Түбірлес сөздер (қазақ тілінен ашық сабақ)

0
2311
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Түбірлес сөздер

ОҚУ МАҚСАТЫ:

3.2.3.1 мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру;

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мəтін түрлерін/стилін (көркем мəтін, ғылыми-танымдық мəтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.

САБАҚТЫҢ Б МАҚСАТЫ:
Барлық оқушылар жасай алады:
  • Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай алады. Түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады.
Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Алдыңғы Т

білімдер

түбір сөз жəне туынды сөз.
Жоспар
Жоспарлан- ған уақыт Жоспарланған іс-əрекет Дереккөздер
І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)
2 минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. «Гүл сыйлау» ойыны арқылы бір-біріне жылы лебіз айтады.

Үнтаспа Көңілді əуен
3 минут

(Т) Ой қозғау. Анаграмма

Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Бір түрлі əріптерден, бірақ əртүрлі ретпен тұрған əріптерден тұратын сөздерді іздеу. Тапқан сөздерін тақтаға жазу. Мысалы: қыш – шық, табақ – қабат, мата – атам, азат – таза, қора – орақ, бақша – шабақ, қына – анық. Қай топ көп сөз жазса, сол топ жеңіске жетеді.

Кез келген жасқа қол жетімді бұл ойын оқушының сөздік қорын байытады, дамытады, шығармашылыққа үйретеді.

Интерактивті тақта
ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)
5 минут 3.2.3.1 (МК; Ұ; Ж) Мəтінді тыңдау. Мəтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру жəне жауап беру. Оқулық

22-жаттығу. Мəтінді тыңдайды. Мəтіннің не туралы екені сұрақ-жауап əдісі арқылы анықтатылады.

Блум түймедағы

1.Мәтін кім жайлы?

2.Суретші қай жылы дүниеге келген?

3.Еңбек жолын қай жылы бастады?

4.Әбілхан Қастеев өнерден бөлек қандай жұмыстармен айналысты?

5.1929-1932 жылдары кімнің студиясында оқыды?

6.Досыңның өмірбаяны жайлы айтып бер?

«Интервью» стратегиясы бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Мəтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарына басқа топтың оқушылары жауап береді.
3 минут

3.2.6.1 (МК; Ұ; Қ) Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мəтіндерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.

Оқыған мəтіндерін «Ұтымды жауап» мəтінімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.

2 минут
(Ж) Досының өмірбаянын айту.

Досының өмірбаянын сұрап, əңгіме жүргізеді. Өмірбаян айтудың қадамдары бойынша өз ойын жинақтап, досының өмірбаянын топта жариялауға дайындалады.

2 минут (Ө; Ұ) «Автор орындығы» стратегиясы бойынша досының өмірбаянын айтып береді.
2 минут
(Ө; Ұ; Қ) Жұмысты бағалау.

Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында

«Бағдаршам» əдісі арқылы ұжыммен жұмыс ұйымдастырылады.

Əрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сəйкес карточкалар таратылады.

Жұмысты тыңдап, бағдаршам түстеріне сəйкес карточкаларды көрсету арқылы бағалайды.

«Жасыл» түс – ойын толық жеткізді. Тақырыптың мазмұны ашылды.

«Қызыл» түс – ойын жеткізді. Тақырыптың мазмұны ашылды.

«Сары» түс – мазмұны толық ашылмаған. Тақырыптан ауытқыған.

Бағдаршам түстеріне сəйкес карточкалар
4 минут
(МК; Ұ) Кестемен жұмыс.

Мəтіндегі уақытты кестеге түсіреді. Талдау жасатылады. Кесте бойынша мəтінді əңгімелейді.

Интерактивті тақта
3 минут

3.4.2.1 (МК; Ұ; Қ) Сөздерді өзара салыстыру. Түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.

Сурет – суретші, мал – малшы сөздерін өзара салыстырады. Ой қорытынды жасайды. Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқиды. Өз ой қорытындыларымен салыстырады. Мысалдар келтіру арқылы түбірлес сөздер туралы алған білімдерін бекітеді.

3 минут

3.4.2.1 (МК; Ө; Қ) Түбірлес сөздерді табу.

23-жаттығу. Оқулықта берілген сөздерді жас атауларының өсу ретіне қарай жүйелеп жазады.

Түбірлес сөздерді тауып, түсіндіреді.

Оқулық

№2 дəптермен жұмыс

3 минут
3.4.2.1 (МК; Ө; Қ) Түбірлес сөздерді табу.

24-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазады. Түбірлес сөздерді табады. Олардың мағынасын түсіндірме

Оқулық

№2 дəптермен жұмыс

3 минут

сөздіктен іздеп, оқиды. Алған ақпаратын сыныптастарына айтып береді.

3.4.2.1 (МК; Ө; Т; Қ) Түбірлес сөздерді ажырату.

25-жаттығу. Суретке қарап, түбірлес сөздерді оқиды. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Түбірлес сөздер тобына жатпайтын сөзді тауып, себебін айтып, дəлелдейді.

Оқулық
ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)
4 минут

(Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу.

Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді.

№2 дəптермен жұмыс
1 минут

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған

«көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады.

Нəтижелері топта жарияланады.

№2 дəптермен жұмыс
Қосымша ақпарат
Дифференциация: Балаларға Бағалау: Пəнаралық байланыс:
қалай көмектесесіз? Қабілетті Оқушылардың Денсаулық пен қауіпсіздік
балаларға қандай тапсырмалар білімдерін АКТ
бересіз? қадағалауды қалай Құндылықтар
жоспарлайсыз?
Бақылау:

Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-əрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым жəне неліктен?

Қорытынды бағалау:
Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.
1.
2.
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сəт.
1.
2.
Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы жəне жеке оқушылар
жайлы не білдім?
Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ