«Педагогикалық шеберліктен − педагогикалық ынтымақтастыққа» атты дөңгелек үстел

0
7081
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Дөңгелек үстел

Тақырыбы: «Педагогикалық шеберліктен − педагогикалық ынтымақтастыққа» атты дөңгелек үстел

Мақсаты: Мұғалімдердің мектеп аясында жауапкершілік алу мен ынтымақтаса жұмыс істеуін қалыптастыру, топ болып кеңесу арқылы проблемалардың тиімді шешімін таба білуге үйрету, мектептегі жаңа бастамаларға қатысты шешім қабылдауға толыққанды тартуды қамтамасыз етуге ықпал ету

Дөңгелек үстелге мектеп әкімшілігі және деңгейлік курс бітірген мұғалімдер қатысады.

Барлығы – 9 мұғалім

Дөңгелек үстел 4 бөлімнен тұрады:

1.Ойға шабуыл

2.Бүгінгі менің ойым

3.Мұғалімдерге  тест (10 сұрақ)

4.Сүйіспеншілік сипаты

5.Қорытынды
                                         Өту барысы:

1.Тренинг «Мен сізбен мақтанамын»

    Қатысушылар бір-біріне деген ізгі тілектерін білдіреді. Ынтымақтастық ахуал туғызады.

Мысалы, «Сіз, Есмұхан, өз ісіңізге өте ұқыпты әрі сауатты мамансыз. Іс қағаздарын жетік меңгергенсіз. Мен Сізбен мақтанамын.» т.с.с.

2.Топқа бөліну  Гүлдер арқылы бөлінеді.

Қызыл гүлдер – мектеп әкімшілігі, көк гүлдер – І деңгейлі мұғалімдер, сары гүлдер– ІІІ деңгейлі мұғалімдер

Топ ережесін құру.

Кіріспе.

Модератор: −Қадірменді әріптестер!

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі– жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушылар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Бүгін сіздерді  «Педагогикалық шеберліктен − педагогикалық ынтымақтастыққа»  деп аталатын дөңгелек үстелге пікірлесуге шақырамын.

І.Ойға шабуыл

Ендігі ойымызды осы тақырып төңірегінде, яғни  педагогикалық шеберлік пен педагогикалық ынтымақтастық туралы  әрі қарай жалғастырайық.

(Қатысушыларға  мына ойларды жалғастыру беріледі.)

а) Педагогикалық шеберлік – ол…. (мектеп әкімшілігіне)

Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік “педагогикалық шеберлік” болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде “шеберлік белгілі бір саладағы өнер” деп анықтама берілген. Ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990).

 

ә) Мұғалім көшбасшылығының негізгі үш бағыты дегеніміз — ол…..( І деңгейлі мұғалімдер)

1.Оқушыларға немесе басқа мұғалімдерге көшбасшылық ету: әдіскер, коуч, тәлімгер,  тренер, оқу жоспарларын әзірлеуші маман, оқытудағы жаңа тәсілдерді әзірлеуші, зерттеу топтарының басшысы;

2.Кезекті тапсырмаларды орындауды басқару: ұйымдастыру іс-шараларын өткізу және оқу бөлімі меңгерушісінің, іс-әрекеттегі зерттеушінің, арнайы жұмыс тобы мүшесінің рөлі арқылы мектепті алға қойылған мақсаттарға қарай ілгерілету үшін тиімді жағдайларды қамтамасыз ету;

3.Шешім қабылдау немесе әріптестік арқылы басқару: мектепті жетілдіру тобына мүшелік, комитеттерге мүшелік, іскер адамдармен, жоғары оқу орындарымен, жергілікті білім беруді басқару органдарымен және ата-аналар комитетімен әріптестікті ұйымдастырушы

б) Ынтымақтастық педагогикасы дегеніміз – ол …(ІІІ деңгейлі мұғалімдер)

   Ынтымақтастық  педагогикасы  балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді.

Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы айқай, қорқыту арқылы тәрбиелеуге, оқытуға болмайды – бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады.

Адамгершілік және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады.  Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені, олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйренуі мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтамақтастық педагогикасы – құлық педагогикасы, даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуі де біртекті құбылыс, мұғалімдер мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым-қатынасы, істегі ынтымақтастығы.

 

Әр топқа А3 ламинат, маркер беріледі, өз ойларын ортаға салады. 5 минут уақыт беріледі.

(Осы кезде әуен қойылып, қатысушылардың әуенмен жұмыс істеуіне жағдай туғызылады.)

Әр топтың жауабы «Отшашу» әдісі арқылы бағаланады.

Қатысушылар  жауабынан соң қорытынды жасалынады. (слайд)

 

Модератор: 2 – бөлім “Бүгінгі менің ойым” деп аталады. Қатысушыларға мынадай сұрақтар жазылған парақтар таратылады, слайд арқылы да көрсетіледі.

1.Педагогикалық жағдаят №3

  1. Педагогикалық жағдаят №5
  2. Педагогикалық жағдаят №7
  3. Педагогикалық жағдаят №11
  4. Педагогикалық жағдаят №18
  5. Педагогикалық жағдаят №20
  6. Педагогикалық жағдаят №6
  7. Педагогикалық жағдаят №13

(Қатысушылардың жауаптары тыңдалады. «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады.)

Модератор: 3-бөлім  Мұғалімдерге  тест деп аталады.

10 сұрақ беріледі. Орындау уақыты 5 минут

 

Қатысушылар  тақтада ілінген кестеге  қарап отырып, өзі жинаған балл арқылы өзін өзі бағалай алады.

 

Модератор: Келесі 4-бөлім “Сүйіспеншілік сипаты” деп аталады.

«Біздің мектептің қазіргі кездегі  ынтымақтастық ахуалы қандай?» деген сұраққа байланысты жақсы ойларыңызды жасыл жапыраққа, ал «Қазіргі кезде мектептегі ынтымақтастық атмосферасын бұзып тұрған жағдайлар» туралы пікірлеріңізді сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз.

Тақтаға «Білім ағашы» ілінеді.

(Қатысушыларға 2 минут ой-пікірін жазуға, 3 минут оны айтып беруге уақыт беріледі)

Енді осы ойларымыздың барлығы неге ағашқа жапырақ түрінде жапсырылды, қалай ойлайсыздар?

(Қатысушылардың  пікірі тыңдалады,  модератордың өзі қорытындылайды)

5-бөлім. Қорытынды.

Модератор:

Мектеп – мұғалімдер үшін екінші үй. Оқушылар оның өз баласы іспетті. Сонда олар өте үлкен отбасында өмір сүріп жатырғандай. Әрбір отбасы — өрнек жайған ағаш діңгегі. Егер осы сары жапырақтар көп болса, сіздің мектебіңізді қауіп – қатер, қорқыныш, бақытсыздық жайлай бастағандығы. Ал егер жасыл  жапырақ көп болса, онда сіздің мектебіңізде түсіністік, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы, ұстаз бен оқушы, ата-ана арасында ынтымақтың мол болғаны. Сондықтан да, құрметті әріптестер, педагогикалық қызметте шеберліктің шыңына жетіп, ынтымақтаса жұмыстанайық.

Белсене қатысқандарыңызға көп рахмет!

 

Аққошқаров Ерсайын Құрылысұлы, бастауыш сынып мұғалімі, мектеп тренері

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көсембай негізгі мектебі

 

 

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ