Ондық бөлшектерді көбейту (ашық сабақ)

1
3545
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

 

Сабақтың тақырыбы
Ондық бөлшектерді көбейту
Жалпы мақсаттар: Ондық бөлшектерді көбейту ережелерін есептеулерде пайдалана білу; Есеп шығаруда оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту
Ресурстар: Оқулық, интерактивті тақта,слайд, сабаққа қажетті ресурстар.
Әдіс — тәсілдер Тәсілі : жеке, жұппен, топпен Әдісі: АКТ, СТО,дарынды және талантты балалармен жұмыс,оқытудағы жаңа тәсілдер,диалог,ОқуүБ және Оүб
Оқыту нәтижесі: Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, топпен жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір – біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды,жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.
Дерек көздер Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер, АКТ,интернет
Уақыты Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушының іс – әрекеті
3мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.Түгендеу

Блум таксономиясы бойынша бағалау парақшаларын үлестіремін

Сәлемдеседі,кезекші жоқ оқушыларды хабарлайды
5 мин

Білу

Үй жұмысын тексеру

«Сен маған,мен саған»жұптық жұмыс

Өзара бірін-бірі бағалауға нұсқау беру

Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

1.Қандай бөлшектер ондық бөлшектер деп аталады?

2. Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?

3. Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?

4.Ондық  бөлшектерді    қалай қосамыз ,қалай азайтамыз?

5.Ондық  бөлшекті  натурал  санға  қалай  көбейтеміз?

6. Ондық  бөлшектерді  10,100,1000,….разряд бірліктеріне көбейткенде үтір қалай қойылады?

7. Ондық  бөлшектерді  10,100,1000,….разряд бірліктеріне бөлгенде үтір қалай қойылады?

Үйге берілген есепті жұп бір-бірімен алмасып,тексереді

Бірін-бірі бағалайды.

Оқушылар кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.

5 мин

Түсіну

Сыни ойлауын дамыту

Алдын ала берілген тапсырманың тақырыбы бойынша жаңа тақырыпты өздері игеруге көмектесу.Алдымен интерактивті тақтаның көмегімен оқушыларға есептер көрсетіледі.

1 топқа: 3,2 көбейту (ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырып көбейту және тиімді тәсілді табу);

2 топқа: көрсетілген мысалдар арқылы ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтудің ережесін шығару;

3 топқа: мысалдар арқылы ондық бөлшекті 0,1, 0,01, 0,001 т.с.с разряд бірліктеріне көбейтудің ережесін шығару.

Ондық бөлшектерді көбейту ережесін интербелсенді тақтадан көрсетемін

 

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

  1. топтан бір оқушы шығап,ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырып,көбейтеді.
  2. топтың мүшелері ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту ережесін шығарады;
  3. топ разряд бірліктеріне көбейту ережесін айтады

Ондық бөлшектерді көбейту ережесін интербелсенді тақтадан көреді

20 мин
  • № 1359 (1-6)
  • 1)
  • 2)
  • 3)
  • 4)
  • 5)
  • 6)

Қолдану, талдау

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы жалпыға бірдей міндетті тапсырмалар беріледі.№ 1359,1360,

  • № 1360
  • 1)90,48
  • 2)
  • 3)1,42
  • 4)
  • 5)
  • 6)

№1362 ауызша(ондық бөлшекті 0,1,0,001,0,001 разряд бірліктеріне көбейту ережесін пайдалану)

Мәтін есеп.

А пунктімен В пунктінебір уақытта қарама-қарсы екі жаяу адам шықты.Олардың біріншісінің жылдамдығы 2,6км/сағ.ал екіншісінің жылдамдығы 1,3км/сағ.олар 2,1 сағатта кездесті. Екі пункттің арақашықтығы қандай?

«Қатесін тап», «Кім жылдам»интербелсенді тақтадан есептер шығаруға нұсқау беру

Алған білімдерін қолдана отырып,оқушылар оқулықтағы міндетті тапсырмаларды жеке-жеке орындайды.Және бірінші орындап болған оқушы тақтаға жазып,қалғандары онымен бірлесе отырып тексереді

Есептер топтарға бөлініп берілгенімен,оқушылар жеке орындайды.Әр оқушы тапсырманы өзінің шамасы жеткенінше орындайды.

Шешу:(1,3+2,6)2,1=8,19 км

Қателерді туралайды,есептерді ауызша орындайды

2 мин

Сергіту сәті

Мынадай тұжырымдамалар айтамын. Оқушылар қолдарын белдеріне қояды, егер де қате болса солға бұрылады, дұрыс болса оңға бұрылады.

  • Натурал санға кері сан – алымы 1, ал бөлімі сол натурал санның өзі болатын бөлшек сан;
  • 1 саны өзіне-өзі кері сан;
  • Санды нөлге бөлуге болады;
  • Көбейтуге кері амал бөлу амалы;
  • Азайтуға кері амал көбейту амалы.

Оқушылар қолдарын белдеріне қояды, егер де қате болса солға бұрылады, дұрыс болса оңға бұрылады.

1.дұрыс

2.дұрыс

3.бұрыс

4.дұрыс

5.бұрыс

5 мин

Жинақтау

Көшбасшылық және басқару

Топтық жұмыс тапсырмалары

Алған білімдерін алдындағы тақырыптар бойынша жинақталған білімдерімен салыстыра отырып, өзіндік жұмыс орындайды.Мұғалім бақылаушы болады.

Тестік тапсырма.

1.Ондық бөлшектерді көбейт 0,7•0,3;

А)2,1 В) 0,21 С)2,01

2. Есепте 5,6•1,2;

А)6,72 В)67,2 С)672

3. Ондық бөлшектерді көбейт: 4,5•0,2

А) 0,9 В)0,09 С)9

4.Азайтуды орында: 15,3-0,3;

А)5 В)15 С) 10

5.Есептеңдер: 4-2,6;

А)2,6 В)1,4 С)6,6

6.Есепте 0,8•4,6;

А)3,68 В)36,8 С)0,368

7.Есептеңдер 0,6·8;

А)4,8 В)0,48 С)4,08

8.Көбейтуді орында 0,08·400;

А)0,32 В)3,2 С)32

9.Ондық бөлшектерді көбейт 5,6·0,1;

А)56 В) 0,56 С)5,6

10. Есепте 4,79·100;

А)0,0479 В)0,479 С)479

Әр топ мүшелері жеке өзіндік жұмыс орындайды және көршісімен алмасып, жұмысын тексереді
3 мин

Бағалау

Оқыту үшін бағалай және оқуды бағалау

Оқушылардың бағаларын талдау арқылы қорытынды бағаны шығару

Оқушылар сабақ соңында бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша орташа бағасын анықтайды.
2мин

Кері байланыс(«Бағдаршам әдісі»)

— Енді бағдаршамды тұрғызайық (тақтада бағдаршамның суреті). Бағдаршам – жаңа сабақта өтілген тақырып, ал жарықтары – сіздердің алған білімдеріңіз (оқушылар өздері таңдаған түсті тақтада тұрған бағдаршамға жабыстырады). Жасыл түс – сабақ маған ұнады, тақырыпты меңгердім. Сары түс- тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын. Қызыл түсті – сабақ маған түсініксіз.

Стикерлер тарату арқылы оқышылардың көңіл күйін анықтау

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін,алдына қойған мақсаттарына жеткен-жетпегендігін анықтайды және бүгінгі сабақтан алған әсерлері,көңіл-күйлерін стикерлерге жазады
Кейінгі жұмыс Ондық бөлшектерді көбейту №1361,1365 Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады
Тестік тапсырма.

1.Ондық бөлшектерді көбейт 0,7•0,3; А)2,1 В) 0,21 С)2,01

2. Есепте 5,6•1,2; А)6,72 В)67,2 С)672

3. Ондық бөлшектерді көбейт: 4,5•0,2 А) 0,9 В)0,09 С)9

4.Азайтуды орында: 15,3-0,3; А)5 В)15 С) 10

5.Есептеңдер 0,6·8; А)4,8 В)0,48 С)4,08

6.Ондық бөлшектерді көбейт 5,6·0,1; А)56 В) 0,56 С)5,6

7. Есепте 4,79·100; А)0,0479 В)0,479 С)479

Тестік тапсырма.

1.Ондық бөлшектерді көбейт 0,7•0,3; А)2,1 В) 0,21 С)2,01

2. Есепте 5,6•1,2; А)6,72 В)67,2 С)672

3. Ондық бөлшектерді көбейт: 4,5•0,2 А) 0,9 В)0,09 С)9

4.Азайтуды орында: 15,3-0,3; А)5 В)15 С) 10

5.Есептеңдер 0,6·8; А)4,8 В)0,48 С)4,08

6.Ондық бөлшектерді көбейт 5,6·0,1; А)56 В) 0,56 С)5,6

7. Есепте 4,79·100; А)0,0479 В)0,479 С)479

Тестік тапсырма.

1.Ондық бөлшектерді көбейт 0,7•0,3; А)2,1 В) 0,21 С)2,01

2. Есепте 5,6•1,2; А)6,72 В)67,2 С)672

3. Ондық бөлшектерді көбейт: 4,5•0,2 А) 0,9 В)0,09 С)9

4.Азайтуды орында: 15,3-0,3; А)5 В)15 С) 10

5.Есептеңдер 0,6·8; А)4,8 В)0,48 С)4,08

6.Ондық бөлшектерді көбейт 5,6·0,1; А)56 В) 0,56 С)5,6

7. Есепте 4,79·100; А)0,0479 В)0,479 С)479

Тестік тапсырма.

1.Ондық бөлшектерді көбейт 0,7•0,3; А)2,1 В) 0,21 С)2,01

2. Есепте 5,6•1,2; А)6,72 В)67,2 С)672

3. Ондық бөлшектерді көбейт: 4,5•0,2 А) 0,9 В)0,09 С)9

4.Азайтуды орында: 15,3-0,3; А)5 В)15 С) 10

5.Есептеңдер 0,6·8; А)4,8 В)0,48 С)4,08

6.Ондық бөлшектерді көбейт 5,6·0,1; А)56 В) 0,56 С)5,6

7. Есепте 4,79·100; А)0,0479 В)0,479 С)479

 


1 ПІКІР

  1. Тамаша жасалған сабақ жоспары .Рақмет.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ