Стресс жайлы

0
2250
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Стресс

Эмоциялық стрестің жалпы даму заңдылықтары физикалық, химиялық ауыртпалықтармен ұқсас болып келеді. Шамалы жан-дүниелік ауыртпалықтар адамның кейбір жағдайларға адаптациясын (икемделуін, бейімделуін) туындатса, (мысалы, олардың әсерінен жаңа пәндерді игеруі арқылы оқушылардың еске сақтау қабілеті артады, әртістер жан-тәнімен өздері сомдаған кейіпкерлері бейнесін көрермендерге жеткізеді, кәсіпкерлер нарыққа бейімделеді, т.с.с), шектен тыс ауыртпалықтар көптеген дерттердің дамуына себепкер болады. сондықтан да қазіргі уақытта тым ауырлап бара жатқан жан-дүниелік ауыртпалықтардың ауру туындататын ықпалы адаптациялық бейімділіктен басым болып отыр.

Адам денсаулығы туралы ерекше зерттеулер жүргізген Өтейбойдақ бабамыз «атпалы ұшық» жүрек пен мидың сырқаттарын туындатады деп түсінген. Бірақ, ол кезде дерттердің аңғарымдық мүмкіншіліктері қазіргіден төмен болғандықтан, жан-дүниелік ауыртпалықтардан дамитын дерттердің көріністерін тек соңғы сатыларында, адамның ақыл-есінен айырылғанда ғана байқағанын зерттеушінің мына сөйлемінен түсінеміз: «Серейлік ықпалдар ұшықтық тек адамзатты сезгір ой, сезімтал көңіл, теңіздей толғамдық естік жалғамның тоғалылығының бұзылуына ғана көз көргелік бермек». Бұл сөйлемнен біз жан дүниелік ауыртпалықтарға әр адам әр түрлі жауап қайтаратынын түсінеміз. Ол ойы олқы, көңілі жарым, көңіл-күйі қатты толқып тұратын адамдарда ақыл-есінің бұзылуына дейін әкелетін дерттер болуы ықтимал дейді. Бұл туралы қазіргі ғылым не дейді?

Эмоциялық ауыртпалықтың әсері адам организмінің дене бітімі мен мінез-құлқының ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ерекшеліктеріне қарай адам организмінің бірнеше конституциялық түрлерін ажыратады. Солардың ішінде бүгінгі күні адамның орталық жүйке жүйесінде (миында) өтетін физиологиялық қозу мен тежелу процестерінің күшіне, олардың өзара бірімен-бірі теңгерілу және ауысу жылдамдығына қарай И.П. Павловтың жіктеуі кең тараған. Осы жіктеу бойынша жоғары жүйке жүйесі әрекеттерінің түрлері:

1-түрі күшті, ұстамды, жігерлі түрімен көрінетін адамдардың еті тірі, қиындықтарға төзімді, өмір қиыншылықтарын икемділікпен шеше білетін болады. Мұндай адамдарды Гиппократтың жіктеуі бойынша сангвиниктер деп атайды.

2 түрі күшті, ұстамды, салмақты түрімен сипатталатын адамдардың мінез-құлқы сабырлы, тым салмақты, байсалды, мінезі ауыр болады. Бұндай адамдар ойына келген істі бітірмей, басқа іске кіріспейді. Олардың миында қозу мен тежелу үрдістерінің орын ауыстыруы баяу болады. бұл адамдарды Гиппократ флегматиктер деп атаған.

3-түрі күшті, ұстамсыз адамдар көп жағдайда алды-артын байқамайтын, тіпті шамасын білмей, артық кетіп қалатын, ашушаң, күйгелек болады. бұл түр Гиппократта хоелриктер делінеді.

4-түрі әлсіз, қиындықтарға төзімсіз, жұрттың айтқанына көнгіш, енжар, уайымшыл адамдар. Мұндай адамдар Гиппократтың жіктеуі бойынша меланхоликтерге жатады. Осыған байланысты эмоциялық ауыртпашылықтарға жоғарылығы 1 және 2-түрлеріндегі адамдар жеңіл түрде икемделсе, 3 және 4- түрлеріндегі адамдар оларға дұрыс икемделе алмайтындықтан артынан дене мүшелерінің көптеген ауруларына ұшырайды.

Ойсоққыға ұшыраған кезде мидың кейбір бөліктерінде белсенділігі көтерілген нерв жасушаларының тобы пайда болады. ол мида ұдайы қозу ошағын туындатады. Бұл қозу ошағы бастапқы кезеңдерде шектеліп, сыртынан тежелу үрдістерімен қоршалады. Артынан қозу үрдісі өз бетінше, ешқандай сырттан әсер болмай-ақ күшейе түсіп, айналасындағы ми орталықтарына тарайды. Осылай белсенділігі көтерілген нерв жасушалары дерттік қозу ошағын туындатып, мидың басқа құрылымдарын жұмылдырып, оларды бір функциялық дерттік жүйеге біріктіреді. Ішкі ағзалар мен дене мүшелерін нервтік реттеу бұзылады.

Ары қарай ешбір сыртқы әсерсіз-ақ организмде дерттік үрдістер туындап немесе ойда бар дерттері өрши түседі. Жан мидың қызметі болғандықтан, жан жараларынан дамитын дене мүшелерінің аурулары психосоматикалық аурулар деп аталады. Оларға жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, тері, нерв, буын аурулары, жандүниелік дерттер, т.б. жатады. Кейде алдында тұрған мәселелерді шеше алмай, тығырыққа тірелуден кейбір адамдар өздеріне-өздері қол жұмсайды. Соңғы кездері психосоматикалық аурулардың жиілеп бара жатқаны байқалады.

Ресей ғалымдарының зерттеуінше, 1941-1945 жылдары екінші әлем соғысында қоршауда қалған Ленинград қаласы тұрғындарының арасында ауыр эмоциялық стрестен аурушаңдық кең етек алғандығы көпшілікке мәлім. Ал соңғы қайта құру жылдарында халық арасында аурушаңдық одан да көбейгені анықталып отыр. Оның себебі неде? Бұл сұраққа ғалымдар қазіргі адамдардың нарық заңдылықтары алдында дәрменсіздігінен, бейшаралығынан, амалсыздығынан, болашаққа сенімі жоғалуынан, ауыр мәселелерді шеше алмай, тығырыққа тірелуден деп жауап қайтарады.

Осы көзқараспен әбден келісуге болады. шынында, соғыс кезіндегі оның жеңіспен аяқталатынына адамдарда үміт болды, олар ертеңгі күнге белгілі бір сеніммен қарады. Қазіргі заманда адамдарды үмітсіздік билеп алған.

Сонымен, жағымсыз ойсоққының әсері: 1. Адамның жоғары жүйке жүйесі әрекеттерінің түрлерінен, 2. өмірден алған тәжірибелерінен, 3. организмнің стресті шектейтін жүйесінің туа біткен жағдайларына байланысты бүліністерге тұрақтылығынан немесе бейімділігінен және 4. ауыртпалық туындатқан ықпалдың күші мен қарқынына байланысты болады. Осы себепті өмірлік тәжірибесі аз жастар жандүниелік ауыртпалықтарға төзімсіз келеді.

Қазіргі өмірде стрестен қашып құтылу мүмкін емес. Ауа-райының күрт ауысуы, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс-керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер…Кей адамдар мұндай стрестерге бейімделген, қандай проблеманы болмасын шыбын шаққан құрлы көрмейді. Екінші біреулер салы суға кетіп, ауруына ауру жамап жатады. Демек, бұл тек көңіл-күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық проблема.

Ағзадағы барлық құбылыс мидың қозуынан басталатыны белгілі. Кез-келген стресс те осылай басталады. Ол алдымен мидың елегінен өтеді. Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе қосылып, бүйрек үсті бездері гормондар бөле бастайды. Осымен бір мезетте вегетативті нерв жүйесі жұмысын бастайды, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стрестегі жағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды.

Қатты стресс дені сау адам үшін зиянсыз түрде тез өтеді. Ал денсаулығы нашар адамдар үшін оның психофизиологиялық әсері қатты сезіледі: көңіл-күй бұзылады, ұйқы нашарлайды, эмоционалды қозу байқалады, жүрек қағысы және дем алу нашарлайды. Әйтсе де, бірақ уақыттан кейін бәрі де қалпына келеді.

Ал хроникалық, яғни созылмалы стресс — ұзаққа созылған келеңсіз жағдайлар, күн сайын еңсені езетін нәрселер — адам денсаулығы үшін өте зиянды. Өйткені, бұл жағдайда, ең алдымен, артериалды гипертония, бронхиалды астма, жүректің коронарлы аурулары, қант диабеті сияқты психосоматикалық аурулар пайда болады.Стресс бізге алдымен ағзаның спецификалық емесм қорғаныс құралы ретінде белгілі болады. Бірақ ол ұзақ мерзімге созылған жағдайда ағзаның қорғаныс күштері әлсірей бастайды. Стресс түрлі жағдайда болады. кейде жағымды жайлардың өзі адамға қосымша стресс әкелуі мүмкін. Мысалы, екі адам кездесіп, ғашық болып, үйленсін делік. Адам өміріндегі осындай оқиғалардың өзі — екі адамның бас қосуы, бір-біріне үйренуі, жаңа жағдайға бейімделуі де стрессорлық фактор болып табылады.

Ой еңбегін ұйымдастыру және оның гигиенасы

Ой еңбегінің ұйымдастырылуы мен гигиенасының сақталуы өте маңызды. Себебі, ой жұмысы қатты шаршатады және ұзақ, өте жақсы дем алуды талап етеді.

Дене еңбегімен салыстырғанда ой еңбегінің маңызды ерекшелігінің бірі — жұмыс формальды аяқталғаннан кейінгі жерде мидың жұмыс жасауын толық тоқтатуға мүмкін болмайтындығы. Аяқталмай үзіліс жасаған, тегіс бітпеген ой еңбегі адамның толық тынығуына мүмкіндік бермейді.

Ой еңбегі көбірек зейін қойып, ойланып жұмыс істеуді талап етеді.

Ой еңбегі

Ойша пайымдау

Зейін қою

Еске ұстау

Міндеттерді шешу

Мәліметтерге анализ және синтез

Бас миы

Ой еңбегі гигиеналық жағдайы
Гигиеналық талаптар (бөлмедегі) Көрсеткіш
1. Температура 18-200С
2. Ауа ылғалдылығы 25-60%
3. Ауа қозғалыс 0.1.-1.0 м/с
4. Жарық 100-150 люкс

Адамның ой еңбегі мен дене еңбегіне деген жұмыс қабілеттілігі 3 кезеңнен тұрады. Жұмыстың алғашқы кезеңінде сол жұмысқа қалыптасу жүреді де, екінші кезеңінде жоғары деңгейге жетеді, яғни жұмысқа қабілеттілігі артады. Осы кезеңде адам бар күш-жігерін жұмсайды.

Ой еңбегін тиімді ұйымдастыру жолдары

1. Ой еңбегімен айналысатын орын жарық болуы шарт. Жарықтың ең жақсы түрі — күннің табиғи шашыранды сәулесі.

2. Сабаққа кірісер алдында магнитофон, ради, теледидарды сөндіру. Қатты шу миды тез шаршатып, жұмысқа қабілеттілікті кемітеді.

3. Әр 45-50 минут сайын 10 минут үзіліс жасаған дұрыс.

4. Сабаққа әзірленуді ауырлығы орташа сабақтан бастап, соңында ең оңайына көшу.

5. Ой еңбегімен шұғылдану кезінде дұрыс, жүйелі тамақтану, С және А дәрумендері бар тамақтарды ішу.

6. Мүмкіндігінше күн сайын 1 стакан жеміс шырынын ішу.

7. Ой еңбегінде белгілі бір ритм мен қарқынды сақтап отыру — еңбекке қабілеттілігінің жоғары болуының аса маңызды шарты.

8. Ой еңбегін жоспарлы ұйымдастыру.

9. Ой еңбегінен босаған сәтте дене еңбегімен де айналысып, көбірек қимылдаған жөн.

10. Еңбектегі мәдениеттілікті, ұқыптылықты сақтау.

Осы кеңестерді сақтағанда оқушы белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Яғни, үлгерімі жақсарады, уақыты үнемделеді, ең бастысы денсаулығын сақтайды.

Тест: Стреске сезімталсыз ба?
Әдетте Кейде Сирек
1. Мен тез ашуланып, ренжимін. 3 2 1
2. Мен жеңілгенді жек көрем.
3. Мені біреу бас салса немесе мені жамандаса, мен қатты ашуланамын, бірақ өз сезімімді көрсетпеймін. 3 2 1
4. Мен кезекте тұрғанда шыдамсыздықтан қатты қиналамын. 3 2 1
5. Кейін орындағанда қиналатынымды білсем де мен мойныма көп жауапкершіліктер аламын. 3 2 1
6. Маған көмек қажет болған кезде, мен көмек сұрай алмаймын. 3 2 1
7. Мен стресті түсіру үшін дәрі-дәрмекті жиі пайдаланамын. 3 2 1
8. Мен өзімнің сенетін адамдарыммен өзім қиналып жүрген мәселелерімді талқылаймын. 1 2 3
9. Мен қателік жасасам, кешірім сұрауға қиналамын.. 3 2 1
10. Мен қателік жасасам, өзімді кінәлап, қатты уайымдап, қынжыламын. 3 2 1
11. Егер менің көңіліме тисе, мен үндемей тұра алмаймын. 1 2 3
12. Мен достарымнан алғаннан гөрі, оларға беретін сияқтымын. 3 2 1
13. Мен өзімнің демалысыма арнайы уақыт бөлемін және сол демалыстан ләззат аламын. 1 2 3
14. Мен күнделікті дене шынықтыруға уақыт табамын. 1 2 3
15. Мен жиі күлемін және көңілді болып жүремін. 1 2 3

 

Барлығы:

Енді жауаптарыңызды қосып, қандай топқа жататындарыңызды анықтаңыздар!

1 топ – 15-25 ұпай: сіз стреске аз шалдыққансыз немесе шалдығуға мүмкіндігіңіз бар. Бойыңыздағы ашуланшақ, шыдамсыздық қасиеттеріңізді өз еркіңізге бағындырып, бақылай аласыз.

2 топ – 26-35 ұпай: сіз стреске аздап шалдыққансыз немесе шалдығуға мүмкіндігіңіз бар. Кез-келген қиындықтарды көңіліңізге жақын қабылдайсыз. Бірақ әлі де мінезіңізді бақылап, түзеуге кеш емес.

3топ – 36-45 ұпай: сіз стреске қатты шалдыққансыз немесе қатты шалдығуға мүмкіндігіңіз бар. Бұның негізгі себептерінің бірі тез ашуланып, тез ренжисіз, бірақ кейде іште сақтайсыз. Бұл қасиетіңіз дер кезінде тоқталмаса, басқа да ауруларға шалдығуға себеп болады.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ