Қос сөздер (қазақ тілінен сабақ жоспары)

0
2481
Гомотетия және оның қасиеттері

Қазақ тілінен қысқа мерзімдік сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы Күні , уақыты Сынып
Қос сөздер 4 «Ә»
Мақсаты: қос сөз туралыалғашқыбілімне ие болады. Ережені түсінеді. Сөйлем ішінен қос сөзді табады. Қос сөздердің түрлерін ажыратады. Сауатты жазуға төселеді.
Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Тренинг. Топқа бөліну
Ресурстар: оқулық пен дәптерлер, сызбалар, үлестірме материалдар

Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылығын ояту:

Біріккен сөздерден топтастыру жаса:
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс — әрекеті
Оқушыны бағыттау және бағалау Сұрақтарға жауап беру, бірін-бірі бағалау, жаттығулар орындау, қатемен жұмыс жүргізу.

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс. 1-жаттығу.

  • Өлеңді оқып, күрделі сөздерді табу
  • Қалай жасалып тұрғанына мән беру
  • Күрделі сөздің бір сыңарын алып тастап оқу, не байқадың?

Қора – қора қой жатыр,

Қарын – қарын май жатыр.

Түйе – түйе жүн жатыр

Ауыл – ауыл ел жатыр

Қора қой жатыр,

Қарын май жатыр.

Түйе жүн жатыр

Ауыл ел жатыр.

  • Оқушылардың қорытындысын топтау
  • Ережемен жұмыс: кім жылдам? Ойыны, ережені жаттап алу.

Жеке жұмыс . 28-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз.

  • Қос сөздердің астын сызу.
Жұптық жұмыс. 29-жаттығу. Оқып шығып, көшіріп жазу

Биік – биік, ыдыс – аяқ, кіп – кішкене, көйлек – көншік, анда – санда, қарқ – қарқ, жап – жасыл.

  • Өзің қалаған қос сөзбен сөйлем құрастырып айт.

Топтық жұмыс. 1-жаттығу. Кестемен жұмыс.

Қайталама қос сөз Қосарлама қос сөз
Бір сөздің қайталануынан жасалған : мая-мая Екі сыңарының дамағынасы бар қос сөз: құрбы –құрдас
Бірінші сыңарына қосымша жалғану арқылы : бетпе — бет Бір сыңарының мағынасы жоқ: бала — шаға
Екі сыңарына да қосымша жалғану арқылы: үйді — үйімізге Екі сыңарының да мағынасы жоқ: ығы – жығы
Бірінші сыңары күшейткіш буын арқылы: сап — сары

32-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу

33-жаттығу. Бағдар бойынша 1 әріп тастап оқысаң, ішінде қос сөзі бар мақал шығару.

Үй тапсырмасы:

Рефлексия. Бағалау

30-жаттығу, 103 — бет

Бағалау. Кері байланыс.

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ