Орыс жылнамаларындағы түркі текті есімдердің әлеуметтік мәні мен тарихи этимологиялық сипаты

0
2380

Автор:      Есенаманова Ж.Т.\r\n\r\nБатыс Қазақстан   гуманитарлық академиясының магистранты,  Батыс Қазақстан инженерлік —  технологиялық университетінің оқытушысы\r\n\r\n \r\n\r\nКөне түркі ономастикасына қатысты маңызды материалдар  түркілер  мен славяндардың ұзақ уақыт бойы тығыз қарым-қатынаста болғанын дәлелдейтін ежелгі славян ескерткіштерінде көрініс тапқан. Бұл қарым-қатынас пен өзара тығыз байланыс Киев Русінің қалыптасу кезеңінде және оның тарихи даму кезінде Шығыс Европада мекендеген, осы территорияда бірқатар мемлекеттік билігін жүргізген түркі тайпасымен тығыз қарым-қатынас орнату кезеңінде ерекше мәнге ие болды. Н.А. Баскаков славяндар мен көне түркі тайпаларының арақатынасын былай көрсетеді: «Ежелгі орыс жазба ескерткіштерінде, оның ішінде негізінен қолжазба ескерткіштері мен көркем шығармаларда Шығыс Европадағы  көне түркілердің  топонимдері, антропонимдері мен этнонимдері сақталған. Бұл мәліметтер филологтардың, этнографтардың, тарихшылардың қызығушылығын арттырып, зерттеуге септігін тигізген». Ежелгі орыс мұраларынан табылған түркілер ономастикасына қатысты бұл құнды материалдар зерттеушілердің бірқатар еңбектерінде айқын жарық көрді. Мысалы, Н.А.Баскаковтың еңбегінде қыпшақ антропонимдері мен этнонимдеріне дәйекті талдау жасалды, Шығыс Европадағы көне түркілер этнонимдері мен антропонимдерінің моделіне типологиялық сипаттама берілді, түркілердің мифологиялық және эпикалық кісі есімдері әртүрлі аспектілерде зерттелді, т.б. Кең көлемді бұл материал ғалымның «Слово о полку Игореве» деген монографиясы мен «Русские фамилии тюркского происхождения» кітабында, бірқатар мақалаларында жан-жақты қарастырылды.\r\n\r\nЕжелгі орыс тіліндегі түркі лексикасын зерттеуші И.Г.Добродомов ежелгі орыс мұраларындағы түркі ономастикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Оның зерттеулерінде функционалды және этимологиялық тұрғыдан бірқатар қыпшақ антропонимдері талданды, ежелгі орыс этнонимдеріндегі булгаризмдер, ежелгі орыс мұраларындағы түркілік топонимдер мәселелері қарастырылды.\r\n\r\nК.Менгестің «Восточные элементы в «Слово о полку Игореве»  еңбегінде түркі ономастикасы мәселесіне қатысты бірқатар құнды ескертпелерін көрсетеді. Тіліміздегі антропонимдердің шығу, даму негізі халқымыздың өткендегі тарихымен тікелей байланысты. Қазіргі тіліміздегі кісі аттарының көбінің көне түркі есімдермен түбірлес, мағынасы ұқсас, жасалу тәсілі мен құрылысы жағынан бірдей болып келуінің сыры — есімдердің шығу тарихы жағынан көне түркі заманы мен орта ғасырларда пайда болған антрополексемалық жүйенің  жалғастығы болып саналатындығында.\r\n\r\nОсымен байланысты көне қыпшақ антропонимдерін әлеуметтік лингвистика тұрғысында зерттеу дегеніміз — бұл есімдердің пайда болу табиғатын анықтауға әлеуметтік факторларды қатыстыра отырып зерттеу. Ескі қыпшақ тілі, қазіргі кезде қолданыста жоқ, өлі тіл болғандықтан бұл тілдегі есімдер әлеуметтік лингвистиканың зерттеу объектісі болып табылады. Ескі қыпшақ тілінде сөйлеген этностардың ХІ-ХІІІ ғасырларда шығыста Ертіс, батыста Днепр өзендері аралығындағы Евразия далаларын мекендегендігі тарихшы-археолог, этнолог, шығыстанушы ғалымдардың еңбектерінен белгілі.\r\n\r\nПоловец — қыпшақтар мен кумандардың тарихын, этнографиясын зерттеген «Половцы» деген еңбегінде С.А.Плетнева оларды: ку-кумандар және половецтер дейтін екі үлкен тайпалар бірлестігіне бөледі. Бұл екі тайпалар бірлестігін, куман және половец қоғамдары деп қарауға болады. Куман жэне половец қоғамдарын, әлеуметтік терминологиямен айтқанда топтық қауымдар немесе әлеуметтік топтар құраған.\r\n\r\nПоловец қоғамындағы экономикалық мәдени-әлеуметтік өзгерістерге байланысты көптеген курен басшылары есімдерінің соңына «баспана», «тұрақ» мағыналарын білдіретін «оба» дейтін көне түркі сөзінен туындаған «опа», «епа» морфемалары қосарланып, содан Урсоба, Алтунопа, Аепа секілді кісі   атаулары пайда болған.\r\n\r\nБірнеше тайпалардың бірлестігін С.А.Плетнева «орда» дейтін терминмен атаған. Половец және куман қоғамдарының әрқайсысынан бірнеше орда құраған. Ал орданы көптеген курендер құраған. Курен дегеніміз токсоба, төртоба,  етибичи, иета секілді этнонимдердің бірлестігі. Қыпшақтану мәселесімен айналысқан зерттеушілердің барлығы дерлік токсоба этнонимінің бірінші компоненті — токс сөзін, тогуз немесе тоғыз сан есімінің ықшамдалған фонетикалық варианты. Ал, екінші компонент — оба сөзін, жоғарыда көрсетілгендей «ру – тайпа» мағынасын білдіретін көне түркі атауы деп қарайды.  Осы сияқты тортоба да, төрт сан есімі мен оба дейтін көне түркі сөзінен біріккен екі компонентті этноним.\r\n\r\nЕтибичи-иета немесе жеті сан есімі мен оба сөзінің жіңішке фонетикалық варианты, еби және чи суффиксімен құралған үш компонентті этноним. Сонда токсоба, төртоба, етибичи дегеніміз — тоғыз, төрт және жеті рудан құралған бірлестіктер болып шығады.\r\n\r\nОлай болса, жоғарыдағы түркітанушылардың, этнологтардың, шығыстанушылардың көне түркі «оба» сөзі мен оның фонетикалық варианты, «ру — тайпа» мағынасын білдіретіндігін анықтадық. Егер де оба сөзі мен оның фонетикалық вариантары «ру — тайпа» мағынасын білдірсе, онда қалай Алтунопа есімі: қымбат металл мағынасын білдіретін алтун және әке жағынан «аға», «әке» мағыналарын білдіретін аба немесе апа сөздерінен құрала алады. Егер де половецтерде Алтунопа атауымен аталған ру болған болса, онда олардағы Алтунопа есімінің екінші компоненті опа — «ру» мағынасын білдірген. Олай болса, жоғарыдағы тұжырымымызға сәйкес Алтунопа есімінің де екінші компоненті оба мен оның фонетикалық варианттары – «ру» мағынасын білдірген деп тұжырымдауға болады.\r\n\r\nОған негіз болатын дәйекті мысалы, қазақ этнонимдерінің атауларымен сабақтастыра дәлелдеуге болатын сияқты. Қазақтың Кіші жүзі, Алшын және Жетіру дейтін екі бөлікке бөлінетіндігі белгілі. X. Арғынбаев, М.С. Мұқанов, А. Востров секілді тарихшы-этнолог ғалымдардың пікірінше, Алшын бөлігінің Байұлы тармағы 13 рудан құралған, осылардың бірі – Алты. Осы зерттеушілер Байұлы тармағына жататын Байбақты руында тоқсоба дейтін атаның барлығын атап көрсетіп, бұл ру ортағасырда Дешті Қыпшақты жайлаған қыпшақтардың құрамында болған, деген пікір білдіреді.\r\n\r\nҚыпшақтану мәселесімен айналысып жүрген зерттеушілердің басым көпшілігі орта ғасыр деректемелерінде кездесетін қыппшақтардың бір тайпасы Бурджоголыны Алшынның Байұлы тармағына кіретін Беріш руымен шендестіріп, екеуін бір этнос деп есептейді. Ш-ч, дж тарихи дыбыс сәйкестігіне сай Бурджоголы этнонимінің бірінші компоненті-бурдж сөзін, Беріш этнонимімен шендестіріп, беріш қабылдап, жоғарыда көрсетілген  қыпшақтанушы зерттеушілердің Бурджоголы мен Беріш этнонимдерін бір этнос деп есептейтін пікірімен келісуге болады.\r\n\r\nСебебі Алшынның Байұлы тармағының бірнеше руы, ортағасырлардағы қыпшақ конфедерациясына кірген. Осындай тарихи-этнологиялық фактілерге және компонентті половец есімдері — этностардың, кісі атаулары ретінде берілген бейнесі, формасы екендігіне сүйене отырып, біз Байұлы бірлестігінің Алтын руы мен орыс жылнамаларындағы Алтунопа есімін шендестіріп, бұл екеуін бір этнос дей аламыз.\r\n\r\nЕгер де половецтерде Алтын руының этнонимі негізінде және осы рудың көсемінің аты ретінде пайда болған Алтунопа есімі бар болса, онда оларда Байұлы бірлестігінің Алтын руымен генезисі бір Алтын опа руы  да болған деп ойлауға болады. Егер де половецтерде Алтунопа атауымен аталған ру болған болса, онда олардағы Алтунопа есімінің екінші компоненті опа – «ру» мағынасын білдірген.  Олай болса, бұл жайлар біздің жоғарыдағы екі, үш компонентті половец есімдерінің екінші компоненті оба мен оның фонетикалық варианттары – «ру» мағынасын білдірген дейтін пікіріміздің дұрыстығын дәлелдейді.\r\n\r\nЭтнонимдердің кісі есіміне негіз болу заңдылығы — түркі тілдерінде кездесетін кұбылыс. Мысалы Арғынбай, Адай, Найманбай (Әсет Найманбаев т.б.), Қоңыратбай (Ә.Қоңыратбаев т.б.), Алшынбай, Жаппас т.б. Бұл бөлігінің этномәдени сипат ретінде қазақ тілінде ұлттық киімдердің соның ішінде бас киімнің атауларында қалыптасқанын проф. Е.Жанпейісов М.Әуезов шығармашылығы тілі негізінде нақты көрсеткен: жекей тымақ, керей тымақ, қаракесек тымақ, найман тымақ, сегіз сай уақ тымағы, төрт сай аласа төбелі тобықты тымағы.\r\n\r\nОсы тектес половец есімдерін этимологиясына жасалған талдау көрсетіп бергеніндей, бұл антропонимдердің басым көпшілігі этнонимдер мен отбасылық, рулық лақап атаулар немесе рулық отбасына біріктіретін топтық атаулар және тотем атаулары негізінде пайда болған.\r\n\r\nОсы мәселеге қатысты Н.А.Баскаков, С.А.Плетнева, Аджи т.б. зерттеушілердің еңбектеріндегі деректерге сүйеніп, половец есімдерінің төркінін анықтау барысында олардың бізге белгісіз болып келген этноәлеуметтік құрылымын мынадай рулар құрағаны анықталды: Алтын, Арыстан, Ашина, Кул, Тарголовке, Ит, Токсаба, Кайоба, Беріш-барыс, Кайдар-Айдар, Кимек-Имек, Лақ, Жағалбайлы, Қыпшақ, Басымал, Құлан т.б. Половец есімдерінің басым көпшілігі осы рулар және олардың тотем атаулары мен  рулық отбасына біріктіретің топтық атаулар негізінде пайда болған. Ашина руына қатысы бар есімдерге: Кулоба, Самогур, Чинегрепа, Колтан, Тарх — Тарг, Асен — Осен, антропонимдері немесе топтық лақап атаулар, ал оның бөрі және тотеміне қатысы бар есімдерге: Бердібек, Кобяк — Көбек, Боняк — Боріг, Итоглы, Итлар, Куртык — Құрлық, Сарчан -Сырттан, Альпар — Ольбер, Борил антропонимдері жатады. Мифтік дерекке сай қыпшақ есімді бала мен оның Құрсақ атты анасының топтық лақап атауына қатысты бар есімдер: Кончак — Қаншық, Кюнячук — Күнічүк, Балкатги — Балқатқын, Белдюз — Балдыз, Сантуз — Сандыз.\r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер:\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Тюркская ономастика. Алма-Ата:Наука, 1984. Баскаков Н.А.
  2. \r\n

\r\n«Имена половцев и названия половецких племен в русских\r\n\r\nлетописях» –С. 75 2. Плетнева С.А. Половцы. –Москва:Наука, 1990\r\n\r\nС. 60\r\n

    \r\n

  1. Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежересі хақында.
  2. \r\n

\r\n– Алматы:Атамұра, 2000. – 372 б.\r\n

    \r\n

  1. Баскаков Н.А. Тюркизмы-энонимы в «Слове о полку Игореве».
  2. \r\n

\r\nСов., тюркология. 1982 №5\r\n

    \r\n

  1. Востров В. Муканов М. Родо-племенной состав и расселение
  2. \r\n

\r\nказахов. Алма-Ата, 1968\r\n

    \r\n

  1. Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на
  2. \r\n

\r\nматериалах произведений М.Әуезова). – Алма-Ата: Наука, 1989. –\r\n\r\n175 б.\r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ