СЕНІМ. Рахия ЕСНАЗАРОВА

0
1655

Рахия ЕСНАЗАРОВА,\r\n\r\nфилология ғылымдарының кандидаты\r\n\r\nҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік\r\n\r\n университетінің аға оқытушысы\r\n\r\n \r\n\r\nСЕНІМ\r\n\r\n \r\n\r\nМенің қолымда – көнеріп, сарғая бастаған бір парақ қағаз. Оның дәл ортасында «Рекомендация» деп жазылыпты да, жаңа жолдан «Я, Бимагамбетов Медеуали, член КПСС с V. 1954 г. Партбилет № 02641812 …» деп әрі қарай жалғаса берген. Бұл – КПСС қатарына өтуім үшін маған 1983 жылы 8 қыркүйекте берілген ұстазым М.С.Бимағамбетовтің заманына сай орысша жазылған рекомендациясы (кезінде осылай аталатын, қазір ұсыныс, ұсыным деп жүрміз ғой). Бір ауыз жылы сөз адам жанын рахатқа бөлейді, жақсылыққа жетелейді. Ал өз атыңа мақтау, марапаттау естігенде, қанаттанбайтын, іштей марқаймайтын пенде аз шығар. Тіпті сол бір ауыз жақсы сөз бүкіл өміріңнің бағдаршамына айналып кетуі де ғажап емес. \r\n\r\nОсы уақытқа дейінгі жүріп өткен жолымда талай жақсылардың батасын алып, қаншама ағалардың сеніміне ие болдым. Мұның өзі мені үнемі ақырын жүріп анық басуға жетелейді. Уақыт өткен сайын сол кісілердің әрбір ғибратты сөзі жадымда жаңғырып, жаңадан естігендей әсерде болам.\r\n\r\n \r\n\r\n«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген тамаша сөз бар қазақта. Ес жиып, жан-жағымызды танып, үлкен өмірге бейімдейтін студенттік кезеңде білікті ұстаздардан дәріс алдық. Олардың әрқайсысы мен үшін дара тұлға. Ұстаздық етудің қаншалықты қиын әрі қызық екенін сол кісілерді еске алғанда сезінем. Сондықтан да ұстаздар жайлы естелік жазуды мамандыққа деген сүйіспеншілік, үлкенге деген құрмет деп білемін.\r\n\r\n1975 жылы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтқа түсіп, алғаш студент дәрісханасына кіргендегі көргеніміз Медеуәлі ағай болатын. «Филология ғылымдарының кандидаты, доцентпін» деп таныстырды ол өзін. «Мәссаған» деп қоямын ішімнен. М.Бимағамбетов бізге «Тіл біліміне кіріспе» деп аталатын пәннен дәріс оқыды. Тіл білімі саласындағы іргелі зерттеу еңбектерінің авторлары Бодуэн да Куртенэ, Соссюр, Радлов, Мелиоранскийдің пікірлерін алғаш рет ағайдан естіген едік. Бейтаныс ғалымдар жайлы айтылған сайын, біз де қызығып, құныға түсеміз.\r\n\r\nСтуденттердің қазақ тілінен сауатты болуы олардың тілдік талдау үлгілерін меңгеруімен тікелей байланысты. Осы жолда аянбай еңбек еткен ұстаздарымыз Ә.Жақыпов, М.Бимағамбетов, А.Шамшатова, Ә.Әблақов, Ә.Байжолов, Н.Жүнісовтер екенін айта кеткен ләзім. Бүгінгі күні студенттерге тіліміздің табиғатын танытуда кішкентай да болса үлес қоса алсақ, осы ұстаздарымыздың арқасы дер едім.\r\n\r\nМедеуәлі Себепұлының орысша-қазақшасы бірдей болатын, оны өзі де мақтан етіп отырушы еді. Дәріс арасында отбасынан да хабар беріп қояды: балалары Болат, Манат, Жанат, Құралай. Жұбайы Рабиға – Табын руынан… Осылайша ол кісі біз үшін ең жақын адамымызға айналып кетті.\r\n\r\nЗулап студенттік күндер де өте шықты. Мемлекеттік емтихандарды тапсырып болғаннан кейін (ол кезде диплом қорғалмайды) тобымыздағы екі құрбымды – Исмаилова Гүлнар мен Бітімбаева Жібекті ертіп алып, кафедраның есігін қақтым да, Медеуәлі ағайды сыртқа шақырдым. Шықты.\r\n

    \r\n

  • Ағай, айып етпесеңіз, құлағыңыздан тартайық деп келдік!
  • \r\n

  • Неге?
  • \r\n

  • Табынның қыздары едік.
  • \r\n

  • О, қулар, төрт жыл бойы неғып айтпағансыңдар? – дейді.
  • \r\n

  • Әуелі дипломымызды алып алайық дедік, — дейміз біз.
  • \r\n

  • Қап, білмегенімді қарашы! – деп өкініп қояды ол кісі.
  • \r\n

\r\nДиплом алған соң елде екі жыл жұмыс істеп, 1982 жылы қайтадан өзім оқыған институтыма оқытушы болып оралдым. ПМНО деп аталатын кафедраның меңгерушісі «жездем» М.Бимағамбетов болып шықты! Ағай әзілмен студент кезімдегі кеткен барлық ақысын алды, мен де жауап қайтарғансып жатамын, кейде маған қалжыңға бейім болуыма сол кісі себепкер сияқты болып тұрады.\r\n\r\nБілімді басшы ретінде М.С.Бимағамбетов оқытушыларға, студенттерге жоғары талап қоя білді, аталған кезеңдегі бастауыш мектеп мұғалімдері жоғары деңгейде дайындалып шығып жатты дегенді бүгінгі күндері үлкен сеніммен айта аламын.\r\n\r\nМедеуәлі Себепұлы жайлы еске алғанда менің айтқым келіп тұрар бір әңгімем бар. Бұл оқиға менің 27-28 жас шамасындағы кезімде орын алған еді.\r\n\r\nБойшаңдау болдым ба, әлде орта бойлы жездем өзімен салыстырды ма, әйтеуір маған «сораңбай» деп ат қойып алды. Әуелгіде қызарақтап, ренжігеніммен, қайталана берген соң, етім үйреніп кеткен.\r\n\r\nБір күні сабақтан шығып, кафедраға келсем, столымның үстінде бір парақ қағаз жатыр. Медеуәлі ағам маған соны нұсқап:\r\n

    \r\n

  • Саған шығардым. Күйеуге тезірек тимесең, әнін шығартам,- деді де, өзі дәріс оқуға шығып кетті. Оқытушылар мәз. Амал жоқ, қағазды алып, оқып шықтым. «Өлең» төмендегі мәтінде болып шықты:
  • \r\n

\r\n \r\n\r\nБалдызыма\r\n\r\n \r\n\r\nСорайған бойың,\r\n\r\nТоластаған ойың,\r\n\r\nКүте-күте шаршадық,\r\n\r\nҚашан болад тойың?\r\n\r\nБалдызым-ау, балдызым!\r\n\r\n \r\n\r\nЖиырма бестен астың ғой,\r\n\r\nТалайлардан қаштың ғой,\r\n\r\nҚартайған апаң біздің үйде,\r\n\r\nСоның орнын бастың ғой!\r\n\r\nБалдызым-ау, балдызым!\r\n\r\n \r\n\r\nРахия- есімің,\r\n\r\nМұғалімдік кесібің,\r\n\r\nЖездең сенің қорқады.\r\n\r\nБір күні барып жаманның\r\n\r\nАша ма деп есігін\r\n\r\nБалдызым-ау, балдызым!\r\n\r\n \r\n\r\nҚысылып отырып бірнеше рет оқып шықтым да, қағаздың екінші бетін аударып, жауапты жездемшілеп беруге тырыстым:\r\n\r\n \r\n\r\nЖездеме\r\n\r\n \r\n\r\nСорайған бойым,\r\n\r\nТоқтап-ақ қалды-ау ойым,\r\n\r\nКүтем деп шаршап қалмаңыз,\r\n\r\nБелгісіз әлі тойым,\r\n\r\nЖездешім-ау, жездешім.\r\n\r\n \r\n\r\nЖас отызға жетті ғой,\r\n\r\nЖігіттен үміт кетті ғой.\r\n\r\nӨзіңіз қарасаң қайтеді,\r\n\r\nСөзіңіз әлі епті ғой,\r\n\r\nЖездешім-ау, жездешім!\r\n\r\n \r\n\r\nЕнді тазға барса да\r\n\r\nБалдызыңызда арман жоқ;\r\n\r\nМен түгіл, менің апам да\r\n\r\nЖөнді адамға барған жоқ,\r\n\r\nЖездешім-ау, жездешім.\r\n\r\n \r\n\r\nПарақты мен де Медеуәлі ағаның столына апарып қойдым. Сәлден соң ағай шалқайыңқырап жүретін әдетімен жанымнан өтіп, орнына барды да, отырмастан, парақтағыны оқып шықты. Ел жым-жырт.\r\n

    \r\n

  • Бәлесін қара, мені жазып қойыпты! – деп қояды.
  • \r\n

\r\nҚанша жыл бірге жұмыс атқардық – сонша уақыт Медеуәлі ағаның ассистенті болдым. Күндізгісі бар, сырттайы бар – толып жатқан емтихандарды алу барысында менен айырылмаушы еді. Неге екені белгісіз, 90 минуттық дәрістерге шыдағанымен, емтиханға шыдамсыз. Бірлі-жарым студенттің жауабын тыңдар-тыңдамастан, «Беломорканалы» мен сіріңкесін қолына алып сыртқа беттейді, содан қайтып оралуы да, оралмауы да мүмкін еді. Мен бүкіл емтиханды қабылдап, ведомосты, кітапшаларды толтырып, ол кісіге тек қол қойғызушы едім. Сондай кездерде: «Рахияның қолымен жазылған кез келген қағазға кез келген кезде, кез келген жерде қол қоюға дайынмын», — деп, мені көтермелегені белгісіз, ынталандырғаны белгісіз, қолпаштап отырар еді. Ұстазымның осы сенімі студенттер білімін бағалауда да, сабақ беруде де пендешілктерге жол бермеді-ау деп ойлаймын бүгінде. Оның үстіне, жоғарыда аталған рекомендациясында: «Среди студентов и преподователей пользуется авторитетом. Политически грамотна, морально устойчива. Мне думается, что она будет достойным членом нашей партии» деп жазып беруі де қалыпты уәж сияқтанғанымен, жалындап тұрған жүректі жігерлендіргені анық.\r\n\r\nИә, «Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда — қазан» деп жатамыз. Бір кездері талайлардың қолы жете қоймаған Коммунистік партияның да тарих сахнасынан сырғығаны қаш-ш-шан. Алайда ол өз заманында аз жұмыс атқарған жоқ деп ойлаймын. Қарапайым оқытушы болып істейтін біздің өзіміз партияға мүше болғанымыз үшін белгілі бір құндылықтарға ұмтылдық, белгілі бір пендешіліктерден бас тарттық, ал бұл өз кезегінде аз шаруа емес еді.\r\n\r\nМедеуәлі Себепұлы Бимағамбетов пен Нұрлыбек Ерназарұлы Жүнісовтердің өз қолдарымен жазып берген осы рекомендация-ұсыныстары – маған деген сенімдері – мен үшін қымбат. Сондықтан да мен оларды әлі күнге сақтап келем. Белгілі қазақ батыры Б.Момышұлы «Сенімді ақыл мен ерікке бағындыру қажет. Табандылық пен \r\n өзіңді-өзің билеу, өр рух пен қайыспайтын қайсарлық — ерліктің кепілі», — деген екен. Керемет ерлік жасамасам да, ұстаздар көрсеткен тура жолдан таймай, еңбек етіп келемін. Жетістікке жетсем де, кей-кейде шәкірттерімнен алғыс алсам да – ұстаздар артқан сенімнен шығам деп жасаған еңбегімнің арқасы. Өйткені сенім жүгі- ауыр жүк.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ