Табу

0
5187

 Қазақ тілі.                       5 «Ә» сыныбы.                 \r\n\r\nПән мұғалімі Нұрманова Өрік\r\n\r\nТақырыбы: Табу\r\n\r\nМақсаты: а) Білімділік\r\n\r\n                   Білім-білік дағдыларын қалыптастыру, жаңа білімді меңгерту,                                                               тіл көркемдігін таныту 6әдет – ғұрыпқа орай табуға қатысты  сөздерге  мысалдар арқылы көз жеткізу.\r\n\r\n                   ә ) Дамтушылық\r\n\r\n                     Оқушы сөйлеу тілін дамыту, мәнерлеп оқу мен рөлдік оқудағы   дағдыны қалыптастыру, сөз астарын ұғыну, өз беттерінше салыстыра білу, қорытынды жасауға үйрету, салт – дәстүр, әдет – ғұрнып ұғымдарын дамыта отырып, таным белсенділігін арттыру.\r\n\r\n                   б ) Тәрбиелік\r\n\r\n                    Қоршаған ортаға ықыласпен назар аудару, салт-дәстүрді, әдет-  ғұрыпты тілді сүйе отырып құрметтеу, ой-танымын кеңейтуге жол ашу.\r\n\r\nӘдісі.        Әңгімелеу, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақтар,талдау.      \r\n\r\nКөрнекілігі:: Слайд арқылы көрсетілетін сызба, кестелер, мәтіндер,                                          \r\n\r\nжаттығу, жаңа «есімдер», ассоциация, интербелсенді тақта\r\n\r\nСабақ түрі:      Жаңа білімді меңгерту\r\n\r\nПәнаралық\r\n\r\nбайланыс        Әдебиет, тарих, сурет\r\n\r\nСабақ барысы:     Ұйымдастыру кезеңі\r\n\r\nОқушылармен сәлемдесіп, сынып тазалығына назар салып, түгелдеймін.\r\n\r\nҮй тапсырмасын сұрау\r\n\r\n1-слаид. Үйге берілген тапсырма\r\n\r\n        Төмендегі сұрақтардың біріне жауап болатындай шағын мәтін   жазыңдар. Онда міндетті түрде антоним сөздер болуын ескеріңдер.\r\n\r\n        1.Анаңның туған күніне қандай сыйлық алар едің?\r\n\r\n        2.Досыңның ерсі қылығын көрдің делік. Не істер едің?\r\n\r\n        3.Егер сенің қолыңа ғажайып сиқырлы таяқ түссе, қайтер едің?\r\n\r\n(Қосымша сұрақтар беріп, бағалаймын )\r\n\r\nҚызығушылығын ояту. 2-слаид\r\n\r\n                   (Бұнда жанұядағы үлкендердің жас балаларды еркелетіп ат қоюына ұқсастау екендігін және өзіндік ерекшелігі  де бар екендігін айта келіп, тақтада жазылған «жаңа есімдерді» оқушылардың өздеріне тапқызу арқылы жаңа сабақ тақырыбы ашқызамын)\r\n\r\nТақтада табуға сәйкес сынып оқушыларына қойылған «жаңа есімдер»\r\n\r\n \r\n\r\n1.Жомарт-«Толағай»                      10.Әсел-«Еркетай»                        19.Далида-«Сұлұшаш»                                              \r\n\r\n2.Әлия- «Қыз Жібек»                     11. Ләззат-«Көзжақсым»               20. Ерасыл-«Еркежан»                                                \r\n\r\n3.Шерхан-«Әнші бала»                 12. Әйгерім-«Күндидар»               21.Ринат-«Кандидат»                                           \r\n\r\n4.Азамат-«Көркем жігіт»              13. Әділ-«Палуан жігіт»                22. Балжан-«Айдидар»                                        \r\n\r\n5.Руслан-«Актер бала»                  14.Данияр-«Журналист»               23Батыржан-«Бугхалтер»                                          \r\n\r\n6.Ш.Әлия-«Нәзікай»                     15 Айнұр-«Айдзю                           24 Бауыржан-«Батыр жігіт»\r\n

    \r\n

  1. Әнел-«Ақылай» 16.Бақытжамал-«Қолаңшаш»        25. Нұрай-«Айқаракөз»
  2. \r\n

\r\n8.Ерболат-«Ер Төстік»                  17. Ғабит-«Күйші жігіт»                26 Айдос- «Көркем іжгіт»\r\n\r\n9.Жанарыс-«Әзілкеш жігіт»         18. Асылхан-«Мырзатай»              27  Назерке-«Кекілдім»\r\n\r\n (Неліктен өздерін осылайша атағандығыма сын тұрғысынан түсінік беріп кетуіне мән беремін)\r\n\r\n \r\n\r\n Жаңа сабақ.3-слаид.   Бүгінгі күн. Тақырып. Ереже. (интербелсенді тақтада )  \r\n\r\n                                         Осындағы « миф » сөзіне түсінік беріледі.\r\n\r\nЖаттығумен жұмыс    (рөлдік оқу)  101-жаттығу\r\n\r\n                                          Автор, ақсақал, келін рөлінде оқытып, өзгеше                                         қолданыстағы абзацты тағы қайтара оқытамын. «Арша » сөзіне түсінік беріп өтемін.\r\n ТАБУ негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталынады. Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.\r\n Табудың түрлері:\r\n 1. Қазақтың ескі әдет – ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған – туыстарын өз атымен атамайтын болған. Мысалы: шырайлым, кенже бала, мырза жігіт, ата, ене, қайын аға, т. б\r\n 2. Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан. Мысалы: жай, найзағайды – жасыл, шешек ауруын – қаарасан, қасқырды – ұлыма деген, т. б.\r\n\r\nДәптермен жұмыс.4-слаид.Төмендегі тыйым сөздер шашыраңқы орналасқан, соны мағыналық ұқсастығына байланысты (математика бағытына бейімдеп оқытылатын сынып ) түрлі геометриялық фигураларға топтастырып көріңдер.\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Ас қайырмай дастарханнан тұрма

\r\n 

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n      Жоғарыдағы суреттерді не үшін көрсеткенімді сұрай отырып, шындығында бізге жеткен осы аіыз әңгіменің астарында табудың жатқандығын түсіндіремін.Мәтінді өздеріне оқытамын, қай сөз сол суреттегі қай сөздің баламасы екенін табуға қызықтырамын.\r\n\r\n     Келіннің тапқырлығы мынада жатыр:Үйде отырған аталары мен қайнағалары\r\n\r\nсырттағы өзгеше дауыстардың не екенін біліп келмекке келінін жұмсайды.Үйдегі үлкендердің есімі- Өзенбай, Қасқырбай, Қойлыбай, Қамысбай,Қайрақбай, Пышақбай екен. Сөйтсе, өзеннің арғы жағы, қамыстың бергі жа-ғында бір қасқыр бөлек шығып кеткен  қойды жегелі ұмтылып жатыр екен.Не істерін, қалай айтарын білмей сәл абдырап қалған келін ақыры былай деп жеткізіпті: «Сарқыраманың ар жағы, сыбдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жейін деп жатыр, тезірек жанымаға білемені жанып-жанып сойып алмаса, арам өліп қалар» деген екен. Бұны әрі салт*дәстүрде «Ат тергеу» деп те атайтындығын айтып өтемін.\r\n\r\nТақтамен жұмыс. 6-слаид. Тыйым сөздердің мағынасын ашып көрсет.\r\n\r\nЕлсіз жерде ұйықтама-\r\n\r\nҚолыңды бүйіріңе таянба-\r\n\r\nҮйге қарай жүгірме-\r\n\r\nСуды сапырма-\r\n\r\nКірдің суын баспа-\r\n\r\nСыпырғышты тік қойма-\r\n\r\nАдамды санама-\r\n\r\n(Оқушыларды сөйлетіп, қысқа тұжырымын жаздыртамын)\r\n\r\n  102-жаттығу. Кітаппен ауызша жұмыс\r\n\r\nМәтінді оқытып, қарамен жазылған сөздерді есте сақтау керек екенін ескертемін.\r\n\r\n7-слайд.Бекіту.\r\n\r\nАлған білімдерін бекіту мақсатында ассоциацияға оқушылар өз ойын жинақтайды.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nНаным\r\n\r\nӘдеп\r\n\r\nӨнеге\r\n\r\nДәстүр\r\n\r\nМирас\r\n\r\nҚазына\r\n\r\nҚұрмет\r\n

    \r\n

  • Тыйым сөз
  • \r\n

\r\n   Оқушыларды бағалау. \r\n\r\n   Үйге тапсырма. 103-жаттығу.Тыйым сөзді жаттап, табуға жататынын дәлелдеу, сонымен бірге ел арасында осындай өнегелі де орнықты айтылған табуға байланысты қазынаны жинақтап, алдағы уақытта зерттеуге талпыныс жасауға болатына шабыттандырамын.\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ