Порталды қолданушылар назарына!
Құрметті қолданушы, біздің сайтымыздың қолданушысы ретінде құқық иелене отырып, сайт ережелерімен танысып шығуыңызды сұраймыз. Порталда жарияланған материалдар мен баянадамалардың авторлық құқығы сақталынуын қатаң қадағалаңыз. Портал бетінде жарияланған материалдар редакцияның көзқарасын білдірмейді. Мазмұны мен пунктуациялық қателеріне автор жауапты.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бөлім, 1 – бабы бойынша – Қазақстан демократиялы, зайырлы, құқықты мемлекет. Оның ең басты құндылығы адам және оның өмірі. Конституциямызға құрметпен қарап, қолданушы құқығына қол сұқпауларыңызды сұраймыз!
Сайтқа төмендегі материалдарды жариялауға және іс-әрекеттерді жүзеге асыруға қатаң тиым салынады:
- Діни, нәсілдік кемсітушілік;
- Ұлт араздықты тудыратын материалдар;
- Біреуді қаралап, ар-намысы мен жеке өміріне қол сұғатын жалған ақпараттар;
- Мемлекет саясатына қарсы, конституцияны күштеп өзгертуге бағытталған кез-келген материалдар;
- Басқа автордың шығармашылығын өз атынан жариялау;
- Сайтта жарияланған блог авторларына бағытталған анайы сөздер мен негатив пікірлерге қатаң тиым салынады.
Осы аталған қағиданы бұзған қолданушы портал әкімшілігінің ұйғарымымен сайтты қолдану мүмкіндігінен айырылып, ҚР заңдары бойынша жазаланады.
Құрметпен, Мәртебе.kz порталының ұжымы