Сөз тіркесінің синтаксисі

1
20142
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Жоспар

І Кіріспе

Сөз тіркесінің синтаксисі туралы.

ІІ. Негізгі бөлім

а) Сөз тіркесінің түрлері

ә) Сөз тіркестерін топтастыру

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Сөз тіркесінің түрлері, топтасытыру

Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын — грамматикалық единицалар — тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек — бөлімдерден құралғанмен, бәріне тән, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздін, дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз тіркесінің құрамына еніп адамнын, ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшектері қызметін атқарады.

Балықтың өмірі суда болатынындай, сөздін, өмірі сөз тіркесінің, сөйлемнін, құрамында болады. Әлемдегі жан-жануарлардың күнелту табиғи айналасы болатынындай сөздің, сөз тіркесінің де «табиғи» жұмсалу «айналасы», өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың сондай шоғырланған ұясы да, өмір сүру қызметі де сөйлем ішінде жұмсалуы болады.

Осындай қарым-қатынасының нәтижесінде әрбір грамматикалық единицалар тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшін сөз сөз тіркесінің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға қатысады.

Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның, бірі деп есептеледі, оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бүрын синтаксистік басқа единицалардан айрылатын қандай ерекшеліктері, жақын үқсастықтары болады.

Ұласқан бөлшектері қаншама өзара тығыз байланыста болатындықтан ол бөлшектер бірінің қызметін басқа біреуі де (кейде, орайы келгенде) атқаруы мүмкін емес пе? Көркем әдебиетте — Түн. Мидай дала. Қараңғы түн. Келді ме? Келмеді — сияқты сөздер мен сөз тіркестері сөйлем қызметінде жұмсалады. Соған қарап сөзді, сөз тіркесін сөйлемнен айырып танудын, керегі жоқ деуге бола ма? Соны дәл солай айтпаса да тіл білімінің көрнекті ғалымдары олардын, арасына «сына қағып» екі айырып тастау керек екенін уағыздады.

Егер сөйлем қарым-қатынас жасаудыд, адам ойын білдірудің негізгі формасы болса, сөз тіркесі және сөз — сөйлем құраудың материалдары. Өзара тығыз байланыстағы бұл үш грамматикалық категорияның әрқайсысына тән өзіндік айырмашылықтары болумен қатар олардың бастары түйісетін де орындары болаты» белгілі. Қалайда күрделі сөздерді және басқа түйдекті тіркестерді сөз тіркесі деп шатастырмау керек, жеке де сез тіркестері сөйлем қызметінде жұмсалса, олар — сөз тіркестеріне тән қасиеттерінен айырылып қалады деп те түсінбеу керек.

Сөлем

Сөз тіркесі

СИНТАКСИС

Жай

сөйлем

Етістікті

сөз тіркесі

Құрмалас сөйлем

Есімді

сөз тіркесі

Сөз тіркесі

Айырықша белгілері:

1. Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады

2. Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бір екіншісінен бағынып сабақтаса байланысады.

3. Зат құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсініктерден

Басыңқы сөз

(Сөз тіркесін жасауға тірек

екінші сөз)

Бағыныңқы сөз

(тірек сөзің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін бірінші сөз)

 

әдемі (қалай) әдемілену (не істеу?)

үш (қанша) бала (кім?)

орнынан қозғалмау)

спортпен шұғылдану

Қайраттың сөзі

тым-тырыс отыру

СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ

Сөз тіркесін бірқатар авторлар сөйлем мүшелерінің ыңғайында топтастырады. Олар тіркескен сөздердін, өзара мүшелік қарым-қатынасына қарай, сөз тіркесін «предикативті» және «предикативті емес» деп екіге бөледі де, соңғыдан «толықтауыштық», «анықтауыштық» және «пысықтауыштық» сөз тіркестерін шығарады. Сөз тіркестерін бұлай топтастыру сөздердің өзара тіркесу ерекшеліктеріне негізделмей, сөйлем мүшелерінің өзара тіркесіне негізделгендік болады. Егер сөз тіркесін «сөйлем мүшелерінің тіркесі» деп есептейтін болсақ, оның синтаксистік ерекшеліктерін елемей, сөйлемнің синтаксисімен араластырып жіберген боламыз.

Бұл — бір. Екіншіден, сөз тіркесі мен сейлем мүшелерінің жігі бір емес. Мысалы, кен байлығы, мал дәрігері, қос ауыз, қазан пышақ сияқты сөз тіркестері сөйлемде бір-бір күрделі мүше болып жұмсалуы мүмкін. Сондықтан ол топтастыруды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды. Рас, сөздер бірімен-бірі тіркесу нәтижесінде белгілі мүшелік қатынаста айтылады. Бұл жағдай сөз тіркесінің синтаксисінде еленеді, бірақ оның ең басты белгісі бола алмайды.

Сөз тіркесін топтастыру принциптерін дұрыс белгілеу үшін сөз тіркесінің зерттеу объектілері нелер екенін, оның басты-басты ерекшеліктерінің нелер екенін ашу керек.

Сөз тіркестері

түрі Есімді сөз тіркесі
ереже Басыңқы сыңары сөзден болған сөз тіркесі
мысал

бағыңқы сөз басыңқы сөз

жаңа киім

айтуға құмар

оқуға ыңғайлы

түрі Етістікті сөз тіркесі
ереже Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі
мысал

бағыңқы сөз басыңқы сөз

жел соқты

соғыс аяқталды

үйге келген

Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі объектісі — сөйлем мүшесі емес, сөз. Сөздердің өзара тіркесуі — олардың грамматикалық қасиетінің бірі. Сөз тіркесінің синтаксисінде жеке сөз таптарының, олардың бөлшектерінің басқа сөздермен және өзара тіркесу қабілеті, байланысу тәсілдері, сөздердің сөз тіркесін құраудағы қызметі қарастырылады.

Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердін, өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып үлкен екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сықар болады.

Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек-сөздердің байланысу формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.

Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады, етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады (соңғы шылаулы, шылаусыз болуы мүмкін).

Сөз тіркесі

Сөздің тіркесу қабілетіне қарай

Есімді

Етістікті

Байланысу

формасына

қарай

Меңгеріле байланыс-қан сөз тіркесі

Қабыса байланыс-қан сөз тіркесі

Меңгеріле байланыс-қан сөз тіркесі

Матаса байланыс-қан сөз тіркесі

Қабыса байланыс-қан сөз тіркесі

Қ

Қ а б ы с у — түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар түру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады.

Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі; оның бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, есімше, үстеу болады да, басыңқы сынары зат есім, субстантивтенген сын, сан есімдер болады.

Зат есіммен қабыса тіркесетін сөздер:

Зат есім: темір күрек, ағаш күрек, жел диірмен, түлкі тымақ, етікші бала, жұмысшы адам т. б.

Сын есім: биік тау, қызық өмір, жақсы талап, қоралы қой, таудай талап, еріншек бала, жастық шақ, т. б.

Сан есім: үш кісі, мың қой, ойыншы мектеп, т. б.

Сілтеу есімдігі: бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс, ол сұрақ т. б.

Есімше: айтылған сөз, келген кісі, айтар сезім, келетін бала, айтатын сөз, т. б.

Үстеу: бұгін бала, ертең оқытушы

Бұларды жинақтап, зат есіммен қабыса байланысатын сөздерді схемамен көрсетсек, былай болар еді:

Сын есім мен жібек орамал

Зат есім мен зат есім: балалы үй

Сан есім мен алтыншы арба

Есімше мен орындалған арман

зат есім:

Сілтеу есімдігі мен мына қала.

Үстеу — бүгін студент.

Қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер

Қабыса байланысатын сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі — зат есімнен құралатын тіркестер. Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады: Мысалы: алтын сағат, ағаш күрек, жібек орамал т. б.

Осындай тіркесте айтылатын зат есімдер тобы көбінесе екі сөзден құралады. Олар өзара әр уақытта анықтауыштық қатынаста айтылады: қамыс құлақ, бота тірсек, темір қанат, шаруа қол, т. б. Бұлар өзара анықтауыштық қатынаста айтылғанмен, сөйлемде бір заттың күрделі анықтауыштары, кейде басқа да мүше болып жұмсалады: қамыс құлақ ат, ботпа тірсек ат, темір қанат балапан.

Осы тәрізді қатар тұру арқылы бірін-бірі анықтайтын зат есімдер тобы екі, үш, кейде төрт сөзден құралуы мүмкін: темір қанат балапан, қой көз бала, шоқпар темір таяқ.

Зат есімдерден құралған сөз тіркестері тұрған орнына қарай байланысқанда, әрбір анықтауыштық тіркес фразалық (ритмикалық) бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады.

Зат есімдерден құралған анықтауыштық топқа кез келген зат есім өне бермейді. Оған озара мағыналық байланыста бола алатын сөздер, тілде солай айтылып үйреншікті болған сөздер ғана енеді. Сондықтан тас жол, темір күрек, қол сағат деп айтылады да, керісінше, жол тас, күрек темір, сағат қол деп айтылмайды (орын ауыстырып айтуға болатын жағдайда басқа мағыналық қатынасты білдіреді, мысалы: сағат қалта — қалта сағат, көз әйнек — әйнек көз). Зат есімдерден болған сөз тіркесінің бірінші сыңары көбінесе конкретті, материалды заттың аты, кейде солай ұғынылатын басқа есімдер болады. Күш, өнер, өнеге қайрат, әрекет, айла, айбат, сес, ұйқы сияқты абстракты зат есімдер сол түбір қалпында ол топтың бірінші сыңары болып айтылмайды.

Бірқатар зат есімдер, жоғарғыдай, анықтауыштық құрамда жұмсалу үшін ол екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуды керек етеді:

а) Аяқ жол деп айтылмайды, жалғыз аяқ жол дегенде ғана олар анықтауыштық құрамға енеді. Арқа отын деп жалаң айтылмайды, бір арқа отын дегенде оның алдында сан есімнен анықтауышы болса ғана, екі зат есім қатар тұрып тіркесе алады.

ә) Сол сияқты, қайнатым шай, үзім нан, асым ет, қалпында етістіктің аяғына -ым/-ім жұрнағы жалғанып жасалған зат есімдер мен басқа зат есімдер сандық анықтауышсыз бір топ құра алмайды, бір қайнатым шай, бір үзім нан, екі асым ет сияқты құрамда ғана айтылады. Сонда, екі заттың анықтауыштық қатынаста айтылуы олардың алдындағы сан есімдерге байланыстан болады. Бұлай болу — барлық затқа бірдей шарт емес.

б) Салпаң, қалқан сияқты бейнелеуіш сөздер қатысқан зат есімдер басқа затпен тіркесіп, анықтауыштық құрамда айтыла алады:

Қалқан — қалқан құлақ бала,

салпы — салпы ерін ат,

бұлаң — бұлаң құйрық түлкі,

сылтық — сылтың аяқ түйе.

в) Бірқатар зат есімдер өзар тіркесу үшін олардың алдында келтпе, қысқа, биік, ұзын, жұқа, қалың, шолақ, қаба сияқты сын есімдер болады: ұзын құйрық түлкі, биік өкше етік, қаба сақал қарт.

г) Бірқатар зат есімдер тек қосарланып (қос сөз болып) айтылғанда ғана басқа зат есімдермен тіркесе алады: қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, тарам-тарам тамыр, айқыш-айқыш жол т. б.

Зат есімдерден құралған сөз тіркестері түрлі-түрлі мағыналық қатынаста жұмсалады. Ол жағдай анықтауыштық топтағы заттардың семантикалық өзгешеліктерімен байланысты.

Мысалға қамыс қора, қамыс құлақ дегенді алайық. Бұлардың сыртқы құрылысы бірдей, бірақ мазмұны бірдей емес: қамыс деген зат есім қораның алдында тұрып, қораның қамыстан істелгенін білдірсе, құлақ деген сөздің алдында тұрып, құлақтың қамыстай екенін білдіреді. Соңғының орнына қамыс сырнай десек, мұнда да сырнайдың қамыстан істелгендігін білдіреді. Сол сияқты:

тaс үй — тастан салынған үй д. м. болса,

тас еден — тас төселген еден д. м.

тaс балға — тасты сындыратын балға д. м.

тас көмір — тастай, тас сияқты көмір д. м.

күміс сағат — күмістен істелген сағат д. м. айтылса,

қол сағат — қолға тағатын сағат д. м.

электр сағат — электр күшімен жүретін сағат д. м.

құс төсек — құстың жүнінен жасалған төсек д. м.

Бұл мысалдарға қарағанда, есімді сөз тіркестерінің мазмұны, бір жағынан, басыңқы сөздің мағынасымен байланысты болса, екінші жағынан, оның анықтауышы болған бағыныңқы сөздің заттық мағынасымен байланысты болады.

Зат есімдерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналық қатынаста жұмсалады

1. Заттың неден, қандай заттан жасалғанын білдіреді: темір пеш (темірден жасалған пеш).

2. Салыстыру, теңеу мағынасында жұсалады: қамыс қүлаң — (ат) аттың құлағы қамыстай д. м.; пісте мұрын (қыз)— қыздың мұрны пістедей д. м; жібек жүн — жүні жібектей д. м.; құрыш білек — құрыштай қатты білек д. м.

Мысалы:

Қарақер қамыс құлағьш қайшылап, оқта-текте жерден басын алып, төңірекке едірейіп қарап қояды (Ғ. Сланов). Жібек жүнің желкілдеп, жайраңдайсың ақ лақ. Құрыш білек, болат дене, еңбек сүйген бала жастан (Ә. Сәрсенбаев). Құлаш мойын, кез құлақ бір бедеу ат, денсаулық — ер жігіттің сұрауы. (Ғ. Сланов.)

Сын есімді тіркестер

Сын есімдер — заттың әр түрлі сындық сапасын білдіретін сөздер. Солай болатындықтан олар зат есімдерге қатысты болып, зат есімдерден тіркесіп, есімді сөз тіркесінің кұрамында өте көп жұмсалады. Сын есімдердің лексикалық мағыналарына және синтаксистік қызметіне қарағанда, олар есімді сөз тіркестерінің арнаулы бағыныңқы сыңары болатын сөздер.

Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Мұндай синтаксистік тіркестердің құрамы әр алуан болатындықтан, олар әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сын есімдер заттық түсін (ақ қар, боз ат, көк шәп, қызыл гүл, тарғыл сиыр), заттың көлемдік сапасын (тар жол, қысқа жіп, кең сарай, жалпақ тақтай, терең көл, үлкен қайрақ), заттың табиғи күйін (қалың қарағай, салқын жел), адамнық, басқа заттың ішкі сырын (жақсы кісі, жаман жолдас, жуас ат, шабан үйрек, сараң әйел), тамақтын, д ә м і н (тәтті тамақ, ащы сорпа, қышқыл жеміс), заттын, салмақтың мөлшерін (ауыр жүк, жеңіл чемодан), т. б. білдіреді.

Осындай әр түрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез келген зат есіммен тіркесе бермейді және барлық сын есімдердід зат есімдермен тіркесу қабілеті бірдей емес. Мысалы, тілемсек деген сөз адамның ғана сынып білдіреді. Сондықтан оны тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал сияқты құрамда айтуға болады, тілемсек ат, пгілемсвк қоян тәрізді құрамда айтуға болмайды.

Сол сияқты асау сөзін асау апг, асау бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға болады да, асау бала, асау шал, асау тал деп айту ерсі болады. Онын, себебі әрбір сын есімнін, білдіретін лексикалық мағынасы белгілі затқа (не заттарға) тән сапа болады. Сондықтан мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың, асау сөзін көлік малын білдіретін заттардың, сапасы деп айтуға болады, Көркем әдебиетте ондай, белгілі ғана заттын, сапасын кейде мағыналық үйлесімі кем басқа затқа теліп, сол арқылы сөз тіркесінің, мазмұнын көрікті етіп әсірелеуге болады (10-параграфты қараңыз).

Заттың түсін білдіретін сын есімдерді кез келген сондай түсі бар заттың ұғымын білдіретін сөздермен еркін тіркестіре беруге болады. Мысалы: ақ қағаз, ақ қар, ақ гүл, ақ бидай, көк шөп, көк қағаз, көк бояу, көк аспан. Бұл жағынан малдың түсін білдіретін сын есімдердің жұмсалуында үлкен айырмашылық бар: біріншіден: ақ, кәк, қара, қызыл, тарғыл, жирен түстерді мал аттарымен тіркестіргенде, олардың түсі басқа заттардан ерекше болып ұғынылады; екіншіден, ондай түстердің бәрін бірдей барлық малдын, түсі ретінде қолдануға болмайды. Мысалы, ақ қой, ақ ешкі деп айтылады, ал көк түйе (ат ақ болса да ақ ат, көк ат деп айтуға болады), деп айтылмайды, қара ат, қара сиыр, қара ешкі, қара нар, қара қой, қызыл ат, қызыл сиыр, қызыл қой деуге болады, ал қызыл түйе, қызыл ешкі деп айтылмайды.

Сапалық сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында айтылғанда, сөз тіркесінін, бірінші (бағыныңқы) сынары түбір қалпын өзгертпейді де, екінші (басыңқы) сөзі түрлі тұлғада айтыла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне ешқандай қатысы болмайды. Сонымен қатар ондағы зат есімнің кейде дербестігі болмай, сын есім күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін. Мысалы:

Үлкен үйдід ортасында… тас шам бар (М. Әуезов). Оның үшкір тұмсық жаңа қара етігі қардан тайғанай берді (С. Мұқанов). Секретарь… кең қабырғада жаюлы тұрған ақ жібек шымылдықтың, қасына келді (С. Мұқанов). Ербол мініп келген семіз көк атқа шана жегіп, екі жігіт қатар отырып, сар желдіріп, келеді (М. Әуезов).

Бірқатар сын есімнін, сындық сапасын күшейту үшін оларға басқа сын есімдер қатысты болып та олар күрделі сөз тіркесінің құрамына енеді: тастай қатты ағаш, сүттей жарық ай, удай ащы дәрі.

Қатыстық сындар мен зат есімдерден жасалған сөз тіркестері де әр түрлі мағыналық қатынасты білдіреді. Мұнда туынды сын есімдер қандай сөздерден жасалған болса, сол сөз анықтауыштық сапанын, негізі болады:

Таусыз, ормансыз дала (С. Мұқанов). Терістіктен өскен болымсыз ғана жел лебі (М. Әуезов). Тоқсандағы Жамбылға толқындатып сөз келді (Жамбыл).

Қатыстық сындар зат есімдерден жасалғанда, олармен басқа зат есімдер не сын есімдер тіркесіп, барлығы жиналып, күрделі есім сөз тіркесінін, құрамында айтылуы мүмкін:

а) Қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар үй-үйге кіре бастады (С. Көбеев). Бидай өнді, үріп ауызға салғандай келіншек есік алдына шықты (Б. Майлин).

ә) Қара торы, өткір көзді жігіт жалғыз келе жатыр (Ғ. Сланов). Ұзын бойлы, талдырмаш денелі жігіт — Асқардың замандасы (С. Мұқанов). Ақ жаулықты келіншектер, үкілі камшат бөрікті қыздар кәрінеді (М. Әуезов). Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (Жамбыл).

Сан есімді тіркестер

Сан есімдер — зат есімдерге тән, оларды сан жағынан анықтап тұратын, зат есімнін, жетегінде айтылатын, өзінің басынңқылық дербестігі жоқ сөздер. Олардың зат есімдермен тіркесуі арқылы қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері жасалады. Сан есімдер мен зат есімдердін, өзара тіркесу қабілеті ерекше болатындықтан, ондай сөз тіркестері жиі кездеседі және олардың құрамы әр түрлі болады.

Бірқатар зат есімдер талдап саналатын конкретті заттардың аты болады да, бірқатары абстракт ұғымының аты болады. Осыған орай, сан есімдер барлық зат есіммен бірдей тіркесе алмайды: олар санауға болатын заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе алады да, санауға болмайтын, абстракт ұғымды білдіретін зат есімдермен тіркеспейді. Соңғыға мынандай сөздер жатады:

а) балалық, жастық, сұлулық, тазалың, жалқаулық, мырзалық, сезімділік сияқты сапалық зат есімдер;

ә) гүрсіл, тарсыл, қарау, жүдеу, жасдану, мінез, қытың сияқты құбылыс, процесе аттарын білдіретін зат есімдер;

б) Логика, психология, химия, биология, педагогика сияқты ілім және ғылым аттарын білдіретін зат есімдер.

Сан есім қатысқан сөз тіркесі сыңарлары бір-бірінің тұлғалануына әсер етпейді. Сан есімдер арқылы заттың көптігін білдіргенмен, басыңқы қызметтегі зат есімдер көптік жалғауда айтылмайды. Мысалы, он ешкі, қырық саулың, мың қой, оныншы мектеп, алтыншы бригада.

Жинақтау сан есімдерден басқа сан есімдердің бәрі де анықтауыштық қатынаста санауға, есептеуге болатын заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе береді: сонда есептік сандар заттардың қанша екенін білдірсе, реттік сандар заттың сан ретін, нешінші екенін білдіреді:

Класта жиырма төрт оқушы сабаққа қатысуға тиіс (М. Иманжанов). Бөлмеге жаңа екі қонақ келіп кірді (С. Мұқанов). Бірінші тәжірибе пеші қақ жартыдан артық мыс берді (Ғ. Мүсірепов).

Есімшелі тіркестер

Зат есімдермен қабыса байланысатын сөздердің тағы бір тобы — есімшелер. Есімшелердің зат есімдермен тіркесуі арқылы анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады, мысалы: орылған егін, жайнаған дала, көгерген шөп, келіскен кісі, айтар сөз, түсінетін бала.

Мұндай есімді сөз тіркестерінін, құрамында жиі кездесетін есімшелер -ған/-ген тұлғалылар. Бұларға қарағанда, а-тын//е-тін, ар//ер,-р тұлғалы есімшелер есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыдары қызметінде аз айтылады. Оның себебі — есімшелердің білдіретін шақтық мағынасында: өткен шақ пен осы шақта жұмсалатын -ған тұлғалы анықтауыштар қимыл процесінің нәтижесің оның зат есіммен тығыз мағыналық байланысын білдіреді, мысалы: маңыраған қой, боздаған бота, жиналған астық, айтқан сөз, құжынаған мал, ұшқан құс, көрген кісі, үйде отырған бала, жерде жатқан таяқ, колхозда жүрген үгітші.

Келер шақтық есімше зат есіммен тіркескенде көбінесе, оның болашақта болатын, қосымша сапасы ретінде жұмсалады. Мысалы: сауылатын сиыр (салыстыр; сауылған сиыр), жазатын кісі (салыстыр: жазған кісі), орақ оратын жігіт (салыстыр: орақ ораган жігіт); Есімшенің сөз тіркесі құрамындағы анықтауыштық мағынасын басқа анықтауыштармен салыстырғанда, олардыд елеулі айырмашылығы бар екенін көреміз: егер, мысалы, сын есімнен болған анықтауыштар заттың әр алуан сындық сапасын бір қалыпты күйінде білдірсе, есімшелер заттың қимылдық сапасын процесс күйінде білдіреді. Бұл айырмашылықты байқау үшін сын есімдерден жасалған есімшелері бар мысалдар алайық.

көк шөп — көгерген шөп

ақ үй — ағарған үй

семіз қой — семірген қой,

жас әйел — жасарған әйел.

Әр жерде қағылған қадалар… көрінеді (Ғ. Мүсірепов). Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы соншалық таныс, жақын (М. Әуезов). Айтатын арызымыз бар. Сөйлейтін жерім жаңа табылды (Ғ. Мұстафин).

Есімдікті тіркестер

Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері — сілтеу, сұрау және жинақтау-есімдіктері. Олар зат есімдермен тіркесіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, мына кітап, ана тау, осы қала, қай аудан?, қандай мәселе?

Есімдіктердің сөз тіркесінің құрамындағы анықтауыштық мағыналары бірдей емес.

С і л т е у есімдіктері заттың айтушыға алыс-жақындық бағдарын нұқсап көрсетіп анықтайды:

Ол осы өзенді жағалап Кремль жаңтасы сонау көк мүйіске қарай серуендемекші еді-ау! (Ә. Әбішев) Бұл — сонау Ұлытаудын, қазағы Олжай дейтін (Ә. Әбішев) Бұл сөзді Сырбай қашан да кеудесін кере алған деммен айттып келеді (С. Мұқанов).

Сұрау есімдіктері ол құрамда заттын, сұраулық сапа қатынасын білдіреді, мысалы, қай қала? неше мектеп?, қандай адам, қанша саулық?

Мұндай құрамда айтылатын сұрау есімдіктері — қабыса байланысатын анықтауыштарға (сын есім, зат есім, сан есім, есімше және сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштарға) қойылатын сұрақтар.

Басқалары қабыса байланысатын анықтауыштардың орнын баспайтындықтан, мұндай құрамда айтылмайды.

Жалпылау есімдіктері есімді сөз тіркесінің бағынынқы сынары қызметінде заттың жинақтал ған мөлшерлік сапасын білдіреді. Мысалы: барлық жұрт, күллі ел, бүкіл дүние.

Үстеудің қатынасынан тіркестер

Үстеулер — өздерінің лексикалық мағыналарына лайық заттың қимылдық сапасын айқындайтын сөздер. Солай болатындықтан олар көбінесе етістіктерге қатысты болып, етістікті сөз тіркесінің құрамында жиі қолданылады. Үстеулердің есім сөздермен тіркесуі де кездейсоқ құбылыс емес. Қазақ тілінің материалдарына қарағанда, мезгіл үстеулері сөйлем ішінде зат есім, сын есім, сан есім және бар, жоқ сөздеріне қатысты болып, солармен қабыса байланыста көп ұшырайды. Мысалы: бүгін жайлауда, енді көңілді, қазір жас, биыл жетіде, бүгін бар, ертен, жоқ.

Бірақ бұлар — мағыналық байланысы берік сөздердің үйлесуі негізінде жасалған бүгін келді, енді айтпады, қазір барамын сияқты сөз тіркестер емес, арқауы бос тіркестер. Олай дейтін себебіміз — мезгіл үстеулері есімдермен тіркескенде, олардың тіркесу қабілеті айқын болғандықтан және мағыналық байланысы берік болғандықтан тіркеспейді, сөйлемнің жалпы мазмұны керек ететіндіктен ғана есімді сөйлемнің құрамына еніп, есім баяндауышқа мезгілдік мағына үстеу үшін тіркеседі.

Баяндауыш қызметіндегі есімдер мен үстеулердің мезгілдік қатынастағы сөз тіркесін құрауына мысалдар: Қасен қазір колхозшы (С. Көбеев). Біз де бүгін вахтадамыз (X. Ерғалиев). Ұлпа биыл жетіде (Б. Майлин).

Мезгіл үстеулер сөйлемде баяндауыш болған есімдерге ғана қатысты болғандықтан, олар есімдерден қашықтап тұрып, олармен жанаса байланысуы да мүмкін. Мысалы:

Қазір ол — мал бригадирі (Ғ. Мұстафин). Сәрсеннің қазір екі немересі бар. (С. Көбеев).

Матаса байланысқан сөз тіркетері

Матасу — қиысу, меңгеру сияқты синтаксистік байланыс формаларының бір түрі. Ол изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің байланыс формасы: Омарбектің інісі, ағаштың бұтағы, біздің табысымыз. Бұл сөз тіркестерінің бірінші сыңарлары ілік жалғауда, екінші сыңарлары тәуелдік жалғауда айтылған.

Сөйлемдегі сездердің осылай байланысуы — қазақ тілінің (басқа түркі тілдерінің де) грамматикалық құрылысындағы ерекшелігінін, бірі. Ондай сөз тіркестерінің байланысын бірқатар авторлар қиысу (согласование) деп қарайды. Енді бірқатар авторлар басқа тілдерде бар байланыс формасының, әйтеуір, біріне жатқызу үшін оны меңгеру (управление) деп таниды.

Тәуелдік жалғаулардағы бастауыштарға баяндауыштар бағындырылып, ілік еептікті сөздер олардың анықтауыштары болып тұр. Ортадағы сөздің бірде I жақтық, бірде II жақтық, бірде III жақтық тұлғада айтылуы оның бағыныңқысының ерекшелігіне қарай түрленетін болады да, олардың қай жақта болуымен байланысты. Сонда тәуелдеулі сөздер өзіне бағыныңқы сөздердің мағыналық байланысы айқасқан байланыс болады. Оны қиысумен салыстыра стрелкамен көрсетсек, былай болар еді.

Қиысу Матасу

Бастауыш Баяндауыш Анықтауыш Анықталушы

Матаса байланысуды қиысудан бөліп қарау қазақ тілінің, сонымен қатар басқа түркі тілдерінің де сөйлем құрылысында бар синтаксистік ерекшелікті дұрыс тануға себепкер болады. Олай етпей, ағаштың жапырағы, менің жолдасым дегендерді тек жақтық, сандық қиысу тұрғысынан қарағанда, ондай топтағы басыңқының тұлғалануы ескеріледі де, ілік жалғауындағы сөздердің тәуелдеулі сөздерге бағыныңқылық ыңғайда жұмсалатыны ескерілмеген болады. Шынында, олардың екі жағын бірдей ескеру керек.

Мата байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары

Матаса байланысатын сөздер — негізінде, зат есімдер. Солай болған соң зат есім мағынасында не зат есім орнына жұмсалатын сөздердіқ бәрі сол тіркестің бірінші не екінші сыңары бола алады. Досболдың табысы, сенің уәдең, қойдың жүні, екінің бірі, жақсының шарапаты, жалқаудың кесірі.

Мұндай сөз тіркестері анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Анықтауыштык, қатынастағы ілік жалғаулы сөздердін, әр түрлі құрамда айтылуына қарай матаса байланысқан сөз тіркестері әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Олардың негізгі мағыналары мыналар:

1. Ілік жалғауы меншік иесі бола алатын сөзге жалғанып, меншіктілік қатынасты білдіреді. Ол дара және қоғамдық меншіктілік болуы мүмкін.

Менің киімім, Колхоздың жері.

Оқушының кітабы. Мемлекеттің мүлкі.

2. Ілік жалғаулы сөздер туған-туысқандық, дос-жарлық ұғымдағы сөздермен тіркесіп, семьялық, туысқандық, т. б. қатынасты білдіреді.

Менің қарындасым. Асқардың баласы.

Ажардың апасы Төлеудің қызы

3. Ілік жалғаулы зат есімдер сол заттарға қатысы бар басқа зат есімдермен тіркесіп, зат пен заттың табиғи байланысын білдіреді.

Ағашттың бұтағы. Ешкінің сүті.

Қойдың жүні. Түйенің терісі.

4. Ілік жалғаулы сөз тәуелдеулі сан есім, есептік ұғымы бар зат есім және сын есімдермен тіркесіп, бөлшектеу.талғау мағыналарында да жұмсалады:

а)бөлшектеу: оушылардың бірі, егіздің сыңары, жиылыста-ғылардың көпшілігі;

ә) талғау: адамның ақылдысы, аттың жүйрігі, қызылдың қызылы.

Изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінін, бірінші сынары жалғаусыз айтылған анықтауыш болғанда, олар өзара әрі қабыса, әрі тәуелдене байланысады. Ондайда ілік септеуі зат пен заттың жоғарғыдай меншіктілік, туыстық, табиғи қатынасын білдірмейді, тек заттың заттық сапасы ретінде, тәуелдік қатынаста жұмсалады: колхоздың малы, колхоз малы сияқты екі түрлі формада айтылатын анықтауыштардың мағынасы бірдей емес, сондықтан мал шаруашылығы, колхоз аулы (колхоз аулының бейнесі) сияқты жалғаусыз айтылған бірқатар анықтауыштарды малдың шаруашылығы, колхоздың аулы деп жалғаулы етіп айтуға болмайды.

Болмайтын себебі — ілік септікті сөз жалғаулы болса, меншіктік қатынасты білдіреді, жалғаусыз болса, заттық сапа ретінде жұмсалады. Оны мына мысалдан да анық байқаймыз: Абайдың кітапханасы. Абайдын, өзінің кітапханасы. Абай кітапханасы (Абай атындағы кітапхана). Абайдың мектебі (Абайдың өзіне тән мектеп), Абай мектебі (Абай атындағы мектеп.)

Матаса байланысқан сөз тіркесінің екінші сыңары

Сөйлеуші бір затты не өзіне, не өзгеге, де басқа затқа меншіктеп айтқысы келгенде, меншіктелген сөзге -нікі,-дікі,-тікі жұрнағын жалғап, Мына ат менікі, Мына сағат сенікі, Мына жер колхоздікі деген сияқты сөйлемдер құрайды. Сонда жоғарғы жұрнақтар жалғанған сөздерге одан бұрын айтылған заттар меншіктеліп тұрады да, ол екеуінін, арасынан меншіктілік қатынас туады.

Сондай-ақ, зат пен заттың меншіктілік басқа табиғи қатынасын білдіру үшін, меншіктеуші сөздерге ілік, меншіктелуші сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанып та айтылады: менің атым, сенің атың, оның аты. Әрине, бұл екі тіркестің меншіктілік мағынасы біріне-бірі жақын болғанмен, грамматикалық қызметі бір емес, ат колхоздікі — предикаттық меншік те, колхоз-дың аты — атрибуттық меншік. Оның үстіне ілік, тәуелдік жалғаулары арқылы айтылатын меншіктілік қатынас тәуелдеулі бір сөзбен де айтылады: атым, атың, аты, көйлегім, көйлегің, көйлегі.

Матаса байланысатын изафеттік тіркестің екінші сыңары зат есім, заттанған сын есім, сан есім, есімше, есімдіктер болады: теңіздің толқыны, аттың жүйрігі, оқушылардың бесеуі, менің айтқаным, сенің өзің.

Бұлар — анықтауыштық қатынастағы есімдер тобы. Жалпы алғанда, есім сөздердің бәрі де мұндай тіркестің екінші сыңары бола береді. Тіпті грамматикалық тұлғада «өзгерілмейтін» сөздер деп аталатын үстеу, одағайлар да белгілі жағдайда матасқан сөз тіркесінід екінші сыдары бола береді: еріншектің ертеңі таусылмас, аллаңнан ойбайым тыныш.

Грамматикаларда жіктеу есімдіктері мұндай тіркестің екінші сыңары болмайды деген ереже айтылады. Негізінде, ол дұрыс болғанымен, олардың да кейде тәуелденіп айтылуын кездестіреміз: үйде отырған біреу сырттағы тықырды есітіп:

  • Бұл кім?— дегенде, оған:
  • Мен,— деген жауап болса, үйдегі кісі:
  • Менің кім?— деп сұрауы мүмкін. Осындайда мен, сен, біз, сіз деген жіктеу есімдіктері тәуелденіп айтылатыны болмаса, басқа жағдайда изафеттік тіркестің екінші сынары ретінде жұмсалмайды. Негізінде зат есімдер матаса байланысқан сөз тіркестерінің екінші тәуелдеулі сыңары болып көбірек кездеседі. Соның өзінде олардың анықтайтын сездерімен мағыналық қатынасы әр түрлі болады:

3ат есім тәуелденіп, ілік жалғаулы сөзбен матаса байланысқанда, меншіктілік (тәндік) және табиғи қатынасты білдіреді: менің жолдасым, үйдің есігі, қазанның қақпағы, ағаштың жапырағы.

Сын есім изафеттік тіркестіқ екінші сыңары болғанда, мынадай мағынада айтылады:

а) субстантивтенген зат есім орнында тәндік мағынада жұмсалады: менің тентегім (менін, балам д. м.) колхоздың шұбары (колхоздын, шұбар аты д. м.).

ә) сын есімнің тандаулы шырай мағынасында: Бұл — таудың биігі, Ақмоншақ — аттың жүйрігі.

Сан есім изафеттік тіркестің екінші сыңары болып ілік жалғаулы зат есіммен, сан есіммен матаса байланысқанда бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалады: балалардың бесеуі, оқушылардың екеуі, майдың он бесі, төрттің бірі, онның жартысы.

Есімшелер жоғарғыдай тіркесте тәндік қатынаста, әрі заттық, әрі қимылдық сапа мағынасында жұмсалады. Менің айтқанын, сенің жазғаның, оның көрген-білгені, сенің айтарың, оның айтар-айтпасы.

Меншіктілік тәндік ұғымның мендік, сендік не бөгделік болуына сәйкестеніп, тәуелдік жалғаулы сөздер үш жақта жұмсалады.

  1. — жақ (менің) сағатым, (біздің) сағатымыз.
  2. — жaқ (сенің) сағатың, (сіздің) сағатыңыз.
  3. — жaқ (оның) сағаты.

Тәуелдік жалғаудағы сөздер кейде жекеше, кейде көпше тұлғада жұмсалады. Оның негізгі ережелері мынаған тіреледі: меншіктелуші зат бір затқа меншіктелгенде, тәуелдік жалғауы жекеше түрдегі зат есімге жалғанып, ілік жалғауындағы сөз де жекеше қалыпта тұрады:

Менің атым. Кітаптың мұқабасы.

Сенің атың. Үйдің есігі.

Оның аты. Бригадирдің жұмысы.

Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері

Сөз тіркесінің басыңқы сыңарлары есімді, етістікті бағыңқы сөздердің байланысу формасына, тұлғасына қарап бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі — меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері.

Меңгеріле байланысатын сөз тіркестерінің ерекшелігін олардың құралу тұлғасынан қарап айырамыз. Олар барыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не есім болады, Осыдан меңгеріле байланысқан сөз тіркесі жасалады. Меңгеруші сөз жетектеуші де, меңгерілуші оның жетегіне еруші сөз болады. Септік жалғаулары сөзбен сөзді байланыстырумен қатар, түрлі-түрлі синтаксистік қатынасты білдіреді. Мысалы, барыс септігіндегі сөз бет алысты, бағытты, мақсатты, мезгілді, т. б. білдіреді.

Сондай мағыналық қатынастар тек жалғау жалғанған сөздердін, әр түрлі болуынан ғана тумайды, тұтас сөз тіркестерінің қарым-қатынасынан туады. Жоғарыда аталған септік жалғауларын меңгеріп, түрлі-түрлі мағыналық қатынастағы сөз тіркесін құрайтын сөздер, негізінде, етістіктер болады. Солай болатындықтан меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері кең түрде жұмсалып, түрлі құрамды болып келеді. Оған қарағанда меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері сирек қолданылады.

Менгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінін, бағыныңқы сыңарлары барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде жұмсалады да, басыңқылары көбінесе баяндауыш қызметіндегі есімдер болады. Мысалы: (Жерім) малға бай, (Ол) сөзге шорқақ. (Досан) комиссияға мүше. (Мен) саған кіммін? (Оның сөзі) маған түсініксіз, (Бұл ат) мінуге жақсы.

Меңгеріле байлынысқан есімді сөз тіркестерінің түрлері

Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері онша көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштын, күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінін, басыңқы сыңары болып жиі жұмсалады. Олар мынандай есімдер:

1. Сын есімдер. Негізінде, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары болатын сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, есімді сөз тіркесінің басыңқы сыдары болып та айтылады. Бірақ олардың бәрі бірдей сөз тіркесін кұрай алмайды: мысалы, заттың түсін білдіретін сын есімдер тек қардан ақ, қаннан қызыл, күйеден қара сияқты тіркес құрамында келеді, ал заттың ішкі — сыртқы сапасын білдіретін сын есімдер ондай құрамда әлдеқайда көп кездеседі, мысалы: өзіңе жақсы, маған түсінікті, тазалыққа жаман, ақшаға сараң, жусаннан биік.

Барыс, шығыс, көмектес, кейде жатыс септіктерінде айтылып, сын есіммен тіркесетін сөздер толықтауыштық қатынаста жұмсалады.

2. Зат есімер. Зат есімдердің ішінде ағаш, тас, көмір сияқты атаулардан гөрі күш, бай, мейрам сияқты абстракт зат есімдер баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші бөлшегі болып көп жұмсалады.

3. Заттық күйін білдіретін есімдер. Бар, жоқ, көп, аз, мәлім, бәрібір, мүмкін тәрізді заттың әр алуан күйін білдіретін есімдер сөз тіркесінің құрамында басыңқы болып көбірек айтылады.

Сан есімдер мен есімдіктер жоғарғыдай есімді сез тіркесінің меңгерушісі болып өте аз кездеседі:

Етістіктер тіркесі

Етістікті сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі етістік болады да, соның негізінде басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз талтарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін кұрау қабілетінің молдығын байқаймыз. Етістіктер мен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шылаулы есімдер тіркесе алады. Алайда бүл сөздердін, етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сол сияқты, мағыналық қатынастары да әр түрлі болып отырады.

Толып жатқан есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл ретте етістіктер мен есімдердіқ өзара байланыс түрі қабысу болады. Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы есімдердің барыс, жатыс, шығыс, көмектес, табыс жалғаулары арқылы салт және сабақты етістіктермен меқгеріле байланысады.

Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бұдан әрі де бірнешеге таралып кетеді.

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестер

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі болады. Етістіктермен қабыса байланысатын сөздер: үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, сын есімдер, сан есімдер, жалғаусыз зат есімдер. Есімдіктердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? қанша сұрайды? қашан келеді? не алды? тәріздес сөз тіркестерін құрайды.

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сынардың ыңғайына қарай:

1) үстеулі сөз тіркестері;

2)еліктеуішті сөз тіркестері;

3)көсемшелі сөз тіркестері;

4)сын есімді сөзтіркестері

5) сан есімді сөз тіркестері;

6) зат есімді сөз тіркестері деген алты топқа бөлінеді.

Үстеулі сөз тіркестері

Үстеулерді қимыл процесімен байланыста айтылатын сөздер деп қараймыз, сондықтан олар етістіктермен тіркесу үшін жаратылған сөздер деуге болады. Үстеулер етістіктердің алдында қабыса байланыста жұмсалып өте жиі кездесетіндіктен, ондай сөз тіркестеріне ерекше назар аудару керек. Үстеулер етістікті сөз тіркестерінің құрамында пысықтауыштық қатынаста, мезгіл, мекен, себеп, мақсат, т. б. мағыналарда жұмсалады.

Мұндай сөз тіркестерін екі топқа бөлген жөн:

а) негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері,

ә) туынды үстеулер қатысты сөз тіркестер

Негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері. Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфологиялық тұрғыдан бөліп, жаруға келмейтін үстеулерді айтамыз (кеше, қазір, енді, жаңа, ертең). Бұл топқа, тарихи тұрғыдан қарағанда, екі сөздін, бірігу жолымен құралған сөздер, мысалы, бүгін (бұл+күн), биыл (бұл+йыл), қосарлы оқта-текте, жол-жөнекей, жалма-жан тәрізді үстеулер де жатқызылады. Негізгі үстеулер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналарда жұмсалады:

Мезгілдік. Бұл мағынаны білдіру үшін мезгіл үстеулері етістікті сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылады. Қазіргі қазақ тілінде мезгіл үстеуі тіркеспейтін бірде-бір етістік жоқ деуге болады. Оның себебі мынада: етістіктің шақты білдіруі — оның басты қасиетінің бірі. Үш шақтын, бірінде айтылған етістіктің сол шақтық мағынасын дәлдеп, айқындай, толықтай түсетін сөз — мезгіл үстеулері.

Етістіктермен қабыса байланысатын мезгіл үстеулерінің сөз тіркестері құрамындағы орын тәртібі еркін болады. Мезгіл үстеуі етістікпен қатар тұрып та, арасына сөз салып тұрып та байланыса береді. Өйткені мезгіл үстеулері сөйлемнің қай шенінде тұрмасын, тек өздері қатысты етістіктермен ғана тіркесе алады, сын есім, сан есім есімшелер сияқты қай сөздің алдында тұрса, сол сөзге қатысты бола қалмайды. Сондықтан кеше келді, жаңа білдім тәрізді сөз тіркестерінің арасына есімдер қойып, үстеуді етістіктен қашықтатуға болады: Кеше қарындасым қаладан келді; Жаңа ғана жолаушылар атқа мінді. Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек (М. Әуезов).

Мезгіл үстеулерінін, етістікпен тіркесіндегі мезгілдік мағыналары әр түрлі болады. Мысалы, бүгін, кешке, кв-ше, ертпе, кеш, ерпгең, бүрсігүні, алдыңгы күні, тпаңертең, күндіз, түнде, күндіз — түні, ертеңінде, ерте, ертемен тәрізді мезгіл үстеулері катысқан етістікті сөз тіркестері бір тәулік ішіндегі мезгілдід кезендерін білдіреді:

Биыл, былтыр, жылда, жылма-жыл, қысы-жазы, күзде тәрізді үстеулер қатысты сөз тіркестері жыл мезгілі кезеңдерін көрсетеді.

Ұдайы, үнемі, ылғи, ұзаққа үстеулері етістікті сез тіркестерінің құрамында жұмсалып, істің созылу мерзімін білдіреді:

Лезде, қазір, тез, шапшаң, қайта, қайта-қайта, әрқашан, дем арасында үстеулері етістіктермен мезгілдік қатынасқа түсіп, істің шапшандық қайталау кезеңін немесе үркінділігін мезгілдік ыңғайда білдіреді:

Мекендік. Іс-әрекеттің қайда болғанын білдіру — етістікті сөз тіркесінің арнаулы қызметінің бірі. Сондықтан мекен үстеулері етістіктермен жиі тіркеседі де, олар көлемдік қатынаста жұмсалады:

Амал . Мұндай сөз тіркестері пысықтауыштық қатынаста істін, әр түрлі істелу амалын, тәсілін білдіреді. Мысалы, тез, тез-тез, шапшаң, аңырын, әрең, жай, қатты, жалма-жан, кілт, жалт сияқты үстеулер етістіктермен тіркесіп, істің қарқынын, даму дәрежесін көрсетеді:

Туынды үстеулер қатысты сөз тіркестері. Басқа есім сөздерге -ша//-ше, -дай//-дей, -сыз/-сіз т. б. аффикстері жалғану арқылы туынды үстеулер жасалатыны белгілі. Ол аффикстері соңғы екеуі қатыстық сын есімдер жасап, сөйлем құрамында пысықтауыш мүшелердің де қызметін атқара береді. Қатыстық сын есімдер ондайда үстеуге айналып кетпейді. Ондай тұлғадағы үстеуге айналған сөздер, кебінесе, етістіктермен тіркесте жұмсалады.

Туынды үстеулер мен етістіктен құралған сөз тіркестері әр түрлі анықтауыштық – пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады: -ша//-ше қосымшалы үстеулермен (биылша, бүгінше, қазірше, ізінше, артынша) келген сөз тіркестері қимылдық әр түрлі мезгілдік кезеңдерін білдіреді.

-ша//-ше тұлғалы жанды зат есімдерден жасалған үстеулер салт етістіктермен тіркесіп, сол заттарға тән істің, тәсілдерін білдіреді. Мысалы, боташа боздау, өгізше өкіру, қазақша сөйлеу, ерлерше күресу.

Кейде -ған тұлғалы есімшелер де -ша//-ше жұрнағын қабылдап, мезгіл үстеулеріне айналады. Ал мұндай үстеулер көбінесе өзі меңгеретін есім сөзбен бір тіркесте қолданылады да, осы күйінде тұтасымен етістікке қатысты болады:

Айтыс Ойылға жеткенше басылмады (Ғ. Мұстафин).

-дай//-дей, -сыз//-сіз аффикстерін жалғау арқылы есімдерден жасалған үстеулер сирек кездеседі. Дегенмен мұндай үстеулер етістікті сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылады. Зат есімдермен -ған тұлғалы есімшелерге -дай//-дей жұрнақтары жалғану арқылы жасалған үстеулер салт етістіктермен және сирек болса да, сабақты етістіктермен тіркесіп, қимылдың салыстырмаы сапасын білдіреді.

-сыз//-сіз тұлғалы үстеулер мен етістіктен құралған сөз тіркестері қимылдың, іс-әрекеттін, әр түрлі амалын, күйін білдіреді.

Еліктеуiш сөз тіркесі.

Еліктеуіш сөздер — өзіндік ерекшеліктері бар сөз табының бірі. Eліктеуіш сөздер қазіргі қазақ тілінде көбінесе көмекші, не негізгі етістіктермен тіркескен синтаксистік құрамында қолданылады. Мысала: (мылтық) тарс етті, (жарық) жылтп етпгі, (арба) кілт тоқтады, (бала) жалт қарады.

Етістікті сөз тіркестерінін, бағыныңқы сыңары кызметінде жұмсалатын еліктеуіш сөздер етістіктерді мәнерлі түрде еліктеу тұрғысынан сипаттайды. Оның ішінде бір буынды еліктеуіш сөздері бар тіркестер қимыл-әрекеттің шапшаңдық қарқынын меңзейді.

Қос сөзді еліктеуіштер етістікті тіркестердін, құрамында жиі қолданылады. Осымен байланысты мына бір жайды ескерген жөн: кез келген бір буынды еліктеуішті қосарлап айтуға болады (мысалы: жалт-жалт), ал кез келген қос сөзді еліктеуіштері бір буынды еліктеуішті қосарлап айтуға болмайды (мысалы: құж-құж қайнау, лүп-лүп соғу).

Еліктеуіш сөздерге етіп, еткізіп түбірлес көмекші етістіктердің жалғасуы арқылы олардың негізгі етістіктермен тіркесу қабілеті арта түседі. Бұл жағдайда да ондай сөз тіркестері амал пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.

Көсемшелі сөз тіркесі.

Кесемшелер — синтаксистік қызметі жағынан етістіктін, үстеуге ұқсас бір түрі. Олар жіктік жалғауларын қабылдап, көсемшелік қасиетін жойып ала береді, бірақ көсемше тұлғаларында оқшау тұрып, күрделі мүшенің, мысалы, баяндауыштың құрамында, сонымен қатар толық мағыналы сөз ретінде етістікпен қабыса байланысып пысықтауыштық қатынаста да айтылады.

Соңғы екі жағдайда да көсемшелік тұлғалар бір етістікті екінші етістікке бағынышты ететін қосымша қызметінде жұмсалады. Солай болатындықтан көсемшелер тек етістіктерге қатысты болып, тек етістіктермен ғана тіркесе алады. Олардың етістіктермен тіркескіштік қасиетін мынадан көруге болады; етістіктердін, модальдық, шақтык, видтық, т. б. мағыналарын түрлендіру үшін немесе әр түрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалу үшін етістіктер көсемше тұлғалары арқылы бірінін, үстіне бірі жамалып, өзара қат-қабаттала береді.

Мысалы: асықпай оқыды,— асықпай оқып отыр еді,— асыдан оқып кетіп бара жатыр еді; осылардың ішінде тек асықпай сөзі ғана пысықтауыш мүше қызметінде дербес қолданылған да, қалған көсемшелер тұтас бір түйдекті тіркес құраған. Кейде осы тәрізді қатқабатталудың нәтижесінде бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын тіркес құрамында бес етістік, ал екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқара алатын тіркестер құрамында он етістікке дейін болады.

Етістікті сөз тіркестерінін, бағыныңқы сыдары қызметінде көсемшелер барлық тұлғада бірдей жұмсалмайды. Бұл қызметте -ып//-іп, -п тұлғалы көсемшелердің болымды түрі жиі жұмсалады да, -а//-е, -й тұлғалы көсемшелер сиректеу, ал -галы//-гелі, -қалы//-келі тұлғалары одан да гөрі сирек кездеседі.

-ьш//-іп, -л тұлғалы көсемшелер амал пысықтауыш қызметінде көбінесе салт етістіктермен тіркеседі.

Дегенмен -ьш//-іп, -п тұлғалы көсемшелер сабақты етістіктермен де тіркеседі.

-ьш//-іп, -п тұлғалы көсемшелер өздеріне қатысты есімдермен бірге күрделі сөз тіркесінід құрамында да қимылдың амалың мақсатын т. б. білдіреді.

-а//-е тұлғалы көсемшелер мен етістіктерден құралған сез тіркестері қимылдың амалың тәсілін барынша айқын түрде хабарлайды.

Кейде -галы//-гелі,-қалы//-келі және -а//-е тұлғалы көсемшелер өздеріне қатысты болатын есімдермен бірге сөз тіркесінін, құрамында қимылдың мақсатын білдірдеді:

-ғалы//-гелі, -а//-е тұлғалы көсемшелермен келген тіркестер күрделі не үйірлі мүше қызметінде мезгілдік қатынаста жұмсалады.

Қос сөз түрінде келген көсемшелер етістіктермен тіркесіп, қимылдын, дүркінділігін, созық-қ ы л ы ғ ы н білдіреді.

Бұлардың барлығы көсемшелердін, мағыналык, жағынан да, тұлғалық жағынан да етістіктермен қабысу жолымен тіркесіп, етістікті сөз тіркесінің ең көп таралған тобын құрайтындығын дәлелдейді.

Сын есімді тіркестер

Сын есімдердін, етістіктермен тіркесуі — сирек кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікпен тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде, қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді. Барлық етістік бірдей ондай сапалық пысықтауышы болуын керек етпейді.

Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінід (не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты және кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тәрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланыста бола алады.

Сапалық сын есімдердің ішінде мұндай етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болады: жақсы, жаман, қатты, ұзын, қысқа, кең, оңай, қиын, ұзақ, т. б.

Қатыстық сын есімдердін, ішінде етістікті сез тіркесінің бағыныңқы сындры қызметінде -сыз//-сіз, -дай//-ден тұлғалы сөздер көп жұмсалады.

Сан есімдер сөз тіркесі

Сан есімді заттың сандық сапасын білдіретін сөз ретінде есімді сөз тіркестерінід құрамында жиі қолданылатыны белгілі. Сонысына қарап сан есімдерді есіммен (зат есіммен) тіркесу үшін жаратылған сөздер деуге болады.

Есептік сан есімдер ал, айт, сөйле, кел, қара, жүр, өл, тіріл, секір, сүрін тәрізді етістіктермен қабыса тіркеседі. Сан есімдер бұл қызметте қимыл мен күйдің қайталану мөлшерін білдіреді.

Қосарлы сан есімдер етістіктермен тіркесіп, іс-әрекеттің шамамен алғандағы қарқынын білдіреді.

Сан есімдер етістікті сөз тіркесі құрамында ретің дүркін сөздерімен қосарланып, қимылдын. дүркінділік дәрежесін көрсетеді.

Сан есімдер есе сөзімен қосарланып келіп, етістіктермен тіркескенде, қимылдын, сандық тұрғыдан даму дәрежесін білдіреді.

Мезгіл мағыналы есімдер мен сан есімдер тобы етістіктермен тіркесіп, күрделі сан мөлшерін білдіреді.

Зат есімді сөз тіркестері

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің үлкен бір тобы зат есімді тіркес болады. Зат есімдер сабақты етістіктермен қабыса тіркесу арқылы әрі мағыналық, әрі грамматикалық тығыз байланыстағы сөздер тобын құрайды. Сөз тіркестерінің бұл түрі тура обьектілік қатынаста жұмсалады. Жалғаусыз табыс септіктегі зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып түсіп, онымен біте қайнасқан байланыста тұрады.

Қабыса байланысқан зат есім мен етістікті сез тіркестерін тіркесу ерекшелігіне қарай екі топқа бөлуге болады:

1. Нақтылы зат есімдердің қимылды, қозғалысы білдіретін етістіктермен тіркеседі.

2. Абстракт зат есімдерінің күйді, сезімді, білдіретін етістіктермен тіркесі. Сөз тіркестерінік бұл түрі сирек құралады. Өйткені аңыл, мінез, қылық, тамаша, жақсылың тәрізді абстракт зат есімдердін, объектілік қызметі солғын болады. Онын, үстіне, бұндай сөздері бар тіркестер сөйлем құрамында көбінесе лексикалық тіркес ретінде ұғынылады. Бұлар — жақсылық қылу, сыр білдіру, ақыл беру тәрізділер. Мысалы.

Дем алысы — үскірік, аяз бен қар.

Кәрі құдаң — қыс келіп әлек салды

(Абай).

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Сайрамбаев Т. Сөз тіркестері мен жай сөйлем синтаксисі. 1991.
  2. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. 1949.
  3. Балақаев М., Қорбабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. 1966.
  4. Серғалиев М., Сайрамбаев Т

Қазіргі қазақ тіл сөз тіркестері синтаксисі. 1973.

  1. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. 1981.
  2. Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модельді және мақсат мәнді жай сөйлем типтері. 1968.
  3. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. 1941.
  4. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1992.
  5. Балақаев М., Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. 1992.
  6. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. 1986.

 


1 ПІКІР

  1. Майда сөз-
    Жылы сөз-
    Сыпайы сөз-
    Жағымды сөз-
    Мәнерлі сөз-
    Сөз тіркестерінің мағынасын қалай?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ