшылығы»:
-студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады;
-студенттердің эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді;
-оқу материалын интеграциялау жүйелі ойлау мен жүйелі білімнің қалыптасуына
себепкер болады.
Әдістің «кемшілігі»:
-алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді [2].
«Пікірталасәдісі»–оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның
оқыту процесіндегі ең басты қызметі-танымдық қызығушылықты ынталандыру,
оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді
түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі қарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс  жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Оқытушы сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін студенттердің естеріне салуы қажет. Оқу пікірталасы негізгі, ішінара, жоғарғы оқу орындарында гуманитарлық бағыттағы пәндерінде қолданылады. Жақсы өткізілген пікірсайыс студенттерге білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс–оқытудың маңызды әдісі.
«Дөңгелек үстел»-әдісі. Бұл форма қазіргі өндірістегі кәсіби қарым-қатынастың
ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл әдісте ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір білім алушының интеллектуалдық белсенділікке құқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста білім алушы белсенді позицияға иеленеді. «Дөңгелек үстел» принципі, әсіресе пікірталас-семинарда толық сипатталады. «Шағын топтар» әдісі– оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген өзіндік сұрақтарға ажыратылатын және білім алушылар топтары арасына бөлініп берілетін, студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама әзірлейтін оқыту тәсілі. Аталған әдісті қолдану топтың ішінде жұмыс істей алу іскерліктерін дамытады,студенттердің шығармашылық қасиеттерімен қоса бастамашылықтарын, өздігінен жұмыс істей алу қабілеттерін де жетілдіре түседі.
Бұл әдісті семинар сабақтарында қолданған орынды. «Шағын топтар» әдісін қолданып өткізген сабақ үзіндісін келтіріп көрейік:
1)Студенттер 3-5 адамнан шағын топтарға бөлінеді (студенттер тілегі бойынша
немесе олардың дайындық деңгейі, «күшті-әлсіз» студент позициясынан оқытушы өзі
топтарға бөлуіне болады).
2) Әр топтың басшысы тағайындалады.
3)Әр топ өздерінің рөлдерін бөліп алады: «Баяндамашылар» тобы, «Оппонент-сыншы» тобы, «Қорғаушы» тобы. «Баяндамашылар» тобы дәрісхана алдында негізгі
ережелер, қағидалар мен концепцияларды нақтылы мысалдармен, көрнекіліктермен
баяндап береді. «Оппонент-сыншы» тобы «Баяндамашы» тобына сұрақтар қояды,
баяндамаларын, оның мазмұнын, дәлелдемелерін сынға алады. «Қорғаушы» тобы жаңа
фактілер келтіріп, ойларды толықтырады, мысалдар келтіреді.
4) Жұмыстың тиімді болуына «Баяндамашы» тобының өз
баяндамаларымен аудиторияны алдын-ала таныстырулары да ықпал етеді. Топтың әрбір мүшесі кем дегенде бір тапсырманы орындаулары керек: иллюстрация дайындау, мысалдарды таңдап алу, баяндама жасау, қосымша әдебиетті іріктеу және т.б. [4].
Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау
іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және студенттердің іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға топтың зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті–танымдық іс-әрекетті
белсендендіру және студенттерді өнімді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы:
сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе
зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды
және комментарий берілмейді.
Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:
1.Миға шабуыл уақытында топтың барлық студенттері қатысады.
2.Ұсынылған идеяларларға пікір берілмейді және сынға алынбайды.
3.Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.
4.Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.
5.Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.
6.Ойлар нақты және қысқа болуы керек.
«Іскерлік ойындар» әдісі-бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда, сондай-ақ, әскери істерде қолданылады. Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін меңгеру үшін қолданылған. Яғни, командирлерді соғыстағы басқару әдістеріне, әскерлерді кескілескен майдан даласында өзін қорғауға үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік ойындар басқару әрекеттерін оқытуда қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады. Әлеуметтік–психологиялық тренинг -қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік- психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді. Студенттер педагогикадағы оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы, өзіндік бағасының дамуы оның әлеуметтік дамуына, болашақта қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбекке бейімделуіне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына жағдай жасайды.
                                   Әдебиеттер тізімі
1.Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.–А., 1991
2.Валиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу–тәрбие үрдісіне енгізу
жолдары.2002
3.Валиева М. Білім беру технологияларының нәтижеге бағдарланған білім берудегі
ерекшеліктері.–А., 2005
4.Шардарбеков Д. Қазірігі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары. 2006
5.Қабдықайырұлы Қ., Монаханов В.М. ̋Оқытудың педа
гогикалық жаңа технологиясы ̋ А., 1999.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ