Ұстаз Сәкен Қабыловтың шығармашылығы

1
1860

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген аталы сөзіміз бар. Ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген мейірбан жандарымыздың қатарында ақын жанды ұстаздарымыз да аз емес. Соның бірі Қызылорда облысы, Қазалы ауданының шағын ғана Кәукей ауылының ұстазы Сәкен Қабылов. Сәкен «Жүректің сөзін сөйле, тіл!» өлең жинағының авторы  және әр түрлі деңгейдегі жыр- мүшайралардың жеңімпазы. Шәкірттері де бәйгеден құр қайтқан емес.

\r\n

Назарларыңызға ақын шығармашылығын ұсынсақ. Алдағы уақыттарда бұл іс жалғасын табады.

\r\n

Өшпес ерлік – елге мұра    

\r\n

 Мен соғысты көргем жоқ, майданды да,

\r\n

Оққа ұшып құшағын жайғанды да.

\r\n

Шинеліне орап ап жауынгерді,

\r\n

Қабіріне апарып қойғанды да.

\r\n

 

\r\n

Қан кешкенде майданда бабаларым,

\r\n

«Қан көрмесін ұрпағым — балаларым»

\r\n

Тілек еткен ұрысқа түсіп талай,

\r\n

Таңып алып қан-жоса жараларын.

\r\n

 

\r\n

Еске алып туған жер, ана, жарын,

\r\n

Биік ұстап абырой, намыс, арын.

\r\n

Отан үшін аянбай соғысты олар,

\r\n

Кеудесінен ұрса да отты жалын.

\r\n

 

\r\n

Бөгде елдің қырқа мен бұйратын да,

\r\n

Ұрыс салды, мерт болды — жаны пида.

\r\n

Есіл ерлер сүйегі қалды солай

\r\n

«Мәңгілік бауырластар» зиратында.

\r\n

 

\r\n

Қабіріне гүл шоғы қойылмаған,

\r\n

Қара тасқа есімі ойылмаған.

\r\n

Белгісіз есіл ерлер қалды қанша,

\r\n

Туған жерден топырақ бұйырмаған.

\r\n

 

\r\n

Менде бар зұлымдыққа айтар арман,

\r\n

Боздақтардың құнын бер, қайтар маған.

\r\n

Кешегі бабалардың ұрпағымын,

\r\n

Ешбір жауды аман-сау қайтармаған.

\r\n

 

\r\n

Жүректерге қағылған сына болып,

\r\n

Көңілдерді ортайтқан сұрақ болып.

\r\n

Сол жылдардың дегенмен өтеуіндей,

\r\n

Өшпес ерлік қалды елге мұра болып.

\r\n

 

\r\n

Жетті осылай қастерлі Ұлы  Жеңіс,

\r\n

Бейбітшілік орнатып елге тегіс.

\r\n

Ерлігімен ерлердің келген бақыт,

\r\n

Берекеге айналды болып теңіз.

\r\n

 

\r\n

Туған  өлкем

\r\n

Табиғат – туған  өлкем  тұнған  сырға,

\r\n

Кең  әлем  шұғылалы  шомған  нұрға.

\r\n

Сұлулық  жан-жағымда  көзді  арбайды,

\r\n

Тіл  жетпес  нақ  бір   арқау  болған  жырға.

\r\n

 

\r\n

Көзге  ыстық  құм  төбенің  жоталары,

\r\n

Сыр  шертер  сексеуіл  мен  бұталары.

\r\n

Желкілдеп  өркештері асыр  салар,

\r\n

Ойнақтап  малды  ауылдың  боталары.

\r\n

 

\r\n

Аңқыған  жусан  иісі  самал  тербеп,

\r\n

Қызғалдақ  қырға  біткен  ғажап  өрнек.

\r\n

Айдынға  аққу  қонса  мөлдір,  кәусар,

\r\n

Жарасқан  жарасымды  ажар,  келбет.

\r\n

 

\r\n

Қашаймын  жырдан  мүсін  Жер – анама,

\r\n

Шабыт  бер,  қанатты  ойлар  бер  балаңа.

\r\n

Белгісі  махаббаттың  қанға  бөккен,

\r\n

«Сараман»  әр  беріп  тұр  кең  далама.

\r\n

 

\r\n

Табиғат – туған өлкем,  жаннат  бағым,

\r\n

Арайлы  атқан  күліп  абат  таңым.

\r\n

Жырласам  өз  елімді  айып  емес,

\r\n

Арлы  өлең – шырқар  көкке қанаттарым.

\r\n

 

\r\n

Ауасы  туған  жердің  шипа  жанға,

\r\n

Нәр  берер  жүректегі  құйған  қанға.

\r\n

Аялы  алақаны  дәруі  мол,

\r\n

Жазылар  жан  жарасы  сипағанда.

\r\n

 

\r\n

Құстар  кеп  қиқу  салар көктемеде,

\r\n

Қыран  құс  қалықтайды – көкте  кеме,

\r\n

Бұл  жерге  жер  жетпейді  жер  бетінен,

\r\n

Тумасаң  бұл  өлкеде  өкпелеме.

\r\n

сараман

\r\n

 

\r\n

Сараман сыры

\r\n

Ішке бүгіп құпиясын, сырларын,

\r\n

Томсарумен жатыр белес, қырларым.

\r\n

Сараман тұр сан ғасырлар куәсі,

\r\n

Талай ақын жазып өткен жырларын.

\r\n

 

\r\n

Бірақ әлі шешілмеген жұмбақ бұл,

\r\n

Жердің бетін жамандықтан қорғап тұр.

\r\n

Қасиетті, киелі де қастерлі,

\r\n

Сондықтан да адамзатқа қымбат бұл.

\r\n

 

\r\n

Қасқиып тұр қара нардай алыбым,

\r\n

Сырға толы тұла бойы, жаны — мұң.

\r\n

Жабырқаған сәттерімде сырласып,

\r\n

Төгіп шерді, жігерімді жаныдым.

\r\n

 

\r\n

Сараман тұр сан ғасырлар айғағы,

\r\n

Туған жердің жауға ұстанған айбары.

\r\n

Ақын болып туған ұрпақ шын болсам,

\r\n

Арналады асыл сөздің қаймағы.

\r\n

 

\r\n

Сараманым — дара шыңым, дарасың,

\r\n

Сар далама болып тұрған жарасым.

\r\n

Сан ғасырлық шежіре бар бойыңда,

\r\n

Аманат боп ұрпақтарға барасың.

\r\n

 

\r\n

Сырыңды ешкім шерте алмайды тап басып,

\r\n

Дерегіңді айта алмайды нақ ашып.

\r\n

«Тұрғызылған ескерткіш, — дер көне көз,-

\r\n

Екі жасқа құрбан болған боп ғашық».

\r\n

 

\r\n

Солай, солай дейді аңыздың жетегі,

\r\n

Естігенде жаның дір-дір етеді.

\r\n

Бұдан ХІ ғасыр астам шамасы,

\r\n

Қанға бөккен бұл төбенің етегі.

\r\n

 

\r\n

Солай, солай дейді аңыздың жетегі,

\r\n

Түршігеді, жаның дір-дір етеді.

\r\n

Қос ғашыққа пышақ ұрған төбені,

\r\n

Содан кейін көргің келмей кетеді.

\r\n

 

\r\n

Бірақ, бірақ!

\r\n

Қос ғашыққа белгі болған Сараман,

\r\n

Сан ғасырдан келе жатыр дін аман.

\r\n

Жас ғашықтар тәу етеді күн сайын,

\r\n

Жүрегінде сезімі от боп тараған.

\r\n

 

\r\n

Автор: Қабылов Сәкен

\r\n


ПІКІР ҚАЛДЫРУ