ҚР Білім және ғылым министрі ауысты

0
1968

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі ауысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды. Жаңа министр болып Асхат Қанатұлы Аймағамбетов тағайындалды. 

Жаңа министр Асхат Аймағамбетовты ұжымына ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин таныстырды.

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов

Туған жылы: 1982 жыл

Туған жері: Қарағанды облысында туған.

Білімі: 2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» біліктілігі бойынша тәмамдаған.

2006 жылы – Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған

2003-2012 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған.

2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы 

2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры. 

2006-2012 жылдары – Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған. 

2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 

2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызыға дейін – Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы лауазымын атқарған. 

2017 — 2019 жылдары ҚР білім жəне ғылым вице-министрі қызметін атқарған.

Бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ