Шәкірттердің жүрегіне жол тапқан ұстаз

0
2082

 \r\n\r\nimageЖоғарғы білімді жас маман — келешектегі білікті, ел ардақтар ұстаз. Жас кезінен көзге ілігіп, жоғарыдан марапаттар мен алғыстар алып жатса, бұл -болашақтағы жарқын жолының бастауы. Біздің бүгін сөз етер жас маманымыз – Гүлфайруз Нұрғалиқызы Құтымова. \r\n\r\nІлия Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің магистр оқытушысы Гүлфайруз Нұрғалиқызы  1991 жылдың 2-қаңтарында Алматы облысы, Ақсу ауданының Ілияс Жансүгіров кентінде дүниеге келген.\r\n\r\nІлияс Жансүгіров кентіндегі Қаныш Сәтбаев атындағы мектепте бесінші сыныпқа дейін оқыды. Одан кейін жанұясымен Қарасай ауданына қоныс аударып, сол жақта 11-сыныпты тәмамдаған. Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика мамандығы бойынша бітірген.\r\n\r\n25 жастағы мұғалім университеттегі журналистика мамандығындағы студенттерге 2015 жылдан бастап  практикалық сабақ өтеді. Ол осыған дейін «Алматы ақшамы» газеті және «Алматы», «Жетісу» телеарналарында тілші болып қызмет етті.\r\n\r\n— Кейбіреулер айтып жатады ғой : «Журналистиканы бала күнімнен армандадым»- деп, ал мен де ондай арман болмаған.  Белгілі бір тележүргізуші, радиожүргізуші боламын деп ойламағанмын. Журналистика факультетінде оқып жүргенде практиалық сабақтардан бастап арман, мақсат және жоспар пайда болды. Сол практикалық сабаққа дейін қиялсыз жүрдім,- дейді ол.\r\n\r\n     Ең алғаш парктикалық баға үшін журналистиканы бастаған қыз, соңында сол мамандыққа түбегейлі ғашық болды. Жеке басында армандар пайда болып, мақсаттар туады. \r\n      Алғашқы мақалалары бірінші курста «Алматы ақшамы» газетінде жарық көрді. Газет бетіне шыққан тұңғыш мақаласы — «Сұлулықты сақтай аламыз ба?». \r\n        Практиканы қорытындылап, жұмыс барысында жақсы көрінген, тұшымды ой айтып, алғырлық танытқандарға арнайы номинациялар  бойынша жүлде берілетін. Сол сәтте «Үздік қауырсын» номинациясын жеңіп алды. Бұл жас қыздың журналистика саласындағы алғашқы жүлдесі еді.\r\n\r\n«Алматы ақшамы» газетінен кейін төртінші курс оқып жүргенде «Алматы» және оқу аяқталғаннан соң «Жетісу» телеарналарының жаңалықтар бөлімінде жұмыс істеді. Барлық бағыттың басын қайырып келе жатыр. Мұғалімдік жолды таңдауы туралы: \r\n — Журналистика қыз балаға ауыр. Бір жағынан мұғалімдікке сол үшін келдім. «Жетісуда» жүргенімде жұмыс барысында көп адамдардан естідім. Қыздардың өмірдегі басты міндеті – ана болу. Ортаға да байланысты. «Арлы-берлі жүре берген қыз балаға жараспайды»,- деп күніге айта берсе, өзің  де ойланады екенсің. Болашақта отбасын құрып жатсаң ата-енең қандай болады, жарың қандай болады?. Ойланасың. Қазір өкінбеймін. \r\n    Мұғалімдікке келуімнің тағы бір себебі: қазір де журналистика мамандығын бітірмей, оқымай сол бағытта мұғалім болып жүргендер көп. Неге төрт жыл оқыған адам отырмайды?.\r\n     Жалпы журналистика  бір орнында қатып қалу емес қой. Бір жолға түсіп алып осымен кетемін деу жоқ!. Өзімді басқа салада да елестете аламын. Телеарна, газетте кез келген ортада…Жалпы журналист барлық саланы көру керек. Мұғалімдікті де!,- дейді Гүлфайруз апай.\r\n\r\n2-фотоСолдан оңға қарай: Жұмағали Есенбек, Гүлфайруз Құтымова, Гүлнұр Тілегенова, Дәулеткерей Мүлік.\r\n\r\nМұғалім болғанына бір жылға жуық уақыт болды. Шәкірттері туралы және олардың қабілеттері, еңбекке ерте араласып кететіндері жөнінде: \r\n — Жеке шәкірт тәрбиелеп жатқаным жоқ, тек жалпы білім беріп жатырмын. Биыл бірінші жыл. Жалпы студенттердің арасынан қарайсың, байқайсың. Мықты болады деген шәкірттер бар. Жақсы жазатындар, ізденімпаз, өрге талпынатын білімгерлерді жолықтырамын. Кей студенттерге бағыт-бағдар көрсетсе ары қарай жолды өздері табады. Мамандық бойынша жұмыс істеп жүргендер бар. Мен қуанамын!. Өз басымда ондай болған жоқ. Өйткені жанұям қарсы болды,- деп өз кемшілігін толықтырып жүрген шәкріттерінің ісіне ризашылықпен.\r\n\r\nЕңбекке ерте араласып, мұғалімдік жолды таңдап, өзінің бойындағы, ойындағысын алдында отырған білімгерлерге беріп жүрген Гүлфайруз апайдың ісіне табыс тілеймін!\r\n\r\nМәртебеңіз биік болсын!\r\n\r\nСерік ҚАНТАЕВ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ