Сырым Датұлының  шешендік өнері

0
16870
Әбіш Кекілбаев
Сырым Датұлының  шешендік өнері
         Ұлтымыздың тарихында асқан батырлық-ерлік істерімен, асқақ сипатты,  тапқырлық даналық, шешендік сөздерімен, әділетті билік-кесімдерімен жарқын із қалдырған заңғар тұлғалардың бірі — Сырым Датұлы.
         Сырым  Датұлы  1712-1802 жылдары  өмір сүрген қазақтың батыр әрі шешен биі.  Шыққан тегі Кіші жүздің Байбақты руынан. Байбақты ішінен Әйтімбет, одан Шолан.  Шоланнан Түкіш, Дат, Есенбай, Байторы, Даттан: Адамбай, Сырым, Амантай, Жомарт, Базарбай, Барлыбай, Жандыбай, Дүйімбай, Қорлыбай, Қалдыбай, Шыбынтай деген он бір ұл тарайды.  Таған ауылы Сарыой. Орал облысы, Жымпиты ауданы.  Дат момын орта шаруа, есті кісі екен. Ал, анасы адуынды, бір ауылды сөзімен де, ісімен де билеген ақылды бәйбіше болыпты. Сыры жеті-сегіз жасынан ақ естілігі, сөз тапқыштығымен ел аузына ілігеді.   Өсе келе сол өңірдегі билер, шешендер, сұлтан, хандарды тани жүріп, олардан шешендік тапқырлықты, ел билеу ісін үйренеді.  Сол билердің кейбіріне өзі іздеп барып, бата, жөнжорық алад.
          Сырым шешеннің тұңғыш рет билік айтуы балайша екен.   Мал өрістен қайтқан кезде, бірі атқа мінген, бірі жаяу кісіні көреді.  Екеуара бір түлкі. Шекесі қызып таласқан. Содан  Сырымға төрелік айтуды өтінеді.
          Жаяу адам мән-жайды : «Жаздай осы түлкіні көз жазбай аңдып, алғашқы қансонарда қолға түсіремін деп»- жүр едім деп түсіндіреді. Ат  үстіндегісі: «Бүгін тәңертең ерте ізіне түсіп соғып алып едім» — дейді.
  Мұқият тыңдаған Сырым: «Бұл түлкі еркек болса, аттылы — сенікі, ұрғаша болса, жаяу — сенікі» — деп түйін жасайды. Сөйтсе  түлкі еркек екен де аттылыға бұйырады.
  Дүниетанымы терең, түйсігі ерен, білім-білігі кемел өндірдей жас Сырым: « Әйел адамның жүретін жері — ауыл арасы ғана болады. Ал еркек адам  қайда болмайды, сірә сіздің көріп жүргеніңіз ұрғашы түлкі болар, әлі де болса  күтіңіз, жүрер болар » -деп тұжырымдайды.
Шынында да жаяу кісі артынан өзі көріп бақылап жүтген ұрғашы түлкіні қолына түсіреді.
Бұл Сырым шешннің туа біткен қасиеті көрегендігі ме, әлде білімпаздығы ма, не болмаса тәжірибесі ме? 
Халық даналағына жүгінсек, «сымбатсыз сұңқар болмас, тұлғасыз тұлпар болмас» дегендей, Сырым шешеннің дене бітімі, кескін-келбеті мінсіз, жан-жақты жетілген, сом болаттан құйылғандай болу керек. Бұған Байбақты руынан шыққан қарындасы елден ерте кетіп, жарықта қоныс теуіп, көрмей-білмей қырық жігіттің ішінен Сырымды жазбай танығанда, сол ауыл ақсақалы: «Сырымды  сен қалай таныдың?» -деп сұрайды.
Сол мезетте қарындасы: «Сырымда үш қасиет бар, біріншісі — батырға біткен тұлғасы, екіншісі- өжет мінезі, үшіншісі- асқан даналығы деп естуші едім. Маған Сырым қыран топшылы, толықс денелі, кең иықты, шалқақ төсті, жолбарыс бнтті, басы да елден ерек, торсық шекелі болып көрінді» -дейді.
Демек, талант дегеніміз ағзаның ерекше дамуы, орталық жүйке жүйесісің мықтап шарықтауы, белгілібір қабілеттің биіктеп, кең өріске шығандап шырқауы ғой. «Кемеңгерлік адам қабілетінің айрықша ашылып гүлденуі, мидың  биохимиялық, физикалық қызметі, ақылой органдарының үзбей жаттығуы,  үнемі үздіксіз еңбектенуі жазушының қуатын еселей түседі»деп жазады П.Ф. Лесгарт.
Сайып келгенде,текті тұлға Сырымның болмысына ой жүгірткенде,батырлық пен шешендік,ойшылдық пен тапқырлық,  көсемдік пен жетелік тамырлас құбылыстар, тұтасқан ғажайып қасиеттер ме деп өзгеше бір күйге берілесің.
Сырым Датұлының  заманында қазақ елінің шұрайлы, нулы, сулы жерінен, құттыжайлы қоеыс мекенінен айрылып, зар жылаған шағы еді. Патша үкіметі жзалаушы отрядттарын яғни казак орыстарды қазақ ауылдарына жұмсап, құтберекесін кетірді. Сонда Сырым батыр адамның сүйегі сарқырарлық сөз сөйлеп, елі мен жерін қорғауға жұртын шақырды.  Сырым датұлы 1783-1797 жылдардағы ұлтазаттық көтерілістің ту ұстаушысы болады. Адамзат тариха қанмен жазылған ғой. Қазақ ұлтының басына түскен зұлмат жылдарда, қанды қырғындарда Сырым патшаның езгісіне, оның  отарлаушылық саясатына  жергілікті жандайшаптарына, арам пиғылды хан сұлтандарға қарсы күреседі.
Шешеннің пайым-парасаты, зерде-зейіні, адамгершілік қасиеттері, жоғары ойлау мәдениеті  сөйлеген сөзінен байқалады. Нақтылап айтқанда, ойын ұрыс, мінсіз жеткізу, ойлаған пікір-лебізінің дұрыстығына деген сенімі.  Әсіресе, Сырым шешен тұтқиылдан қойылған сауалдарға ып-ықшам, жинақы жауаптары әзір.
Хан бірде Сырымды:
           — Сөз анасы неден?
           Су анасы неден?
           Дін анасы неден?
           Жол анасы неден? —
деп тексереді.
Іле Сырым:
                  Сөз анасы — құлақтан,
                  Су анасы  — бұлақтан,
                  Дін анасы — ұяттан
                  Жол анасы –тұяқтан – дейді.
Тағы да хан:
                  Дау мұраты не?
                  Сауда мұраты не?
                  Жол мұраты не?
                  Қыз мұраты не?
Сол мезетте Сырым:
                  Дау мұраты — біту
                  Сауда мұраты — ұту
               Жол мұраты —  жету
               Қыз мұраты — кету — дейді.
    Осынау Сырым сөздері жоғары танымдық қабілеттен, этикалықтәжірибелік даналықтан, көргендік интуациядан туған.
      Заманында Сырым жер турасында, адам құны, туралы, ұрлық, барымта, мал құны, неке бұзу, куәлік, жесір дауы  хақындағы алуан-алуан дауларға тура, әділ билік айтып, елдің ақыл-аузы, арқан-қазығы, бүтінші- бітімшісі болған. Өзі айтқандай, «таудан биік көңілмен, теңізден терең ғылыммен» шым-шытырық, дау-шарды егжейлі-тегжейлі саралап, жіктеп сөйлеген.  Соның бірі мынадай.   Сырым ақылды қария Малайсарыдан бата алмақшы болады.  Көпті көрген көне қарт батамды беремін, «көңілімде жүрген бір іс бар еді» дейді. — Байұлының бір баласының Әлім жігіттері өлтірген еді. Соның жоқтаушысы жоқ.  Ердің  құнын жастың жайсаңы даулайды, не кәрінің сайтаны даулайды деуші еді, шырық! — деп күрсінеді.
        Бала бүркіт парлап ұшады дегендей, Сырым да еліктей ұшып, Малайсары айтқан елге, сол аулдың ақыл аузы Ақсуат биге жетіп келеді.
        «Уа, тоқтаңдар, шаңқай түсте шабатындай ауылымның үстін шаңдатып келе жатқан бұл кім түге? Елмісіңдер, жауысыңдар?» деп ақырады.
      Сырым: «Уа, би ел десең — елміз, жау десең — жаумыз, алты қырдың астынан жаяулап келетін Байұлы Әлімнің келіні емеспіз, бізбен дұрыстан сөйлесіңіз», — дейді.
      Ақсуаттың, бір жігіті  құлағына сыбырлап, «өздері он екі аттылы екен», — дейді.
      Ақсуат: «Онда он екі ата Байұлы түгел атқа мінген екен, үштөрттен  үй-үйге бөліп түсіңдер»,- дейді.
        Сырым екі жолдасымен Ақсуаттың үйіне түседі, бірақ би шешіліп сөйлесе қоймайды.
        Сырым: «Би, аты-жөн сұраса отырайық», — дейді.
        Ақсуат: «Бала, менің аты-жөнімді сұрайсың,- дейді қисайып жатып, — елімді сұрасаң — Әлім, жерімді сұрасаң- Бұйырғын, атымды сұрасаң — Ақсаут, осы елдің ортасындағы бір қазығымын, айналамнан ел кетпейді, алдымнан дау кетпейді», — дейді.
         Ілік іздеп отырған Сырым іле шала: «Би, сөз білесіз, суатпын деп мақтанбаңыз, су жаманы саут басынан — соқпақ кетпейді, қазықпын деп мақтанбаңыз, мүлік жаманы қазық — басынан тоқпақ кетпейді, бұйырғын деген шөп болды, жеген мал тоқ болады, қауқағы жоқ болады, тышса боқ болады. Әлім болсаң — әліңді біл, адамның құнын бер» , — дейді.
        Жамбастап жатқан Ақсуат басын көтеріп: «Сырым балам, сырыңды енді ұқтым. Байұлының бір адамы біздің елде жазым болуы рас еді, ердің құны мың қой, үлесе келе үй басына бір қой. Бір қойдан Әлімнің үйі кедейленіп қалмайды, жоқтаушысы кездеспей жүр, жоқтаушысы болса табылмайтын жоқ болмайды, жорта өлтірген емес,жортуылда болған жазым ғой, төрелігін өзіңе бердім, ағаңның құнын өзің айта ғой»,- дейді.
       Сырым: «Мың тоқты бір қора қойдың жазғы төлі, сонымен мен де Байұлын байытайын деп келгенім жоқ,  ел арасына бүтіншібітімші болайын деп келдім, егер билікті маған берсеңіз жортуылда болған жазым дедіңіз ғой, ұрының құны жарты құн, елу қара болсын» , -дейді.
        Осыған екі жақ та тоқтайды, тиісті малын, алып Байұлының жігіттері жүргелі тұрғанда Ақсуат: «Сырым балам, ел арасына  бүтінші бітімші болайын деп келдім дедің ау. Баланың екі түрі болады: үй баласы, ел баласы. Ел арасының бүтіндігін ойлап ел ағасы болайын деген бала  екенсің. Мұратыңа жет, жолың болсын, менің алдымда бірінші айтқан билігің екен, әділдігің үшін жолыңа нар бастаған тоғыз байлатып қойдым, бұдан былай сенің жолың бас тоғыз болсын»- деп Сырыммен қоштасыпты.  
Сырым елу жылқыны елге айдатып, олжасының басқасын жолдастарына үлестіріп, қалың кілем жабылған қара нарды Малайсары қарттың босағасына әкеліп байлайды.
         Риза болған Малайсары: «Енді саған батамды берейін, сен жас болғанмен елге бас болғандай екенсің.»
                            Арқаң қара нардай жауыр болсын,
                            Мінезің қара жердей ауыр болсын,
                            Өкпең жоқ бауыр болсын.
                            Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін.
                            Құлағың сыбыр кетпесін,-
деп батасын береді де, — мен не десем де бәрінің де мағынасы бар, қалай түсінсең, өзіме айырып бер»,- дейді.
Сырым: «Арқаң қара нардай жауыр » болсын дегенініңіз- ел бастайтын ердің жүгі ауыр, арқама батты деп ауырсынба дегеніңіз болар. Мінезің қара жердей ауыр болсын дегеніңіз – сабырлы, шыдамды бол, беріден ойлама, әріден ойла дегеніңіз болар, өкпең жоқ, бауыр бол дегеніңіз — өкпешіл болма, кешірімді кең бол, ат төбеліндей аз ғана қазақты алыс-жақын деп бөле-жарма, ала-құла көрме дегеніңіз болар. Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін, құ лағыңнан сыбыр кепесін дегеніңіз- жора-жолдасың болсын, ел мұңына, жетім-жесірге құлағың түрік, есігің ашық болсын дегеніңіз болар».
         Даланың ауызша тарих-намасы бойынша алты жасында «Алды- дауыл, арты құйын» атанған Сырым би өнернамасында жүзіктің көзінен ткендей оймақтай оралымдар ақыл мен сұлулықтың  тұтаса қауышқан күйнамасыдай жұмыр бітімді нақыл ғибратқа бергісіз түйінді тұжырымға ие сөздер бар. Мысалы:
     Табалдырықтан биік тау жоқ,
      Жаман ағайынан мықты жау жоқ
      Үгітті ұққанға, ақылды жұққанға.
       Ата тұрыпұл сөйлесе  ер жеткені болар,
      Ана тұрып қыз сөйлесе  бой жеткені болар
      Ата балаға  кесір болса кері кеткені болар.
          Қазақ шешендері ойын өрнекті, кестклі, көркем жеткізу мақсатында алыстан барлап, тереңнен толғап, тұспалдап, жұмбақтап, ишараттап сөйлейді.  Сырым би де халықтық даңғыл дәстүрді,  мықтап ұстаған сөз ұстасы.
       Тама еліне Сары би деген ақылгөй аөсақалы даттың үйінде  түстеніп отырғанда Сырым баланың  әр сөзіне риза болып, оған мынандай өсиет айтыпты:
    —   Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен шығармай жүрсең,иел алдында беделді, сыйлы боласың.  Егер ол сөзді ұмытсаң халық сенің маңайыңа  жоламай аулақ қашады. Сырым:
        — Ол қандай сөз еді, ата айтыңызшы?
         Сары би :
       — Арлы ожданды бол!
       —  Елге деген парызыңды ұмытпа!
       — Намысыңды жастан сақта!
       — Халқыңды алалама!
       — Жақыныңды жаралама!
       — Қалысыңды қаралама!
      Сары би айтқан осы алты өсиетті Сырым шешен қартайғанша есінде сақтап келген.
                                              *****
        Мөңке бидің  арық құнанына мініп  Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген би бәйбішесіне: «балаға айран әкел » депті.
       Тәңертең аулада семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанына налыған Мөңке:
      —  «Құтты қонақ қонса, қойы егіз табады, құтсыз ұонақ қонса, малын қырсық шалады» деген, қызыл тұсақ иелеп, өліпті, бала құтсыз қонақ болдың. Енді үйімнен кет! деп ызғар шашады . Сонда Сырым бала:
      —  Олай болмас, биеке, — депті. — «Құтты қонақ, малы өліп, басы аман қалады,  құтсыз қонақ қонса, өзі өліп малы иесіз қалады». Менің қандай қонақ екенімді қайдан білесіз?! Мүмкін құтты қонақ шығармын. Мөңке би баланың сөзіне аң-таң болыпты да:
     —   Рас айтасың балам, сен шыныда құтты қонақ екенсің, -деп, оған сый- сияпат көрсетіпті.
          Сырым  үлгі алып, ұстаз тұтқан батырлар мен шешендер үлгілі сөз үйретіп қана қоймай, Срымның тапқырлық сөздерін, өжеттік, ерлік істерін ұүптап, көтермелеп те отырған. Алдар би  Сырымның алданан шығып:
                      —   Қарадан хан болдың
                      Айырдан нар болдың,
                      Жоқтан бар болдың,
                      Көнеден дәурен озды.
                      Көндей қамқа тозды
                      Атадан ұл озды,
                      Анадан қыз озды,
Деп тақпақтап қарсы алады.  Сонда сырым:
                      Қарадан хан болсам,
                      Халқым қалаған болар.
                      Айырдан нар болсам,
                      Атам жараған болар.
                       Көнеден дәурен озса,
                       Жасы жеткен болар,
                       Көндей қамқа тозса,
                       Дәурені өткен болар,
                       Атадан ұл озса,
                        Еркіндігі болар,
                        Анадан қыз озса
                        Еркелігі болар, —
деп жауап береді.
          Әрине, Алдардың сөзі — мақтау, оны Сырым жақсы түсінеді. Бірақ батыр масайрап бас шұлғымай, шешендік жұмбақтың шешімін тауып, өзіне айтылған мақтауды ел жұрттың атына аударады. 
         Сырым Датұлының  батырлығы жөнінде орыс зерттеушісі М.Вяткин монография жазды. Б.Адамбаев Сырым атына байланысты шешендік сөздерді жинастырып жариялады және кандидаттық диссертация қорғап, көп еңбек сіңірді.   Қазақ батыр, шешен, билер ішінде сырым шешен мұрасын жинастыру, зерттеу ісі біршама дұрыс жолға қойылған деп айтуға болады.  Осы кітапқа еніп отырған Сырымның шешендік сөздері негізінен Б.Адамбаевтың жинақтарынан алынды.Олар мына төмендегілер:
           Сырым жиырма алты жасынжа бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен:
     —  Балалар, аман ба? — депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:
     —  Жүр, кеттік, бұлар бізді адам деп те отырған жоқ қой! — дейді.
      —    Ата тұрып ұл сөйлегеннен без. Анан тұрып қыз сөйлегеннен без. Сырнайдай сайраған мына бала кім еді? —  дейді.
      — Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар. Ана тұрыпқыз сөйлесе, бойжеткені болар, — дейді Сырым. — Сен толған екенсің, мен тозған екенмін, деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.
                                         *****
        Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде : «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алмадың, біреу-біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың »,- деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы:
     —  Батыр! Қайырып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау!- депті. Сонда Сырым:
      —    Хан тасып жүргенім жоқ, қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін, — депті.
                                           *****
             Малайсарының аулы Топайлы қаласының аузында екен. Сырым ауылына келгенде  қарт азғантай қоының  алдында жүр екен:
       —  Аға, кім болдыңыз? -деп сұрапты.
        Малайсары:
       — Шарағым, кім болайық, осы жердегі аз үй танамыз-дағы,- депті. Сонда Сырым:
        — Тананың қайсысыз? Жеті үй — Жиенбетпісің? Бес үй- Бессарымысың? Тышқан құлақ- Асанбысың? Төлеуден алған Құнанбысың? – дегенде, Малайсары:
         —   Бәлі, аға, сол бала боламын. Ауылдан шыққанда сізді сөзден ұтсам, Тананың алжыған шалы деп күлкі қылайын, сөзден ұтылсам, ат мінгізіп,  шапан жауып батаңызды алайын деп аттанып ем, ұтылдым, батаңызды беріңіз, атыңыз — мына астымдағы атым, шапаным  — мынау!  -деп үстіндегі шапанын шешіп беріпті. 
          Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі жолында жанқиярлықпен күрескен нағыз қаһармен Сырым Датұлы шешендік өнер тарихында мәңгі өшпес білімді, билік сөздерімен ерекшеленеді.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ