«Құстар -қанатты достар»

0
3379

 

Экологиялық айлығы аясында

8-10 сыныптар арасында өткен

Көңілді тапқырлар клубы ойыны

Тақырыбы:

«Құстар -қанатты достар»

 

Мектепішілік Экологиялық айлығының өтілуіне орай ұйымдастырылып отырған «Құстар -қанатты достар» атты көңілді тапқырлар клубы ойының жоспары

Мақсаты: 1. Қазақстанда мекендейтін құстар туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
2. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.

  1. Адамгершілікке, жанашырлыққа, құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Барысы:                                                                                         

«Көбелектер»  биі

1 жүргізуші:

Қайырлы кеш құрметті әзіл сұйер қауым. Экологиялық айлық аясында өтетін «Құстар- қанатты достар» атты көңілді тапқырлар клубы ойынына қош келдіңіздер!

1-сәуірде Әлем бойынша дәстүрлі түрде құстар күні тойланады. Бұл күннің шығу тарихы ХХ ғасырдан басталды. 1902 жылы Парижде оншақты мемлекет қол қойған «Халықаралық ауыл шаруашылығында маңызы бар құстарды қорғау конвенциясы»-құрылды. 1905 жылы 12-желтоқсанда күшіне еніп, 1906 жылы тойлап бастады.

 

2 жүргізуші:

В настоящее время Международный день птиц  проходит в рамках биологической программы ЮНЕСКО «Человек и биосфера» во многих странах мира.

Если исчезнут птицы, то может наступить экологическая катастрофа – об этом предупреждают орнитологи. Она может привести к непредсказуемым последствиям для человека. Ученые считают, что истребление может нанести ущерб биологическому разнообразию. В настоящее время всем экологам, специалистам или просто любителям природы необходимо помогать птицам.

 

Доброе дерево, старые ветви.
В листьях запутались шумные ветры.
Скольких птенцов под густою листвою
Ты укрывало от стужи и зноя!

Старые ветви ночами не спали,
Чтобы на землю птенцы не упали,
Чтобы им с дерева, словно с порога,
В синее небо открылась дорога.

Лето промчится, и перед зимою
Дерево птицам помашет листвою.
Будет потом ему сниться и сниться,
Как по весне возвращаются птицы.

Их не пугают опасные кручи,
Белые молнии, чёрные тучи.
Птицы на родину мчатся уверенно,
Зная, что помнит их доброе дерево.

 

1 жүргізуші:

Қазақстанның биоәртүрліліктерін сақтау ассоциациясы (ҚБСА) мен Қазақстанның құстарды қорғау одағы бірлесіп, жыл сайын өткізілетін жыл құсын таңдау ұйымы Қазақстанның орнитологтарымен, экологиялық топтарымен және өзге қызығушылық танытатын тұлғаларымен кезекті сауалнамалар жүргізді. Бұл сауалнама нәтижесінде 2018 жылы «Жыл құсы» болып «Шұбар тоқылдақ» аталды.

 

2 жүргізуші:

Үлкен шұбар тоқылдақ Еуразияның қылқанды және жапырақты ормандарында қоныстанады. Қазақстанда орманды дала зонсында және шығыс және оңтүстік – шығыстың таулы ормандары бойынша Іле Алатауына дейін кездеседі.

Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Сондықтан да халык “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды.

Айта кетейік, жыл құсын таңдау шарасы – жойылып бара жатқан құстарға адамдардың назарын аудару, сол арқылы сақтап қалу. Ол жыл сайын таңдалады

 

1 жүргізуші:

Халық ежелден –ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз, ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу  арқылы ықыласын білдіріп отырады

Көктем келді, сұлу қыздай жаз келді,
Күміс қанат үйрек келді, қаз келді.
Май шуағы, жан шуағы бір шуақ,
Жырла ақын, жырлар шаттық аз ба еді.

 

Халықаралық құстар күніне арнап бүгін біздің мектепте  «Құстар -қанатты достар» атты көңілді тапқырлар клубы ойыны өтпек.
Бұл  экологиялық шараны  бастауға сөз ең танымал КТК ойын ұйымдастырушы Т.С. Смагуловқа беріледі.

 

(КТК музыкасы ойналады)

Жүргізуші (Т.С.Смагулов):

Қайырлы кеш құметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер және кеш қонақтары! Мектепішілік Экологиялық айлығының өтілуіне орай ұйымдастырылып отырған «Құстар -қанатты достар» атты көңілді тапқырлар клубы ойынын бастауға рұқсат етіңіздер!

(КТК музыкасы ойналады)

Жүргізуші:—    Өмірді шаттандырып, нұрландырған бұл әзіл,

Риза қылып кәрі-жасты, бала қылған бұл әзіл.

Келіп тұрған ойыншылары КТК-ның ортамызға,

Сыйласын жақсы көңіл, тәтті ән мен сәтті әзіл.

Жүргізуші:

Біздің іс-шара басталмас алдын жеребе тасталып әр команда өз реттік номірлерін таңдап алған болатын. Ойынға 3 команда қатысады.

Күлкі – денсаулық азығы демекші  көңілді тапқырларымызды реттік номірлерімен қошеметпен ортаға шақырайық.

1 команда  «Сасық қоңыз»

2 команда « Swallow»

3 команда «Энгри бердс»

КТК командаларын қошеметпен қарсы алыңыздар.

-Бүгінгі ойыншыларымыздың әзілдерін, КТК ойындарын бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

Сонымен әділ қазылар алқасы:

 

Алтай орманшылығының орман қорғау инженері- Нуқсиев Нурлыбек Жумабаевич

Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бастығының міндетін атқарушы- Сарсекова Асель Мырзахметовна

Мектептің тәлімгері: Б.Ж.Маханбердиева

Мінеки ойыншылар әділ қазылармен таныс болдық. Енді дәстүр бойынша ойынның шарттарымен таныстырып кетейік.

—         Бірінші кезең – топтың Сәлемдесуі 5 минут

—         Екінші кезең –«Ширату»    7 минут

—         Үшінші кезең – «Биатлон» 10 минут

 

Ендеше, бұл әділ де қатал, қазылар алқасына, көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер сыйлауларыңа тілектеспіз. Сіздерге сәттілік!

Жүргізуші:

Сонымен 1 кезең – «Сәлемдесу».

Көрермендер сахнаға

Қолды соғып қараймыз

Сахнамыздың төріне

Мұқият назар аударамыз – деп сахна төріне  «Сасық  қоңыз» КВН командасын шақырамыз.

……….« Swallow» командасын ортаға шақырамыз

.. ……..»Энгри бердс» командасын сахнаға шақырамыз

Жүргізуші:— Мінеки бірінші кезең аяқталды.Енді әділ қазылар ойыншыларға  өз бағасын берсін. Жоғарғы ұпай 5 ұпай. Бірінші болып бастаған:

«Сасық  қоңыз» квн командасы……    ұпай

« Swallow»  командасы…….ұпай

«Энгри бердс»  командасы……ұпай

Жүpгізуші:

-Ойынымыздың келесі кезегі “Ширату” сайысы. Ендеше ортаға барлық командаларды шақырайық. Ойынның шарты бойынша әр айналымда командалар 2 әзіл — жаңалықтан оқиды. Әзіл жаңалықтары әділ-қазы мүшелерінің көңілінен шықпаған топ сахна сыртына шығады. Егер командалардың жаңалықтары бір деңгейде болатын жағдайда әділ-қазы мүшелерінің шешімі бойынша командалар қосымша 1 жаңалық оқыса болады. Егер 2-ші кезеңіміздің шарты түсінікті болса, бастасаңыздар болады. Іске сәт.

1 команда  «Сасық қоңыз» командасын шақырамыз

2 команда « Swallow» командасын шақырамыз

3 команда «Энгри бердс» командасын сахнаға шақырамыз

Жүргізуші: Мінеки екінші кезең аяқталды, енді әділ қазыларымыздың екінші кезеңге берген ұпай сандарын көрейік.

Ойынымыздың үшінші кезеңі «Биатлон» сайысы. 10 минут

Көрерменге әзіл сыйлай  білген топтардың бағасын тамашалайық. Әділ – қазы алқалары кезек өздеріңізде.

Жүргізуші: Әділқазылар қорытынды бағаларын шығарғанша сахнаға 10Б сынып оқушысын  Тортавул Наильді «Живет повсюду красота» атты әнімен ортаға  шақырамыз.

Жүргізуші:  -Ойын ойнаған тозар,

Асық ойнаған азар.

Бәрінен де әзіл айтып,

КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ортаға барлық командаларды шақырайық. Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Қорытынды құттықтау сөзі Алтай орманшылығының филиалының директоры Қасымов Ерік Тұрсынхановичке беріледі

1 жүргізуші (Мөлдір):

Бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын көрермен!

2 жүргізуші (Нурали):

Осымен құстар күніне  арналған  «Құстар – қанатты достар» атты экологиялық КТК ойыны аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.  Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

Шығыс Қазақстан облысы. Катонкарағай ауданы. Катонқарағай ауылы.

«Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ

Өткізген: «Мұзтау» экологиялық клубының жетекшісі: Рамазанова Гульжан Акылбековна

2018-2019 оқу жылы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ