Түрлі-түсті мәнді білдіретін жер-су атаулары

0
5249
Әбіш Кекілбаев

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:

2.1. Түрлі- түсті мәнді білдіретін жер-су атаулары

3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Т. Жанұзақ Жер –су атаулары Алматы 2010

2.Д .Жүнісов Өзен көл атаулары Алматы 1991

Түрлі- түсті мәнді білдіретін топонимдер

Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары — топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті де және еліміздің басынан өткен сан қилы заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты да жер-су атаулары зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Топонимика географиялық атауларды зерттейтін ономистиканың бір бөлімі. Тапонимика гректің topos-орын+ опума- есім, ат деген создерінен алынған.Ол өзен, су құдық, бұлақ, көл,(гидрогимднрін) тау, сай-сала, қырат, жота, асулар, орман, жайлау (оронимдерін) елді мекен аттарын (ойконимдерін ) зертейді.

Демек тапоним атаулы тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады. Мұның өзі белгілі бір өңірдің тапониміне қарап сол өңірдің мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой –өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып , белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Тапонимдер құрамына енетін апеллятивтер объектінің табиғи ерекшеліктерін айқын көрсетеді сонымен бірге этноним мен антротопонимдерден жасалған топонимдердің құрамы мол. Бұл топтағы тапонимдер сол өңірдің этногенезінен толық хабар береді.Олардың кейбіреулері ұзақ уақыт қолданылу нәтижесінде көнеленіп, географиялық атау ретінде қойылу себептері ескеріп ұмыт болған.

Қай тілде болмасын, оның ішінде түркі тілдерінде түсті білдіретін ақ, қара, көк, ала, боз, сары, қоңыр, жасыл, т.б. Сын есімдермен бірігіп жасалган тапонимдер кездеседі . Олардың мағыналары туралы А. Н. Қонаев, Е. Қойшыбаев сынды ғалымдар өз еңбектерінде жан жақты сөз етеді .

Аймақта түсті білдіретін тапонимдер саны -246 бұл жерде ескеретін жәйт кейбір тапонимдер, мысалы, Ақұдық-8, Ақтөбе-9, Қарасу-7 қайталанып келеді. Сондықтан да біз түсті білдіретін тапонимдердің санын 246 деп көрсеткенде олардың аймақта бір рет келуін және құрылысы жағынан бірінші компонентте- 222, екінші компонентте- 23 және үшінші компонентте 1 рет келетінін ескердік. Соның ішінде аймақта ақ- 97, қара -109, қызыл-54 сөздерімен жасалған тапонимдер жиі кездесетін көреміз.

Сонымен қоса өзен, көл, су атауларына байланысты құрамында ақ, сары, сөздері жиі кездеседі. Мұның ішінде қара түске байланысты гидронимдер, саны -34, ақ түске -25, сары түске-15, көк түске-19, қызыл түске-13.Бұлардан басқа кер, шұбар, ала түстеріне байланысты да өзен-көл атаулары да кездеседі.

Түрлі- түсті мәнде қолданылатын тапонимдерге келсек:

Қоңырат- Қарағанды обылысындағы қала аты. Бұл атаудың шығу төркіне тоқталсақ, халық аңызымен байланыстырады. <<Ертеде бір байдың қоңыр аты болыпты. Жастйынан қорлық пен зорлыққа булыққан ер жігіт бір күні байдың тұлпарына мініп алып ,

бар жылқысын шөлге айдап қашады . Бай жан-жақтан қуғын шығарғанымен , жеткізбейді. Ақыры ол жапан түзде тұрған бір шоқыға жете бергенде, біренше күн отсыз, сусыз шапқан қоңырат мұрттай ұшады да содан қайтып басын көтермейді. Содан былай биік Қосшоқы Қоңырат атанып кетке

Сарыарқа-Қазақтың ұсақ шоқылығы атты өлке. Батыстан шығысқа қарай қашықтығы 1200км, ені 250км. Сарыарқа атауы << жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқы >> ұғымын білдіреді.

Қаражал- қара және жал түбірлерінен қосылған, биік жал өзен аттары. Сондай бір жал аты бойынша Қарағанды обылысындағы қала аты.

Қарасор- Қарағанды обылысындағы ащы-тұзды көл. Қарасорға бірнеше өзен келіп құяды. Ондағы арпа мен балшықтың емдік қасиеті бар. Қара жане сор түбірінен жасалынған сөз.

Ақұдық- Тихоновка поселкесінің қазақша атауы. бұл құдықтың суға толып тұрғанын білдіреді.

Аққұм— балқаш көліндегі түбектің , елді мекен аты.<< Ақ>> сөзі құмның түсін көрсетпейді, сипатын көресетеді. Этимологиясы << сусамалы, ақпа күм>>.

Ақжал— Қарағанды обылысындағы жал жұмысшы кент аттары. Ақжал << бозарыңқы, ағарып көрінетін жал>> немесе отты жал мәндес атаулар.

Ақтақ— Жезқазған өңіріндегі таулы жер аты. Көне түрк тілінде ағ және тағ компонеттерінен құралған атау яғни <<ақтау>> мағынасында.

Ақтас— жұмысшы кенті. Ақтас атауы өзінің тіке мағынасынды ақ және тас компонеттерінен құралған.

Ақтау –жұмысшы кенті. Ақтау << тау жыныстарының түсіне қарай айқындалады>>.

Ақөлең— Жезқазған өңіріндегі мекен аты .<<Ақ өлең шөпті>> мағынасындағы атау.

Ақбұлақ— таудың батыс жағында орналасқан бұлақ. Ақ аталу себебі бұлақ суының ақ түсте екеніне байланысты айтылған.

Ақшелек— село мағынасы, баяғыда ру атына байланысты қойылған.

Алатөбе— төбе, мағынасыда қойылған. Ұлы үлкен төбе мәнінде.

Алабие— бие малының түсіне байланысты аталған атау.

Аламұрын— жер аты,мағынасы <<үлкен мүйіс>> дегенді білдіреді.

Бозтөбе— жер аты мағынасы төбенің түсіне байланысты қойылған.

Боздақ— бұл жайлау, мағынасы <<боз шөбі>> өскен жер.

Бозашы— түркі тілінен аударғанда <<түркімен руы>> дегенді білдіреді.

Қарақамыс— қыстау, мағынасы << қалың қамыс>> дегенді білдіреді.

Қарасу— көл атауы, мағынасы << жер су>> мәнінде.

Көкбұлақ— су атауы яғни көл,ауыспалы мағынасы << аспан тектес су>> дегенді білдіреді.

Көктөбе— қыстақ мағынасы <<төбе жасыл шөпке бай>>.

Қоңыртөбе— тау, мағынасы төбе қоңыр шөбінің көптігіне байланысты.

Қоңыртерек— мағынасы <<теректің түсіне ,мүмкін этноним>>.

Қызылеспе— құдық атауы мағынасы <<онша терең емес құдық>> мәнінде .

Қызылауыз— жер аты, ауыспалы мағынасы <<қысыл таяң немесе тар жер>> дегенді білдіреді.

Қызылжар— ферма орталығы ,мағынасы жердің түсіне байланысты қойылған.

Аққияқ— Кент тауының оңтүстігінде орналасқан өзен атауы.

Қызылкөл-Құланөтпес савхозы территориясындағы көл. Бұл атау өзен көл жағасындағы топырақ түріне байланысты аталады.

Қызылқайнар— Үшқара тауынан бас алатын жылға, бұлақ атауына байланысты аталған.

Сарышөп-көл атауы , мағынасы шөбі сирек атауында қойылған.

Қызылағаш-Қарқаралы ауданындағы өзен атауы, қызыл және ағаш компонеттерімен байланысты қойылған.

Қызыларай— тау елді мекен аты. Атау екі компоненттен жасалған.Алғашқы сыңары тау түсін білдіреді себебі тау ,шың тастары қызығылт түсті болып келеді. Ал екінші сыңары арай орой компоненті шын мағынасындағы моңғол сөзі. Мұны моңғолша- қазақша сөздіктегі орой сөзінің таудың басы шыңы дегенді білдіреді.

Қызыласу— ауыл Сарағаш ауданында. Қызыл сөзі <<қырмызы әдемі әсем сұлу>> мағыналарын береді.

Қызылту— Сарағаш ауданындағы солт батысқа қарай орналасқан ауыл,екі компоненттен құраліан қызыл және ту деген.

Ақата— ауыл, Сарағаш қалалсының солт шығысқа қарай орналасқан 11км жерде кісі есімімен байланысты.

Ақсай— құрағақ арна Ызақұдық маңының шығысында. Сырдария өзенінің аңғарында. Сарағаш ауданында орналасқан. Ақсай атауы сай өзен топырағының аппақ боп ағарып жатуымен байланысты аталған.Сай термині әзербайжан тілінде сай чай тұлғасында айтылып су мағынасын береді.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ