Сұлтанмахмұт жыр арнаған Нәзипа

0
2560

«Ардақты бар Нәзипа ханым деген\r\n\r\nГазет-журнал жүзінде  жұртқа мәлім\r\n\r\nОқыса сондай әйел шығар ед деп\r\n\r\nОқығандар бағалар сөздің дәмін»-деп атақты ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырға қосқан  Нәзипа кім?  ХІХ аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы мүлгіген  далада халқын қайткенде серпілтіп оятам, қайткенде мойнынан қамытын сыпырып, алдынғы жұртқа теңеймін деп ұмтылған, сол жолда бүкіл ғұмырын  құрбандыққа шалған  Нәзипа Құлжановаға алаштың аяулысы деп баға беруіміздің сыры неде? Оқып көріңіз…\r\n\r\n           Қазақтың қай жақсысы да халқымыздың  ортақ байлығы. Ал туған жер, өскен ел үшін олардың орны бөлек мақтаныш болатыны тағы рас. Халқымыздың Жәнібек тархан, ағартушы Ыбырай Алтынсарин, алаш ардақтылары Ахмет пен Міржақып сияқты кесек тұлғаларды берген құнарлы топырақ Қостанай-Торғай өңірі Нәзипа мен Нұрғалиды да ұшырған еді. Нәзипа Құлжанова  1887жылдың 27 шілдесінде Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүние есігін ашқан.  Ол әуелде Торғай қаласындағы приходская мектепте оқып, кейіннен Қостанайдағы прогимназияны бітіреді.  Қазақ әйелдерінің арасынан шыққан тұңғыш педагог, жазушы журналист. Ұлы Қазан төңкерісіне дейінде, және одан кейін де халқымыздың мәдениеті мен әдебиетіне, баспасөзіне, қоғамдық істеріне белсенді қатысушы және ұйымдастырушысы.  Ақын анамыз М. Хәкімжанова «Қос қарлығаш» деп атаған Нәзипа мен Нұрғали  жас ерекшеліктеріне қарамай сүйіп қосылған. Жуан тұқымы саналатын Құлжан бидің баласы Нұрғалидың  Торғай қаласына өзеннен қамыс қоға шауып күнін көретін отыншы Сегізбайдың қызы Нәзипаны алуы оның ағайындары үшін қорлық саналады.  Нәзипаның орысша киінуі, тіпті, қазақ қыздарының арасында  тұңғыш шалбар  киіп, ХХ ғасырдың басында дөңгелеп бара жатқан дүние өркениетіне ілесе білген, қазаққа таңсық қолшатыр, гармонь, фотоаппарат секілді бұйымдарды ең бірінші болып меңгеріп, пайдаланған осы Нәзипа болатын.\r\n\r\n        Нәзипаның жары Нұрғали де бір мақалаға арқау болатын ұлт зиялысы.  Ол өз заманында  оқу-ағарту, әлеуметтік істерге  араласа білген. Н.Құлжанов Колчак әскерінің  қолынан 1919жылы қаза болады. Сәкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында, Сұлтанмахмұттың «Таныстыру» поэмасында  Нұрғалиды сол заманның білімді азаматы, алаш қайраткері етіп көрсетеді. Ақын Нұрғалидың қазасына қатты қайғырып азаматтығына, атқарған арлы істеріне сүйсініп, сендей ұл туа бермес алашыңа»деп баға береді.\r\n\r\nЕрлі-зайыпты Құлжановтар  Ресей императорлық география қоғамы Батыс Сібір бөлімшесінің мүшелігіне сайланып, ғылыми-ағартушылық, мәдени-қоғамдық істерге белсене араласқан. Оның үстіне Нәзипа Сегізбайқызы-аталған қоғамға мүше болған жалғыз қазақ қызы.  Қаламы жүйрік, сөздері мірдің оғындай болып естілетін, әрі терең ойлы, қара сөздің майын тамызып сөйлеп, дәл сондай етіп  жаза  да білетін журналист-публицист.   Журналистік жолындағы басты тақырыбы-қазақ әйелдерінің ахуалы еді. Сол замандағы мерзімдік басылымдар «Алаш» газеті, «Қазақ» «Сарыарқа» «Әйел теңдігі» «Жаңа мектеп» «Қызыл Қазақстан» «Айқапқа» жарияланған мақалалар мен очерктері қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі мен олардың ауыл тұрмыстарына қатысты келелі мәселелерді қозғап, қоғамдағы түбегейлі өзгерістерді жақтаған.   Ол заманда жарық көрген мақалалары уақыт талабына жауап берген, оқырманға ой салған туындылар қатарынан берік орын алды. «Маржан» көркем әңгімесі мен әдебиеттің сан салалы мәселелерін қозғаған еңбектері оның қаламгерлік мүмкіндіктерін ашты. \r\n\r\n       Ұлы Абай  мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновты ұлық тұтқан адам Құлжановтар есіміне де құрметпен қарайды. 1909жылы Ахмет абақтыға қамалғанда тамақ тасып, қамқорлық көрсеткен Нұрғали мен Нәзипа болатын. Ахмет ақынның «Н.Қ-ға»деген өлеңінде:»Рахматсыз өтсе де, өмір жасым, Бұл жөнімнен құдайым айырмасын, ұзақ жылға ниет қып бір шыққасын, Жарым жолдан қайтпасын қарындасым» дей келіп, өлеңнің аяғында»Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын, Ел-бүгіншіл, менікі-ертеңгі үшін» деген ұлылық сөзін айтқан еді.  Ахаң өлең арнаса оның Торғай өлкесінде туысы да, танысы да жетерлік еді, алайда «Қинамайды абақтыға жапқаны, қиын емес дарға асқаны, атқаны, маған ауыр осылардың бәрінен, өз ауылымның иттері үріп, қапқаны» деп қамыққан ақын жүректегі сырын зерделі қарындасы Нәзипаға шертті. Ақынның абақтыда жазған  біраз өлеңдерінің қазаққа жеткізіген осы Нәзипа болатын.\r\n\r\n           Н.Құлжанова-ұлы істердің ұйымдастырушысы дегенге оралсақ; 1914жылы Абайдың  қайтыс болуына 10жыл толуына орай  ескі алу кешін Нұрғалидың мұрындық болуымен Назипа әдеби кеш ұйымдастырады.  Онда  Нәзипа «Абайдың өмірі мен ақындық жолы» атты баяндаманы орыс тілінде жасайды.  Қазақ қызының жүйелі жасалған баяндамасына,   орыс тіліндеқатесіз оқылғанына орыстардың өзі  таңдай қағады. М.Дулатов 1914жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Абай» атты мақаласында аталмыш кеш жайлы : « Ол кеш бірінші қазақ ақынының құрметіне арналған бірінші әдеби кеш болып, һәм бірінші қазақ әйелінің  майданға түсіп берген өрнегі еді» деп жоғары баға береді. Осынау кештің ойдағыдай өтуіне Құлжановтар мен қатар Абайдың балалы Тұрағұл мен  Кәкітайдың, ақынның інісі Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының қомақты үлес қосқаны мәлім.  Тарихи-танымдық маңызы уақыт озған сайын, көмескіленбейтін мәдени оқиға дәрежесін сақтап қалған, зиялы қауымның жиыны «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді, бәлки онан да артық данышпандар туғызар»деген үміт алауларын кеуделеріне жағып тарқасады.\r\n\r\n              Абайды орысша сөйлеткен де осы Нәзипа  болатын.  Ақынды  зерттеуді Әуезовтан бұрын бастаған. «Желсіз түнде жарық айын» орысша сөйлетіп,  орыстың «Сибирский студент» журналының қатарынан екі санына бастырады.  Орыс орайда қазақ қызының  аудармашылық қырына  қарай ойыссақ.   Ең алғаш аударған туындысы және сәтті шығып, «Алаш» газетінде жарияланған Л.Н.Толстойдың «Тауық жұмыртқасындай бидай» болса, екіншісі С.Г.Петровтың «Дала соты» әңгімесі.  Бұл аударма  1923 жылы «Қызыл Қазақстан» (қазіргі Ақиқат) журналына жарияланады.  Жалпы, Нәзипа Сегізбайқызының аударуындағы басты  арнасы-төңкерістің тарихи-танымдық жағы мен басқа ұлт аймақтарына тигізген ықпал-әсерін көрсету еді.  Аудармашыға, аударма өнеріне қойылатын өте биік, аса жауапты, талаптардан Н.С.Құлжанова лайықты көріне білді.\r\n\r\nӨмірде де,  ағартушылық-ізгілік жолында да  есімдері қатар аталған Нұрғали мен Нәзипаның артында ұрпақ қалды ма деген сауалға  М.Хәкімжанова мен С Бегалиннің естеліктеріне үңілеміз.  1915ж ұл баласы болғанын кейіннен шетінеп кеткенін С Бегалиннің «Замана белестері» мемуарлық романында келтірілсе, Мәриям ақынның »Естен кетпес егіз бейне» атты естелігінде Нәзипаның Гүлжиһан деген қызы болғаны айтылады.»…1931-32жылдары Нәзекеңмен бір курортта демалдық, Курортқа орналасқаннан кейін Гулжиһан клубта сауық бөлімін басқарды. Оның бір  сыдырғы даусы болатын. Ол сыңғырлатып ән салса, барлық қарағай қосылып, оркестр ойнағандай, маңайдың бәрі сыңғырлай жөнеледі.»деп естелік келтірген. Ендеше, тарихымыздан айшықты  орын алатын тұлғаларға құрметіміз әрқашанда жоғары болсын!\r\n\r\n                                                                                                             \r\n\r\nДайындаған:\r\n\r\n Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА\r\n\r\n  Студент\r\n\r\nАлматы қаласы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ