Сөйлеу мәдениеті. Дауыссыз дыбыстар: жасалуы, жіктелуі.

0
3924
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақ : Қазақ тілі Мектеп : №80 мектеп — гимназиясы
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы Мәдениет: тіл және қарым-қатынас
Күні: Мұғалімнің тегі, аты: Файзуллаева Құралай
Сынып: 5 Қатысқан оқушылар саны: 22 Қатыспаған оқушылар саны:0
Тақырыбы Сөйлеу мәдениеті. Дауыссыз дыбыстар: жасалуы, жіктелуі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы мен ерекшелігін ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Дауыссыз дыбыстардың түрін жетік меңгереді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жаттығу жұмыстарын орындау кезінде дауыссыз дыбыстардың түрлерін табады.

Бағалау критерийлері

1. Дауыссыз дыбыстардың жасалу, жіктелу жолын меңгереді;

2. Сөздерге фонетикалық талдау жасай алады;

3. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: сөйлеу мәдениеті туралы мәлімет алып, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, алған білімдерін бекітеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер: сөйлеу мәдениеті, сөз байлығы, тіл, дауыссыз дыбыстар, қатаң, ұяң, үнді, жұп дауыссыздар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидаларын атаңдар.

2. Дауыссыз дыбыстарды айтылуына қарай топтастырыңдар.

3. Дұрыс сөйлей білу, ойды анық жеткізудің маңызы қандай?

Жазылым бойынша ұсыныстар: сөз мәдениеті жайлы өз білетіндерін ортаға салады, бірлесіп және өз бетінше тапсырмалар орындайды, сұрақтар қояды және жауап береді.

Алдыңғы оқу Тілдік қатынас. Дауысты дыбыстар: жасалуы, жіктелуі.
Пәнаралық байланыс Әдебиет
Құндылықтарға баулу Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, өзара топтаса қарым-қатынас жасау қабілеті.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Сабақтың басы

(6 минут)

2 минут

4 минут

 

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

3. Түстер арқылы топтарға біріктіру.

 

 

Конфеттер

Үй тапсырмасын сұрау

а) Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеретін кесте беремін.

— Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.

ә) «Ашық сұрақтар» арқылы әр топқа өткен тақырыпты еске түсіртетін, жинақтайтын сұрақтар қоямын:

1. Ауызша және жазбаша тілдік қарым-қатынасқа тән ерекшеліктерді атаңдар?

2. Жазу не үшін қажет?

3. Дауысты дыбыстардың жасалуы туралы не білесіңдер? 4. Дауысты дыбыстар қалай жіктеледі?

Бағалау. «Өзін-өзі бағалау» әдісі

Жұмыс дәптері

Сызба-кесте

Сабақтың ортасы

(28 мин)

10 минут

3 минут

6 минут

9 минут

1-тапсырма. Оқылым. ТТ

— Мәтінді топта оқиды.

— Түсіндірме сөздік бойынша жұмыс жасалады.

І топқа 1А тапсырмасын беремін. Мәтін мазмұны бойынша берілген тапсырманы орындайды. Сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидаларын атайды;

ІІ топ: Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін не қажет екенін баяндайды;

ІІІ топқа 1Ә тапсырмасын беремін. Мәтінді қайта оқып, әр азатжолдың мазмұнын бір сөйлеммен айтады.

ІҮ топқа 1Б тапсырмасын беремін: «Өнер алды – қызыл тіл» деген мәтелдің мазмұнын түсіндіреді.

— Топ басшылары ортаға шығып берілген тапсырма бойынша қорғайды.

Бағалау. «Не жақсы?» әдісі бойынша топтардың бірін-бірі бағалауы.

Грамматикалық мағынаны ажырату. Дауыссыз дыбыстардың жасалуы мен жіктелуі туралы түсіндіремін.

— А.Байтұрсынов үнді дауыссыздарды жартылай дауыстылар деп атаған.

— Жұп дауыссыздар туралы түсіндіру: п-б, т-д, қ-ғ, к-г, с-з, ш-ж. Мысалы: теп-тебу, қақ-қағу, төк-төгу, т.б.

2-тапсырма. Жазылым. ТТ

— Дыбыстарға фонетикалық талдау жасайды.

— Берілген сөйлемді 4 қатарға бөліп беріп, әр қатардан бір оқушыға орындату.

— қалған оқушы дәптерге орындайды.

Бағалау. «Бутерброд» әдісі. Жұпта өзара бағалау.

3-тапсырма. Айтылым.

— Метаграмманы шешу және жауап сөзге дыбыстық талдау жасау.

1) сыр, қыр, жыр; 2) ауа, науа; 3) алау, жалау, палау; 4) үлгі, сүлгі.

— 4 топ берілген жауаптарға талдау жасайды.

4-тапсырма. Жазылым.

— Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу.

— Өзара тексеру.

Бағалау. «Бармақпен бағалау». Топтар өзара бағалау жасайды.

Оқулық

Үлестірмелі кесте

Жұмыс дәптері

Бейнеролик, презентация

Оқылым

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы (6 мин)

3 минут

2 минут

1. Жаңа тақырып бойынша үлестірме қағаздарын беру

2. Сұрақ-жауап

1. Сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидалары қандай?

2. Дауыссыз дыбыстар қалай жіктеледі?

Сергіту
1 минут Үйге тапсырма: 5-тапсырма. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстардан басталатын сөздерді үш бағанға топтап жазу. Оқулық
Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ