С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесін талдау (ашық сабақ)

0
18274
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

 

Сынып: 6 «В» сыныбы Қатысқан оқушылар саны: 17 Қатыспағандар: 3
Бөлім тақырыбы
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған…
Сабақтың тақырыбы С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі
Оқу бағдарламасына сілтеме

6.1.2.1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік – қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

6.3.3.1.Шығармадағы кейіпкерлер қарым – қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақтың мақсаты Шығарманы жан — жақты талдай отырып Аян бейнесін ашу, оқушы санасына сіңіру. Өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту, оқушының ойлау шеберлігін жетілдіру. Бір-бірінің пікірін тыңдай білуге үйрету, өздерін әділ көзқараспен қарауына, сыни ойлауға жетелеу. АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, диалогтық оқытуды дамыта отырып, достыққа тәрбиелеу. Шығарма мәтінімен жүйелі жұмыс жасай алуға үйрету.
Бағалау критерийлері Шығарма мазмұнына сәйкес Аян бейнесін ашады, тақырып бойынша ой — пікірлері жетіледі, сыни ойлайды, ата — ананы, құрметтеуге ұмтылады, адал достыққа үйренеді. Жетім балаларға аяушылық сезімдері оянады.
Тілдік мақсат
Диалог және жазылымға қажетті тілдік қолданыстар мен сөз тіркестері:

Жетім көрсең, жебей жүр. Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған.

Пәнаралық байланыс Музыка, биология
Сабақта қамтылатын құндылықтар Туған жерін құрмет тұту. Адамгершілік.
АКТ-ны қолдану дағдылары Интерактивті тақтамен жұмыс
Осыған дейін меңгерілген білім С.Мұратбеков «Жусан иісі»
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер

Сабақтың басы

5минут

Ұйымдастыру

Оқушыларды 3 топқа отырғызу. Қызыл, ақ, сары түстерді таңдату арқылы «Қайрат», «Мейірім», «Ізгілік» ауылдарына жолдама беріп, топқа бөлемін.

Ширату жаттығуы

«Кластер» әдісі арқылы С.Мұратбеков өмір жолын еске түсіру.

«Жалпақ және жіңішке сұрақтар» стратегиясы

1. Жазушы шығармашылығы? Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
2. Әңгіме қандай оқиға кезінде болған? Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл толады?
3. Аян тобығын қалай шығарып алды?

4. Аян әжесінен айырылғанда неге жыламады?

5. Аян әжесі қайтыс болғаннан кейін кімнің үйін паналады? Олар Аянға қалай қарады?

6. Аянның ертегілері қалай басталатын еді?

7. Шығарма қалай аяқталды?

8. «Жусан иісі» арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастады?

9. Аянның балалар үйіне кетуіне сенің көзқарасың қандай?

ҚБ «Смайлик»

Қима қағаздар, интерактивті тақта, смайликтер

 

Сабақтың ортасы

5минут

5минут

5 минут

10 минут

5 минут

Топтық жұмыс

Үш топқа жекелеген тапсырмалар беремін.

1-топ: Шығарманың композициялық құрылысын анықтайды, қысқаша тоқталады.

Оқиғaның басталуы- Аянның көшіп келуі

Оқиғaның байланысы-Ауыл балаларымен достасуы

Оқиғаның шиеленісуі-Аянның тобығын тайдыруы

Oқиғаның шарықтау шегі-Әжесінің қайтыс болуы

Оқиғаның шешімі-Аянның балалар үйіне кетуі

2-топ:

Портрет-адамның бет-пішінін, кескін-келбетін, жүріс-тұрысын, киім киісін бейнелеу. Мәтіннен Аянның портретін табу.

3-топ: Мінездеу- адамның ішкі жан дүниесін суреттеу. Аянға мінездеме жазу.

Аян қандай бала? Топтастыр

Аян -ақкөңіл, ақылды. Алғашқы күннен-ақ бұрыннан таныс адамдай сіңісіп кетті.

Аян-зерек. Бірінші күннен-ақ зеректігімен, алғырлығымен танылады.

Аян-ұстамды, төзімді. Басына түскен қайғыға мойымай, қажыр-қайратпен көрете білді.

Аян-бұзық емес. Себебі ешкіммен төбелескен жоқ.

ҚБ «Бағдаршам» топтар бірін – бірі бағалайды.

Сұрақ

1.Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған?

2.Жусан қандай шөп?

(Жусан туралы мәлімет. Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар)

Бейнебаян

«Пікір күнделігі» бейнебаяннан үзінді көрсету, оқушылардың пікірін тыңдау

ҚБ «Жарайсың!»

Топтық жұмыс

РАФТ стратегиясы

РОЛЬ АДРЕСАТ ФОРМА ТАҚЫРЫП

Қайрат тобы

Роль — Аян

Адресат — оқырманға

Форма — хат

Тақырып — «Мықты болсаң, нағыз еркектерше қиыншылыққа жыламай бақ»

«Мейірім» тобы

Роль – жетім бала

Адресат — халыққа

Форма — өлең

Тақырып — «Жетім көрсең жебей жүр»

«Ізгілік» тобы

Роль — қазақ азаматы

Адресат — елбасына

Форма — хат

Тақырып — «Балалар үйі азайса»

ҚБ «Бас бармақ» арқылы топтар бірін – бірі бағалайды.

Кері байланыс

«Психологиялық талдау»

Сүйсіну

Жек көру

Өкіну

Елестету

Таңдану

Аянның прототипі — Науқан Керімов.

Сайын Мұратбеков бұл шығармасының желісін өзінің балалық шағынан алған екен. Демек соғыстан кейінгі ауыл балаларының тағдыры.

Аян, яғни Науқан Керімов бүгінде Ескелді ауданының Ақын Сара ауылында тұрады.1937 жылы туған.

Науқан аға балалық шағын, өткен өмірін былайша еске алады:

— Біз Сайынмен қатар өстік. Бірге ойнап, бірге жүрдік. Ол менен үш жыл бұрын мектепке бұрын барды. Жетімдіктің зардабынан мен кейінірек оқыдым. Колхоз бұрын «Біріншілік», кейіннен «Қызыл жұлдыз» деп аталды. Ауылда отыз шақты бала сиыр қораның төбесіндегі шөпке жиналып, әңгіме құрамыз.Ол кезде менің әке-шешем жоқ. Жастайымнан таудан отын таситындықтан аяққа шөңге кіріп, содан жүруім қиындай түскен еді.Аяқ ауырса да анда-санда шөптің төбесіне барамын.Қайдан шығатынын білмеймін, ептеп ертегі айтамын. Мен ғана емес, басқа балалар да айтады. Өзімізге сондай қызықты. Бала кезінен Сайын қайырымды еді. Кейін жоғары сыныптарға барғанда да менің жағдайымды біліп тұрды.

А3 қағаздар, маркерлер, бағдаршам

 

Картинки по запросу бағдаршам бағалау

 

 

Сабақтың соңы

7 минут

Рефлексия

Үйге тапсырма: «Баяғыда бір жетім бала болыпты…»

тақырыбында ертегі құрастыру

Сызба
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушылар қабілет деңгейлеріне қарай дифференциациялық тапсырмаларды

орындайды.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде жүзеге асады. Бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта туған жерге, ата – анаға құрмет, адамгершілік құндылығын талдайды.
Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Мақсатыма қол жеткіздім. Мен жоспарланған уақытымды

ұстандым. Сыныптағы оқу атмосферасы өте жақсы болды.

Оқушылар бұл сабақта адамгершілік, мейірімділікке үйренді.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  1. Аян бейнесі ашылды.
  2. Идеясы арқылы қоғамдық мәселені талқылады.

 

Нұргүл Мухаммеджанова

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ