Отбасы тәрбие ошағы (эссе)

0
14719
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Отбасы тәрбие ошағы

Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді

Отбaсы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбaсы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.

Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек

Отбасы – адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі,некеге немесе қандас туыстыққа негізделген қоғамдық шағын топ. Қоғаммен,бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланыста болғанымен,отбасы – қоғамдық өмірмен салыстыра қарағанда адамдардың биологиялық жағынан ,өз алдына дербес те сырлас тобы. Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Отбасы – өмірге адам әкелу,оның қажеттілігін өтеу,өмірге жан – жақты даярлау,яғни әлеуметтендіру,сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік иниститут.

Орыс тіліндегі <<семья>>  сөзінің қазақша баламасы әуел бастан отбасы екені аян. Отбасы – адам баласының түп қазығы,алтын ұясы. Себебі адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап,сол ортаның ыстық – суығына бейімделіп ,ықпалына көніп,осында ер жетеді. Отбасын дербес мектеп,<<әлеуметтік иниститут>> қарастыратын болсақ,әке – шеше – сол ортаның ұстаздарыал ата – әже – профессорлар іспеттес. Отбасында ата – ана арқылы берілетін тәрбиенің басты мақсаты – баланың жасын,жеке ерекшелігін,психикалық процестерін ескере отырып өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу.

Балаға жақсы ат қою. Балаға ізгі оймен таза ниетпен жақсы  есім берген дұрыс.

Баланың тілін ойын дамыту. Ғалымдар бала іште жатқаннан бастап онымен сөйлесу керектігін анасы арқылы ой – өрісін дамытудың алғашқы сабақтары берілуі керектігін айтады. Тілі шыққаннан бастап,таза,дұрыс сөйлетуге талаптандыру керек. Тілін,ой – өрісін жетілдіру үшін санамақ,жұмбақтар айтқызып тақпақтар жаттату т.б.

Денсаулықты сақтауға көңіл бөлу. Денсаулықтың қадіріне жете түсінуді әке мен шеше баланың жас кезінен баулу керек. Үсті басын таза ұстау,уақытылы тамақтану т.б.

Отбасында балаға қатысты мерекелерді қалдырмай тойлау. Үйде балаға қатысты мерекелерді тойлағаны жөн. Сол арқылы бала өзіне деген махаббаты сезініп өседі. Өз туған күнінде бала ерекше ықыласқа ие болып,жақсы тілектер естігені жөн.

Отбасылық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. Әрбір отбасында әулеттен келе жатқан қалыптасқан дәстүр,өз заңдары бар.

Білім алуына мүмкіндік жасау. Баланың білім алуы – ата – ананың басты парызы. Сондықтан оны балабақша тәрбиесіне беріп,мектепте білім алун ойластыру қажет.

Баланың жынысына қарай тәрбиелеу. Отбасында қыз бала тәрбиесі – ананың,ер баланың тәрбиесі – әкенің мойнында болмақ. Әрине,анасына жақын ұлдар,әкесіне тән қыздарда бар. Ең бастысы,қыз бала – қылықтыда өнерлі бойжеткен,ұл бала – ер – азаматтық мінез танытар жігіт деңгейінен көрінуі шарт.

Баламен оңаша қалуды естен шығармау. Баланың ата – ана мейірімін,махаббатын оңашада сезінгені жақсы. Ата – ананың баламен оңашада сырласуы,ой бөлісуі,ақылдасуы жақсы нәтиже береді. Балаға ата – анасынан асқан жанашыр жоқ екенін,іспен дәлелдеген дұрыс.

Абай – бала неғұрлым көп естіп,көп көрсе соғұрлым көп біледі деген. Көз көруге тоймайды,құлақ естуге тоймайды. Көрмегенге көсеу тан дегенде халық,көрмей білмейсің,көз көрмей сенбейсің. Бірақ көз көрмеген жерге сөз жеткізеді. Сөз ойдың айнасы,құлақ сөз анасы.

Қорытындылай келе Әл Фараби атамыз Адамның жан дүниесі сыртқы ортаның сәулесі дейді. Ол жанның да,тәннің де иесі – жүрек,бұған мидыңда қатысы бар. Жүрек – тіршілік тірегі,қан айналысы мен қимыл қозғалысының орталығы. Баланың жасы өскен сайын оның ақылы да яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Бала дүниеге ақылды,не ақылсыз,зұлым,не ақ ниетті болып келмейді. Отан – от басынан басталады.

Отан — ошағын,дегендей,тұрмыс салтқа байланысты жанды сөздердің бәрінен халықтың арман – тілегі,ой – пікірі,келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырған.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ