12 жылдық білімге көшудегі сынып жетекшінің бейнесі

0
1657

Туребекова Жанылсын Барсаевна  

\r\n

№3 Алға қазақ орта мектебінің мұғалімі,

\r\n

Ақтөбе облысы, Алға  ауданы

\r\n

 «Күллі ғажайыптың ең тамашасы –жақсы  тәрбиеленген адам»

\r\n         Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім  беру Тұжырымдамасында: «12 жылдық білім берудің басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру», – деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар аталған Тұжырымдамада білім берудің күтілетін нәтижелері жоғарыдағы көрсетілген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлығы құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық, оқу-танымдық, коммуниативті, ақпараттық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек және тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да белгіленген.\r\n\r\n 12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделді дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі  жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайындағы оқыту болып табылады.\r\n\r\n12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктеріне қарай қамтамасыз етуге тиіс.\r\n\r\n12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешудегі нақты қадам болып табылады. Ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы құзырлылығына сай өз үлесін қосатын болса, онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне, рухани санамыздың жаңаруына, нәтижесінде тың идеялардың тууына ықпал ететін парасатты орта қалыптастыратын боламыз\r\n\r\nБүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқытуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұраққа жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталған екі  бағытты басшылыққа алады. Олардың біріншісі- оқушының қабілетін  ескере  отырып жеке даралық бағытта оқыту, екіншісі — оқушының потенциялдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.\r\n\r\nҰлы педагог К.Д.Ушинский айтқандай «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруы қажет.\r\n\r\n   12жылдық оқытуға көшу бойынша эксперименттік сыныптың контингентін жан-жақты танып білу, оқушылардың көңіл-күйіне бақылау жүргізу, осы сыныпта жұмыс істейтін басқа экспериментатор мұғалімдермен тығыз байланыста болу, нақты жағдайларға сүйене отырып, эксперименттің мақсат-міндеттерін оқушылардың ата-аналарына жеткізе білу, сондай-ақ өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беруде сынып жетекшісінің орны бөлек. Өйткені ол – балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы.Сондықтан да сынып жетекші —  ерекше тұлға. Сынып жетекшісі ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші, ол баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып, білім береді, оны адам болуға үйретеді. Мұғалімнің, сондай-ақ сынып жетекшісінің  еңбегін өзінің мәнділігі бойынша ешқандай өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам. Ең  жауапты, ең негізгі болып табылатын сынып жетекшіге отбасы мен қоғам ең қымбатты, өз елінің азаматтарының тағдырын сеніп тапсырады. Сынып жетекшілері тақырыптық жиналыстарды да жиі өткізеді.Олардың мақсаты-ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Ата – аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата –аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.\r\n\r\n      Өзекті мәселенің бірі: оқыту жұмысындағы ұлттық педагогиканың орны. Бұл өте күрделі мәселе. Сондықтан мұғалім  ұлттық тәрбиені білім негіздерімен ұштастыра, сабақтастыра отырып, баланың жеке қабілеті мен дарынын ояту, жетілдіру, шығармашылыққа, ісмерлікке баулу, халқымыздың ізгі қасиеттерін бойына сіңіру, имандылық, мінез – құлқын қалыптастыруда жүзеге асыру көзделу тиіс. Ең басты мақсат – оқушыларды сабаққа ынталандыру. Оқушылар сабаққа қызықты дегенше, іс оңайға басты дей беріңіз. Шәкірттерді пәнге, қала берді өтілетін тақырыпқа қалай қызықтыруға болады?  Оқушыларды еліктірерлік, еріксіз баурап аларлық сабақ өткізу қай уақытта да оңай шаруа емес. Бұл мұғалімнің белсенділігін, еңбекқорлығын, қабілеттілігінің қажет десеңіз дарындылығын қажет етеді. Әр мұғалім әр сабақты құштарлықпен, шабытпен өткізгенде ғана нәтиже беретін сөзсіз. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызығы қабылдауға дайын оқушының болуы. Біздің алдағы мақсатты ісіміздің бірі және негізгісі осы.Сондықтан сынып жетекшісі пән мұғалімдерімен де тығыз байланыста болуы керек.\r\n\r\nОқу процесінде көптеген күтпеген жағдайлар болады.\r\n\r\nАтап айтсақ: оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі, ата-аналармен қатынас деңгейінің жеткілікті болмауы құрдастарымен келіспеушілік жақтары және т.б. Бұл мәселелердің шешімін сынып жетекшісі әрбір баланы жеке зерттей отырып, мәселенің себебін зеректікпен анықтай алады. Егер ол мәселелер шешілмеген жағдайда бұл психологиялық соққыға тек қана сынып жетекшісі немесе мектеп, ата-ана ғана емес, қоршаған орта, құрдастары да әсер етуі мүмкін. Сондықтан асығыс шешім қабылдаудан бұрын мәселенің мән жайын – толық зерттеп біліп алу тағы да сынып жетекшісі үшін жауапты нәрсе.\r\n\r\nСондықтан ұлы Абай атамыздың:\r\n\r\n«Ақырын жүріп анық бас,\r\n\r\nЕңбегің кетпес далаға.\r\n\r\nҰстаздық еткен жалықпас,\r\n\r\nҮйретуден балаға» — деп айтқанындай, сынып жетекшісі үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін  анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз.\r\n\r\nСынып жетекшісі әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көз қарасы, психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз,сондай-ақ сынып жетекшісі үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.\r\n\r\nКөбіне педагогикалық қабілеттер сөз сөйлеу мәдениетін, ән айту, сурет салу, балаларды ұйымдастыру және нақты әрекеттерді орындай білумен сипатталады.\r\n\r\n«Ұстаз … жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын … алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі …, мейлінше шешен, өнер — білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарын да, жат адамдарын да әділ …, жұрттың бәріне … жақсылық пен ізгілік көрсетіп … қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек» — деп Әл-Фараби айтпақшы, келешекте біздің егеменді еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін, қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді-тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға – ұстаз.\r\n\r\nҰстаз моделі\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Көреген         Инабатты          Аңғарғыш          Байсалды          Алғыр

\r\nШешен          Сыпайы            Өнер – білімге құштар               Төзімді\r\n\r\nҚанағатшыл                            Кешірімді                                    Асқақ\r\n\r\n \r\n\r\n   Осы берілген модельдегі мұғалім тұлғасына қойылған негізгі талаптарды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса, мұғалімнің күш – қуаты, көңіл – күйі әрдайым жоғары болады да, сабағының сапасы артып, еңбегі де әрдайым жана түседі деп ойлаймын.\r\n\r\nМұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілеген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.\r\n\r\nМектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясаттың отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасымен әрекетін,де бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл – күйі мен  жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сеніммен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.\r\n\r\n    Еліміздің  ежелден  дәріптеп, қастерлеп  келген  ұлттық  өнерінің  тегін  тектеу, болмысын  тану, оның  асылын  тарихтың  рухани  көш — керуеніне  ілестіріп  отыру  арқылы  бүгінгі  және  болашақ  ұрпақ  қамын  ойлау  өскелең  өмір  талабы  болып  отыр.\r\n\r\n     Ұрпақ  тәрбиесіндегі  ежелден  қалыптасқан  халқымыздың  жақсы  дәстүрлері  мен  тағылымдарын  оқып  үйреніп  өнеге  тұтпай  тұрып, жастарды  ізгілік  пен  парасаттылыққа  баулу  мүмкін  емес. Себебі  Л.Н.Толстой  айтқандай  «Өткенді  жақсы  білмейінше, келешекке  сапар  шегу  айсыз  қараңғы  түнде  сүрлеу  соқпақ  іздеп  адасумен  парапар».\r\n\r\n     Жастар  бойында  ұлттық, имандылық, мейірімділік, адами  қасиеттерді  қалыптастыру  мақсатында «Аталар  сөзі – ақылдың  көзі» атты  тәрбие  сағатын  өттім. Қазақтың  атақты  билері  Төле  би, Қаз  дайысты  Қазыбек  би, Әйтеке  билердің  айтқан  өсиет  сөздері  кім-кімді  бей — жай  қалдырмасы   анық.\r\n\r\nОқушылардың  бойында  қазақстандық  патриотизм, отаншылдығын  қалыртастыруда  өткізілетін  тәрбие  сағаттарының  орны  зор, сабақтан  тыс  өткізілетін  іс-шараларда  патриоттық  сезімді  оятуға  септігін  тигізеді.   \r\n\r\n  Мысалы, тәуелсіздік  күніне  байланысты  ұйымдастырылған «Тәуелсіздік-тұғырым»  атты  әдеби-музыкалық  қойылымда  оқушылар  еліміздің  өткенінен  мол  мағлұмат  ала  отырып, Қабанбай, Наурызбай, Райымбек  сынды  батырлардың  елі, жері  үшін  аянбай  күрескенін  кешегі  желтоқсан  құрбандары  Л.Асанова, Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаевтың  ерлігін  танып, үлгі  етері  сөзсіз.\r\n\r\n     Елін  сүю – әркімнің  жеке  ісі, өз  арының  ісі. Сондықтанда  жас  ұрпақты  отанды  қастерлеу  мен  ардақтауға, халықтың  мүдде-мақсатын  қорғай  білуге  тәрбиелеу біздің  басты  мақсатымыз  болып  табылады.\r\n\r\nӘдебиеттер:\r\n

    \r\n

  1. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы.
  2. \r\n

  3. Сынып жетекшісі әдістемелік журналы.
  4. \r\n

  5. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар республикалық педагогикалық журналы.
  6. \r\n


ПІКІР ҚАЛДЫРУ