Өзімізбен қалай күресеміз?

0
1555

Біз ең алдымен қорқақтықтан арылуымыз қажет. Әйтпесе, бастаған ісімізден береке табуымыз неғайбыл. Мәселен, «Мүмкін емес!» деген сөздің орынын «Қолымнан келеді» деген сөзбен ауытырудың өзі біраз батылдықты талап етеді. «Жоқ», «Болмайды» деген қарабайыр сөздер көбіне аяқтарымызға тұсауын салып жатады. Демек, басымыздағы осындай шашыраңқы жағымсыз ойларды реттестіріп, өзімізбен күресе білуіміз керек. Қалай?

1. Өзіңізге сеніңіз! Сіз өзіңіз ойлағаннанда әлдеқайда мықты адамсыз. Бәлкім, айтқаным күлкілі көрінгенімен, түптеп келгенде өзіңізге тең келер қарсыласта таба алмай қаласыз. Өмір бәсекеге толы. Бәсекеден жасқаншақтай беру жеңіліске әкеп соқтырады.
2. Өзгеріңіз! Бойыңыздағы қажетсіз әдеттердің бәрінен арылғаныңыз жақсы. Даналық сөзді кейіңге ысыра тұрып, әдеттің де ескіретінін дәлелдей біліңіз. Бұл – жетістіктің басы.
3. Әуелгі сөзде айтқанымдай жеңіңізге жабысқан кертартпа сөздерден тазарғаныңыз абзалырақ. Бәсеке бар жерде, осындай «тартқыштардың» қыстырылуы жөн емес.
4. «Тәуекел түбі – жел қайық» демекші тәуекелге барыңыз. Өзіңіздің сүйікті ісіңіз үшін ештеңеге де қарамаңыз. Дегенмен, осындай үлкен қадамды сескенбей жасау үшін, бірінші ескертпемді жадыңызға түйгеніңіз дұрыс.
5. Еңбек. Шынайы еңбек еткен адам ғана өзін ұлы күресте жеңіп шығады. Өйткені, барлық істің түп тамыры еңбекке кеп тіреледі. Еңбек етудің аздаған қиыншылығында көрмей байып алам десеңіз, арманыңыз алысқа ұзамайды. Жалқаулықпен күресіңіз! Сонда ғана өзіңізді де жеңесіз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ