Сақтар туралы тарихи мәліметтер

0
3350
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы: Сақтар туралы тарихи мәліметтер

Мұғалімнің аты-жөні:К.Рысбаева

Күні:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары
ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

1.Сақ тайпаларының шығу тегін біледі;

2.Сақтар туралы дереккөздер, мәліметтерді талдайды.

Тілдік құзіреттілік

Пәндік лексика және терминология: сақ сөзінің мағынасы, тиграхауда, парадарайа, хаумаварга,исседон, аргипей, аримаспа,дайлар

Оқытудың тілдік мақсаты: сақтар туралы әңгімелейді (айтылым дағдысы); сақтар кестесін толтырады (жазылым дағдысы);тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар

Біздің анықтағанымыз… деректерде….

Сақтардың мекендеген жерлері…

Қорытындысында…Сақтар туралы тарихи мәліметтер

Құндылықтарды дарыту

Өткен тарихына құрметпен қарап,еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

-Оқушылардың бойына жауапкершілік, ынтымақтастық орта құру, ашықтық, сыйластық, патриоттық қасиеттерді қалыптастыру

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Сақтар туралы тарихи мәліметтер.Сақтар қайда мекендеген?
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт
Сабақ барысы : Бағалау түрлері

Басталуы

2 минут

Топтарға бөлу

Суреттер арқылы топқа бөлу(әрбір оқушы устел үстіндегі палаткалардың тақырыбына сай сурет бойынша топқа бөлінеді)

1-топ «Массагет» Томирис суреті

2-топ «Хаумаварга» сусын суреті

3-топ «Парадарайа» теңіз суреті

4-топ «Тиграхауда» шошақ бөрік суреті

5-топ «Сақтар» сақтар суреті

Оқушылардың назарын шоғырландыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сәттілік»

Үй тапсырмасы

5мин

Қолдану

Тапсырма

Кескін картаға сақ-массагеттер, сақ-исседондар, сақ-аргиппейлер және сақ-аримаспы тайпаларының Қазақстан территориясында географиялық орналасуын белгілеңіз.

Бағалау (топтар бір-бірін «Бас бармақ»әдісімен бағалайды)

Таратпа материал карталар топтарға беріледі

Жаңа білім Білу және түсіну

3мин

 

Қызығушылықты ояту кезеңі

4минут

10 минут

Білу және түсіну

Бастапқы ынталандырушы материал ретінде

«Сақтар» жайлы бейнематериал көрсету.

М.сөзі :Ойланып, көріңіз бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

2-3 оқушыны тыңдау,тақырыпқа шығу.

«Сақтар туралы тарихи мәліметтер»

Оқу максатымен,бағалау критерийлерімен таныстыру.Зерттеусұрағы:Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді?

Мәтінді оқу.Жеке жұмыс

Мұғалімнің жаңа сабаққа шолуы. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.

Қоныстанған жерлері

Б.з.б.Iмыңжылдықта Солтүстік ҮндістандыАуғанстандыОрта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус

(Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызcтан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:

Талдау және зерттеу.

Топтық жұмыс.

Оқу құралымен жұмыс.Дереккөздердегі ақпаратты талдай отырып,сақтардың тұрмыс-тіршілігі,дүниетанымы туралыәңгіме құрастыру.

Бағалау «Бағдаршам»әдісі

 

Электронды оқулық.

Мультимедиа.

6сынып.ЦОР «Ежелгі Қазақстан тарихы»

Сергіту сәті

2 минут

«Иә,жоқ» ойыны

Геродот грек тарихшысы

Парадарайа сақтар шошақ бөріктілер

Страбонның ебегінің аты «География»

Сақтар елінде алтын мен мыс көп болған

Мұғалім сыйы

3мин

«Анда жайлы аңыз» Қосымша мәлімет

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10мин

Қолдану

Дидактикалық ойын «Ақылды достар»

Бағалау .Мұғалім өзі бағалап отырады. (жарайсың,өте жақсы,керемет)

Интерактивті ойын

Кері байланыс

3 минут

Кері байланыс кемесі
Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

 

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ