Сот буындары

0
1048
Әбіш Кекілбаев
ЖОСПАР
1. Жүйенің орта буын соттары
2. Жоғарғы соттың органдары
3. Судьялар мәртебесі
Қолданылған әдебиетер тізімі
ЖҮЙЕНІҢ ОРТА БУЫН СОТТАРЫ
Облыстық соттар және оларға теңестірілген астананың және республикалық маңызы бар қалалардың соттары, Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты орта буын соттары болып есептеледі. Олар бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау инстанцияларының соттары ретінде әрекет етеді, сонымен бірге, олар заңмен белгіленген жағдайларда, жаңадан ашылған жағдаяттар бойынша қылмыстық істерді қарайды.
Бірінші инстанция соты ретінде олар, мәселен, аса ауыр жағдайда кісі өлтіру, геноцид, мемлекетке опасыздык жасау, террорлық, баскесерлік, жаппай тәртіпсіздік туралы қылмыстық істерді, сондай-ақ өз қалаулары бойынша неғұрлым күрделі және маңызды азаматтық істерді қарайды.
Мұнымен қоса, орта буындағы соттар заңды тұлғалар арасындағы даулы мәселелерге байланысты шаруашылық істерін қарайды.
Орта буын соттары апелляциялық және кассациялық тәртіппен қылмыстық және азаматтық істер бойынша шағымдар мен наразылықтарға байланысты негізгі буын соттары қараған істерді қарайды.
Бұл соттар қадағалау инстанциясы ретінде заңды күшіне енген сот қаулыларының зандылығы мен негізділігін тексереді, жаңа ашылған жағдаяттар бойынша істерді қайта қарайды.
Мұнымен қоса, орта буын соттары сот статистикасын жүргізеді және талдайды, сот практикасын зерттейді, қорытындылайды, өзіне заңмен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Орта буын соттарын Әділет министрінің ұсынымы бойынша Республика Президенті құрады және таратады.
Соттардың сандық құрамын тиісті соттың сот жұмыстарының ауқымы мен сыйпатын, халықтың санын және отырып жасаған ұсынымы бойынша Әділет министрі белгілейді. Орта буын соттары төрағадан, сот алқасы төрағаларынан және тұрақты судьялардан құралады. Сот президиумы, қылмыстық, азаматтық және шаруашылық істері бойынша сот алқалары осы соттардың органдары болып саналады (әскерлердің әскери сотында шаруашылық істері бойынша сот алқалары болмайды).
Сот алқаларын олардың төрағалары басқарады. Алқа кұрамын тиісті соттың судьяларынан төраға бекітеді.
Сoт алқалары бірінші инстанция бойынша апелляциялық, кассациялық және жаңа ашылған істерді карайды.
Сот мүшелерінің жалпы санының көпшілік және жасырын даусымен жыл сайын сайланатын орта буынның сот президиумы сот төрағасынан және тұрақты төрт судьядан тұрады.
Cот президиумы шағымдар мен наразылықтар, сондай-ақ жаңа ашылған жағдайлар бойынша қадағалау тәртібімен істер қарайды.
Орта буынның сот төрағасы судья болып есептеледі және соттың жұмысын ұйымдастырады.
Орта буын соттарының аппараттары негізгі буын соттарының аппараттарына ұқсас.
Жоғаргы сот — сот жүйесінің жоғары буыны болып табылады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және өзге де сот ісін жүргізудің Жоғары сот органы болып табылады. Ол бірінші, кассациялық және қадағалау инстанциясының соты ретінде іс жүргізеді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда жаңа ашылуына байланысты қылмыстық істерді қарайды.
Жоғарғы сот төрағадан, сот алқалары төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.
Жоғарғы Соттың органдары:
пленум;
президиум;
қылмыстық, азаматтық, шаруашылық істері бойынша сот алқалары, әскери сот алқасы.
Жоғарғы Соттың пленумы Төраға, соталқаларының төрағалары, Жоғарғы сот судьялары құрамында қызмет етеді.
Ол:
1) соттардың заңдарды және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді қолдану практикасын зерттеу мен жинақтау материалдарын қарайды және сот практикасы мәселелері бойынша түсініктеме беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;
2) сот статистикасы сараптамасының материалдарын қарайды;
3) Конституцияға сәйкес мемлекетке опасыздық жасағаны туралы Президентке тағылған айыптың негізділігі жөнінде тұжырым береді;
4) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы бойынша Жоғарғы Сот пленумының хатшыларын, ғылыми-консультативтік кеңестің құрамын сайлайды;
5) Жоғарғы Сот тәртіптік алқасының мүшелерін сайлайды;
6) Жоғарғы Сот президиумының мүшелерін сайлайды;
7) Жоғарғы Сот төралқасының үкімдеріне кассациялық немесе қадағалау шағымдарын қараған кезде қабылданған президиум қаулыларына қадағалау шағымы және наразылығы бойынша қылмыстық істер қарайды;
8) өзіне заңмен берілген өзге де өкілеттіктерді іске асырады.
Жоғарғы Соттың Президиумы төрағадан және тұрақты сегіз судьядан тұрады, оларды жыл сайын Жоғарғы Сот Пленумының мүшелері жасырын дауыс беру арқылы жалпы мүшелердің көшпілік даусымен сайлайды. Мәжіліс кезінде айына бір рет өткізіледі.
Жоғарғы Соттың сот алқалары Жоғарғы Соттың судьяларынан тұрады. Олардың құрамын Жоғарғы Соттың Төрағасы бекітеді. Алқа төрағаларын Республика Жоғарғы Соты Кеңесінің кепілдемесі негізінде Президент ұсынымы бойынша Сенат сайлайды.
Жоғарғы Соттың сот алқалары бірінші инстанция соты ретінде азаматтық, шаруашылық және басқа да аса маңызды немесе өз қалаулары бойынша немесе Бас прокурордың бастамасы бойынша қолға алынған ерекше күрделі істерді қарайды және шешеді. Сонымен қоса, олар мемлекеттің жоғары лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық істерді карайды.
Жоғарғы Соттың сот алқалары бірінші инстанция бойынша шығарылған облыстық және оған теңестірілген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдері мен шешімдеріне кассациялык, шағымдар мен наразылықтар бойынша істер қарайды.
Олар қадағалау ретінде облыстық және оған теңестірілген соттардың бірінші инстанция бойынша және апелляция ретінде қаралған істері бойынша қабылданған әрі заңды күшіне енген актілеріне шағымдар мен наразылықтар бойынша, сондай-ақ облыстық және оған теңестірілген соттар президиумдарының қаулыларына қадағалау шағымдары мен наразылықтары бойынша істер қарайды.
Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес құрылады, ол сот практикасының, Жоғарғы Сот Пленумы нормативтік қаулылары жобасының және өзге де кұжаттардың практикасын зерттеу мен жинақтауға байланысты материалдарды дайындауды камтамасыз етуге арналған кеңесші орган болып есептеледі.
Жоғарғы Соттың өз аппараты бар, ол консультанттарды, инспекторларды, сот алқаларының хатшыларын қамтитын бөлімдерден тұрады.
СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСІ
Судьялар Казақстан Республикасында сот билігін жүзеге асырушылар болып табылады. Оларға конституциялық тәртіппен сот төрелігін атқару жөнінде кең өкілеттіктер берілген.
Судьялардың қызметі билік өкілеттіктерін іске асырумен байланысты болғандықтан, ол лауазым кандидаттарына жоғары талаптар қойылады. Мәселен, заң бойынша аудандық (қалалық) сотқа тек мыналар ғана судья бола алады:
Казақстан Республикасының азаматтары;
атына кір келтірмеген, беделді азаматтар;
25 жасқа толғандар;
заңгерлік жоғары білімі барлар;
заңгерлік мамандығы бойынша кемінде 2 жылдық стажы барлар;
біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырғаңдар және әділет біліктілік алқасының ұсынымын алғандар.
Бұған қоса, мыналар жоғары тұрған соттың судьялары бола алады.
Мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар, оның екі жылын, әдеттегідей, әділет, прокуратура, анықтау және тергеу органдарында судья болып істеген заңгер;
біліктілік емтиханын тапсырған және Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынымын алғандар.
Әскери соттың судьясы, сонымен катар, әскери қызметкер болуға тиіс.
Жас мөлшері Конституцияға сәйкес белгіленеді және
60 жастан аспауы керек. Ерекше жағдайларда бұл мерзім 5 жылдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.
Жоғарғы Соттың, сот алқаларының төрағаларын және Жоғары Сот судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінін кепілдемесі бойынша республика Президенті кызметке тағайындайды. Сот учаскелерінің және басқа соттардың төрағаларын, аға судьялары мен судьяларын әділет біліктілік алқасынын кепілдемесіне негізделген әділет министрінің ұсынуы бойынша республика Президенті қызметке тағайындайды. Барлық соттардың және сот алқаларының төрағалары 5 жылға сайланады және тағайындалады.
Заң судьялар үшін белгілі бір шектеулер белгілейді. Мәселен, олардың мыналарға құқығы жоқ:
депутат болуға;
ғылыми-оқытушылық немесе өзге де шығармашылық қызметтерді есептемегенде, басқа ақылы қызмет атқаруға;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
коммерциялық ұйымдардың басшы органынын немесе бакылау кеңесінің құрамына енуге;
партия, кәсіптік одақтар мүшесі болуға;
қандай да бір саяси партияны қолдауға немесе оған карсы шығуға.
Судьяның өкілеттігін тоқтата тұруды, оны қызметтен босатуды және тәртіптік жауапқа тартуды заң толық реттейді. Мұндайда баламалық қарастырылмайды. Осыған орай, әртүрлі оқуға және өзінше түсіндіруге жол бермеу мақсатында, бұл үшін қарастырылған барлық негіздер барынша айқын дәйектелген. Нормаларды рәсімеудегі мұндай көзқарас судьялардың тәуелсіздік кепілдігін күшейте түседі. Мәселен, «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Жарлықтың 46-бабына сәйкес, мына жағдайларда судъялардың өкілеттігі тоқтатыла тұрады:
1) қылмыс жасаған жерінде қолға түскен немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда, судьяны күзетпен ұстауға немесе оны қылмыстық жауапқа тартуға немесе тұтқынға алуға келісім берілгенде;
2) судья соттың шешімі бойынша медициналық сыйпаттағы мәжбүрлеу шараларына ұйғарылған немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылғанда;
3) судья сот шешімі бойынша үшті-күйлі жоғалды деп танылғанда;
4) судья депутаттыққа кандидат болып тіркелгенде.
Судья қызметінен босатылады (Жарлықтың 47-бабы):
1)өзқалауы бойынша
2) денсаулығына байланысты;
3) қызметте болудың ақтық жасына жетуіне байланысты;
4) қайтыс болуына байланысты;
5) атқаратын қызметіне сәйкес келмеуіне немесе Жоғарғы Сот Кеңесінің немесе Әділет біліктік алқасының Ұйғарымы бойынша судья қызметімен сыйыспайтын кәсіппен айналысқан деп танылғанда;
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мемлекет және құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы – 2001
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ