Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер

0
1819

Оқушының білімін арттырып, есепті оңай әрі тез шығаруға мүмкіндік беретін есептер жинағы. Ұстаздарға әдістемелік көмек ретінде ұсынылып отыр. 

  1. Күшіктер мен үйрек балапандарының  42 аяғы мен  12 басы бар. Қанша үйрек балапаны және қанша  күшік бар?
  2. Үш дүкенде 5500 кг кант бар. Екінші дүкенде біріншіге қарағанда 3 есе артық, үшіншіде біріншіге қарағанда 500 кг артық. Әр дүкенде неше кг қант бар?
  3. Қарт шал базарға жұмыртқа сатуға барды . Көршісі шалдан : -Неше жұмыртға әкелдің деп сұрады? .Сонда шал төмендегідей жауап берді . Себетте бірнеше жұмыртқа бар.Егер екі — екіден   қойсам ,біреуі артық қалады, егер де  үш-үштен қойсам ,   тағы  да біреуі артық қалады , ал егер  төрт-төрттен   қойсам онда да біреуі артық қалады, бес-бестен қойсам ,біреуі артық қалады,алты-алтыдан қойсам да біреуі артық қалады . Егер жеті -жетіден қойсам онда ешқандай жұмыртқа артық болмайды.Сонда менің себетімде неше жұмыртқа бар.
  4. Үш турист бірге тамақтанбақшы болды. Біріншісі 2 бөлке нан берді,екіншісі 3 бөлке нан,ал үшіншісі 50тенге берді. Осы ақшадан біріншісі қанша және  екіншісі қанша  алу керек?
  5. 100 турист келді. Олардың 10 адамы агылшынша да, французша да білмейді. 75 адам агылшынша біледі, 83 адамы французша біледі. Неше турист екі тілді де біледі?
  6. Майрада Ғалияға қарағанда  15 құттықтау хат кем болды. Қыздарға тағы 6 құттықтау хат сыйлады. Ғалияның құттықтау хаты Майраға қарағанда  2 есе артты. Қыздарда алғашқыда қанша құттықтау хаты болған?
  7. Бірінші бидонда екіншіге қарағанда 3 есе артық сүт болған. Бірінші бидонға 6 литр сүт, екінші бидонға 7л сүт құйғаннан кейін,бірінші бидонда екінші бидонға қарағанда 2 есе артық сүт болды. Әрбір бидонда  неше литр сүт болған.
  8. Бұл отбасында 12 бала. Анасы балдарына 70 алма әкелді . Анасы әкелген алмалардың жартысын қыздарына бөліп  бергенде ,әрқайсысы бірдей алма алды, қалған  алмалардаң  жартысын ұлдарына бөліп берді,онда да ұлдарына тепе-тең алмадан тиді.Бірақ әрбір ер бала  әрбір қыздан екі алма артық алды. Сонда бұл отбасында неше ұл,неше қыз бар.
  9. Екі ыдыста 540 литр су. Бірінші ыдыстан минутына 25 литр су ағады, екіншіден минутына 15 литр су ағады неше минутта кейін біреуінде екінішісіне қарағанда 6 есе көп ағады?
  10. Ит пен торай 5 жәшіктің салмағына тең. Торайдың салмағы 4 мысықтың салмағына тең. Екі мысық және торай 3 жәшіктің салмағына тең. Неше мысық бір иттің  салмағына  тең?
  11. Үш кесек металды ерітті. Бірінші кесектің салмағы екіншіден 6кг артық,екіншінің салмағы үшіншінің салмағынан 2 есе артық.Үшіншінің салмағы біріншінің салмағынан 3 есе кем. Әр кесектегі металдың салмағын тап.
  12. Дүкеншіде картопты 3кг-дық  және 5 кг- дық  дорбаларға салды. Барлығы 24 дорба болды. 5кг-дық дорбалардың салмағы 3кг – дық дорбалардың салмағына тең. 3 кг – дық дорба нешеу?
  13. 10 өріктің массасы 3 алма мен 1 алмұрттың массасына тең. Ал 6 өрік пен 1 алманың массасы 1 алмұрттың массасына тең. Қанша өрік 1 алмұрттың  массасына  тең?
  14. Қоймада  5 бөшке толық  бензин, 11 бөшке жартылай бензин және 8 бос бөшке бар. Үш мекемеге  бөшкені де, бензинді де қалай тең етіп бөліп  беруге болады?
  15. Кітап дүкенінде екі сөреде 96 кітап болды. Бірінші сөреден екінші сөреге 9 кітапты қойды, ал екінші сөреден 14 кітапты сатты. Сонда екі сөреде кітаптың саны теңесті. Алғашқы рет әр сөреде қанша кітап болған?
  16. Қабырға сағаты әр бүтін сағат сайын,сол сағат санымен және әр жарты сағат сайын 1 рет көкектейді. Сонда тәулігіне барлығы неше рет көкектейді?
  17. Сыныптағы оқушылардың 1 бөлігі «5» алды, 1 бөлігі «4» алды, тең жартысы «3» алды, қалғандары «2» алды. Неше оқушы «2» алды?
  18. Ұлы туғанда шешесі 21 жаста болды. Егер 1969 жылы ұлы шешесінен 4,5 есе кіші болса, 1986 жылы шешесі мен баласы неше жаста болады?
  19. Үш бала конструктор сатып алды. Бірінші баланың төлеген акшасының  жартысы екінші бала төлеген ақшасының 1 бөлігі. Үшінші бала біріншіден екі есе артық төледі. Үшінші бала екінші ден 96 теңге артық  төлесе конструктор қанша тұрады?

 

 Пайдаланылған  әдебиет:

  1. Ә. Наурызбайқызы,Қ Әубәкірқызы,С Мұқанбетқызы Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты тапсырмалар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ