«Әр бала бір жұлдыз» атты ашық сабақ

0
2783
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: «Әр бала бір жұлдыз«

Мақсаты: Балаларды өнерге баулу, ән айтуға, би билеуге машықтандыру,

тәрбие түрлерін қолдана отырып өнерден сұлулықты көре білуге дағдыландыру.

Міндеті: балалардың бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Концерттік бағдарлама

Барысы:

  1. Таңғы жаттығу:

Дағды

 Әдет

Салауаты өмір.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

1 жүргізуші:

Баршамызды бала тілмен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын.

Ата- ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Бүгінгі жазғы сауықтыру лагері өткізгелі отырған  «Әр бала бір жұлдыз» атты лагерь қатысушыларының концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер!

2 жүргізуші:

17 звезд а вместе- яркое созвездие будут освещать сегодня этот зал. Давайте приветствуем наших самых весёлых и неповторимых маленьких звезд.

Мы рады приветствовать вас, друзья!

3 жүргізуші:

— Hello, dear friends!

Today we have gathered with you a great company. Let’s get acquainted with the following formula: «Good day. I’m Arna. I’ll let you in on the secret that I love singing the most.

— Wonderful, what a creative company! Today we will host one of the most unusual events called «Journey into the magical world of music»

III. Негізгі бөлім 

1 жүргізуші: Балалар,  концерттік бағдарламамыздын шымылдығын Ерзатова Дилянураның  орындауындағы «Күн сөнбесін» атты  әнімен ашамыз, барлағымыз бірге қосылып әндетейік! Қарсы алыңыздар Ерзатова Дилянура

2 жүргізуші: Келесі сіздерге арнаған өлең жолдары  бірнеше оқушылар атынан базарлық, қарсы алыңыздар

1 оқушы: Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып.

Ақса бұлақ гүрілдеп,

Балаларға сол бақыт.

2 оқушы: Балаларға сол бақыт,

Болса Отаным аман- сау.

Басын бұлтқа байлатып,

Тұрса биік Алатау.

3 оқушы: Күлім қағып көкте күн,

Тал шыбықтай көктедім.

Әлдилейді апамдай,

Мейірімді мектебім.

4 оқушы:  Бейбіт елдің ұланы,

Оттай лаулап жанамыз.

Бұл бақыттың ұланы,

Біз бақытты баламыз.

5 оқушы: Тақпақ жаттап, ән айтып,

Біз өнерпаз боламыз.

Біз осындай боламыз,

Бiз бақытты баламыз.

3 жүргізуші: Өте керемет балалар, осындай тамаша өлең жолдарын арнағандарына көп рахмет. Келесі кезекті Азатова Аяжанның орындауындағы «Бала тілегі» атты әсем әнге береміз.

1 жүргізуші:   So, our next star Nurgazy Nurasyl

Song «Әке мен ана адал жан екен« Meet, please.

2 жүргізуші: Өте керемет ендігі кезекте мың бұрала билейтін бишіміз Мақсатова Жамбыны «Микки Маус«биімен ортаға шақырамыз.

3 жүргізуші: Мен қалаймын құстардың сайрағанын,

Гүлденгенін ағаштар бар маусымда.

Айналмақтар барынша айналғанын,

Жердің шексіз кең байтақ даласында,- дей келе келесіде Тельмухаметова Динаның орындауындағы «Бейбітшілік» атты әнін қарсы алыңыздар.

1 жүргізуші: Келесі әніміз Дулатқызы Аруайдың орындауындағы «Ауыл менен қала» атты ән тартуымен ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші: Биші қыз мың бұралып билегенде,

Жерге аяқ, көкке басы тимеген бе?

Келесі бишіміздің орындауында «Өзбек биі»

3 жүргізуші: Әнші бала ән салады бұлбұлдай,

Айтты маған жай дыбыспен сыбырлай.

Әнші аруымыз Амангельдина Айшаның орындауында Әжетайым әнін қарсы алыңыздар.

1 жүргізуші: Өзі әнші, өзі биші ару қызымыз Мақсатова Жамбының орындауындағы «Көңілді күн» атты әсем әнді қарсы алыңыздар.

2 жүргізуші: Осымен концерттік бағдарлама соңында Дильназымыздың дайындап келген бірнеше жұмбақтары бар екен. Шешіп көреміз бе?

3 жүргізуші: Осымен бүгінгі керемет көңіл- күймен концертімізді аяқтаймыз.

Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Ата салтын ертеңге,

Жеткізетін өздерің!

Good bye! Thank you for your attention.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ