Сталинград шайқасы

0
1881
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.
Мазмұны:
1. Сталинград шайқасы……………………………………….2
2. Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссаронович……5
3. Қолданылған әдебиет………………………………………8
«1»
Сталинград шайқасы.
Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес – герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экон. маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23 – інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді.
Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару – жарақтардың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62 (қолбасшысы – генерал – лейтенант В.И.Чуйков) және 64 (қолбасшысы – генерал – мойор М.С.Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қоршауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1945 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбііне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды.
Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал – полковник А.М.Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г.К.Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солтүстік жағынан ғана емес, оңтүстік тұстан да басып кірді. Неміс – фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері біршама шығынға ұшырағанына қарамастан, 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15 – іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны
«2»
соншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді. 28 қыркүйекте Сталинград майданы – Дон (қолбасшысы генерал — лейтенатнт К.К.Рокоссовский) және Оңтүстік – Шығыс майданы (қолбасшысы генерал – полковник А.М.Еменко) болып бөлінді. Сталинградтықтар ерлікпен күресті. Кеңес әскерлерінің стратегиялық қорғаныс операциялары барысында 1942 жылы шілде мен қараша аралығында жау 700 мыңдай адамынан, 1 мыңнан аса танкісінен, 2 мыңнан аса зеңбірегі мен минометінен, 1400 әскери және тасымал ұшақтарынан айрылды. Нәтижесінде жаудың бұл бағыттағы шабуылы тоқтатылды.
Кеңес әскерлерінің Сталинград түбіндегі қарсы шабуылы 1942 жылы 19 қарашада басталды. Ол үш операциямен іске асырылды: «Уран» — Сталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу; «Кіші Сатурн» — Сталинградта қоршауға түскен неміс әскерлеріне батыстан және оңтүстіктен келетін көмектің жолын кесіп тастау; «Шеңбер» — Сталинградта қоршауға түскен фельдмаршал Ф.Паулюстің армиясын талқандау. Бұл міндеттерді іске асыру Оңтүстік – Батыс майдан (қолбасшысы генерал – лейтенант Рокоссовский) және Сталинград майданы (қолбасшысы генерал – полковник Еременко) әскерлеріне тапсырылды. Шабуылдың бесінші күнінде Оңтүстік – Батыс және Сталинград майдандарының алдыңғы шептегі бөлімдері қосылды.
Неміс әскерлерінің 300 мыңнан астам елеулі тобы қоршауда қалды. Қоршауға түскен әскерлерді сырттан соққы беру арқылы одан босатуға ұмтылған гитлерлік командование генерал – фельдмаршал Э.Манштейннің басшылығымен «Дон» армиясы тобын құрды, ол Сталинград тобына бұзып өтуді бастады. Манштейнге қарсы Ставка генерал – мойор Р.Я.Млиновскийдің 2 – гвардия армиясын бұрды. Оңтүстік – Батыс және Сталинград майдандарының ойдағыдай әрекет жасауы нәтижесінде 6 және 4 – неміс тан армиясы, 3 және 4 – румын, 8 – итальян армиялары талқандалды. Солтүстік Кавказда әрекет етуші неміс – фашист әскерлерінің тылына, Ростовқа шабуыл жасауға жағдай туды. 1943 жылы 10 қаңтарда Рокоссовскийдің қолбасшылығымен кеңес әскерлері дұшпанның Сталинград түбінде қоршауда қалған тобын жоюға кірісті. Қоршауда қалғандарға үздіксіз қызмет
«3»
ететін әуе көпірін ұйымдастырмақ болған әрекеттерін кеңес авиациясы іске асырмай тастады. 1943 жылы 2 ақпанда генерал – фельдмаршал Паулюс қалған әскерімен тұтқынға алынды. Осы зор шайқас 200 күн мен түнге созылды. Жау өлгені, жараланғаны, тұтқындалғаны, хабарсыз кеткендері бар 1,5 млн. – ға жуық солдат пен офицерінен, ал Қызыл Армия 1 млн. 130 мыңға жуық адамынан айрылды. Оған қоса фашистер 32 – дивизиясынан және 3 – бригадасынан айрылып, 16 – дивизиясы соққыға ұшырады.
Сталинград шайқасы екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыстың басталуына негіз жасады. Неміс – фашист әскерлерінің Сталинград түбіндегі жеңілісі неміс халқына моральдық – саяси жағынан қатты әсер етті. Германия одақтастарының шығыс майданда соғысқа деген ықыласы болмады. Сталинград түбінде Венгрия, Италия және Румыния әскерлерінің жойылуы бұларға қатты әсер етті. Италия мен Венгрия соғыстан шығу жолдарын жоспарлады. Түркия бейтараптығын сақтап қалды. 1942 – 43 жылдары антигитлерлік коалицияның құрамы өсіп, жау басып алған елдерде Қарсыласу қозғалысы күшейді.
Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды. Батыс Қазақстан станциялары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына таратылды. 1942 жылы 1 қыркүйекте Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 15 қыркүйекте облыстың мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді. Сталинград майданы әскери кеңесінің нұсқауы бойынша 1942 жылы 16 қазанда Орал майдан өңіріне, ал 10 күннен кейін КСРО ХКК – нің арнаулы қаулысымен әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді. Чапаев, Умаков, Тайпақ, Зеленов аудандарында 10 әуежай салынды.
Ақтөбе облысының Байғанин, Жұрын, Шалқар, Ключев аудандарында қорғаныс құрылыстары іске қосылды. Сталинград түбінде қарсы шабуылды әзірлеу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 км ішкері орналасты. Сайхан, Жәнібек және Шұңғай станцияларында авиация бөлімдерінен басқа 1 – танк армиясы мен 57 – армияның қоймалары орналасты. Орал қаласында ірі әскери – оперативтік байланыс торабы құрылды. Атыраудан бастап, Жайық өзенін
«4»
бойлай Сталинградтан әкелінген «Волготанкер» кемелері, Каспий және Еділ флотилияларының әскери катерлері жүзіп жүрді. Жау Қазақстан аспанында 30 – ға жуық ұшағынан айрылды. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 72 және 73 – гв. атқыштар дивизиялары, 292 және 387 – атқыштар дивизиялары, 81 – атты әскери дивизиясы, 74 – теңіз атқыштар бригадасы, 129 – миномет полкі және 156 – жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. Даңқты 62 – армиясының құрамында 4 мыңға жуық қазақ болды. 64 – армиясы құрамында болған қазақстандық 29, 38 – атқыштар дивизиясы Сталинград шайқасында көрсеткен табандылығы мен қаһармандығы үшін 72, 73 гв. атқыштар дивизиясы атанды, 73 – гв. атқыштар дивизиясына «Сталинградтық» құрмаетті атағы қоса берілді.
1942 жылы 22 желтоқсанда «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі тағайындалып, онымен 750 мың солдат пен офицер марапатталды. 112 адамға Қеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның төртеуі Қазақстандық – ұшқыш Н.Әбдіров, полк командирі Т.С.Позолотин, взвод командирі Г.Г.Рамаев және минометші Қ.Сыпатаев. 1945 жылы 1 мамырда Сталинград (қазіргі Волгоград) қаһарман қала атағына ие болды. Сталинград шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963 – 1967 жылдары Мамай қорғанында мемориалды кешен салынып, 1982 жылы «Сталинград шайақасы» музей – панорамасы ашылды.
СТАЛИН.
Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссаронович (09.12.1879 Гори қаласы, қазіргі Грузия Республикасы – 05.03.1953, Мәскеу қаласы) – саяси қайраткер, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы (1922 – 53 жж), Кеңес Одағының маршалы (1943), Кеңес Одағының генералиссимусы (1945). 1894 жылы Тибилиссидегі провославиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, «Месамедаси» (үшінші топ) атты грузин социал – демократиялық ұйымына мүше болып кірді. 1899 жылы саяси қызметі үшін
«5»
семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті. 1901 жылы РСДЖП – ға мүшелікке өтті. «Коба» деген лақап атты иемденді. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП – ның ОК – не мүшелікке сайланды. 1912 – 13 жылдары Санкт – Петербургте жұмыс істей жріп, «Звезда» және «Правда» газеттерінің жұмысына белсене ат салысты. Осы кезде «Марксизм және ұлт мәселесі» деген еңбегін жазды. 1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін оралып, РСДЖП – ның ОК бюросының құрамына және «Правда» редакциясына енді.
Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүргізеге ат салысты. Кеңестердің бүкілресейлік 2 – съезінде (08.11.1917) Ұлт істері халкомы (1917 – 22) ретінде алғашқы кеңес өкіметінің құрамына сайланды. 1919 – 22 жылдары Мемлекеттік бақылау халкомы міндетін қоса атқарды. Азамат соғысы (1918 – 20) кезінде Оңтүстік, Батыс және Оңтүстік – Батыс майдандарының рев. әскери комитетінің мүшесі болды. 1922 жылы сәуірде РК(б)П ОК Пленумы Сталинді ОК – нің Бас хатшысы етіп сайлады. КСРО – ны құруға белсене қатысты. Алғашқы кезде «автономияландыру» (бүкіл республикалардың РКФСР – ге автономия құқығына енуі) жобасын ұсынды. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына тапсыртуға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты.
Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1 – съезіне (1922 жыл желтоқсан) жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б)П – ның 13 – съезі (1924 жыл мамыр) Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды. Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын коллективтендіру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды. Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылық туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістетуіне алып келді. Сталин елде қуғын – сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін «халық жауы» ретінде қуғындауды күшейтті. «Халық жауы» жазасын өтейтін лагерлердің санын
«6»
арттырды (қ. ГУЛАГ). Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремельге тәуелді етті. Ол гитлерлік Германияның КСРО – ға соғыс ашу мерзімін бағалауда қателік жіберді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында КСРО Қорғаныс халкомы, КСРО Қарулы Күштерінің Жоғ. Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Кеңес Одағының басшысы ретінде үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының Тегеран (1943), Қырым (1945) және Потсдам (1945) конференцияларына қатысты. Соғыстан кейінгі кезеңде жеке басқа табыну қарқыны онан әрі өрістеді.
Сыртқы саясат саласында Батыс елдерімен ымыраға келуден бас тартып, қырғи қабақ соғыстың басталуына ықпал етті. Оның жаппай қырып – жою қаруын жасау мақсатының нәтижесінде Семей полигоны дүниеге келді. КОКП – ның 1956 жылы өткен 20 – съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты сынға алды. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет «Жеңіс» орденімен, Соц. Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған. Мәскеудегі қызыл алаңға жерленген.
«7»
Қолданылған әдебиет:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы (Алматы, 2006 жыл)
(Такер Р. «Сталин, Путь к власти» 1997; Громов Е. «Сталин, Искусство и власть» 2004; Карпов В. «Генералиссимус» книга 1 – 2, Калининград 2004; Жуков Ю. «Сталин, Тайны власти» 2005; его же, «Йной Сталин» 2005; (С.Тортаев))
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ