Қол еңбегі арқылы балалардың ұсақ — саусақ моторикасын жетілдіру (балабақша)

0
13766
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

«Қол еңбегі арқылы балалардың ұсақ саусақ моторикасын жетілдіру»

 Мектеп жасына дейінгі баланың ой-өрісін кеңейту, оны мектепке даярлау сынды мәселелер ата-аналармен педагогтарды көптен бері толғандырып келе жатқаны аян. Сондай өзекті мәселелердің бірі – ұсақ моториканы дамыту мен саусақ қимылын үйлестіру болып табылады. Сөйлеу қабілетінің даму деңгейі саусақ қимылдарының дұрыс қалыптасуына тікелей байланысты екені белгілі. Біздің балабақшаның балалары ерекше көмек қажет ететін балалар. Сондықтан қолдың ұсақ моторикасының дамуына көп көңіл бөлінеді.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес, мектепке дейінгі балалардың  саусақ моторикасын дамытуға әбден болады және бұл мәселені бірден қолға алған жөн. Балабақшада тәрбиенің ең маңызды құралы – еңбек. Қарапайым еңбек түрлері барлық топтарда жүргізіледі. Қол еңбегі балалардың ұсақ моторикасына көп әсерін  тигізеді.

Мектепалды даярлық тобында мен балалармен тағы бір еңбек түрін қосымша алдым, ол түрлі-түсті жіптермен еңбек ету үйірме жұмысы.

Түрлі-түсті жіппен жұмыс істеу балаларға өте қызықты. Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді  қолданудың баланың шығармашылық қабілетін, көркемдік талғамын  қалыптастыруда маңызы өте зор. Көркемдік іс-әрекеттің осы еңбек түрімен айналысуы, баланың зейінін өзіне аударып, қиялын шарықтатып, көру арқылы есте сақтауын, қабылдауын, заттың пішінін, көлемін, түсті сезінуін дамытады.

Ең алдымен, жіптен жасалған суреттерге көңілдерін аударып таныстырдым. Балаларға ойын үшін қолдан тоқылған тоқыма бұйымдары өте ыңғайлы: оны созуға да, біріктіруге, ілгектерді бір-біріне қосуға да болады. Жіптер созылады, бірігеді, сондықтан «сырнай» ойынын елестете аламыз.Түрлі-түсті жіптерді қатты қағазға жапсырып «Қонжыққа» арналған кілемше жасауға болады. Жіптерді қолмен ұстағанда жұмсақ па, үлпілдек пе, қалың ба, жұқа ма, суықпа екенін балалар ажырата біледі. Балаларды екі топқа бөліп, ойын жарыс ұйымдастыруға да болады: «Қай топ көбірек жіп орайды».

Бала өзін сиқыршы сияқты керемет сезінеді. Бөлшек мата еді, одан жіп қана қалды. Әр түрлі жіптерді керегінше дайындап алып, түстерін атаймыз. Дайын элементтерді араластыра отырып, бала қиын композицияларды еш қиындықсыз орындай алады. Қатты қағазға дөңгелек тәрізді ПВА желімін қалың етіп жағамыз. Оның ортасына бір дөңгелек, бір түсті жіп саламыз. Басқа бір түсті бес дөңгелекті айналдыра саламыз және оларды санаймыз. Тақпақ және санамақ айтамыз, сонымен, көктем гүлі дайын. Жұмысты күрделендіре отырып, «қоян»,«қар адам» фонын түрлі-түсті қатты қағаздар етіп, желімді қоянның денесіне ұқсастырып, оған жіп қиындысын саламыз. Көздерін, мұрнын, аузын жапсырамыз – ақ қоян сонымен дайын.

Еңбек жұмысын жүргізу барысында балалар қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен, бұйымдарымен, қазақтың киімдері, бұйымдар ішінде көрпеше, түскиіз, кілем сияқты ұлттық заттармен жақын таныстырылды. Балалар халықтың қолөнерінің алуан үлгілерімен танысты. Жоғарыда айтып өткендей түрлі-түсті жіппен жұмыс істеу барысында балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамиды. Сонымен қатар, шыдамдылық, төзімділік қасиеттері қалыптасады, бастаған жұмысын аяқтауға, еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады. Балалардың еңбек еткенде, жіптерді тарқатқанда қол қимылы ұсақ моторикасы дамиды.

Еңбек ету жұмысы – бұл да басқа сабақтар сияқты балалардың ерте дамуына қажетті, өте маңызды жұмыстардың бірі. Балаға сөйлеу қандай қажет болса, еңбек ете білу де сондай қажет. Мектепке дейінгі жастағы балаларды халқымыздың ою-өрнегі, қолөнер мәдениетінің негіздерін балабақшадан жапсыру өнері сабақтарында үйрету – балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бірден бір жолы болып табылады. Соның бірі – ұлттық сәндік қол өнері. Көркем өнер балаларға қуаныш әкеледі, жағымды эмоциялық көңіл-күй қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерінің, тілдерінің дамуына көмектесіп, қоршаған ортаға терең мән бере, қызыға қарауына жетелеп, жақсылыққа үйреніп, әсемдікке талпындырады. Өнер әлеміне балаларды тарту, оларды жастайынан өнерге баулу – күрделі процесс болып саналады.

Түрлі-түсті жіптермен жапсыру жұмысында ұлттық заттарды қарап, талдап, түр-түсін, ою-өрнектерін атап, орналасуы жайында мағлұмат беріледі. Оқу іс-әрекеті барысында тақырыпқа сәйкес жаңа білім дағдыларын меңгерту алдында мына әдіс-тәсілдер қолданылады:

көркем сөз (өлең жолдары, жұмбақтар, көркем өнер туындыларын әңгімелеу);

дидактикалық ойын тапсырмалары: «ұлттық ою-өрнекті ата», «өрнекті құрастыр».

Түрлі-түсті жіптермен жұмыс істеу барысында тақырыптарды күрделілендіре отырып,  балалар «аяққап», «дастарқан», «табақты өрнектеу», «әжеме орамал», «қамзолды әшекейлеу», «кілемше», «көрпеше»,т.б. тақырыптарында жапсыру жұмыстарын жасайды. Жапсыру жұмысында: анаға сыйлық, сәукеле, әдемі гүлдер, қуыршаққа көрпе құрап, қазіргі тұрмыста қолданылатын ұлттық бұйымдарды пайдалана салыстырып, айырмашылығын білуге үйренеді.

Түрлі-түсті жіптермен еңбек ету оқу іс-әрекетінде алдын ала үлкен жұмыс жүргізіледі. Жұмыстың бұл түрін игеруде ата-аналар көп көмек көрсетеді. Жіппен жұмыс жасаудың кезеңдері:

  1. Алдын-ала жүргізілетін жұмыс. Түрлі-түсті жіптерді даярлап алу, қолданыстан шыққан тоқыма

    киімдерді тарқату, жіптерді дайындау, қайшымен ұсақтап қию.

  2. Тақырып бойынша эскиз сызу (бастырмалар дайындау).
  3. Жіптің түстерін заттың пішініне сәйкес таңдау.
  4. Сұлбаға желім жағу.
  5. Жіптерді сұлбаның үстіне салып, таяқашамен тегістеу және пішінін келтіріп желімдеу.

Қол еңбегінен үйірме жұмысын ұйымдастыру барысында қолданылатын көркем сөздердің ұсынылуы да маңызды. Балалар жіппен жұмыс жасау арқылы өздері қарапайым тәжірибе жасауды да үйренеді. Сол сияқты балаларға дәстүрден тыс әдістің: баспамен, түр-түсті жіппен, тақшамен, желіммен, қажетсіз заттармен еңбек ету әдістері балалардың саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамытуға ықпал етеді. Бұл күрделі техника, бірақ нәтижесінде еңбектің ақталғанын көрудің өзі бала үшін ерекше әсер етеді, шығармашылық қабілеттерін арттырып, эстетикалық талғамын дамытады. Қол еңбегімен айналысудың маңызы зор.

Көкейтестілігі

         Қазіргі заман талаптарына сәйкес балабақшадағы тәрбиелеу, білім беру мазмұнын жаңарту көзделіп отыр.

Бейнелеу іс-әрекеті эстетикалық ықпал ету құралдарының бірі бола отырып баланың жан-жақты дамуына тікелей әсер етеді.

Балабақшада тәрбиенің ең маңызды құралы — еңбек. Еңбек тәрбиесі арқылы баланың әдет — дағдысы және ынталығы, байқампаздығы, айнала қоршаған өмірге қызығушылығы дамиды.

Адамгершілік қасиеттерімен бірге іскерлік, еңбекке мәдениеттілік қасиеттері  қалыптасады.   

Түрлі — түсті жіптермен жұмыс істеу балалар үшін сиқырлы жұмбақ. Жіптің бояулары бейнелердің үйлесім тауып, дәл орналасуы бүлдіршіндерді таңдандырып, еріксіз өзіне тартады.  

Сонымен қатар, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін қалыптастырып, бастаған ісін аяғына дейін аяқтауға, еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылдырады.

Мақсаты:

Қол еңбегі арқылы балалардың көркемдік талғамын, еңбектенуге ынтасын арттыру. Баланың ойлау, түс үйлесімділігін сезіну қабілеттерін дамыту, қол еңбегі арқылы балалардың ұсақ  саусақ қол моторикасын жетілдіру.

Міндеттері:

Қол еңбегі арқылы  балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру. Балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, көру қабілеттерін, түстерді айыра білуге дамыту. Еңбек еткенде, жіп тарқатқанда саусақ, қол қимылын дамытып, еңбекке баулу.  Балалардың көркемдік эстетикалық қабылдауын дамыту, еңбек ету іскерлік дағдыларын жетілдіру. Дәстүрден тыс әдіс — тәсілдердің тиімділігін анықтау.

 Ғылыми болжам:

Күнделікті тәрбие жұмысында, еңбек ету жұмыстары балалардың жас ерекшелігіне қарай, ойын арқылы жүргізіліп отырса, балалардың тілдері дамып,  оқу іс-әрекетінде еңбек әдіс-тәсілдері бір-бірімен үйлесіп, балалардың еңбек етуге ынтасы арттырылады, еңбек арқылы сөздік қоры байып, ойлау қабілеттері дамиды, еңбек сүйгіштікке жағдай тудырады. Ең алдымен саусақ қимыл-қозғалысы жетіледі.

Нәтижесі:

Балалармен еңбек жұмысын жүргізу барысында, балалардың қарым-қатынасы, белсенділіктері, достық жауапкершілік сезімдері оянып, өз ісіне сенімділіктері арта түсті. Балалардың шығармашылық ізденіске талпынатындығы, іс әрекет жұмысын талдауға, қорытынды жасай білетіндері байқалды. Қол еңбегі  жұмысын жүргізуде аталған сапалы қасиеттер баланың мектепке дайындығына, және мектепте оқуына  өте тиімді болмақ.

Жаңалығы

Еңбек  — адам іс-әрекетінің басты түрі ретінде адамзат сезімінің ең жоғары нысаны болып табылады. Осы сезімді балалар бойында дер кезінде тәрбиелеу балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен ата-аналардың міндеті болып табылады. Егер мектепке дейінгі жаста бала бойына еңбек сүйгіштікті тәрбиелемесе, кейінгі жылдары бұл жұмыс елеулі қиын болады. Еңбек іс-әрекеті баланың жалпы дамуын, қызығушылық өрісін кеңейтіп, қарапайым ынтымақтастық қасиеттерін туғызады, еңбекқорлық, лидерлік қасиет, мақсатқа жетуге ерік — жігер тәрізді қасиеттерді қалыптастырады.

Көптеген әдебиеттерді қарай, оқып отырып қол еңбегін, оның ішінде:

Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдің, түрлі-түсті жіппен жапсыру жұмысын таңдап алдым. Бұл еңбек түрінің маңыздылығы балаларды Қазақстан Республикасының еңбектерімен ғана емес, сонымен қатар ертеден келе жатқан халқымыздың қол өнерімен таныстыру.

Еңбек процесі кезінде баланың ойлау әрекетіне тікелей әсер ететін сауақтарының ұсақ моторикасы, сөйлеу қозғалысы аппараты жетіледі. Балалар көзімен көріп жіптердің түсін гана айыра білмей, қолдарымен ұстап оның жұмсақ, үлпілдек екенін анықтайды.

«Шеңбердің қолы артық, өнердің тілі артық» — дейді халық.

Резерв:

Болашақта осы еңбек түрін балалармен әрі қарай жалғастырып, күрделендіріп, қызығушылықтарын арттырып, балаларға жеткізіп үйрету. Жастайынан еңбекке бейімделген бала мектепте, кейін өздігінен ұйымдасқанымен, жинақтылығымен, өз-өзіне қызмет көрсете білуімен ерекшеленеді.

Исмаилова Данакуль Турсынбековна

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ