Сүйінші! «Мұғалім мәртебесін» айқындайтын заң қабылданады

1
4283

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өңірлерде ұстаздарға кез келген жұмыс тапсырылатынын, аталған мәселені шешу үшін мұғалім мәртебесін айқындайтын заң дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

«Алдағы жылы педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылдау қажет. Ол мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге стимул беруі қажет. Оларға түсетін жүктемені азайту керек», — деді ол.

Осы орайда Елбасы мектептердегі орынсыз тексерістерді азайту, мұғалімдердің мәртебесін айқындау үшін арнайы заң қажет екенін жеткізді.

«Жергілікті жерлерде мұғалімдерге кез келген жұмыс тапсырылады. Мұғалімдер сайлау өткізеді. Насихат жұмыстарын да ұстаздар жүргізеді. Бірнәрсе қажет болса, мұғалімдер жіберіледі. Сол үшін оларға ешкім ақша төлемейді. Бұл жұмыстардан оларды босату керек. Олар сабаққа дайындалу керек қой. Уақытында ғана жұмыс істеуі қажет. Тіпті оларды орынсыз тексере береді. Аталған заң осы үшін қажет», — деп түйіндеді сөзін Назарбаев.


1 ПІКІР

  1. Мен білім саласында еңбек еткеніме 33 жыл болды.Менің ұсынысым -әйел мұғалімдерді 55жастан ,ер мұғалімдерді60 жастан зейнеткерліке шығаруды қолдаймын.Ең басты мәселе зейнетке шыққан мұғалімге зейнетқорындағы өзі жинақтаған қорын зейнетақысына қосып беруді талап етеміз!Себебі мұғалім бейшараның 30 жыл өтілінде өлместің күнін кешіп тапқан жалақысынан үнемдеп жинаған зейнетқорындағы қаражатын зейнеткерлікке шыққанда алғаны өте дұрыс!Зейнетке шыққан мұғалімнің қордағы ақшасынан басқа жинаған қаражаты жоқ!Депутат мырзалар 63 жасқа келгенде аласыңдар деп қолына кәмпит беріп алдап шығарып салмаңдар.Қазіргі билік басында отырған халық қалаулылар- сіздер де осы күнге қарапайым мұғалім алдында білім алғандарыңызды ұмытпаңыздар!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ