Сын есім жайлы

0
9807
Әбіш Кекілбаев

Жоспар

Кіріспе

Сын есімнің зерттелу тарихы

Сын есімдердің морфологиялық сипаты

Түрік тілдеріндегі сын есім категориясының зерттелу тарихы

Сын есімнің қалыптасуындағы адъективтену құбылысы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тіл біліміндегі жетістіктер мен әдістемелік өзгерістер қоғам дамуымен байланысты. Еліміздің егемендік алуы, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, соның нәтижесінде оның ғылым мен техниканың әр саласына дендеп енуі қазақ тілін зерттеушілер мен ұстаздардың алдына зор міндет қойып отырғаны белгілі. Ана тілімізді әр қырынан зерттеп, табиғатын айқындай түсуге мемлекет тарапынан айтарлықтай көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта әлеуметтік сұраныс қазақ тілін оқытып үйретудің қатысымдық жағын күшейту, сөйтіп оны ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабын қойып отыр.

Ана тілінің қоғамдағы қатысымдық рөлін күшейту үшін оны оқытудың сапасын көтеру қажет. Бұл қазақ тілін оқытуды жаңаша қырынан қарауды қажет етеді. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуда жаңа технологияны көптеп және ұтымды қолдану сабақтың сапасын арттырады. Заттың әр түрлі сынын, сапасы мен белгілерін білдіріп, сөз таптарына ұйытқы бола алатын сын есімдер зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Бұл орайда Н.К.Дмитриев, Н.А.Баскаков, Ғ. Мұсабаев, М.Балақаев, Ж.Шәкенов, Р.Әмір, Ә.Төлеуов, Ф.Оразбаева, Г.Мамаева т.б. еңбектерді ерекше атауға болады.

Осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, шырай категориясы, семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметіне біршама көңіл бөлінді. Тіліміздегі сын есімдердің мағына жағын сөз еткенде оны сапалық және қатыстық сындарға бөледі.

Кейінгі жылы жарық көрген С.Ұзақбаеваның «Тамыры терең тәрбие» атты монографиялық еңбегінде қазақ ұлттық қолөнерінің эстетикалық тәрбие берудегі мүмкіндіктері талданады. Халықтың балалар мен жастарды қолөнерінің қай саласына басымырақ баулығаны, қандай педагогикалық талаптарға сүйенгені, қолөнердің қай саласының бүгінгі күнде дамып, қайсыбірі түрлендіруді талап ететіні жайлы мазмұндалады.

Қолөнер мәселесі педагогика ғылымы саласындағы зерттеу еңбектерінде де орын алған (Қ.Әмірғазин, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова т.б.). Зерттеушілердің еңбектерінде халықтың қолөнерінің эмоциялық әсеріне, ұлттық ою-өрнектердің жіктелуіне, халық шеберлері шығармашылығына сипаттама беріледі, оларды оқушылардың эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, сәндік қолданбалы өнерді қабылдай білу мен бейнелеу іскерліктеріндегі дағдыларды қалыптастыруға көңіл бөледі.

«Білім беру жүйесінің міндеттері: …азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны — Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, …әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік тілді меңгеру»- делінген.

Сын есімнің зерттелу тарихы

Бірсыпыра зерттеушілер сөз таптарының шығуын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Мысалы, академик И.И.Мещанинов өзінің «Сөйлем мүшелері мен сөз таптары» (М., 1945) атты еңбегінде былай деді: «Сөйлемде зат есім — бастауыш немесе толықтауыш, сын есім — анықтауыш, үстеулер — пысықтауыш, етістіктер — баяндауыш ретінде жұмсалады. Олай болса, сын есім сөйлем мүшесі болу арқылы бөлініп шықты, жасалынды». Сын есім сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасты.

Бұл ойды тіл білімінің өкілдері А.А.Потебня мен В.М.Жирмунскийлер де жан-жақты қарастырған. Мәселен, А.А.Потебня: «Сын есімдер зат есімдерден бөлініп шықты. Зат есімнен сын есімнің бөлініп шығуы дегеніміз зат есімнің атрибутивті мүше (анықтауыш) ретінде қолданылуы» — деп жазды өзінің 1899 жылы шыққан «Из записок по русской грамматике» деген еңбегінде. Көне дәуірде зат есімдер мен сын есімдердің жігі ажырамаған. Мысалы, жас, көк әрі зат есім, әрі сын есім болуы сол көне құбылыстың ізі екенідігін көрсетеді /1,63/.

«Құдадғу билиг» пен «Һибат-ул хакайиқ» тіліндегі сын есімдер. Ж.Баласағұнның «Құдадғу билиг» («Бақытқа бастайтын білім») дастаны мен А.Йүгінекидің «Һибат-ул хакайиқ» («Ақиқат сыйы») дастандарының көптеген ғалымдар тарапынан зерттеу тарихын жасаған. Аталған ескерткіштерде сын есімдердің шығу тегіне, мағыналық арақатынасына, олардың қалай қолданылатындығына назар аударған. Олардың есептеуі бойынша, екі ескерткіштегі сын есімнің жалпы саны — 284. Бөліп айтсақ «Құдадғу билигте» — 176, «Һибат-ул хакайиқта» — 96 сын есім бар. Екі ескерткішке ортақ сын есімдер сыны — 12.

Ортақ сөздердің мағыналарынан алшақтық байқалмайды, қазіргі тілдегі мағыналарымен көпшілігі сәйкес келеді. «Құдадғу билиг» және «Һибат-ул хакайиқ» ескерткіштері тілінің сөздік қоры — жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер. Ескерткіштердегі сын есімдерді қазіргі қазақ тіліндегі баламаларымен салыстырғанда, мағыналық жағынан басым бөлігі болып келеді. Олар сондай-ақ, қазіргі туыстас түркі тілдерінде де осылайша өз мағынасын сақтап қалған.

Сын есімдердің морфологиялық сипаты

Академик В.В.Виноградов сөз табын морфологияның нысаны, сонымен тығыз байланысты, оған тікелей қатысы бар екендігін айтады. Олай болса, сын есімнің грамматикалық белгілерінің сырын ашпай, сын есімнің өз алдына сөз табы екендігін дәлелдеу мүмкін емес. Сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда керекті бір белгі — сөздердің формалық белгісі. Бірақ тіл фактісінде бұл барлық тілдерде бірдей дәрежеде бола бермейді. Қазақ тіліндегі сын есімдердің аффикстерін шолғанда, назар аударатын бір ерекшелік − есім түбірден сын есім жасайтын қосымшалардың қазіргі тілімізде түгелге жақын өнімді тәсіл есебінде сақталуы.

Түрiк тілдеріндегі сын есім категориясының зерттелу тарихы

Түpік тіліндегі сын есім категориясының зерттелуі ХІХ ғасырдан басталады, соның өзінде сын есім категориясы дербес зерттелген емес, онымен байланысты мәліметтер жеке грамматикаларда болмаса, басқа әдебиеттерде кездеспейді. Түрік тілдерінде сын есімді алғаш сөз еткен профессор − Казем-Бек. Бұл жөніндегі кейбір мәлімет профессор А.Казем-Бектің «Түрік-татар тілінің грамматикасында» беріледі. Мұнда автор -рақ, -рек арқылы жасалған салыстырмалы шырайды түрік тілдерінің өзіндік бір ерекшеліктері деп көрсетеді.

А.Казем-Бектің шырай туралы айтқандарынан түрік-татар тілдерінде үш шырай бар екендігі аңғарылады: жай шырай, салыстырмалы шырай. Жай шырай сын есімнің бастапқы қалпы есебінде беріледі. Салыстырмалы шырай -рақ, -рек жұрнағы арқылы (мысалы, эски — старый, эскирек — старее т.б.) айтылады. Бұдан басқа, сын есімге шырай жұрнақтарын қоспай-ақ оған салыстырмалы шырай мағынасын беруге болатынын айтады (мысалы, андан бюк — тоже что, андан бюк — рек — больше его).

Таңдаулы шырайдың түрік тілдерінде кейбір үстеу сөздер арқылы (мысалы, ең күшті т.б.) жасалатынын кейде таңдамалы екі заттың алғашқысын атауға, кейінгісін ілікке қойып, сын есімге ІІІ жақ тәуелдік жалғауын жалғап та таңдаулы шырай жасауға болатынын тұжырымдайды. А.Казем-Бектің сын есім категориясымен байланыстары осы. Сын есімді ол зат есім бөлімінде сөз етеді, соған қарағанда, автор сын есімді зат есіммен бір қараған, ал оның шеңберіне сыймаған шырай болғандықтан, сын есім шырайларын жеке сөз еткен деп те жорамалдауға болады.

Алтай тілінің грамматикасында сын есім туралы бірқатар мағлұмат айтады. Мәселен, әрбір сапалық сөз түбір күйінде әрі сын есім, әрі үстеу сөз болатыны, жақсы (хороший, хорошо), сол сияқты кейбір сөздер әрі зат есім, әрі сын есім орнына жұмсалатыны, мысалы, жарық (светлый, свет), қарт (старый, старик) келтіріледі. Алтай тілі грамматикасының авторлары сөздердің екі түрлі жолмен түрленетінін келтіреді. Сөздер не септеледі, не жіктеледі. Осымен байланысты сөздерді олар есім етістік тобы етіп етіп екіге бөледі де, сын есімді есім тобына жатқызады. Одан әрі сөздерді сөз таптарына қарай жүйелеу жоқ. Сын есімнің жұрнақтарын да сан есім тобында түсіндіреді.

И.А.Батманов «Қырғыз тіліндегі сөз таптары» деген еңбегінде автор сын есімді басқа сөз таптарынан ажыратарлық белгінің жеткіліксіздігіне тоқтала келіп, оны зат есімнен, сондай-ақ үстеуден ажырату тіпті қиын. Мәселен, сөйлемде көк бірде зат есім мағынасын білдірсе, бірде сын есім мағынасын білдіреді. Сол сияқты жақсы бірде атрибутивтік қызмет атқарса, бірде пысықтауыштық қызмет атқарады, бірақ бұл сын есімнің өз алдына сөз табы екендігін жоққа шығармайды.

Сын есім тудыратын жұрнақтардың болуы, оның сөйлемде белгілі сөйлем мүшелерінің қызметін атқаруы грамматикалық жағынан қалыптасқан сын есімнің барлығын білдіретіндігін сөз еткен. Сонымен, И.А.Батманов қырғыз тіліндегі сын есімді өз алдына сөз табы бола алады деп қарайды.

Осындай еңбектердің бірі − Н.П.Дыренкованың «Шор тілінің грамматикасы» атты еңбегі. Автор сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататынын белгілерге тоқталады. Ол белгілер:

Біріншіден, сын есімнің күшейткіш буынға ие болуы.

Екіншіден, шырай жасауы.

Үшіншіден, сын есімнен болған анықтауыштың атау формада анықтайтын сөзімен байланысуы. Бұл әрине, Н.П.Дыренкованың пікіріндегі бір көңіл аударатын мәселе деп қарау керек. Сын есім туралы бірқатар материал А.Н.Кононов еңбектерінде де беріледі. Ол өзінің «Өзбек тілінің грамматикасы» деген еңбегінде сын есімнің өз алдына сөз табы болатындығын айтып, оның басты мәселелерін негізінен дұрыс баяндайды. Тұлғасына қарай сын есімді негізгі, туынды деп екіге бөліп, оның жасалу жолдарына тоқталады. Есім түбірлесін бір бөлек, етістік түбірлесін бір бөлек түсіндіреді; сын есімдерді мағынасына қарай да жіктейді. Өзбек тіліндегі сын есімді өз алдына сөз табы деп тануда автор негізгі үш нәрсені межелік белгі етіп ұстайды.

Бірінші — сөздің семантикасы.

Екінші — морфологиялық белгісі.

Үшінші — синтаксистік қызметі.

Сын есім туралы құнды пікірлер А.Н.Кононовтың «Қазіргі түрік әдеби тілінің грамматикасы» деген еңбегінде беріледі. Мұнда автор түрік тіліндегі сын есімді өз алдына сөз табы деп қарайды. Зат есім сын есімнің өзіндік ерекшелік жақтарын көрсетуге тырысады. Зат есімге тән грамматикалық категориялардың бірде-бірінің (сандық, септік, тәуелдік т.б.) түрік тіліндегі сын есімдерге ешбір қатысы жоқтығын, заттардың тегін білдіретін күміс (күміс қасық), ағаш (ағаш үй тәрізді сөз тіркесіндегі) деген сөздердің затты да, қимылды да атайтынын, ал сын есім болса, ол затты да қимылды да анықтайтынын айтады. Ақырында сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататын белгілерді түйіндеп қараудың қажет екендігін көрсете келіп, межелік белгі есебінде:

а) Сөздің морфологиялық белгісі;

ә) Семантикалық мағынасы қай мағынада жиі қолданылады;

б) Сөйлемдегі қызметін (анықтауыш болғанда изофеттік формада ма, жоқ изофетсіз бе) ұсынады.

Қазақ тіл білімінде Ғ.Мұсабаев, Ж.Шәкенов, Ә.Төлеуов, М.Томановтардың еңбектері сын есімнің тарихына қосылған елеулі үлес болып табылады. Мысалы, Ж.Шәкеновтің «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы» атты монографиялық жұмысында сын есімдерге қатысты пікірлер қамтылып, сын есімдер лексика-грамматикалық тұрғыдан сөз болады. Онда сын есімдердің сөз табы ретінде тұлғасы, олардың мағыналық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметінің өрісі, сөзжасамдық және сөзөзгерімдік қасиеттері ғылыми тұрғыда жеке-жеке қарастырылады.

Сонымен бірге Ф.Мұсабекова, Ф.Оразбаева, С.Сарбалаев, Г.Мамаевалардың сын есім категориясын әр түрлі қырынан зерттеген еңбектерінде сын есімді сөз табы ретіндегі жекелеген ерекшеліктері, өзге сөз таптарымен арақатынасы, сын есім сөзжасамдағы негізгі сөз тудырушы тәсілдері мен заңдылықтары қарастырылады. Сын есімдерді құрамына қарай түбір және туынды деп екіге бөліп қарастырумен бірге олардың синтаксистік қызметі де көрсетіледі.

Сын есімнің қалыптасуындағы адъективтену құбылысы

Конверциялық процестің тілімізде жаңа сөздер қалыптастырудағы маңызы зор. Оның тек жекелеген сөздердің ғана емес, барлық сөз таптарының пайда болуы, қалыптасуында алатын орны ерекше. Конверциялық тәсілдің әр түрлі сөз тудыру формалары арқылы жаңа сөздер қалыптасады. Сондай құбылыстардың бірі − адъективтену, яғни басқа да сөз таптары бірліктерінің сын есімге ауысуы. «Адъективация — тілдің дамуы барысында басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін лингвистикалық процесс.

Тілдегі сын есімдер тобы өз дамуында сөз тудырудың лингвистикада әбден орныққан лексика-семантикалық, синтетикалық тәсілдермен ғана толығып қоймайды, ол сонымен бірге басқа сөз таптарынан сөз қабылдап алуы арқылы да көбейіп, өз өрісін үздіксіз кеңейтіп отырады. Соңғы кездегі кейбір ғалымдар сын есімді сөз табы ретінде қалыптасуын зерттей отырып, адъективтену құбылысының алатын орны үлкен екенін айтып, зерттеу нысанасына ала бастады. Мысалы, М.Томанов алғаш рет сын есімнің қалыптасуындағы адъективтену процесінің зор рөлін айта келіп, «басқа сөз таптарының сын есімге айналу процесі (адъективация) тілдің кемеліне келген, сөздердің қолданылу сферасының кеңейген дәуірінде ғана емес, ескі кезеңнен басталған» деп көрсетеді.

Ж.Сарбалаевтың адъективтену құбылысы жөнінде зерттеу еңбегінде тек қазақ тілі аясында ғана емес, түркітану ғылымында алғаш рет жан-жақты, тереңірек қарастырып, анықтамалық түсініктер береді. Көптеген түркітанушы ғалымдардың көзқарастарын салыстырып, нақты тұжырымдар келтіреді. «Адъективтену басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін конверциялық процесс.

Қорытынды

Мектепте ана тілін оқытудағы басты мақсат — білімді азаматтар тәрбиелеу.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде оқушылардың бойына ұлттық тәлім-тәрбиені қалыптастыру қажеттігі бүгінгі өмірдің талабы болып отыр. Оқушыларға сын есімді оқыту барысында ұлттық тәрбие беруде Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін меңгерту маңызды рөл атқарады. Ұлттық тәрбие арқылы оқушылардың ұлттық сана-сезімін, намысын, мінез-құлқын, дүниетанымын қалыптастыру қазіргі кездегі мұғалімге жүктеліп отырылған басты талаптардың бірі. Мектептегі оқушыларға ұлттық тәрбие беруде мұғалімдерге бірнеше міндеттер жүктеледі. Сын есімді оқыту барысында ең алдымен, қазақ тілін оқыту әдістемесінде жалпы грамматиканы оқытумен байланысты ұлттық тәрбие мәселесі қалай қойылып, қалай шеліліп отырғанына шолу жасалады.

Сонымен, қазақ мектептерінде ұлттық тәрбие беру ісі мұғалімдерді қазақ этнопедагогикасы бойынша жүйелі даярлықтан өткізгенде ғана жүзеге асатыны анықталды.

Мектеп мұғалімдері қазақ этнопедагогикасы және оның тарихынан оқу бағдарламаларын мазмұндық талдау арқылы мынадай қорытындылар жасауға болады.

1. Бағдарламалардың сапалары әр түрлі, оның кемшілігі дербес мәселелерге арналған арнайы курстар мен семинарлар.

2. Бағдарламаларда қазақ этнопедагогикасынң әдіснамалық, теориялық және практикалық мәселелері тұтастай кешенді қамтылмаған.

Сондықтан «Қазақ этнопедагогикасы» және «Қазақ этнопедагогикасының тарихы» оқу пәндеріне типтік бағдарламалар, оларға сай оқулықтар және әдістемелік құралдар жасау қажет.

Мұғалім ұлттық дәстүрді, әдет-ғұрыпты, халықтық тәлімді жандандыру үшін мақсатты жұмыстар ұйымдастырылуы керек екендігі байқалады.

Әдістеме саласында сын есімге байланысты еңбектер мен мақалаларға жан-жақты, терең талдаулар жасай отырып, өзімнің пікірлерімді де келітіріп отырдым.

Алға қойған міндеттерді шешу үшін лингвистикалық, педагогикалық, әдістемелік еңбектерді сараптап талдаулар жасалды. Сұрыптау, салыстыру, талдау, қорытындылау, сұрақ-жауап, проблемалық, көрнекілік әдістерді ұтымды қолдана білдік.

Қазақ халқының өмірінде басты рөл атқаратын киіз үйдің суретін орынды да ұтымды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, өз халқының әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиеледік.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, Мектеп, 1997-95-63 б.
  2. Баялиева Г. ХІ-ХІІ ғасырдағы жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі сын есімдер. Алматы, 2003-26б-11-12б.
  3. Баялиева Г. ХІ-ХІІ ғасырдағы жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі сын есімдер. Алматы, 2003-26б-10б.
  4. Шәкенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы, Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикасы, 1961 -80б-3б.
  5. Шәкенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы, Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикасы, 1961 -80б-5б.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ