Суфийлердің ұстанатын өмірлік ұстанымдары

0
4396
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Жоспар:

Кіріспе.

    1. «Сопылық» («суфизм») ұғымының қалыптасуы.

Негізгі бөлім.

    1. Суфийлердің ұстанатын өмірлік ұстанымдары.
    2. Сопылық тұрақтардағы тұлғалар.
    3. «Сама»-музыка аспаптарын ойнатып қойып,зікір салу.
    4. Ислам дінінің, күллі түркі әлемінің пірі , сопылықтың негізін салушы-Қожа Ахмет Иасауи.

Қорытынды.

    1. Иасауи философиясы хикмет. Танымы сопылық.

Кіріспе

    1. «Сопылық» («суфизм») ұғымының қалыптасуы.

«Сопылық» («суфизм») ұғымы арабтың «суф» деген сөзінен қалыптасқан. «Суф» сөзі араб тілінен аударғанда ана тіліміздегі «жүн» деген ұғымына сәйкес келеді. Ал, енді арабтың осы «суф» сөзіне «и» жалғауын жалғап сөйлер болсақ, «суфи» деген жаңа ұғым пайда болады. Бұл ұғымның қазақы баламасы «жүннен тоқылған шекпек киген жан» деген мағынаны білдіреді.

Ең алғашқы мағынасында бұл ұғым көзге оғаш көрінетін жүннен тоқылған, бірақ боялмаған алба-жұлба шекпенді лыпы тұтып, қайыр-садақа сұрап ел кезген әпендіні сипаттайтын ұғымға айтылса керек. Дей тура, бертін келе бұл ұғым жаңа, жаңартылған мазмұнға ие болып, «жүннен тоқылған шекпен киіп жүру» дәстүрі мақтанышқа айналады. «Суфий» ұғымымен бұл жалғанның барлық қызығынан безіп, күйбең тіршіліктің пендешілік қалпын тәрк еткен, сөйтіп, бір Аллаға ғана жүгінуді мансұқ тұтқан, Хазіреті Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстанып, тақуалық өмір кешкен адамдар тобын бейнелеу әдетке айналады. Мін, сонан бері «суфий» ұғымы көңілі таза, ешкімге тәуелді емес,сырттай халықпен,іштей хақпен бірге болатын, адамның ішкі сырын оқи білетін, нәпсісін өлтіріп, хақпен тірілген уақыттың перзенті, хақпен ұласқан «адам» деген мағынаны білдіреді.

Осыған қарамастан, бұл ұғымның мән-мағынасын басқалай түсіндірушілер де баршылық. Айталық, дін философиясымен, соның ішінде ислам дінінің канондарын зерттеумен айналысатын ғалымдардың бір тобы суфизм ұғымын ежелгі гректердің «софос» ұғымымен байланыстырып, сол ұғымның негізінде пайда болуы мүмкін деген пікір білдіреді. Олардың түсіндірулерінше ежелгі грек тілінде «софос» ұғымы «данышпандық» деген мағынада қолданылған.

Сонымен қатар «суфизм» ұғымынан мәнің түсіндіруші ғалымдардың екінші бір тобы , бұл ұғымның түбірі арабтың « Сафа» деген сөзі. «Сафа» ұғымы тазалық деген мағынада қолданылады. Ал, суфийлер болса, діл, рух, қала берді, барлық жағынан пәк, таза адамдар болған деген тоқтамға арқа сүйейді.

Суфизм ұғымының мәнін түсіндіруші ғалымдардың үшінші тобы болса, бұл ұғымның пайда болып, тілде қалыптасуын арабтың «сафва» деген етістік жалғауымен байланыстыра қарастырады. Арабтың бұл «сафва» деген етістік жалғауы қазақы айтылуында «қалаулы» болу деген мағынада қолданылады.

Осыдан ондаған ғасыр бұрын мұсылмандық шығыс елдері халықтар арасында суфийлер қандай беделді болған болса, бүгінгі таңда да болар мұсылмандық Шығыс елдері халықтары арасында беделге ие. Бүгінгі күні тек қана мұсылмандық Шығыс елдерінде 50 млн-нан астам сифийлер бар деп есептелінеді. Дей тұра, сопылықтың табиғаты, жүйелік ішкі құрылысы, негізгі сипаттамалық белгілері, жекелеген мектептерінің пайда болуы, қалыптасу, одан әргі даму, көріну қалыптары туралы мынандай деп дөп басып нақтылы дәйектеу қиын. Себебі суфийлер өздерінің сопылық ағынның қандай мектебіне жататындығытуралы мақтан тұтып, бөсіп, есіп отыруды ұнатпайды.

Олар өздерін көпшілік ортасында өте әдепті, тұйық ұстайды. Ал өз қатарларына жаңадан қосылғандарды өздері сияқты екінші біреулерді таныстырғанда «достарымыз» немесе «біздес тақлеттестер» деп қысқа қайырып, таныстырады да қояды. Өздері болса бірін-бірі көз жазбай таниды өйткені суфийлерге өздеріне ғана ортақ әрі мәлім танымал қасиеттер, оларды көпшілік арасынан айрықша бөлік көрсетіп ерекшелеп тұратын жүріс-тұрыс стилі, өзгеше бір ойлай қабілеті тән.

2.1. Суфийлердің ұстанатын өмірлік ұстанымдары.

Жұртшылықтың басым көпшілігі ұстанатын дәстүрлік тәртіптілік ережелеріне қарағанда суфийлердің ұстанатын өмірлік ұстанымдары да ерекше, кісілік қадір қасиеттерге толы. Олардың барлығына тән қасиеттер, біріншіден бұл дүниенің барлық қызығына немқұрайлық көзқарас сән-салтанатты өмір мен дәмді асқа әуездік, байлыққа, шен-шекпенге, атақ-құмарлыққа қызықпаушылық, өздеріне жоғарыдан менменси қарайтын билік басындағылардың қаһарынан бұқпантайлап, олардың алдында тізе бүкпеушілік. Көзсіз мойын ұсынушылықтан, елпілдеушіліктен, өздерін жоғары ұстаушылық. Ескілікті, қала берді қатаып қалған, ортадакцалдық діни дәстүрлерді, догматтарды және ырым-жораларды қатаң ұстанушылықтан ауыстыру.

Өмірбақи риязаттта болу яғни аз жеу, аз ұйықтау, аз сөйлеу, жалғыз өмір сүру. Әрдайым терең ойлау, пікір таластыруға дайын болу. Нәпсіні тиып ұстау үшін өзің қиын да ауыр істерге итермелеу, азап шегу, шілдехана орындау, жолға шығу, қылуетке түсу. Олардың пікірлерінше, риязатта болу арқылы адам нәпсінің құлдығынан құтылып, өзін-өзі тәртіпке салады. Ең ұлы жихад нәпсіге қарсы күрес. Бұл күрестің мақсаты пендені шариғат жолына түсіру. Бұл күрес шариғаттың заңдарын орындап, жүректі таза ұстауға, өзін-өзі тәрбиелеуге, рухты кемелдендіруге, сөйтіп, өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп, үйлесімін тапқан адамға айналдыруға бағытталған. Өзінің емес, өзгенің қамын күйіттеуге, қоғамның дерттен айығуын ойлауға, қоғам үшін, басқалар үшін жанпидалық жасауға арналған.

Екіншіден, шынайы сопылық таза жолдармен құдайдың еркіне берілуді, Алламен мәңгілік ұласуды, қауышуды талап етеді. Ғибадат үстінде белгілі бір шарықтау шегіне , албүртқан сезім мен экстаздық халге жеткен сәтте, адамның коніл күйі ашылып, оған Алланың дидары корінеді. Одан , яғни Алладан құйылған нұрдан, шапағаттан адам өзін — өзі бақылайдан , тежеуден айырылып, шабыттанады, тасиды. Өзін өзі жағалтып алады. Рахат бір сезімге бқленеді .

Осы сәтте ол Алламен қауышады, өзін Алла кейпінде сезінеді. Бұл сәт жүректін кіршіксіз тазаланып , бұл дүниенің, күйбең тіршіліктін барлық азабынан арылып, өзінен басқа жан сезіне алмайтын рахат әлеміне сүнгу сәті. Құлшылық ету үстінде Алланың еркіне берілу,Аллаға ұмтылу, Хақпен қауышып, табысу халі. Алла аян берген сәтте шабыт оты алаулап жанып, тасуы, делсал күйге түсуі, рахат бастауы. Алламен жүздесу сәті, яғни намаз кезінде рухани және мағынауи мираждан үлес алған сәт сәждеге бас қойған сәтте болады.

Үшіншіден , суфийлер жан тазалығына, ішкі рухани дүниесінің жан-жақты жетілуіне, ішкі жан дүниесінің белгілі бір гармониялық үйлесімділікке жетуіне, жақсыға жаңаға ұмтылысына айрықша назар аудурады. Олар үшін сезім дүниесі өздерінің басқаларға қатынасын, Аллаға сүйіспеншілігін білдіретін көңіл күй айнасы, шындықты бейнелеудің айрықша формасы.

Көңіл айнасы сопылықта танымның қайнар бастауы, шабыт тудыратын эмоционалдық күй ләззаты. Алланың аян беру сәті. Суфийлер үшін көңіл- бұл айна, құдайлық есім, сипаттардың ең ашық, кемел дәрежеде көрініс табатын жері. Көңіл көзі немесе әлемі –адамның ғайыпты, құдайлық әлемге тән көріністерді сезіну қабілеті. Көңіл әлемі ашылса құдайлық сырды ұғынуға болады, кемелдікке жету жолы ашылады. Сопылықта, көңілде Тәңірден басқа нәрсе болмауы керек. Көңіл дүниесі- бұл адам бойындағы Тәңірдің үйі.

Сондықтан, суфийлер үшін ішкі сезім дүниесіс ұстау, оны Тәңірден басқалардан басты талап, негізгі мақсат. Олар үшін образдық-сезімдік тұрғыдан әлемді тану, он сегіз мың ғаламның бірі-ғайып әлеміне сезім дүниесінде болса да ену, адам болмысы мен жанына үңілу, тіршілік тұрмыс мәнісін бағымдау, көңіл күй құбылыстары және қиял ырқымен жүзеге асса да Алла дидарын, бейнесін көру сезімдік танымның шырқау шыңы. Сезім дүниесі бай, рухы мығым кемел адамның қалбі (көңілі)-Алланың тұрақты тұратын үйі. Жер мен көкке симайтын болмыс-Алла, мумин құлының қалбіне, жүрегіне сиып кеткендіктен ең негізгі ғарыш, мың сан әлемнің ең үлкені, ең ірісі, Хақтың тұрағы-кемел адамның көңілі, жүрегі.

Себебі, адам сырт көзге қарағанда тым кішкентай болып көрінгенмен, ең ірі әлем, ғарыш. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда суфийлер үшін көңіл(көңіл-парсы тілінен қазақшалағанда діл, ождан деген мағыналарды білдіреді) әлемі ақыл әлемінен жоғары тұрған хал-ахуал, шабыт қайнары, Алланың аян беру, көріну айнасы. Суфийлердің ұғым-түсінігінше, алим(ғалым), ілім-білімді оқу, ақыл арқылы жетсе, ал ариф(білуші,танушы деген мағыналарда қолданылады) ақиқат шындыққа хал, тәжірбие, сезіну арқылы жетеді.

Суфийлер тарапынан негізделіп, аксиомалық тұрғылық пастулатқа айналған осы тұжырым ортағасырлық Европалық, философиялық ой-сананың дамуында шешуші роль атқарады. Айталық, Испания арабтарға бағынышты болып тұрған уақытта Кордовалық араб Ибн Масарра/Хғ/ ашып кеткен суфийлік мектептен жас кезінде дәріс тыңдаған ортағасырлық ағылшын ойшылы Роджер Бэкон(1214-92ж.ш.) негіздеп беріп кеткен- «Сезім білімнің бірде-бір көзі дейтін, барлық білім тәжірбиеге сүйенеді және тәжірбие арқылы алынады»-деп, естейтін ағым өз бастауын сопылық философиядағы жоғарыда біз өз тарапымыздан шама-шырқымыз жеткенше негіздеп баққан «уахдати шуһуд» деген теориясынан алады.

Осы арада реті келіп тұрғанда айта кету керек XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген Ресей тектілер үшін француз тілін жетік меңгеріп, өзара сол тілде сөйлесіп, сұхбаттасу қаншалалықты мақтаныш болса, ортағасырлық Европа халықтарынын жақсылары мен жайсандары үшін араб тілін жетік біліп, сол тілде жарияланған ақыл-ой кеніштерінің озық үлгілерінен сусындап, парасаттылыққа ұмтылу соншалықты жоғарғы мәдениеттілікті білдіретін.

Жалпы мұсылмандық Шығыс халықтары ойшылдарының матиматика, жаратылыстану, медицина және т.б. нақты ғылым салалары бойынша жарияланған еңбектерінің ортағасырларда Батыс Европада ғылым мен білімнің дамуына тигізген аса зор ықпалын айтпағанның өзінде, діни-философиялық ілімнің Батыстық философиялық ой-сананың қалыптасуына, еркін ойдын дамуына тигізген ұшан-теңіз пайдасын оның көрнекті өкілдерінің еңбектерінің бәрінен де айқын сезінуге болады.

Төртіншіден, суфийлерді көпшіліктен өзгешелеп тұратын тағы бір ерекше қасиет бар. Ол олардың бойындағы Аллаға, Хз.Мұхаммед пайғамбарға деген айрықша бір сүйіспеншілік, оларды үнемі мадақтап отыру, аса жоғары құмет тұтушылық. Сырт көзіге біліне бермейтін олардың бойындағы бұл қасиет олардың өздері ғана жүректерімен сезініп, ұғынып түсіне алатын «ғашықтық» мақамының мазмұнынан көрінеді. «Ғашық» («ашқ») – іңкәрлік сезімі,шынайы сүйіспеншілік деген мағыналарда қолданылады. Суфийлердің ұғым-түсінігінше, ғашықтық болмыстың және жаратылыстың негізгі себебі.

Оның өзегінде пенденің өзін жаратушы Хақты көрсем, танысып білсем, онымен дидарлассам деген құштарлық сезімі жатыр. Өйткені, құштарлық сезімі-адамның бойын билейтін күшті, терең сезім, сағыныш сезімі. Көңілдің сүйіктісімен кездесуге деген құштарлығы, сағынышы. Көңілдің ең сүйіктісі-Алламен қауышу сағынышы. Жүректің сүйіктісінің аты аталғанда алып ұшып, соғуы. Құштарлық шамның пілтесіне, ғашықтық оттағы майға ұқсайды. Ашқтың суфийлердің түсінігінше, екі түрі бар. 1.Шынайы (хақиқи) ашқ; 2.Құдайлық ашқ. Құдайлық ашқтың да екі түрі бар: а)Алланың өзі жаратқан пенделерін сүю; б)пенделерінің Алланы сүюі.

Дей тұрғанмен, өзін жаратқан Жаратушыны шын жүректен сүйген пендесінің онымен дидарласып, жүздесу ахуалына жетуі ұзақ, өте ауыр, қиыншылығы өте көп, маңдай терін төгіп, тиесілі діни жоралғылар мен ғибадат ету жаттығуларын үздіксіз орындауды қажетсінетің\н күрделі үдеріс. Өйткені сопылық жолды қалап, Хаққа ұласуды мансұқ тұтқан әрбір салиқ\жолшы\ мақсатына жету үшін жетпіс мақам орындауды қажетсінетін күрделі үдеріс. Әрбір өткен мақам \аялдаудың\ талаптарын орындаған салиқ қана оның келесі деңгейіне өте алады.

Сондықтан құдайдың еркінен тыс, экстаз, яғни жүрекке құйылмаған илхам\шабыт\ нұрдан құдай дидары көрінетін уажд\қуаныш\ хәлінен гөрі, кез келген салиқке «аялдауға» қол жеткізу қиын, әрі өте ауыр іс. Себебеі, әркбір мақам меңгеру, біріншісінен екіншісіне өту, одан үшіншісіне, одан әрі қарай бәрінен біртіндеп өту салиқтен өзін-өзі әрдайым алға сүйрелеп, ілгері жылжуды, өзін-өзітүнемі тәрбиелеп отыруды, көп оқып, өзін-өзі жан-жақты жетілдіруді, кемелдендіруді, жоғары қарай өрлей беруді, өзін-өзі әр уақытта да бақылауда ұстауды әрі әр «аялдауға» тән мақамды, яғни оған тиеселі барлық жаттығулар мен жоралғыларды бұлжытпай орындауды талап етеді. Әрбір өткен «аялдаудың» талаптарын орындаған салиқ қана оның келесісіне ие бола алады.

Салиқтың төменгі мақамда ие болған рақымшылықтың сапалық белгілері оның неғұрлым жоғары деңгейінде де сақталады. Осы мақамдардың басы «тәуба», соңы құлдық \құлшылық\ мақамы болып саналады. Дей тұрғанмен, жетпіс мақам негізінен алғанда көптік мағына береді. Әзірге дейін сопылық әдебиеттте, сөздіктерде жетпіс мақам тізіп, көрсеткен деректер жоқ. Мысалы, Ас-Сарадж мақамның жеті «классикалық» түрін атайды. Олар: «өкіну»\тәубә\;»құдайдан қорқу»\уару\; «ұстамдылық»\зухд\; «кедейлік»\факр\; «шыдамдылық, қанағатшылдық»\рида\; «құдайдан үміт күту»\тауаккул\; «құлдық»\құлшылық\.

Мұнан әрі осы аталғандарда талдау барысы жүреді. Әл-Калбази «аялдаудың» 17түрін, Әбу саид Майхани-40, Қожа Ахмет Ясауи тарихта-10, шариғатта-10, мағрифатта-10, хақиқатта-10, барлығы 40 мақамды айтады. Ал, Абдаллах Әл-Ансари мақамның 100 түрін атайды. Жоғарыда айтып кеттік, мақамның біріншісі-тәубе, соңы құлдық\пықырлық\ мақам. Тәубе-тағдырға ризалық білдіріп, шүкіршілік ету, өкіну, кешірім сұрау, жібіерген қатесін қынжылып, түзеуге уәде беру. Дін уағызы бойынша қандай жаманшылық істесең де бір Аллаға ғана жалынып,кешірім сұрасаң, бәрән де Алла кешіреді дейді. Құрандағы тоғызыншы сүренің аты да, мазмұны да осы тәубе жайына арналған.

Бесіншіден, суфийлердің құлшылық ету үдерістерінде зікір, яғни Аллаға жалбарынып, оны медет тұтуда мұқият ойластырып, ресмиленген белгілі бір ритуалдық діни жоралар мен жаттығуларды орындау айрықша орын алады. Зікір суфийлердің құлшылық ету үстінде көңіл айнасы ашылып, бұл жалғанның барлық азабын да, жаратылысын да, тіптен оның барлығын да ұмытып, жоғары экстаздық көңіл күй қалпына ұйып, өзін-өзі жоғалтқан сәтте көз алдына Алланың дидарын келтіру, жан-тәнімен онымен табысып, қауышу, үйлесімділік тауып, ұласып кету халіне жету тәсілі, жол. Сондықтан да болар суфийлер зікір салуға айрықша мән беріп, оны Аллаға құлшылық етудің бірегей тәсілдерінің бірі ретінде қолданады.

Өйткені суфийлердің ұғым-түсінігінше мұсылман дінін қабылдап иманға бас қойған әрбір мумин Ислам дінің бес қазығының сындарлысы және тірегі намыз екендігін жақсы біледі. Себебі,намаз оқыған адам Алланы үнемі есіне алып жүреді, жамандықтан, жаман іс-әрекеттен тиылады, өзін пәк, таза ұстайды.Намаз адамның сыртқы дене мүшелері мен ішкі ой-ниетін тазартады және бойына тек жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Намаз Алла тағалаға ғибадат, мұсылманның миғыражы, яғни Алламен тілдесетін жері. Ал, зікір болса, осы намаз оқу үстінде салауатты мұсылмандық жолды ұстанушыларды Алламен жақындастыратын әрі тәубеге келтіретін жол бастауы болып саналады.

Зікірде, зікір салушы зікір етілгеннен басқа барлық нәрсені ұмытып, тек алланы еске түсіріп, өзін-өзі жоғалқаны сонша, зікір салып жатқанын білмей де қалады. Сондықтан зікір, өзін жоғалту, ғайып әлеміне ену, сонын ішінде Хақпен табысу халін суреттейді. Зікір көбіне топтасап немесе жеке орындалады. Сонымен қатар зікір дауыстап, айналасындағылар ести алатын дәрежеде салынады. Зікір салудың мұндай түрі- «жаһри зікірі» делінеді. Сонымен бірге дауысты зікір салатын тариқаттарға «жаһри тариқаты» деген атау беріледі. Мысалы, Йассауи тариқаты- осы жаһри санатына жатқызылады. Зікірдің келесі түрі- «һафи зікірі». Зікірдің бұл түрі зікір салушының өзі ғана еститін халде, іштей үнсіз салынады. Нақшбанди тариқатының зікірі – һафи (үнсіз) болған. Сондықтан оларға «һафи тариқаты» атауы берілген.

Зікірде кейде музыка аспаптары да қолданылған. Мысалы, Мевлена Желаледдин Руми негіздеген суфийлер мектебі дәруіштері құдайға құлшылық ету барысында музыка ойнатып қою дәстүрін ұстанған. Сондықтан да болар суфизмнің мұсылмандық үлгісінің тарихын зерттеуші Батыс оқымыстылары зікір салудың мұндай түрін ұстанушы суфийлер мектептерін «үйіріле, дөңгеленіп , шыр айналып билеуші» дәруіштер ордені деп аталады. Ал, зікір салудың мұндай түрін ұстанушы суфийлердің өздері болса, құлшылық ету үстінде музыка әуеніне еліткен көңіл айнасы ашылып, рух жүрекеті бауран алған, шабыт сезіміне бөленген, рахатқа батқан сәтте өзіңді — өзің мүлдем ұмытып, ғайыптан келген нұрға шомыласың, Алламен дидарласып Хақта фани және Хақпен бірге бақи боласың деп түсіндіреді.

Жалпы, суфизмде, Мұхаммед ас-Сануси әл Идрисидің дәлелдеулеріне қарағанда, зікірдің 40- тан астам түрлері бар.

Жоғарыда біздер талапынан жан- жақты негізделіп, екшеленген тасаууфтық жолға түсіп, салиқ атанған әрбір адам ұстанатын әрі олар үшін орындалуы міндетті саналатын діни жоралар мен ғұрыптар суфийлерді әр түрлі қобалжыту мен үрейлену халінен айырып, бар бітім-болысымен, ішкі жан дүниесімен бір Аллаға үлкен құлшылық етуге даярлайды. Рухани тазарумен жаратушы Хақты тану жолына итермелейді. Көңіл түпкірінде бұқпантайлап бұғып қалған жаманшылықтың қандайынан болмасын тазарып, нәпсіні тыйып ұстауға мұрындық болады.

Күпірліктен иманға келтіреді. Жаман істерден аулақ жүріп, игілік істер жасауға ұмтылдырады. Жаман мінез бен қылықтардан арылтады. Алладан басқаның барлығын ұмыттырытып, тек Алланы сүюге, соның ақиқатты жолмен жүруге, құлшындырады, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп дамытуға талаптандырады. Өзін-өзі танып білу ге, рухани тұрғыдан толысып, жоғары кемелдікке жетуге ұмтылдырады.

Әрине, біз жоғарыда шама-шарқымыз жеткенше біршама талдап, түсіндіріп беруге тырысқандардан да басқалай, сопылық ағымның өзіне ғана тән құлшылық ету тәсілдері мен жаттығулары баршылық. Дей тұрғанмен, олардың барлығының аттарын атап, түстеп жатуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан сопылықтың мәнін одан әрі тереңдетіп, қазбалай әрі сопылыққа ғана тән атрибуттық белгілерді одан әрі санамалай бермей, енді суфийлер жиналатын орындарды анықтап, олардың қандай орындар екендігін және олардың аясында суфийлердің немен айналысатындықтарын саралап көрелік.

Суфийлер білімін одан әрі жетілдіретін, өздері сияқты басқа суфийлермен әңгіме-дүкен құрып, пікір таластыру үшін жиналатын сұхбаттасу орындары, мекен-жайлар сопылық тұрақтар деп аталады.

Сопылық тұрақтар көбіне-көп дініне берік, иманы қуатты, сопылықтың белгілі бір жолын негіздеуші, белгілі бір аймақтың(сұлтанаттың) қоғамдық-саяси өмірінде ықпалы өктем, даңқы сол маңдағы күллі мұсылман қауымына мәжһүр белгілі бір шейх басқаратын мекен-жайда орналасады. Суфийлердің мұндай тұрақтары ішінде бір-біріне жапсарластыра салынған бірнеше ғимараттары бар күрделі құрылыс комплекстерінен тұрған. Оның ішіндегі күмбез биік ең әсем ғимарат әдетте сопылықтың осы тұраққа тән жолын негіздеуші әулиелердің әулиесіне немесе білімділердің Сұлтанына султан-ул-Улемаға салынған кесене болған.

Арнайы салынған мұндай кесенелердің қабырғаларына шығыс елдерінің көрікті ұлттық өрнектері оюланған, әр түрлі өсиет-өнеге, ғибрат сөздер, Алланың, Мұхаммед пайғамбардың аттары ұран ретінде, маңдайшаларына кесенені қалаған шеберлердің аты-жөндері, іргесі қаланған жылы, салғызған адамның аты-жөі жазылған. Одан әрі мешіт, осы сопылық тұрақтың қазіргі имамы-шейхтің отбасы орналасқан баспахана, тағы да басқалай бірнеше үйлер орналасқан. Халимконада кедей-кепшіктерге, дәруіштерге тегін үлнстіретін тағам-халим әзірленіп, таратылған.

Сонымен қатар мұндай тұрақтардың жанында қайтыс болғандарды жерлейтін зиярат орны болған. Кейбір өте беделді суфийлер бауырластықтары белгілі бір аймақтың әр түрлі бөліктерінде 100-ден астам тұрақтарда шашырай орналасқан. Бертін келе сопылық тұрақтар ірі орта және жғары мұсылмандық мектептер мен седіреселерге, діни оқу орындарына айналды. Мұндай оқу орындарында діни білімдерді оқытумен қатар, мұсылмандық ағарту саласының аса дәуірлеген замандарында өнер-білім, архитектура, астраномия, кітап жазу, кітапхана ісі, геоерафия т.б. салалардан да дәріс берілді.

Ал, жоғары оқу орындарында арабшалық фәлсафа, логика, математика, география, астраномия, медицина, табиғаттану негіздері, ой-талдау философиясы оқытылды. Өз уақыттарында- Бируни, Ибн Сина, Әл-Фараби, Омар Хаям, Науаи, Қашқари, Хорезми, Ұлықбек т.б. сияқты ғалымдар негізгі білімді осындай оқу орындарынан алған.

2.2. Сопылық тұрақтардағы басты тұлғалар.

Сопылық тұрақтардағы басты тұлға-шейх. Шейх-сопылықьа нәпсәден айырылған, хақта бәқи болған әулие –хақтың досы. Тәліптерге жол көрсетуші, оларды тәрбиелеуші инсани камил. Шейх сопылық дүниетанымды, жолды айналасындағыларға үйрететін, әркімнің оның халінен, өзінен және сөзінен өнеге алатын, білімімен нұр шашып, ісімен үлгі-өнеге болатын, муридтерін толық адам дәрежесіне жеткізуге көмектесетін- нағыз зиялы, кемел адам. Шейхтың ұзтаздық кемелділігін оның өсіріп тәрбиеленген муридтерінің сапасына қарап анықтауға болады.

Шейх муридтің тіні мен рухын қалыптастырушы, қоғамға толыққанды рухани, иманды адам келтіруші тұлға. Мурид өз еркін шейхқа тапсыру арқылы Алла құшағында фана халіне ұласа алады. Шейх-бұл құтб-ул-ақтаб дәрежесіндегі, яғни әулиелердің әулиесі дәрежесіндегі тұлға. Құтб-ул-ақтаб-ең үлкен қутб немесе қутубтардың қутбі, халыққа жол сілтейтін әулие.

Құтб-ал-ақтаб әулиелердің әулиесі дәрежесіндегі тұлға Х замандағы Пайғамбарлардың пайғамбарлығының мазмұндық мақамына сай келеді. Бұл мақам тек пайғамбарлардың жолын қуушыларға, кәміл ізбасарларына ғана бұйырылады. Сонымен қатар түркі әулеттерінен шыққан шейхтерге Султан ул-Улема-«білімділердің сұлтаны» атағы беріледі.Мысалы, Жалаледдин Румидің туған әкесі өте ірі дін білгірі, ғалым Мухаммед Бахаеддин Велед «Султан ул-Улема»-«білімділердің сұлтаны» есіміне иеленген, Қожа Ахмет Йассвуиді муридтері көбінесе Сұлтан Ахмед деп дәріптеген.

Өйткені олар әулиелердің әулиесі-көңіл әлемінің сұлтандары-шынайы білімдар тұлғалар бола білген. Сонымен бірге шейхтер-муршид, тура жолды көрсетуші әулие, пір деген мағыналарда да дәріптелген. Муршид саты сияқты. Басқалар сол сатымен жоғарылайды. Муршид шырақ сияқты. Айналасындағыларға сәуле, нұр шашады. Муршид Аллаға қарап көтерілу үшін жоғары қарата қойылған саты сияқты. Бұл саты арқылы халық алламен, Алла халықпен қауышады. Қысқа қайырғанда, Муршид тариқат көсемі, кемел адамы.

Сопылық тұрақтардағы екінші тұлға- мурид. Мурид сопылықта тариқатқа кіріп, шейхке қол берген дәруіш. Ол бүкіл өмірін бір Аллаға құлшылық етуге бел байлаған(«тасаууф»), өзін толық құдайдың еркіне берген(«тәуаккул»), ерікті түрде жоқшылыққа бой алдырған(«факр»),өздерінің бұл өмірдегі сыбағаларына мейлінше қанағат еткен(«рида»), азап пен мұқтаждыққа асқан көнбістік пен төзімділік танытқан(«сабр»), бекітілгенміндетті құлшылық ету рәсімдеріне қосымша басқалай да ғибадаттарды орындауға дайын жан.

Муридтің діні ілімдерді меңгерумен рухани және құдайлық ақиқаттарды татып, ішкі жан дүниесімен өзінің кім екендігін түсініп, Алланың құзырында абсолюттік, адамдық дәрежеге көз жеткізуі ахл-ил-мағрифат деп аталады. Ахл-ил-мағрифат муридтердіңэмпириялық таным, яғни сезім мүшелері арқылы Алланы танып, оның 99 көркем есімдерінің әрқайсысының мәнәң өз рухында көрсете білуі, оның ұлылығын, өзінің шарасыз және бұл дүниеде өткінші өмір сүретін болмыс екендігін саналы түрде ұғынуы, Алламен үйлесімдік тауып, онымен қауышуы, Алла туралы барлық білімге ішкі(көңіл) тәжірбие арқылы қол жеткізуі немесе ешбір құралдардың көмегінсіз ішкі хал-ахуалымен Алланы танып білуі.

Ақиқат Хақты танып білудің бұл жолдың меңгергендерді ариф-әулие, кутб, Хақты танушы дейді. Себебеі, әлим(ғалым) ілімге зерттеу, оқу арқылы қол жеткізсе, ал ариф болса, ілімге хал, ішкі тәжірбие арқылы қол жеткізеді. Осыны терең түсіне, ішкі жан дүниесімен түсіне білген, сопылықтың белгілі бір жолын негіздеуші суфий Әбу-л-Қасым Әл-кушайри «салиқ(жолаушы) алдымен Хақты, оның сипатын, есімдері мен істерін таниды, кейіннен құлшылық және риязат жасау, нәпсісін арылту арқылы Хаққа жақын болады. Сонда ғана Хақ оған өзін «танытады», осы танымға, білімге ие болғандарды ахл-ил-мағрифат дейдй»,-деген болатын.

Мурид ахл-ил-мағрифатты екі негізде меңгере алады. Оның біріншісі «жазба»- /өзіне тарту, қызықтыру мағынасында қолданылады/ арқылы муридтің, бірте-бірте білім тұрғысынан толысып, рухын кемелдендіруі, жоғары қарай рухани тұрғыдан өрлеу арқылы бұл дүниеге тән адамшыл қасиеттерден ұзақтап, құдайлық ерекшеліктерді өзіне алу арқылы вахдат(уахдат) тажиллиді(көріністерін) мушахада етуі(көруі). Яғни көңілдегі кір мен қасанды риязатпен арылту арқылы көңіл тазарғанда қалп көзі(жүрек саңылауы) ашылып, ол Хақпен дидарласып қауышады.

Дәруіштерді діни ілімдерді меңгеруге, бір Аллаға құлшылық етуге екінші жолы «сулук» деп аталады. «Сулук» дегеніміз, сопылықта, бұл дәруіштің сопылықтың белгілі бір тариқаттық мектебін құрушы жол басшысына, яғни шейхіне қол беріп рухани кемелдікке ұмтылысқа итермелейтін ішкі дайындығы, дін жолына түсуге белін бууы. Бұл жолдың шейхтің дәруішті үгіттеп, дін жолына тартуына қарағандағы өзіндік бір өзгешелігі талапкерлердің діни ілімдерді оқу-ағарту жолымен яғни белгілі бір білім деңгейін игеру арқылы меңгеруге ұмтылысында жатыр.

Діни ілімдерді игеру жолы өте ауыр жол. Бұл жол дәуіріштен көп тер төгуді, ауыр рухуни ізденістерді, шығармашылық шабытты, ой сана самғауын, ішкі сезім халі мен қиял әлемінің кендігін талап етеді. Көңіл түпкірінде орын тепкен кір мен қасаңды риязатпен арылтып, ғибадатпен әсерлендіріп, көңілді тазартып, жүрек көзін ашып отыру үшін үнемі шариғат шарттарын түгел орындап, қатаң сақтауы тарихатты, яғни пір ұстаздың уағыздарын қабылдап, ақиқатқа жету үшін азап шегуі, михнат тартуы, өмір қызығынан бас тартуы, махрифат етуі, құдайды ақылмен емес, жүрекпен, сезіммен тануға ұмтылысты, хақиқатқа жетіп Хақпен дидарласу, яғни ақырғы мұратқа жету үшін, абсолют ақыл-парасатты меңгеру үшін діни ғибадаттарда көрсетілген ресми рәсімдерге қосымша бірнеше психологиялық жаттығуларды үнемі жасап отыруы(мысалы, зікір салу, рухани жалғыздыққа бару, қылуетке түсу) қажет.

Бұларсыз қалаушының әр түрлі қобалжу, үрейлену халінен арылып, мұсылмандық жолға түсуі, иман келтіріп, тек бір Аллаға ғана сүйінуі, рухани тазарту мен жаратушы Хақты тану жолындағы іс-қимылы, әрекеті нәтижесіз болады. Содықтанда бұлар жоғарыдағы жеке-жеке аталып, көрсетілген талаптар мурид-суфийлер үшін Аллаға құлшылық ету барысында онымен дидарласып, оның нұрына шомылуда, ғайып әлеміне бойлап, Алламен қауышып, онымен үйлесімділік тауып, ұласып, кетуде негізгі әрі маңызды шарттар болып саналады.

Міне, сондықтан да болар, дәруіш, суфийлер ғибадат ету үстінде «ХХасбуналлаһ уа-нй мал-уакил», «тауаккүлту-ала-Аллаһ», «Аллаһ кафи» зікірлерін, Алла сөзін немесе «ла-илаһа-илаллаһ» тіркесін үздіксіз қайталауы, жиналған жерде шейх-пірлердің бақылауымен «Алла-Алла», «Ху-ху»(Алланың аты), «Хай-Хай»(Алланың сипаты) сияқты сөз тіркестерін жүйелі түрде қайта-қайта қайталап әуендетіп айтулары керемет-ақ.Себебі, зікір салуда лоар зікір етілгенен басқанын бәрін ұмытып, өзін жоғалтып соншалық, зікір салып жатқандарын білмей да қалады. Міне осындай жоғарғы экстаздық халде Алладан муридке(салиқке) рухани нұр-шабыт келеді.

Басқашалап айтқанда, Алла аян береді. Алладан түскен бұл нұр-шабыттың муридтің бойына жұғынуының екі жолы бар. Оның бірі-құдайлық, рухани нұрмуридтің ешқандай ұмтылыс-тырысу әрекетінсіз халібіне(жүрегіне) келген илхам(шабыт, сезім). Екіншісі, силсила көсемдері(шейхтері, әулиелердің әулиелері) арқылы жанамалап келген нұр-шабыт сезімі. «Силсила» арабшадан қазақшалағанда шынжыр деген мағынаны білдіреді. Силсила, сопылықта, дәруіштің құдайлық нұрға ұмтылысын, оның дидарын көруге ықыластығын білдіреді. Сондықтан силсила, сопылықта, ең маңызды компоненттердің бірі болып саналады.

Силсиласын білмеген салиқ, тегін білмейтін тексіз жан сияқты әсер қалдырады. Сондықтанда болар силсила жайлы жазылған еңбектерді «силсилнама» деп атайды. Себебі, кезкелген тариқаттық мектепте жолбасшылық оны негіздеуші шейхтан тікелей ұрпағына ғана беріліп отырмайды, сонымен қатар сопылықтың осы жолын одан әрі жалғастырушы кезкелген шәкіртіне рухани жолмен де беріліп отырады. Демек, силсила шынжыр сияқты бір-бірімен байланысып жатқан сабақтастықты, рухани жалғастықты білдіреді.

Мысалы,Ясауия тариқатының құрушысы Қожа Ахмет Ясауидің силсиласы Али Муртаза, Мұхаммед Қанафия, Абдул Фаттах, Абдул Жабар, Абдул Жабар, Абдул қаһһар, Абдул Рахман,Ысқақ Бап, Харун Шайх, Хасан Шайх, Мумин Шайх, Муса Шайх, Исмайл Шайх, Хасан Шайх, Исмайл Шайх,Хасан Шайх, Омар Шайх, Осман Шайх, Мухаммед Шайх, Ифти һар Шайх, Махмуд Шайх, Илияс Шайх, Ибрахим Шайх, Қожа Ахмет Ясауи.

2.3. «Сама»-музыка аспаптарын ойнатып қойып,зікір салу.

Зікірдің үшінші нысанына музыка аспаптарын ойнатып қойып, зікір салу түрі жатқызылады. Мысалы, Мевлана Желаледдин Руми негіздеген суфийлер мектебі дәруіштерді құдайға құлшылық ету барысында музыка ойнатып қою дәстүрін ұстанған. Сондықтан да болар, суфизмнің мұсылмандық үлгісінің тарихын зерттеуші Батыс оқымыстылары зікір салудың мұндай түрін ұстанушы суфийлердің мектептерін «үйіріле, дөңгелені, шыр айналып билеуші» дәруіштер ордені деп атаған.

Ал, зікір салудың мұндай нысанын ұстанушы суфийлердің өздері болса, құлшылық ету үстінде музыка әуеніне еліткен көңіл айнасы ашылып, рух жүректі баурап алған шабыт сезіміне бөленген, рахатқа батқан сәтте өзінді-өзін мүлдем ұмытып, ғайықтан келген нұрға шомыласын, Алламен дидарласып, Хақта фәни және Хақпен бірге бақи боласын деп түсіндіреді. Сондықтан да болар, Мевлана Желаледдин Руми басшылық ететін суфийлер бауырластығы басқа мұсылман аймақтарындағыдай ханака, завия деп аталмай, таза түрікше теке немесе самахана деп аталған.

«Сама» -түрік сөзі, сема делінеді, қазақшалағанда «тыңдау, әндету, рахаттана тыңдау» деген мағыналарға келеді.Ойды жинақтап айтқанда діни мистикалық өлеңдерді әндетіп айтып, бірлесіп зікір салатын орын, себебі ән салу дәстүріне кейіннен би мен секіру қимылдары қосылған. Деректемелерге қарағанда, самаханаға белгілі бір мінажатхана мүшелер немесе бір бауырластықтағылар ғана емес, оған суфийлерден басқалайда, айталық, жергілікті тұрғындарда белсене қатысқан. Музыкада ойнаушылармен әншілер көбінесе қарапайым адамдар болған. Оларды сырттан шақырып немесе жалдап отырған. Бертін келе ұқыпты ұйымдастырылған дәстүрге айналған.

Жалпы, жоғарыда біздер тарапынан жан-жақты сараланып, пайымдалған пікірлерден көрініп тұрғандай сопылық танымнын мәні шабыт шақыру. Осындай шабыт шақыру, яғни ғибадат ету үстінде белгілі шарықтау шегіне, экстаздық халге жеткен сәтте, адамның көңіл айнасы ашылып, адам өзін-өзі ұмытады, жүрекке құйылған нұрда, шапағаттан асып-тасиды, мәңгілікпен(Космоспен) ұласуға Алламен қауышуға талаптанады, құдайдың еркіне беріліп, рахатбір сезімге бөленеді, Хақпен қауышып, табысады.

Алла аян берген сәтте шабыт оты алаулап, жанып, дел-сал күйге түседі, бұл фәниден алыстап пенделік халден ада болады. өзін пейіште жүргендей сезінеді. Міне, осы сәтті басты күзер етіп ұстанған батыстық зерттеушілер, суфизмді исламда VIII-IX ғасырларда пайда болып, бертін келе араб халифаты елдерінде кең таралған діни-мистикалық ілім деп анықтайды. Себебі, олардың пайымдауларынша, суфийлердің құдаймен көрісіп, тілдесуі, яғни шынайы пиғылын білдіріп, оған сиынуы есірік күй арқылы іске асады-мыс. Кез келген діндердегідей исламның, оның діни-философиялық ілімі суфизмнің де негізінде табиғаттан тыс күштерге деген сенім жатыр.

Сонымен қатар ертеректегі суфизмге жекелеген материялистік элементтері бар пантеизм тән болды. Кейіннен неоплатонизмнің, үнді философиясының, кейбір християн идеяларының ықпалымен суфизм аскетизмге және шын мәніндегі мистицизмге айналды. Құдайдың хақтығына шек келтірмей, ал айналадағы заттармен құбылыстар оның эманациясы дей отырып, суфизм өкілдері өмірдің ең жоғарғы мақсаты адам жанының құдай мен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің бәрінен (пендешіліктен қол үзуді насихаттады).

Мистикалық интуицияны, «рухани тәжірбиені» танымның ең жоғарғы формасы деп есептеді: онда субъект пен объектіге бөлу жойылады және дүниенің алғашқы рухани негізі – жаратушының ақиқат бар екендігі білінеді. «Құдаймен бірігу» суфизм ілімі бойынша, дәруіштердің өзін-өзі ерекше шабыттандыру жағдайына жеткен кезінде іске асады. Расында да суфизм ислам дінінің философиялық өзегі ғана емес, сонымен бірге, ол діни сезімнің , жалпы барлық психикалық процестердің интеллектуалданып, дерексізденуін сипаттайтын жан күйінің ерекше болмысы, «таза жүрек» тағлымы мен «көркем мінез-құлық» туралы ілім.

Суфизм ислам дінің шын мағынасындағы рухы , мәні. Ол жинақыланған нақтылы біртұтас білімдарлық шоқтығы, бұлақ суындай мөп-мөлдір, тұнық, таза мұсылмандық дүниетаным жүйесі, діни философиялық білімдер жиынтығы, ислам дінінің рационалдық-теориялық өзегі ғана емес, сонымен бірге құдайға құлышылық етудің бір жөн-жоралғылары мен ғұрыптарын қалыптастырылған ғибадат ету методтары мен трансцентальдық, рухани, эмпериялық-практикалық қызметінің де жиынтық көрінісі, бейнелік әсерленуі, әрленуі. Суфизмнің өзегіндегі рационалдық –логикалық таным мен ішкі экзотерикалық-эмпирикалық сезімдік таным бір-бірімен кіріге байланысып, ажырағысыз бірлікте қызметтенеді.

Оның қайнар бастауы – ішкі эмоциялық, сезімдік шабыт, дүниенің ғашықтық (космостық), барлық жаратылыс атаулының түп негізін, пайда болып, дамуын т.т. білсем деген ішкі тебіреніс құштарлық сезімі. Ал, бәрімізге белгілі ішкі тебіреніс, білсем, көрсем, сезінсем, қол жеткізсем деген құштарлық сезімі адамның жан дүниесін баурап, бойын билеп алған сәтте құдіретті күшке, жүректі тебірентер ұлы қайнар бастауына айналады. Ал, мұндай құдіретті күшті қайнар бастауы, сезім мен таным әсері көңілдегі барлық кір мен қысаңнан арылып, рухани жаңару мен тілеуді нәпсіні тиып, күпірліктен иманға келуді, табынуға таяныш боларлық өзгеше құдіретті күшті іздеуге талаптылықты тудырады. Содан барып, жоқтан барды іздеу, яғни санадае тысқары тұрған құдірет иесіне табыну, құлшылық ету басталады.

Одан басқаның бәрін ұмытып, оны танысам, білсем, көрсем, онымен тілдессем, оның нұрына шомылып, махаббат, сүйіспеншілік, ғашықтық отында өртенсем деген сезім туады. Себебі, Алла ғарышты, ондағы бар тіршілікті, мақұлық пен адамды , рухани және материялық дүниені, жын, пері, шайтанды, тірі атаулыны жарутышы енгіз болса, ғашықтық сезім болмыс пен жаратылыстың жаратылуының себебі, ал ғарыш әлеміндегі барлық жаратылыс атаулы осы ғарыштық сезім күйдің салдары.

Суфизмде дерексізденген таза танымдық рацоналдық-логикалық ойлау жүесінен гөрі, шабытты оталдыра алатын сезім дүниесінің, яғни бір Аллаға деген шектен шыққын махаббаттың ,сүйіспеншіліктің, ғашықтықтың жетекші роль атқаруы міне, осы себептен де болса керек. Дей тұрғанмен, сопылықтық түпкі мақсаты- хақиқатта Хақпен жүздесіп, онымен қауышуға, ғарышпен ұласып кетуге, Алла құзырында абсолюттік кемелділік дәрежесіне жетіп, жоғары әдептілік пен ақыл-парасат қайнарынан сусындауға, сол ортада өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жан-жақты дамытып, жетілдіруге талпынысы , өзін-өзі танып білуге, рухани тұрғыдан толысуға ұмтылысы екендігін де ұмытпадық.

Міне сондықтан да болар, сопылық ілім мұсылман дінін ұстанушы халықтар арасында тез қолдау тауып, қарқынды дамыды. Оның мән мағынасын түсіндіріп беруші ғылыми шығармалар пайда болды. Мысалы, суфизмнің «Китаб әл-Лума», Абу Бакр әл-Калабазидің «Китаб атта, арруф» атты шағармалары, Әбу Абд ар- Рахман ас-Суламидің трактаттары, Әбул- л –Қасым әл Кушарийдің «ар-Рисала фит-тасауууф», Әли бин Осман әл-Жуллаби әл- Худжуиридің «Қашф әл- махбуж», Абдаллах әл- Ансаридің «Маңазил ас-са арип» атты кітаптары т.б. шығармалар осы уақытқа дейін өздерінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

Бұл түсінікті де. Олардың адамдардың күнделікті өмірлері мен тұрмысындағы діннің алатын орны мен ролі туралы толғаныстары филасофиялық ой өрімдеріне толы болатын. Құран хадистері мен сүрелеріеде мазмұндалған көне дүниелік оқиғалармен құбылыстар туралы ой толғаулар беретін, келе таза сезімдік және философиялық пайымдаулармен әрленіп, ислам дінінің шынайы мәнін түсіндіру құралына айналған-ды. Өйткені таза сезімдікбұл пайымдаулар нағыз шындықтың өзін жан-жақты ашып, шынайы көрсетіп бере алмағанымен, астарлы философиялық түйіндеулер, қисынды теңеулер арқылы оның мағынасына жақындауға тырысып бақты. Оның үстіне ол заманғы ғылыми көзқарастарнегізінен теологиялық мәселелерді символика- аллегориялық амал- тәсілдермен қозғап, Құран мазмұнымен сабақтастыра қарастырып, астарлы пікірлермен жеткізуге тырысып бағатын.

2.4. Ислам дінінің, күллі түркі әлемінің пірі,сопылықтың негізін салушы- Қожа Ахмет Иасауи.

Уақыт — ескі мен жаңаны таразылап, бағалайтын, ескіні шаң қаптырып жұтатын, жаңаны сынап, жер жастандырып өзінің талабын сездіретін күш. Бірақ, осы күш — саяси қысым, геноцид, аласапыран, дүрбелең, тіпті, топан су болып көрініс беріп, тегеурінін сездіріп жатса да, өзінің қадір-қасиеті мен қызметінің қажеттілігін табиғи талаппен мойындататын ұлттық болмысымыздың өзегі — құдайлық әлеммен байланыстырушы дін және оның құндылықтар жүйесі осы уақытпен бірге қатар келе жатыр. Кеше діни-рухани желі — жүйе кешегі жетпіс жылдық аз ғана уақыттың ішінде қажетсіз деп танытылды, идеологиялық қағажу көрді. Адам мен құндылық арасындағы қатынас бұзылды, тарих үзілді, мәдениет қайта түзілді.

Бүгін сол құндылықтарымызды өзінің қалдырған мұрасы арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізген тарихи тұлғаларымызға басқаша көзқараспен, оларға деген қатынасымызды қалпына келтіріп, тарихи сабақтастықты жалғап, төл мәдениетіміздің келбетін қайта танып, саралауға деген ұмтылыс бар. Осындай рухани мұраның басында күллі түркі әлемінің пірі Қожа Ахмет Иасауи және оның ілімі, мәдениеті мен жолы тұр. Иасауи және оның мұрасын жан-жақты зерттеу объектісі ретінде таңдаған иасауитану саласы да өткен дәуірдің тегеурінімен сол уақыт пен кеңістіктің қажет деп тапқан қырларымен танылды және танытылды.

Иасауитану өзіндік болмысы мен табиғатының ақиқатын жан-жақты танырлық мүмкіндікке тәуелсіздіктен кейін жететін сияқты болып көрінді. Иасауитану негізінен зерттелу жағынан, зерттеушілерінің саны мен сапасы жағынан кенде емес. Көрсеткіш ретінде Иасауи мұрасын тану тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, дін, философия саласы тұрғысынан зерттелініп жалпы әлемде жүздеген диссертациялар жазылды. Бұл сандық, сапалық өлшем. Осы өлшемнің өзінен-ақ саннан сапаның тууы, зерттеудің дәрежесі мен көлемі анықталуы тиіс еді.

Бірақ бүгінгі таңда Иасауитанудың әрбір саласы арасында тұтастық пен тұжырымдалған, орталықтандырылған жүйеге түсіру қажеттілігі артып отыр. Иасауитануда ашылмай жатқан, тиісінше танылмай, танытылмай жатқан қат-қабат мәселелер жетерлік. Мысалы, Иасауидің өмір сүрген кеңістігі мен уақыты ғылыми тұрғыдан тұтас сарапталып біткен жоқ. Тарихи тұрғыдан ол дәуір туралы мәліметіміз шектеулі, өте аз. Тарихи дереккөздердің жұтаңдығы өз алдына, қолда бар деректердің өзін ғылыми айналымға айналдыратын сала маманы жеткіліксіз.

Иасауи дәуірінің діни, құқықтық, саяси, экономикалық, мәдени қабаттары беймәлім. Бар деректердің өзі Иасауидің өскен ортасы мен рухани әлемінен бізді толығымен хабардар ете алмайды. Сондықтан да Иасауи өмір сүрген кеңістіктегі исламның жағдайы, сопылық таным мен тариқаттардың саны мен сапасы, ілімі мен білімі арасындағы қатынастың мәні анықталмай отыр. Иасауи туралы жазылған дереккөздердің дені аңыз-әпсаналармен көмкерілген. Рас, әрбір аңыздың ақиқаты бар. Бұл жеткіліксіз

Иасауи тариқатының негізгі жалғастырушылары Зәңгі ата, Мансұр ата, Бақырғани, Зарнуқи, Хазини (Қайғы), Камал Шайх, Құл Машраб туралы деректер де қат. Иасауиді тұтастай кескіндейтін мәліметтер мен зерттеулерсіз оңды ғылыми тұжырымдалған танымдық, тағылымдық еңбек жасау мүмкін емес. Бұған қоса, бүгін иасауитану саласында ғылыми танымдық сараптама жұмыстары кешеуілдеп жатқанда оның орнын саяси спекулятивтік баспа қалып таңбалармен БАҚ беттерінде сопылық таным туралы болымсыз, толымсыз алып-қашпа сараптаулар көбейді.

Шындығында сопылық танымның ислам философиясындағы орны мен рөлі қандай? Сопылық танымның анықтамасы, табиғаты мен мәні қандай? Сопылықтың Ислам діні мен өркениет тарихындағы орны қаншалықты? Түркілік сопылықтың басқа сопылық мектептерден ерекшелігі мен айырмашылығы неде? Иасауи ілімі мен ойлау жүйесінің болмысы қандай? Иасауи мұрасының жалпы түркі халықтары тарихындағы олардың ойлау жүйесіндегі орны мен маңызы қандай? Бүгін Иасауи іліміндегі философиялық көзқарастары танымдық, этикалық, моральдық, эстетикалық, діни-теологиялық тұрғыдан сарапталуы қай деңгейде? Қоғамымыздағы осындай сұрақтар мен мәселелерді ғылыми негізде жауаптандыру — уақыт талабы.

Ғасырлар бойы Иасауи мәдениеті өзіндік сипатпен тарихымыздың әрбір белесінің қажеттілігі мен сұранысына қарай тұжырымдалып, түсіндіріліп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Кеңестік идеология Ахмет Иасауи сияқты тұлғалардың аты түгіл, оның атымен байланысты тариқатын да зерттеуге құлықты болмады. Кеңестік жүйе кезінде кейбір жалпылама этнографиялық зерттеулер болғанымен бұл дүниелер сол идеологияға қызмет ететін аналитикалық тар шеңберден әріге аса алмады. Кеңестік кезеңге А. Фитраттан К. Тәжіковаға дейінгі уақыт ішінде Иасауи дүниетанымы сол дәуірдің идеологиясы шеңберінде қарастырыды.

Иасауи туралы ғылыми негіздегі алғашқы зерттеу түрік ғалымы Ф. Көпрүлү  тарапынан жасалды М.Ф.Көпрүлүнің «Түрік әдебиетіндегі алғашқы сопылар» атты еңбегі өз дәуірінде теңдесі жоқ зерттеу болғаны анық. Дегенмен бүгін бұл еңбектің методологиялық тұрғыдан ескіргендігін былай қойғанда, қолданған дереккөздері тұрғысынан да ескірді. Қазіргі уақытта ғылымға деген көзқарас та өзгерді. Жалпы бүгінге дейін Иасауиді жан-жақты зерттеулер жүргізу ісі О. Түрер, З.В. Тоған, А. Ожак, М. Қара, К. Ераслан сияқты түрік ғалымдарының еншісінде болып келді.

Түркілік мәдениет пен діл табиғатын игеру барысында Батыстық ғалымдар Т. Зарконье , А. Бодроглигетти , А.-М. Шиммел, А.Беннигсон , Дж.С. Тримингэм, А. Мец, Д. Де-Уис және т.б. тарапынан Иасауи іліміне деген қызығушылық айрықша болды. Осылардың ішінде Девин Деуистің тұжырымдары арнайы тоқталуды қажет етеді: ол «Иасауийа тек түркі әлемінің ғана құндылығы деген түсініктен бас тарту керек; Иасауи ХІІІ ғ. басында қайтыс болған; Иасауи ілімі мен практикасы ортодоксалды исламға жат; «Диуани хикмет» Иасауидікі емес; Иасауийа мен Анадолы шайхтары арасында байланыс жоқ, сол сияқты Иасауийа мен Нақшбандийа арасында да байланыс жоқ деп есептейді. Девиннің өз пікіріне өзі қайшы келетін тұстары көп-ақ.

Қожа Ахмет Иасауиді Өзбекстандық ғалымдар да үздіксіз зерттеп келе жатыр. Тарихшы Б.Бабажанов Иасауи тарихының негізгі зікір формасы — жахрий және ритуалдық би — сама ракс туралы жазылған деректер негізінде құнды ой тұжырымдама жасаған. Ибрахим Хаққұл Иасауидің түркі мұсылмандық түсінігінің негізін салғандығын сопылық-философиялық қырынан ашып көрсетеді. М.Хашимов Иасауи жолының жайылу картасын жасаған. Надирхан Хасан да Иасауитану саласында өте маңызды дереккөз Ахмад Махмуд Хазинидің «Манба-ул абхар фи риязи-ил абрар» атты еңбекгін ғылыми айналымға енгізді.

Иасауитану және тарих мәселесі өзекті тақырып. Бұл тақырып туралы зерттеулердің қатары біршама молайып келеді. Н.Нұртазинаның да Иасауи мұрасының тарихи, танымдық мәнін төл категориялық ұғымдарын сақтай отырып, бүгінгі күн талабы тұрғысынан үйлестіру жолындағы ұсыныстары өзіндік құндылығымен ерекшеленеді. Арабтанушы-тарихшы ғалым Ә.Муминовтің Иасауийа тариқатының қалыптасуына байланысты құнды еңбектері бар. Атақты түрік тарихшысы З.В.Тоған Иасауи ілімінің манихеизм мен шафиилік негізінде қалыптасқандығын, сонымен қатар Қожа Ахмет Иасауидің Қарахан әулетінен шыққандығын айтады

З.Жандарбек Иасауийа мен нақшбандийа ағымдары арасындағы айырмашылықты өмір салты мен рухани бөлек орталардан келгендігіне негіздеп, екі тариқат арасындағы қайшылықтың негізгі көзі ретінде көрсетеді. Бұл ойды кезінде В.В.Бартольд та айтқан болатын. Оның ойынша нақшбандийа ағымы қалалықтардың, Иасауийа далалық көшпелілердің ағымы. Осылайша ол, қала мен дала, көшпелі мен отырықшы мәдениет арасында диалектикалық күресті көрсеткісі келген болатын. Бұдан тарихқа таптық көзқараспен «тарихилық (историзм)» принциппен қараудың күні өтсе үні өшпей отырғанын көруге болады.

Қазақ философиясының бастауы ретінде Фараби мен Ибн Сина, Иасауи ілімдерін көрсеткен және сол бағытта зерттеу жұмыстарын ұйымдастырған философ Ә.Нысанбаев болды. Ол Қазақстанда ислам философиясының қалыптасуына және дамуына түрік суфизмінің ұлы өкілі Қожа Ахмет Иасауидің рухани қызметі үлкен әсер етіп, өшпес із қалдырғандығын көрсете отырып, Әбу Насыр Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иасауиге түрік және әлемдік өркениет тағдырындағы ұлы тарихи тұлғалар ретінде баға берді. С.Нұрмұратов пен А.Мейірманов Иасауи ілімін моральдық-аксиологиялық және танымдық тұрғыдан қоғамдық өмір талаптарына сай қолдану аясын философиялық тұрғыдан қарастырды.

С. Нұрмұратов таным мәселесінде Иасауи мәдениетінің негізгі құралы жүрек пен иман қуатын нақты көрсеткен: «…ақыл — көбінесе күмәнданумен болады, ол  «адамға тиімді-тиімсіз, пайдалы-пайдасыз» деген бағалау жүйесін ұсынады. Ақыл сенуді білмейді. Ақыл салыстырады, сараптайды, өлшейді, сыртқы құрылысын анықтайды, бірақ мәнге жете алмайды. Сондықтан сопылық дәстүр бойынша өмірде адамды қателестірмейтін негізгі күш жүректен шыққан сенім». Осындай ішкі таным мәселесін Қ.Әлжан да көтерген.

Ислам мен сопылықты қарама-қайшы құтып ретінде алғаш танытқан К.Тәжікова болатын. Қ. Бегалинованың еңбегі жалпы сопылықты адамның Алланы тану, ал шын мәнінде өзінің ішкі әлемін зерттеу, сенім және адам мүмкіндігінің ақиқатын негіздейтін, Аллаға бет алған рухани жол ретінде танытуы қуантарлық жетістік. Сондай-ақ, сопылықтың онтологиялық, гносеологиялық негіздерін философиялық тұрғыдан оң тұжырымдайды. «Діни танымда Алланы оның уахи және оған деген сенім арқылы таныса, философиялық танымда Алланы логикалық заңдармен, рационалды Құран және танымдық әдістемелік процестермен таниды.

Ал сопылықта Алланы танудың әрі діни әрі философиялық таным табиғаты бар» — дейді. Дегенмен Қ. Бегалинованың да, қолданған әдебиеттері мен сүйенген авторларының жасаған тұжырымдары ықпалында кетіп, сопылықты «бұрынғы сарынмен» тұжырымдайтын тұстары да жоқ емес. Иасауиді сопылықтың ең ірі теоретигі әрі еретикалық ағымның өкілі ретінде көрсетеді.

А.Әбуовтың Иасауи көзқарасы туралы қорғаған диссертациясы алғашқы философиялық еңбек болуымен құнды. А.Әбуовтың ойынша хикметтерде ортағасырлық пантеистік философияның қырлары мен негіздері бар. Иасауи Алла мен әлемнің бірлігін уағыздайтын пантеистік идеяларды насихаттаған болып шығады. Иасауи хикметтеріндегі Алланың дидарына деген махаббатты еретикалық деп қабылдап, бұл құбылыстың араб-парсы әдебиеттерінде кезікпейтіндігін айтып, мұны түркілік сопылыққа тән түсінік деп тұжырымдайды. Адам мәнінің Жаратушысына оралуын неоплатондық эманация теориясының көрінісі деп біледі

Бүгінгі күні Қожа Ахмет Иасауи мен сопылық ажырамас бірлік деп түсінсек ,осы бір тұтастың ғылыми жаңалықтарына төменгілер жатады:

— Түркі ислам философиясы хикмет ретінде жинақы ұғыммен танытылған және Иасауи хикметі осы философияны толық кескіндейтін дүниетанымдық ойлау жүйесі;

— Исламда кәлам, сопылық және философия Құранды түсіндірудің ерекше танымдық, тарихи және доктриналық формалары. Бұл салалар өзара қарастыратын мәселелері, сұрақтары мен методологиялық жүйелері арқылы ерекшеленеді;

— Ислам философия тарихында ғақли және нақли ғылымдар жіктемесі негізінде Иасауидің құдайлық танымға жетуде хәл ғылымын ғана қабылдайтындығы анықталды;

— Иасауи философиясында шариғат, тариқат, ақиқат және мағрифат біртұтас ақиқатқа жетелейтін жолдардың түсіндірмелері. Сонымен қатар құдайлық әлеммен үндестіктегі рухтың хәлі мен мақамдарын білдіретін моральдық орындар мен рухани таным сатылары екендігі анықталды.

— Ислам философиясында болмыс жүйесі заттық, рухани және мағынауи сияқты үш күйден тұрады. Осы мәнді түсіндіретін тауил әдісі де Құранды эзотериялық тұрғыдан түсіндіретін, Иасауи дүниетанымының тұғыры екендігі философиялық тұрғыдан пайымдалды;

— Иасауи философиясы адамның көңілі мен әлем және Алла сипаттарын Құран негізінде тұтастандырып танытатын даналық кені екендігі жаңа қырынан танытылды;

— Иасауи философиясы Фарабидің, Ибн Сина, Матуриди, Баласағұни және Мансұр Халлаж ойларының сопылық түсіндірмесі екендігі философиялық және моральдық тұрғыдан дәйектелді;

— Иасауи философиясы исламға тән эзотериялық діни танымның көрінісі, адам жанын зерттейтін ғылым ретінде сопылық тарихының үшінші тариқаттар кезеңінде түркілік дүниетаным негізінде қалыптасқан даналық мектебі екендігі жаңа деректер негізінде дәлелденді;

— Сопылықтың ислам тарихы мен сипаттарын зерделеуде негізгі объект болуының мақсаты мен себептері анықталып, сопылықтағы «уахдат-ул вужуд» тұжырымы мен христиандық «пантеизм» теориясы мазмұны жағынан мүлдем екі бөлек әлем екендігі философиялық тұжырымдар арқылы анықталды;

— Иасауи мектебінің негізгі төрт ұстанымы: заман, мекен, ихуан және рабт-сұлтан; сопылыққа қосқан негізгі жаңалығы рухты қылуетте тыныш, қоғамнан жырақ жерде тәрбиелеу және адамды өз мәнін табуға ықпал ететін, оны жатсынудан сақтайтын жахри зікір әдісі екендігі жаңа тарихи деректер арқылы толықтырылды;

— Иасауидің көңіл туралы анықтамасы, қазақтардағы «әлімсақтан бері мұсылманмын» түсінігі, «қалб-салим» дәрежесінің Құрандағы жүрек пен оның сипаттары негізінен алынғандығы ғылыми түрде алғаш рет тұжырымдалды;

— Иасауи философиясында «йақин» тұжырымының орны мен қызметі, «жетпіс мақам», «жеті йақин», «жеті рух сипаттары» біртұтас онтологиялық және моральдық философия ретінде қарастырылып, жалпы көзқарасы «перде-әлем-мақам-йақин-мужахада-инаят-махаббат» шеңберінде тұжырымдалды.

Хикмет — ислам философиясын басқа философиялық мектептерден ажыратып тұрған, жинақтаушы ұғым, дүниетанымдық ойлау жүйесі. Фараби, Ибн Сина, Матуриди, Баласағұн, Қашқари, Иүгнеки, Иасауи сияқты даналарымыз Құранға негізделген хикметтері арқылы түрік-ислам өркениетіне жол салды. Фараби болмыстың мәніне жетуді рухани арылу мен рухтың интеллектуалдық тұрғыдан дамуына негіздесе, Ибн Сина да болмыстың мәнін құдайлық махаббат арқылы негіздеді.

Құранды Матуриди тауил яғни, оның ішкі мәнін ақыл мен нақыл, амал мен ой бірлігіне негіздеді. Баласағұн, Иүгнеки мен Иасауи құтты Алладан берілген мән ретінде Құранның ақиқатымен моральдық-этикалық тұрғыдан үйлестіріп түсіндірді. Қазақ мұсылмандығының негізі — Иасауи хикметі осы мәнмен тікелей байланысты. Даналық, хикмет, терең ой, сарын, сыр сияқты категориялар қазақ ойлау жүйесінің негізгі іргетастары болды.

Құранды түсіндірудің ерекше танымдық, тарихи және философиялық формалары ретінде кәлам, хикмет және сопылық сияқты үш негізгі интеллектуалдық таным біртұтас ислам философиясының желісін жүйелеп, өзара тығыз байланыс негізінде қалыптасты. Кәлам ғылымы өзінің зерттеу объектісіне «қай сенім?» сұрағымен қараса, философия «қай дәлел?», ал сопылық негізінде «қай адам?» сұрағымен қатынасын анықтады. Берілетін жауаптар да ретімен сүннет және жамағат, дәлел (бурхан) және толық адам (инсан-и камил) болып келеді. Кәламның Құран мәтінімен үндестікте қалыптастыру; философия универсал ұстанымдарымен үндесетін логикалық (дәлелденген) танымға жету, сопылық Хақпен үндесу тәжірибелері негізінде адамның біртұтас рухани кемелдену идеялары осы диалог процесінде үздіксіз жаңғырып, жаңадан қалыптасып, өзара әсерлесіп, маңызды мәнге айналды.

Ислам философиясы тарихында танымдық және қалыптасу ерекшеліктеріне қарай нақли (аяндық) және ғақли (адамдық) ғылымдар болып сыныпталды. Тафсир, хадис, фикх, кәлам, сопылық сияқты ғылымдардың міндеті негізінен Құран мәтінін түсіну және түсіндіру болғандықтан &нақли ғылымдар} қатарына жатады. Бұл ғылымдар Иасауидің ғылым жіктемесінде &қал} ғылымдары ретінде танылады. Ал хәл ілімі Алла мен адам арасындағы танымның Құранның мәнімен үндесуіне көңіл бөледі. Иасауи көзқарасы бойынша, хәл ілімі жанды зерттейтін ғылым болғандықтан Жаратушыны өзінің зерттеу нысанына айналдырған, ал &қал} ғылымының тақырыбы материя болғандықтан Алланы тануға құрал бола алмайды.

Иасауи көзқарасында Алланы танудың шариғат, тариқат, мағрифат және ақиқат сатысы бар деп есептелінеді. Бұлар бір жағынан діни құндылықтарға қатыстылығын, әрі адамның рухани жол арқылы жеткен кемелдік хәлдерін, әрі ақиқат тәжірибесінің онтологиялық қырын көрсетеді. Бұл мақамдар мен сатылар адам және Тәңірлік әлем арасындағы сипаттық моральдық үндесуді қоғам тіршілігіндегі шариғатпен, тариқатпен, хақиқатпен сәйкестендіреді. Иасауи ілімінде осы мақамды ашудың сатылары бар. Осы мақамдарға сай иман да дәрежелерге «иман-и бостан», жіктелген. Иасауи көзқарасында шариғат, тариқат, мағрифат және хақиқатта айқын таным арқылы қол жеткен жол сатылары да сопыны тікелей Алланың дидарына қарай жетелейтін асу ретінде түсіндіріледі.

Исламдағы дәстүрлі түсінік бойынша Алланың жаратқан барлық жүйесі материалдық (заттық), рухани (психикалық) және мағынауи (спиритуалистік) сияқты үш негізгі күйден тұрады. Бұл жүйе Иасауи терминологиясында адамзат (насут), періштелер (малакут) және құдайлық құдірет (жабарут) әлемі ретінде танытылды. Жаратылған әлемнің материалды, рухани және мағынауи жіктелуіне орай адам микрокосмосында да дене, нәпсі мен рух сияқты үш қабат бар. Ислам терминологиясында бұларды рет-ретімен тән, жан және ақыл деп атайды. Негізінен сопылық танымның мәні тауил методы арқылы ашылады. Тауил методы адам жанының өзгеріске түсуі мәселесінен ажырай алмайтын эзотериялық методология.

Адамның санасы, әлем және Құран бұлар исламдағы аян түсінігінің үш негізгі тұғыры. Тәңір осы үш әлемді өз табиғатына сай жаратқан. Адам осы жаратылған космоста негізгі болмыс болғандықтан микрокосмосты, яғни өзін және өзіндегі құдайлық мәнді тануға міндетті. Сондықтан адамның санасы да, Құран да Алланың жаратқан аяны. Алланың субъективтік жеке аяны адамның ақылы, ал Құран болса, Алланың универсалды, объективтік аяны Осы ұстанымға сай әлем де ғарыштық аян, әрі Алланың екінші кітабы ретінде танылады. Сопылық философиясындағы таухид ұстанымы құдайлық аянның осы үш түрін универсалдық бірлік күйінде топтастырған.

Философияда Фараби мен Ибн Сина, кәламнан Матуриди, сопылықтан Халлаж бен Баласағұни Иасауи философиясына негіз болды. Фараби философиясында адамның санасы белсенді сана, яғни, құдайлық құт арқылы нұрланғанда ғана терең ойлауды жүзеге асыра алады. Әбу Әли Ибн Синаның &міндетті болмыс} түсінігі сопылықтағы эмонация теориясына негіз болды. Кәламдық тұрғыдан өзіндік методологиялық сенім жүйесін қалыптастырған Матуридидің Алла, әлем және адам туралы идеялары да Фараби, Ибн Сина көзқарастарымен астасып жатыр. Матуридидің «Тауил теориясы» Орта Азияда сопылық философиясының өркендеуіне ықпал етті. Құт немесе хикмет туралы теориясымен Иасауиге ықпал еткен негізінен Баласағұн болатын. Фарабидің музыка туралы түсінігінің іздері Иасауи философиясының онтологиялық, гносеологиялық және моральдық қырынан көрінеді.

Суфилер ақиқатты сөзден емес, өзінің рухани әлеміндегі хәлден іздеді. Сопылық Тәңірдің Бар және Бір екендігі туралы теориялық мәселелерді білумен емес, іштей сезінуді басты ұстаным ретінде таныды. Сопылардың ойынша, Тәңір адамға өз ақиқатын тек сопылық тәжірибелер арқылы ғана сезіндіреді. Сопылық тарихында тариқат кезеңі ХІ ғасырдан бүгінге дейін жалғасқан өте маңызды кезең. Бұл кезеңде ғұламалар мен сопылар, медресе және текке арасындағы танымдық қайшылықтар исламда поэзия, әдебиет, өнер сияқты құндылықтардың дамуына тосқауыл бола алмады.

ҚОРЫТА келе, Иасауи философиясы ислам діні негізінде қалыптасқан ғылымдар жүйесімен тығыз байланыста дамыды. Әсіресе, танымдық, болмыстық, психологиялық және моральдық қағидалары мен ұстанымдары да ислам философиясымен параллел бағытта болды. Айырмашылығы танымдық негізі мен методтарында жатыр. Яғни, Иасауи философиясы ішкі танымға, интуитивті қабылдау және тауил түсіндірмесін негізге алады. Негізгі мұраты Хақиқат, Алланың дидары болса, оған жету үшін өзін өзі тану және рухани арылту ұстанымдарын таңдайды. Алланың Бар және Бір екендігін дәлелдермен емес ішкі сезіну арқылы онымен үндесуді ғибадаттың негізі деп санайды.

Алла, әлем және адам арасындағы тұтастық пен бірлікті айқын таным арқылы негіздейді. Айқын таным — Құранмен үндестікке, Алламен тұтастыққа, әлеммен үйлесімділікке жетелейтін иман арқылы мәнге айналудың жолы. Ол үшін танымның көзі жүректі пәк, қалби сали, яғни әлімсақтағы күйге жеткенше бақылап, тәрбиелеу шарт. Иасауи философиясы рух туралы сыр. Оны түсіну үшін ұғымдар немесе категориялармен бағындыру, талдау мүмкін емес, ол жолды рухымен сезіну және сол жолда жүру шарт. Иасауи философиясы хикмет. Танымы сопылық. Қабылдауы тауил. Қазақ даналығының негізгі желісі. Бүгіңгі ойлау жүйеміздегі, құндылық әлеміміздегі, мәдениетіміздің және өркениетіміздің арнасын нақтылайтын тұғырлардың бастауында Иасауи философиясы жатыр. Түркі дүниетанымы тарихында ислам негіздерін өзіндік ілім арқылы негіздеген тарихи тұлға, әулие дана ретінде орын алады.

Қолданылған әдебиетттер:

  1. Әзірет Қожа Ахмет Йассауи. Көңілдің айнасы / Мират –ул Құлуб/ Дайындалған Д. Кенжетай. Анкара, Билиг, 2000. 54-бет.
  2. Максуд Р.Ислам /Пер.с.англ. В.Новикова. М., Фаир-Пресс, 2000.168-бет.
  3. Идрис Шах. Суфизм. М.,»Клышников,Комаров и К», 1994.22-бет.
  4. Ибн Араби. Данышпандық мөрі. А., Ы Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті,2000.
  5. Энциклопедия « Ислам»/ басред. Р Нұрғалиева А. әҚазақ энциклопедиясы»,Бас редакциясы, 1995. 105- бет.
  6. Хисматулин А.А. Суфизм. Санкт –Петербург: СПб «Петербургское Востоковедение» ,1999. 186-бет.
  7. Суфизм. Карл В. Эрнст. –Пер. С англ А Горькавого. М., Фаир- Пресс, 2002.
  8. Намық Кемел Зейбек. Ясауи жолы. Анкара, 1998. 65-бет.
  9. Намық Кемел Зейбек.Қожа Ахмет Йассауи жолы жәнетаңдамалы хикметтер. Анкара, «Бойут –Таң», 2003.
  10. Философиялық сөздік. А.,»Қазақ энциклопедиясы», 1996. 404-бет.
  11. Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Жармұхамедов М., Дәуітұлы С., Шафиғи М. Ақыл кітабы. А., 1993
  12. Ахметбек А. Қожа Ахмет Иассауи: Көмекші оқу құралы.-Алматы, 1998.-112 бет.
  13. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. А., 1986
  14. Абдрахманова.Х. К. Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» еңбегіндегі септік жалғауларының ерекшеліктері. -Алматы: «Үш Қиян». 2003. -136 б.
  15. Нұсқабаев О.,Шекшек А./ «Суфизм мәні»/Тургология 2004-№4-102-113б.
  16. Ислам және өркениет.2006-1-15 қараша/ «Суфизм»
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ